Сан есім сөзжасам жүйесінде екі тәсіл қызмет етеді. Олар; аналитикалық және синтетикалық тәсілдер. Аналитикалық тәсіл сан есім сөзжасамының ең негізгі тәсілі
Сан есім сөзжасам жүйесінде екі тәсіл қызмет етеді. Олар; аналитикалық және синтетикалық тәсілдер. Аналитикалық тәсіл — сан есім сөзжасамының ең негізгі тәсілі. Аналитикалық тәсіл сан есімнің сөзжасамьшда негізгі тәсіл болып сана-латын, себебі — сан есімнің нағыз сан-дық атауларының бәрі дерлік аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Сан есімдегі негізгі түбір сан атауларынан басқа есептік сандардың бәрі аналитикалық тәсілмен жасалған.
Негізгі түбір сан есімдерге көбіне бірлік, ондық атаулары және жүз, мың деген сандар жатады, бірақ олар-дын. бәрі емес. Бірліктердін, ішінен төрт санды бұл топқа қоспауға да болады. Олар туралы кейінірек айтылады. Ал ондық атауларынын, ішінде де тарихи тұрғыда қарағанда аналитикалық тәсілмен жасалған, қазір дара сандарға жататын алпыс, жетпіс, сексен, тоцсан сандарыньщ алғашқы құрамы бірлік пен ондықтың тіркссінен тұрады деген пікір түркологияға кең тараған, оны көпшілік түркологтар жақтайды. Сондықтан мүндағы -пыс/-піс мор-фемасы қазір қосымша деп тануға келгенімен, бұл сан атаулары алғаш аналитикалық тәсіл арқылы бірлік пен ондық атауының тіркесінен жасалған болып шығады. Ал ондық атауларыньщ бірлік пен ондық атауынын, тіркесінен жасалуы — түркі тілдерінде бар құбылыс. Оған алтай, хакас, якут тілдеріндегі ондық атаулары дәлел бола алады. Ондық атауларынын, бірлік-ондық моделімен жасалуы — түркі тілдеріне кен, тараған завдылық. Жоғарыдағы ондық атауларынын, жасалуы осы модельге сай ке-леді.
Тіліміздегі сандық үғымдар тек бірлік, ондық, жүз, мың, миллион, миллиард деген дара сандармен ғана шектеліп қоймайды, ең көп сандық ұғымдар — осы сандар араласып келген, күрделі сандық ұғымдар. Олардын, саны қандай көп болса, түрлері, құрамдары сондай алуан түрлі. Сондықтан тілде күрделі сандық үғымдарды білдіру үшін, аналитикалық тәсілдін, тіркестіру түрі кен, қолданылған. Бұл тәсіл бойынша бір сан атауымен екінші сан атауы тіркесіп, үшінші бір күрделі сандық ұғьшды білдірген. Мысалы: он бес, жүз алпыс, жүз кырык, үш, екі мың алты жүз алпыс төрт т. б. Мұндағы құрамы он және бес деген сандардан тұратын күрделі сандық ұғымды білдіру үшін он және бес саны тіркесіп, он бес деген күрделі есептік сан жасалған. Бұл ондық пен бірлік аралас сандардың тобынан алынды. Ал жүз алпыс деген есептік сан есім жүздік пен алты ондықтан тұратын күрделі сандық үғымды білдіреді. Жүз қырык, үш деген бүдан да гөрі күрделірек, мұнда жүздік, ондықтың үстіне бірлік қосылған. Осы сандық ұғымды білдіру үшін, жүз және қырық үш деген сандар тіркестірілген, мұнда сөзжасамға қырық үш саны дайын қалпында бір компонент ретінде кіріп отыр, сөйтіп олардан жүз қырық, үш саны жасал-зған. Сол сияқты екі мыц алты жүз алпыс төрт деген санда екі күрделі компоненттің тіркесі арқылы жасалған. Осы төрт түрлі мысалға қарап-ақ, күрделі сан атауларының құрамы да, түрлері де, күрделі сандарды жасауға қатысатын компоненттер де алуан турлі екенін көруге болады, ол тәжірибеден де белгілі. Күрделі сан жасаушы жеке компонент қызметінде күрделі сандар өте жиі қолданылады. Олардың өзі де — аналитикалық тәсіл аркылы жасалған сөздер. Бір туынды сөзден екінші туынды сөз жасала беретіні сияқты бір курделі саннан екінші, үшінші, одан да әрі қарай күрделі сандар жасала береді. Бұл күрделі сан атауларының мол жасалуына жол ашады. Кіші сан өзінен улкен санның жасалуына унемі қатысып отырады. Осы жағдай сан атауларын жасаушы компоненттердің молдығын туғызады.
Сейтіп, аналитикалық тәсіл ондық атауларының жасалуынан басталып, тіліміздегі барлық қалған сан атауларының жасалуын қамтамасыз еткен. Әсіресе, курделі сан атауларының жасалуы тек қана аналитикалық тәсілге байланысты. Мысалға ондык, пен бірлік (он бес), жүз-дік пен ондьқ (жуз елу), жүздік, ондық, бірлік (жуз отыз бес), мыңдық, жүздік, ондық, бірлік (бір мың алты жүз тоқсан уш) түрінде араласа келген күрделі сан^арға тіліміз өте бай.
Күрделі сан атаулары дара сан атауларынан бірнеше жүздеген, мыңдаған есе көп деуге болады. Есептік сандарды білдіретін негізгі түбір сан есімдердің саны жиыр-ма шақты сөзден ғана тұрады. Олар бірліктер: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз; ондықтар: он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан және жүздік пен мыңдық атаулары: жүз, мьщ. Осы жиырма шақты сөздер тілде миллионға дейін 999980 курделі сан атаулары жасалған, миллиард, триллионға дейінгі сирек қолданылатын күрделі сан атаулары тағы бар. Бұл — аз сөз емес. Мұндай көп сан атаулары есептік сандардың бірімен бірінің тіркесуі аркылы ғана, яғни аналитикалық тәсіл арқылы жасалған. Сөйтіп, сан есім сөзжасамында аналитикалық тәсіл ең өнімді, негізгі тәсілге жатады.