Нусипалиева Рауан Карсоновна, математика пәнінің мұғалімі.
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп,
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Белбасар ауылы, Е.Бекхожаев көшесі- 78
Ualihanova_1835@mail.ru,
8 726(38) 4-67-09, +7 777 101 75 11
«Геометриялық фигуралар сыры»
8 сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс жұмыс
Мақсаты:
Оқушылар геометрия пәні саласында білімдерін, ой-өрісін кеңейтеді, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті артады.
Оқушылар өз бетінше шешім қабылдау қасиетін, өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана білу машығын, өзіне деген сенімділікті жетілдіреді.
Оқушылар қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыланады.
Түрі: Сайыс
Әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, Топтық жұмыс
Көрнекілігі: Слайд-презентация.
Құралдар: Интерактивті тақта, маркер, А2 форматтағы қағаз, скоч, желім, шырпы, түрлі-түсті қағаз.
Сайыс барысы:
Сайысқа қатысушыларды екі топқа бөліп алу қажет. Ол үшін сайысқа қатысушыларға үшбұрыштар мен төртбұрыштар таратылып беріледі. Үшбұрыш фигурасын алған оқушылар «Үшбұрыш» тобын және төртбұрыш фигурасын алған оқушылар «Төртбұрыш» тобын құрайды. Сайыс барысында берілетін тапсырма да осы топтың атауына байланысты болады.
І кезең. Таныстыру.
Топтар өздерін үшбұрыш немесе төртбұрыш сөзіне синквейн (бес жолды өлең) құрастыру арқылы таныстырады.
Бес жолды өлең құру ережесі:
1 зат есім
2 сын есім
3 етістік
4 сөзден тұратын фраза
1 синоним
Мысалы:
Үшбұрыш
Теңбүйірлі, тікбұрышты
Салынады, бөлінеді, есептелінеді
Ішкі бұрыштарының қосындысы 180.
Фигура.
ІІ кезең. Формулалар шеруі
Топтарға әр түрлі құралдар: түрлі-түсті қағаз, скоч, желім, маркер, А2 форматтағы қағаз, қайшы таратылып беріледі. Топтар бұл құралдарды қолдана отырып мына тапсырмаларды орындайды:
Достарыңызбен бөлісу: |