Педагогикалық техника негіздері
Педагогтың жұмысы тиімді болу үшін керекті шарт-педагогикалық техниканы жақсы меңгеруі. Педагогикалық техника педагогикалық шеберліктің құрамды бөлігі. Педагогикалық техника ұғымы ХХ ғасырдың 20 жылдары пайда болды, содан бері зерттелуде. Педагог оқушыларға ықпал ете отырып, оларға өзінің ой-пікірлерін, сезімдерін жеткізуге талпынады. Ал байланысты, ниетті, мақсат, ойларды, талап, нұсқау, ережелерді оқушыларға жеткізетін- сөз, тіл, жест, мимика.
Педагогикалық техника - мұғалімнің өзін-өзі басқара алуы, педагогтың бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешені. (Синица И.Е. )
Педагогикалық техника — жеке балаға, сондай-ақ тұтас ұжымға тәрбиелік әсер етуге таңдаған әдістемелерді жүзеге асыратын білім, шеберлік, дағдылардың жиынтығы.
Педагогикалық техника – мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы әрекетінің көрінісі. Мижериков В.А.)
Сонымен бірге әртүрлі қалыптасқан көзқарастар бойынша;
педагогикалық шеберлікті меңгерген мұғалімнің интуициясы мен білімі,
ғылыми жағынан беделі, педагогикалық қиындықтарды жеңе білу,
басшылыққа икемді болу,
баланың жан дүниесін түсінетін дарынды қабілеті,
оқушы тұлғасына нәзік және жекелей ықпал етіп, даналық пен шығармашылық тұрғыдан ойына түрткі туғызатын, ғылыми талдауға қабілетті, қиялы жетік болуы жатады.
Қ. Қалдарова: « Педагогикалық техника педагогикалық шеберліктің басты көрінісі»деп педагогикалық техниканың құрылымдық элементтеріне тоқталады.
А. Гин өзінің «Приемы педагогической техники» еңбегінде педагогтардың педагогикалық техника тәсілдерін қолоданған педагогтардың іс тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, ұсынады.
Белгілі педагог Ш. Амонашвили өзінің «Мақсаттың бірлігі» еңбегінде М, 1987. 87 бет. –
«Бастауыш сынып. Математика.
Мен тақтаға тапсырманы жазып, сенімді жүзбен «Мен бұл тапсырманы шешуге сіздерге 10 минут уақыт беремін! Дедім. Бірақ ешкім тапсырманың берілуіне мән бермей шешуге кірісті. Шешімін таба алмай ашуланды,. 10 минут қайда, бүкіл сабақ сол тапсырманы орындауға кетті. Сонда Вова тұрып: «А, мына жерде қате бар, бұл тапсырманы шешу мүмкін емес» дейді. Ал сол тапсырманы басынан көруге болуыш еді, егер іштеріңдегі біреулерің «Алдымен тапсырманы оқып алайық» деп айтса, мен Вованың айтқанынан соң тапсырманы өздеріңмен бірге оқып, «Кешіріңдер, балалар» мен қателесіппін» дедім, ал шындығында мен бұны әдейі істеген едім, сендер берілген тапсырманың дұрыстығына көздеріңді жеткізудің маңыздылығына көздеріңді жетккізу үшін» деп жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |