Сабақтың түрі: Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» шығармасына талдау (конференция сабақ) Сыныптар: 7 сынып Мақсаты



бет1/3
Дата13.04.2023
өлшемі18,19 Kb.
#82600
түріСабақ
  1   2   3

Алматы қаласы
Жетісу ауданы
№177 жалпы білім беретін мектеп
Мұғалімдер: Игиликова Нурсулу Зейнегабыловна.
Тақырыбы: Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» шығармасын талдау жасау.
Сабақтың түрі: Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» шығармасына талдау (конференция сабақ)

Сыныптар: 7 сынып
Мақсаты:
Қабдеш Жұмаділовтің өмрбаянымен танымал шығармаларымен таныса отырып,шығармаларында өз басынан өткерген тарихты арқау еткен шығармалары мен қоса қазақ халқы басынан кешірген ауыр кезеңдегі алуан тағдырлар туралы таныса отырып, өз білімін кеңейте түсуге машықтанады. Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы, білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы екенін де түсінеді.
Оқушыларды өз Отанының адал азаматы болуға, Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа, мейірбандылыққа, әдеби кітап оқуға құштар болуға тәрбиелеу.
Өзектілігі: қазіргі таңдағы адамзаттың елін, жерін қадірлейтін,патриоттық рухтың аздық етіп отырған мәселесі- білімнің, әдеби кітап оқудың аздығы, қазақтың ақын-жазушылардың шығармаларын оқуға қызығушылықтың жетіспеушілігі сияқты мәселелерді шешу жолдары.
Маңыздылығы: «Оқуға құштар ұлт» кітап оқу бойынша кең ауқымды ой тастауында
- логикалық ойлау
- проблемалық іздендіру,дәлелдеу
- шығармашылық
- саслыстыру
-анализ
Оқу үрдісінің тәртібі:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім: Қайырлы күн!
Бүгінгі «Оқуға құштар ұлт» кітап оқу бойынша Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы үйге оқуға берілген.Сабағымыз конференция түрінде өтеді.Жазушының өмірімен таныса отырып, жазған шығармаларымен де танысып, әсіресе «Тағдыр» шығармасын оқып,өз ойларыңды осы конференция сабағында ортаға саласыңдар деп ойлаймыз.
Конференцияда «Тағдыр» романына талдау жүргіземіз. Конференция сабағы болғандықтан өз шығармашылықтарыңмен келдіңдер деген ойдамыз.
Бүгінгі конференцияға 7АӘБВГЕЖ сыныптарынан оқушылар қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет