Саясаттану пәні маған не берді?



Дата14.05.2023
өлшемі15,02 Kb.
#93005

Саясаттану пәні маған не берді?


Ең алғаш “Саясат” дегенде бұған дейін дау-жанжалдар, саясаттағы келеңсіз оқиғалар мен негатив қана есіме түсетін. Ал саясаттану курсынан кейін саясаттың басқа қырынан дұрыс түсінбей жүргенімді түсіндім.Жәнеде саясаттану пәнінен не алғанымды келесі түрде бөліскім келеді: Саясат адамзат өркениетінің бөлінбес бөлігі болып табылады, онсыз қоғамның, тұлғаның өмір сүруінің әлеуметтік прогресі мүмкін болмас еді. Адамзат өмірі дамуының өзекті, шешуші мәселелері түгел дерлік саясатпен байланысты. Саясат олардың мақсат- міндеттерін және құндылықтарын іске асырып, шындыққа айналдырудың негізгі құралы мен тетігі болып табылады. Саясаттың әлеуметтік міндеті қоғамдық дамуда әділ әлеуметтік тәртіпті нығайту, мемлекеттік күштеуді тежеу және адам құқығының басымдылығын қамтамасыз ету болып табылады. Адамзат қоғамының дамуымен бірге саясат ұғымының мазмұны да байып, дамиды. Адамзат өркениетінің қазіргі эволюциясы жағдайында саясат қоғамды модернизациялаудың құралы, әдісі және жолы болып табылады. Осындай саясат қоғамдық жүйені өзгертудің, жаңартудың құралы, тәсілі және әдісі бола отыра, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларды дамытуды үнемі күн тәртібіне қояды және іске асырады. Қоғамдық қатынастардың құрамдас бөлшегі ретінде саясат- ғылым, адамдар оны пайдалануға түрлі айла-амалдар қолдануына байланысты саясат-өнер. Саясат билік және мемлекетпен ықпалдасып барып, шындыққа айналатын құбылыс. Сондықтан саясатқа ат үсті қарау қауіпті. Сол себепті саясаттанушылар арасында «сен саясатпен араласпасаң, сенімен саясат айналысады» деген қанатты сөз бар. Бұл шындық. Себебі, адам күрделі қоғамдық өмірдегі саясат билігін үнемі сезінеді. Адамдарды билік өз саясатына бағындырудың сан-түрлі айла, әрекеттерін жасап бағады. Ал, азамат, тұлға өз мүддесін қорғау үшін саясатты білуге міндетті. Саясатты білу, саяси белсенділік және саяси мәдениет халықтың да, биліктің де сапасын көтеруге көмектеседі. Аристотельдің пікірінше, «саясатты білетін адам әдемі өмір сүре алады». Қазіргі кезеңде саясат пен саяси қатынастарға, саяси институттардың қызметіне деген қызығушылық арта түсуде және бұлардың экономикаға, идеологияға, мәдениетке тигізетін ықпалы да арта түсуде. Саясатты, саяси қатынастарды, мемлекеттік билікті зерттеу бірқатар қоғамдық пәндердің шеңберінде, ең алдымен, саясаттану саласында жүзеге асады. Сол себепті қоғамтану ғылымдарының құрылымында саясаттану пәні берік орын алып отыр. Саясаттану негіздері қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән-мағынасын терең түсініп білуге, адамдардың өмірінде алатын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Саяси ғылымдардың негіздерін меңгеру арқылы, әсіресе, қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық-саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс-әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттың сыр-сипатын, қилы құбылыстарын жете ұғынуға, басқа адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат-мүддесін білдріп, оны қорғауына кең жол ашады, жалпы халықтық қазыналарға негізделген демократиялық тәртіпті құрметтеуге, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді. Саясаттану адамдарға саяси қажеттіліктерін мемлекет тарапында іске асырудың жолдары мен әдістерін дұрыс таңдап алуға, демократиялық тәртіптерді және қоғамдық институттарды қалыптастыруға көмектеседі. Ол саяси төзімділікті, келісімге, серіктестікке, мәмілеге келе білуді, саяси шиеленіс, дау-жанжалдарды дер кезінде шешуді, ұлтжандылықты, қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды, жауапкершілікті сезінуге ықпал етеді. Сонымен, қазіргі әлемде саясаттануды оқып-үйренуге деген қажеттілік мемлекеттік жүйелердің халықтың басым көпшілігін саясатқа араластыруға байланысты екендігімен түсіндіріледі. Адамдардың саясатқа қатысып, салиқалы шешім қабылдауы өзінен-өзі тумайды. Ол үшін газет, журналдарды оқып, радио тыңдап, теледидар көру де аз. Ондағы материалдарды сындарлы сараптап, шынайы қорытынды шығару, саяси өмірдің субъектісі болу үшін жүйелі түрде саясат теориясын игеріп, саяси процеске қатысу жолдарын арнайы оқып-үйрену, іс жүзіндегі тәжірибе керек. Яғни, саясат адам өмірінің бөлінбейтін бір қыры жәнеде оны оқу арқылы біз қоғамда дұрыс,нақты не істеу керек екенін және оған қалай жауап қайтару керектігін үйрендік.Мен саясаттану курсын осындай жоғары деңгейде жүргізіп, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымызға шексіз алғыс білдіремін!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет