Сабақтын мақсаты: білімділік: балалардың«мейірімділік», «қайырымдылық»



бет1/3
Дата22.05.2023
өлшемі22,41 Kb.
#95878
түріСабақ
  1   2   3

«Ю.Н.Павлов атындағы ЖББМ» КММ


Сынып сағаты


Тақырыбы: «Мерімділік шапағаты»
Өтгізген: Сайфулин.М
Сыныбы: 6 «Ә»

2021-2022 оқу жылы





Сабақтын тақырыбы: Мерімділік шапағаты»
Сабақтын мақсаты:білімділік:балалардың«мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту; дамытушылық: оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа,кішіпейілдікке тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылардың назарын сабаққа аударту;
-психологиялық дайындық;
Шаттық шеңбері
-Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)
Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді)
Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды)
Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді)
Мұғалім: -Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғып қояйық.
-Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Мейірімділік-асыл қасиет», Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.
«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?
– Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.
– Адамзат ненің,кімнің мейіріміне бөленген?
– Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:
«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар? Балалардың жауаптары тыңдалады.
Мультфильм көру «Подарок для самога слабога»
«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру
жақсы адам ақкөңіл жаны таза бірлік
жарастық махаббат
шыдамды Мейірімділік шуағы рақымшыл
ынтымақ бауырмалдық
жылы жүректі сүйіспеншілік қамқорлық достық.
«Мейірімділік» өлеңін оқу: (мұғалім)
Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.
-Сурет бойынша жұмыс
Мұғалім: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.
Енді балалар мен қазір сендерге «Сары тауық пен балапандары» деген әңгіме бар, сол әңгімені оқып берейін,мына тақта арқылы көреміз, қазір барлығымыз осы тақтаға назар аударайық. (Әңгіме балаларға көрнекілік түрінде көрсетіледі)
-М.Төрежанов-авторымен таныстыру, әңгімені оқу
Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.
Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған балғын жас еді.Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып, бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды. Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.
- Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ балапан.
- Ол тым жас.
- Жас болса қайтеді? Кезегі келгенде ол да шықсын.
- Сырқаттанып қалады.Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз керек емес пе ?Кәне, мұның орнына кім барады?- деп сұрады анасы.
- Мен,-деді тұңғышы.
- Мен барайын?-деді оған тетелесі.
- Кезекті маған беріңіз!-деді одан кішісі.
- Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.
- Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!- деді сары тауық балапанда тысқа қарай ысырып.
- Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.
Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет