Сабақты зерттеу үдерісі арқылы білім алушылардың метасанасын дамыту жолдары Астана қаласы әкімдігінің «70 мектеп-лицей» шжжқ кмм биология пән мұғалімі, педагог шебер Сагатбекова Сериккайша Кабылгазинова



бет1/2
Дата15.03.2023
өлшемі23,37 Kb.
#74453
түріСабақ
  1   2

Сабақты зерттеу үдерісі арқылы білім алушылардың метасанасын дамыту жолдары
Астана қаласы әкімдігінің «70 мектеп-лицей» ШЖЖҚ КММ
Биология пән мұғалімі, педагог шебер Сагатбекова Сериккайша Кабылгазинова

Жалпы тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы сабақты зерттеу екендігін тәжірибе барысында көз жеткізуге болады. Мұғалім тәжірибе саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл арқылы жауапкершіліктері әр түрлі үш деңгейлі оқушылардың белсенділігін арттырып, жалпы сыныптың білім сапасының ілгерілеуіне ықпал ете отырып, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын оятуға әсер ету арқылы метасанасын дамытады. Метасана - тұлғаның өзін-өзі тануы және өз когнитивтік үдерістері мен стратегиясын қарастыруы. Алған білімдерін кез келген ортада қолдана алатын ой өрісі кең жеке тұлға. Осындай тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалім сапалы оқыту қажет.


Сапалы оқыту-мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалған кезде жүзеге асырылады. Сапалы оқыту білім алушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады. Сондықтан да  сабақта пайдаланатын стратегиялар мен тәсілдер тақырыпқа сай білім алушылардың жас ерекшелігін ескере отырылып іріктелу керек. Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу бұл әр түрлі жастағы оқушылардың өзгерісті қалай қабылдайтынын анықтау сыныпты зерттеу арқылы жүзеге асырылады. Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу балалар дамуында оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты. Әртүрлі жастағы балаларда байқалатын метасана әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай болады. Сабақты зерттеу үдерісі барысында танымдық даму және жас ерекшеліктер баланың оқу және проблемаларды шешу қабілетін айқындап береді. Дәлірек айтқанда, танымдық дамуға, оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін , сөз дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты әрекеттер жүзеге асырылады. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы шеңберінде сипатталады. Білім алушылардың оқу деңгейлерін ескере сабақты зерттеу жүргізу барысында есте сақтау, зейін тұрақтылығы және жадыны жақсарту арқылы танымдық қабілеттерін арттыру арқылы метасаналарын дамыту жүзеге асырылады.
Сабақты зерттеу үдерісі ХХІ ғасырда талап етілетін дағдыларды басшылыққа ала отырып, білім беру саласында қол жеткізілген табысты тәсілдер арқылы білім алушылар алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуге жетелейтін тең дәрежедегі маңызды әрекеттерді ұсынады.
Сондықтан да сабақты зерттеу үдерістерінің оңтайлы жолы - Lesson Study тәсілі. Lesson Study тәсілі «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі. Сабақты зерттеу үдерісінде сыни тұрғыдан ойлау тәсілдерін пайдаланып, білім алушылардың логикалық ойлауларын дамыту және де сындарлы оқуға дағдыландыру арқылы сыныптың білім сапасын арттыра отырып, білім алушылардың метасанасын дамытуға болады.
Зерттеу көздері ретінде орта білім беру жүйесіндегі әлемдік жоғарғы деңгейге қол жеткізген танымал оқу әдістемелері басшылыққа алынады.
Жалпы сабақты зерттеу үдерісі барысында психологиялық ұстанымдардың бірнеше әдістерін қолдана отырып, сынып оқушыларын А, В, С деңгейлері бойынша анықтап тәжірибелік бөлімде сол деңгейлері бойынша жасалған жұмыстар бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асырылып, кезеңдер бойынша салыстырылып, талданады және саралау жүргізіледі. Сабақты зерттеу үдерісі кезінде мектеп базасында жүзеге асырылатын іс-әрекеттерді оқу бағдарламасын негізге ала отырып әр түрлі тәсілдермен сабақ барысында деңгей бойынша әр білім алушы нысан ретінде алынады.
Мұғалім тәжірибе саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл арқылы жауапкершіліктері әр түрлі үш деңгейлі білім алушылардың белсенділігін арттырып, жалпы сыныптың білім сапасының ілгерілеуіне ықпал ете отырып, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын оятуға және де метасанасын дамытуға әсер етеді.
Сабақты зерттеу үдерісі ең алдымен зерттеу нысанасы ретінде таңдалып алынған сыныптың зерттеу сұрағы анықталады. Мысалы, тәжірибе барысында зерттеу нысанасы: 7 «Б» сыныпбы таңдалып алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет