Саламатсыңдар ма, 4 «Г» сынып оқушылары!



Дата10.04.2023
өлшемі130,32 Kb.
#81108
түріСабақ

Саламатсыңдар ма, 4 «А» сынып оқушылары!

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Пароль сенімділігі»

Бүгінгі үйренетініміз: -браузерді баптау құралдарын қолдану; -Сенімді пароль құру критерийлерін айқындау.

Терминология: Сенімділік Надежность Reliability Пароль Пароль Password

Біз қандай браузерлерді білеміз? Браузер қолданушының таңдауы бойынша қарапайым мәтіннің, видеолардың немесе суреттердің экранда бейнеленуін және олармен байланыстақан басқа файлдарды іздестіруді қамтамасыз етеді. Кеңінен тараған браузерлерге internet explorer, mozilla firefox, google chrome, тағы басқалар жатады.

Кез келген браузерді интернеттен тегін жүктеуге болады. Мысалы, ең көп қолданысқа ие Google chrome браузерін интернеттен көшіру үшін мына әрекеттерді орындау керек: *https://www.google.com/chrome/сілтемесін іске қосу; *Жүктеу (скачать) chrome батырмасын басу; *Google chrome қызмет көрсету шарттарын қабылдау ретінде Шартты қабылдау және орнату (Принять условия и установить) батырмасын басу;

Көшірілген қосымша, яғни ChromeSetup автоматты түрде компьютердің Жүктеулер (Загрузки) бумасына түседі. Тінтуірмен 2 рет сол қосымшаның үстіне шертіп, компьютерге орнатамыз. Орнатылған браузер автоматты түрде ашылады.

Пароль дегеніміз не? Біз компьютерлерімізді, ұялы телефондарымызды бөгде кісінің қолдануына жол бермес үшін өз паролімізді орнатамыз. Пароль – ақпаратты қорғауға арналған құпия сөз немесе таңбалар жиыны.

Сенімді пароль құру критерийлерін айқындау Қазіргі таңда «Әлеуметтік желідегі парақшама кіре алмай қалдым, біреу менің почтамның паролін бұзып тастапты» деген сөздерді жиі естиміз. Сондықтан сенімді пароль критерийлері болуы шарт: 1. Пароль тым қысқа болмауы керек, себебі оны оңай ашып алуға болады. 2.Ең көп қолданылатын парольді пайдалануға болмайды. 3.Пароль тек пайдаланушы туралы жалпыға қолжетімді ақпараттан тұрмауы керек. Әлеуметтік желідегі парақшамыз немесе поштамыз қауіпсіз болу үшін сенімді пароль орнатуымыз керек. Бұл: - жеке деректерімізді қорғауға; -хаттардың, файлдардың құпиялылығын сақтауға; -басқа да материалдардың құпиялылығын сақтауға мүмкіндік береді.

Өзгенің паролін бұзып, ондағы ақпараттарды қолдану құқықтық жауапкершіліктің бұзылуын білдіреді. Интернеттегі және кітаптағы ақпараттардың өз иесі (авторы) болады. Сондықтан ақпараттарды рұқсатсыз пайдалануға болмайды. Міндетті түрде авторын көрсетіп отыруға тиіспіз. Авторлық туынды заңмен қорғалады.

Парольде кемінде 8 таңба болуы керек. Бұл әртүрлі әріптер, сандар және басқа да таңбалар болуы мүмкін. Пароль қойғанда бөгде адамдармен келісуге, ақылдасуға болмайды. Себебі пароліңді өзің ғана білгенің дұрыс.

2012 жылдың маусым айында Интернет-қолданушылар белсенді қолданатын ең сенімсіз парольдердің тізімі жасалды. Тізімде бірінші орынды «Password» атауымен қойылған пароль, екінші орында «123456» паролі иеленді.

Үйге тапсырма: 123-беттегі сұрақтар мен тапсырмалар, жаңа термин сөздерд жаттау

Сау болыңдар!


Сау болыңдар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет