Сабақты талдау және сабақты мұғалімнің өзіндік талдауы



Дата10.03.2023
өлшемі18,25 Kb.
#72784
түріСабақ

Мұғалімнің өзіндік талдауы
Сабақты талдау және сабақты мұғалімнің өзіндік талдауы

Мақсаты: Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігін арттыру , сабақты талдау және сабақты мұғалімнің өзіндік талдауы туралы түсінуіне жағдай жасау
Қолданылатын әдістер: «Ой шақыру», «Ұқсастық пен даралық», ББҮ кестесі.
Мұғалімдер топқа бөлінеді:

  • Талдау деген сөзді қалай түсінесіздер?

  • Талдаудың қандай түрлерін білесіздер?

  • Талдау не үшін қажет деп ойлайсыздар?

Мектеп әкімшілігі сабаққа қатысар кезде мынаны ескереді:
Сыйлау принципі мен адамға сену ( Ю.А.Конаржевский)
Конструкциялық талдау міндеттері ( мерзімі мен мақсатын айту) Сабаққа қатысар кезде осы 2 принципке көңіл бөлу керек.
Сабақты әдістемелік тұрғыдан талдаудың негізгі талаптары:

  • Сыныбы, пән, мұғалімі, уақыты

  • Сабақтың тақырыбы, мақсаты, оқытылатын тақырыптың мазмұны, сабақ түрі

  • Саабақтың білімділік және тәрбиелік міндеттері

  • Сабақтың басталуы ( мұғалім мен оқушы байланысы, тәртібі, дайындығы)

  • Үй тапсырмасын тексеруге арналған әдістер

  • Жаңа материалды оқып білудің, түсіндірудің ғылыми идеялық бағыттылығы

  • Көрнекілік, техникалық құралдар,дидактикалық материалдар

  • Оқушы мен мұғалім ынтымақтастығы.Оқушылардың білім, іскерлік пәнге деген қызығушылық дағдыларын игеруін бақылау.

  • Жаңа материалды бекіту. Өмірмен байланыстылығы, оқушының ойын байытуға, білімін тереңдетуге түгелдей қатысты.

  • Үйге тапсырма беру әдістері, тәсілдері.

  • Бағаның қойылуы .

  • Сабақ үстіндегі мұғалім шеберлігі, мәдениеті.

  • Түсіндірген материалды оқушының меңгеруі.

  • Оқушының өз бетінше жұмысы

  • Жекелеп, деңгейлеп, дамыта , топпен оқыту әдістері

  • Сабақтың қорытындысы

5_______________________________________________________
 4_______________________________________________________
 3_______________________________________________________
 2_______________________________________________________
 1________________________________________________________________
 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16

  • Сабақтың білімділік мақсатын орындау

  • Тәрбиелік мақсаты

  • Дамытушылық мақсаты

  • Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру

  • Қойылған баға нақты білімге сай ма?

  • Жеке оқушымен жұмыс

  • Пәнаралық байланыс

  • Берілген тапсырма оқушының жас ерекшелігіне сай ма?

  • Оқушы белсенділігі.

  • Мұғалімнің сыныпты меңгеру деңгейі.

  • Көрнекті құралдарды тиімді пайдалануы.

  • Сабақтың өмірмен байланысы.

  • Мұғалімнің сырт бейнесі, сөйлеу мәдениеті.

  • Оқушының сабақтағы тәртібі.

  • ТСО пайдалануы.

  • Жаңа технологияны пайдалану.

  • Уақытты тиімді пайдалануы.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы бойынша сабақ талдау үлгісі:
Мұғалім ролі: бағыт беруші, көмектесуші, үйрену ортасын құрушы, жағдай туғызушы, себепші
Оқушының рөлі: ізденуші, өз бетінше білім алушы,үйренуші,
Сабаққа дайындалу 3 кезеңнен тұрады:
Сабаққа дейін: менің сабағымның құндылығы неде болмақ?
Сабақ кезіндегі: сабақ мазмұнын ашуда оқушылар нендей жаңалықтар ашып, өмірмен қалай байланыстырады?
Сабақтан кейін:
сабақтан күткен ойларға жетудегі сәттіліктерім мен кедергілерді қалай бағалай аламын?
Сәтті өткен тұстары:

  • Ойыңыздан шықпаған сәттерін сипаттаңыз

  • Сабақ барысында туындаған сұрақтар(тәртіп, стратегия, мұғалім, сатылар)

  • келесі рет осылай сабақ өтуде нені өзгертер едіңіз?

  • Өз сабағың туралы ойыңыз қандай?

  • Сабақта сізді таңқалдырған жайттар

  • Сәтті, сәтсіз өткен тұстары туралы не айтар едіңіз?

  • Сіз қалай ойлайсыз, қандай идеяларды қарастырдыңыз?

  • Жұпта, топта бір-біріне қалай көмектесе алды?

  • Келесі сабақта нені өзгертер едіңіз, сабағыңызды неден бастағаныңыз жөн деп ойлайсыз?

Өткен сабаққа ойтолғаныс жазу
Сабақты талдаудан кейін алған әсер - Сізге осы поцесте не әсер етті?Неліктен әсер етті деп ойлайсыз?


«Қызылтөбе лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте
оның білімділік деңгейімен айқындалады


Н.Ә. Назарбаев




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет