Бекітемін ТІЖО Улмесекова А.А Күні:08.02.2016 ж
Тақырыбы: Қазақтың ырымдары мен тыйымдары.
Мақсаты: Ырым - тыйым сөздерінің мән - мағынасын түсіндіру.
Тәрбиелік мәні:
Ойшылдыққа, әдептілікке, адалдыққа, батылдыққа, әдемілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Рухани жан дүниесін дамыту.
Көрнекілігі: қазақтың ырым - тыйым сөздері кітапшасы, ырым - тыйым сөздер.
Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап.
Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру. Қазақтың ырымдары мен тыйымдары.
III. Кіріспе әңгіме. Мұғалімнің түсіндіруі. Жас кезінен ұрпағын «тек» деп өсірген халқымыз теріс қылық мінезге де тыйым салған. Бұл балалық шақтан бастап, отбасы болғанша сақталған ереже тәрізді. «Олай жасама, бұлай жасама, жаман сөз айтпа, дұрыс емес» т. б. сөздердің жауабын «жаман болады» дегенмен аяқталып отырған. Өмірде әр тақырыпқа байланысты ырым - тыйым сөздер кездеседі. Балаға, малға, әйел адамға т. б.
IV. Ырым - тыйым сөздердің мән - мағынасын түсіндіру. Тыйым – халықтың тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл негізінен балаларға арналған, оларды жаман әдеттен, жат пиғыл, ерсі қылық, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады. Кейде оғаштау іс істеп қойсақ, үлкен кісілер ылғи да: «Олай істеме, жаман болады» деп атайды. Халық арасында кең тараған осындай тыйым сөздерді зерттей отырып мен олардың жас балаларға арналғандарын жинақтадым. Сонымен бірге мағынасы, тәлім - тәрбиелік мазмұны жағынан бүгінгі заман талабына сай келетінін байқадым. Яғни біз ата - бабаларымыздың даналығы сол – қанша ғасырдан бері тыйым сөздердің мәні өзгермей, қасиеті кетпей бүгінгі заман жастарына беретін өнегесі көп. Ғұлама ғалым Әл - Фараби айтқан «Адамға бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген сөздеріне қазақтың тыйым сөздері толық мысал бола алады.
Тыйым сөздердің түрлеріне тоқтала кетсем тәрбиелік мағынасы қарай мына топтарға бөліп қарастырдым.
1. Үй тұрмысына, қоршаған ортаға байланысты
2. Іс - әрекетке байланысты
3. Қыз балаға қатысты
4. Нанға қатысты
5. Бесікке қатысты
6. Ыдыс - аяқ, тағамға қатысты
7. Киім киюге қатысты
8. Жол жүруге байланысты
Ұлттық киімдерге қатысты ырым - тыйымдар
1. Бас киімге қатысты ырым - тыйымдар
2. Сырт киімге қатысты ырым - тыйымдар
3. Той киіміне қатысты ырым - тыйымдар
4. Сәби киіміне қатысты ырым - тыйымдар
5. Аяқ киімге қатысты ырым - тыйымдар
6. Неке киіміне қатысты ырым - тыйымдар
Енді осы аталған тақырыптағы тыйымдарға жеке - жеке түсініктеме бере отырып, оның бүгінгі өмірдегі қажеттілігіне тоқталып кетейін.