Сыртқы саясаттың негізгі субъектілері



бет1/2
Дата31.12.2021
өлшемі20,73 Kb.
#23717
  1   2

Сыртқы саясат-бұл мемлекеттер мен халықтар арасындағы қарым-қатынасты, белгілі бір мемлекеттің, оның өкілдерінің халықаралық аренадағы бағытын реттеуге арналған, үстем таптардың жиынтық мүдделерін білдіретін мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған саясат.

Сыртқы саясаттың негізгі субъектілері:

1. Мемлекет, оның институттары, сондай-ақ саяси көшбасшылар мен мемлекет басшылары. Мемлекет сыртқы саяси бағытты қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.

2. Саяси партиялар мен қозғалыстардың, сондай-ақ саяси емес бірлестіктер мен одақтардың қызметін қамтитын "халықтық дипломатия" деп аталатын үкіметтік емес ұйымдар.

Сыртқы саясаттың жетістігі өзекті қоғамдық мүдделерді көрсетудің объективтілігі мен шынайылығына, сондай-ақ осы мүдделерді іске асырудың және мақсаттарға жетудің барабар дамыған құралдары мен әдістеріне байланысты.

Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.

Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.

Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.

1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады;

2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды;

3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді;

4) Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады;

5) авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.

Ұлыб – консервативт,лейбористская

Либерализм, консерватизм,социализм, социал- демократ, коммунизм, национализм,фашизм, анархизм

Саяси қақтығыс - саясат субъектілерінің саяси мәртебе мен институттарды, әлеуметтік тәртіпті сақтау немесе өзгерту, түрлендіру мақсатындағы билік үшін теориялық және іс-жүзіндегі күресі. Саяси қақтығыс ұғымы әлеуметтік-саяси күштердің, саяси қатынас субъектілерінің теке-тірестері өтетін ерекше саяси жағдайды білдіреді. Сонымен бірге, саясат әлемінің ажырамас бір бөлігі, оның қозғаушы күші. Бұл тек саясаттану ұғымы емес, сонымен бірге саясат теориясының тілі, саясаткердің ойлау үлгісі.

Саяси қақтығыстар саяси-мемлекеттік билікті жүзеге асыру мен бөлісу үрдісіндегі әр түрлі әлеуметтік-кәсіби, этноконфессиялық және басқа да топтар мүдделерінің сан алуандылығынан туындайды. Саяси қақтығыстардың шығуы саяси саладағы мәртебелік-рөлдік құрылымның сатылығымен байланысты; саяси құқықтар мен бостандықтарды бөлудегі теңсіздік; саяси өмірге қатысу деңгейлері мен түрлері; саяси мәдениеттегі айырмашылықты көрсетуімізге болады. Саяси қақтығыстар пәні - билік, өкілеттілік,





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет