Сапар шегуге қатысты мәселелер


Жеткілікті жолазық, қаражат дайындау



бет3/3
Дата06.01.2022
өлшемі25,96 Kb.
#16215
1   2   3
Жеткілікті жолазық, қаражат дайындау

Сапардың беймәлім тұстары мен кездейсоқ жағдайлары  көп. Кейде сынаққа толы болуы да  мүмкін. Сондықтан дайындалып шыққан дұрыс.



Мүкіндікке байланысты бейсенбі күні сапарға шығыу.

Бұл – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  сүннетерінен болған амал.



Сапарға ерте шығу

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):  « Аллам, үмметімнің таңын берекелі ете гөр», – деп дұға қылған екен. «Ерте тұрған еркектің ырысы артық» деген данышпан халқымыз да қандай да бір іске ерте кіріскенді құп көрген.



Сапар барысында бірнеше адам болса, араларынан басшы таңдау.

Бұл да – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетінен болған амалдардан. Сапардың берекелі, нәтижелі, жүйелі болуына септігі мол.



Сапар барысында араларындағы әлсіз, науқас, қарт адамдардың жағдайларын ескеру.

Сапарға бірге шыққан адамдар бір-біріне аманат және бір дене сияқты болулары маңызды. Бұл – дініміздің талабы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сапар кезінде керуеннің жүру жылдамдығын араларындағы әлсіз адамдардың жағдайына байланысты реттеген екен.



Сапар барысында тоқтаған, түнеген жерлерін көркем күйде қалдыру

Хадисте: « Адамдардың қайырлысы– басқаларға пайдалы болғаны»,делінген. Мұсылман қоршаған ортаға пайдалы, көркем қатынасты,  ислам дінін сөзі мен ісі арқылы айналасына паш етуші адам. Олай болса кез келген теріс іс дініміздің атына кір келтіруі мүмкін. Осыған абай болуы керек.



Көп дұға қылу

Дұғаның маңыздылығы зор. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) күнделікті айтатын дұғаларында адамның қауіп қатерден аман болуына себеп болатын дұғалар легі көп. Біз білмейтін сынақтар дұғаның себебімен жеңілдеуі, өзгерілуі мүмкін.



Жаратылысқа назар салу

Сапар барысында көптеген жаңа елдімекендер мен табиғаттағы бұрын көрмеген көркем құбылыстар көрінері анық. Одан ғибрат алып Аллаға мақтаулар айту, нығыметтерін мойындау  Алланың ризалығына жол болып табылады.



Адамдармен көркем қарым қатынаста болу

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабасы Мұғаз бин Жәбалға (р.а.) айтқан өсиетінде: «Қайда болсаңда Алладан қорық,(жасалып қойған) күнәдән кейін сауап жаса, ол оны өшіреді және адамдармен көркем мінез құлықта бол», – деген екен.



Отбасына оралуға асығу

Ардақты Алла Елшісінің өсиетінде: «Кімде-кім сапардағы қажеттілігін аяқтаған болса, отбасына дереу оралуға асықсын», – делінген.



Алла Тағала әрдайым сапарымызды оң қылып, Өзі риза болатын амалдарға пайдалануды нәсіп етсін!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет