Салық құқығы негіздері



Дата09.05.2023
өлшемі15,94 Kb.
#91302

Салық құқығы негіздері


1. Салық құқығының түсінігі
2. Салықтың классификациясы және функциялары
3. Салықтық құқықтық нормалар және қатынастар


Салықтық құқық – заңды және жеке тұлғалардан біржақты, өктем, қайтарылмайтын негізде, заң жүзінде белгіленген салықтар мен басқада міндетті төлемдерді ақшалай түрде бюджетке алу кезінде туындайтын салықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Салық қатынастары салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланыстарды қатынастарды реттейді.
Салық құқығының қайнар көзі – ҚР. Конституциясы
ҚР.Салық кодексі
ҚР Конституциясы (35 бап): «Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдердітөлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады».
Мемлекеттік кірістің негізі: салық, алымдар, төлемақылар, мемлекеттік баж, кеден төлемдері.
Салықтар дегеніміз – жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында, мемлекеттің жоғарғы өкілді органы қабылдаған нормативтік кесімнің негізінде, сондай-ақ заңда белгіленген мөлшерде және уақытта, заңды және жеке тұлғалардан міндетті, қайтарылмайтын бюджетке алынатын ақшалай төлемдер.
Алымдар, төлемақылар мен баждар – заңды және жеке тұлғаларға көрсеткен белгілі бір қызметтері үшін мемлекеттік өкілетті органдардың алатын төлемдер.
Алымдар - заңды және жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды, радиоэлектрондық құрылғыларды, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді, теңіз-өзен, әуе кемелерін дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін; автокөлік құралдарының ҚР аумағы арқылы жүру; аукцион үшін; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін; БАҚ радиожелілік спектрді пайдалануға рұқсат бергені үшін төленетін ақы.
Төлемақылар – жер учаскелерін, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын, қоршаған ортаны ластағаны, жануарлар дүниесін, орманды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, радиожелілік спектрді, кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны, көрнекі жарнаманы орналастырғаны үшін төленетін ақы.
Салық үш функция атқарады:
- Фискалдық – салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толығымен және уақытылы мерзімде түсіп отыруын қамтамасыз етеді.
- Қайта бөлу - әртүрлі шаруашылық субъектілерінің табыстарының белгілі бөлігін мемлекет пайдасына қайта бөлу қызметі.
- Салықтық реттеу – салық мөлшерін өзгерту, салық түрлерін азайту, жеңілдіктер енгізу арқылы ынталандыру.
Салық құқығының объектілері – мүлік, табыс, жер, қызметтер.
Салық құқығының субъектілері – жеке және заңды тұлғалар.
Салықтардың түрлері
Корпоративтік табыс салығы;
Жеке табыс салығы;
Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық;
Әлеуметтік салық;
Жер салығы;
Көлік құралдарына салынатын салық;
Мүліктерге салынатын салық;
ҚҚС;
Акциздер.
1. Копорациялық табыс салығы – резидент заңды тұлғалардан (ұлттық банк пен мемлекеттік мекемелерден басқалары) және ҚР тұрақты қызмет атқаратын ҚР көздерден табыс алатын заңды тұлғалардан алынатын салық.
2. Жылдық жиынтық табыс салығы – тауар сатудан, жұмыстар мен қызмет көрсетуден, мүлікті жалға беруден, дивиденд, сыйақылардан түскен табыстардан алынатын салық.
3. Жеке табыс салығы – субъектісі тек жеке тұлға болып табылады, объектісі – жеке тұлғаның табысы.
Жеке тұлғалардың төмендегідей табыстарына салық салынбайды:
- Бюджет есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақыларға;
- Алименттерге;
- Лоторея бойынша ұтыстарға (5 а.е.к. дейін);
- Әскери қызметкерлердің алатын төлемдеріне;
- Шәкіртақыларға.
Ставкалар. Салық төлеушілердің салық салынатын табысынан 30 %, негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеуші 10%, резидент еместерден 15 % салық ұсталады.
Қосылған құн салығы – тауар өндіру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету мен олардың айналым процесінде қосылған құн өсімінің бір бөлігін бюджетке аударымы, сондай-ақ ҚР аумағына тауар импорттау кезінде жасалатын аударым.
Акциздер – дүние жүзіне кеңінен тараған салықтардың бір түрі болып табылады. Акциздер көбінесе халық тұтынатын біріншікезектегі тауарлардың бағасына немесе көрсетілетін қызметтердің тарифіне енгізіледі.
Акциздер – тауар бағасына, орындалатын жұмыстармен көрсетілетін тарифіне енгізілетін, нақты ставкаларын ҚР –ның Үкіметі белгілеп бекітетін, міндетті төлемдер.
Акцизделген тауарлар:
- Спирттің барлық түрлері;
- Алкоголь өнімі;
- Темекі бұйымдары;
- Бекіре және қызыл балық уылдырығы;
- Алтын, күміс және платинадан жасалған зергерлік бұйымдар;
- Бензин, дизель;
- Жеңіл автомобильдер;
- Атыс, газ қарулары;
- Шикі мұнай.
Акцизделген қызмет:
- Ойын бизнесі;
- Лотореяны ұйымдастыру мен өткізу;
- Кейбір елдерде абоненттік қызметке, кинотеатрлар қызметі; әуе, поезд билеттерінің құнында да болады.
Жер салығы –жеке меншік, тұрақты жер пайдалану және бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер боллып табылады.
 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет