Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері



бет1/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68

  1. Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері:

Саяси ілімдер тарихы – адамзаттың рухани мәдениетінің құнды да ажырамас серігі және саяси ғылымның бір құрамдас бөлігі. Қандай да бір халық болмасын, оның ойлау мәдениеті, өз ішінен шыққан ойшылдары болады. Тарихта ойлау кеңістігі болмаған халық, мемлекет болған емес. Сондықтан да саяси ілімдер тарихының мәні – саясат пен мемлекеттің мәнін ашу, халықтардың саяси өмірі мен тіршілік тәсілдерінің, саяси ой-түсініктерінің қалыптасуын, эволюциялық дамуын зерттеу болып табылады.
Саяси ілімдер қоғамның, әлеуметтік топтар мен жеке тұлғаның қалыптасуын және олардың саясат субъектісіне айналу тарихын, саясатқа саналы түрде араласуының және саяси билік үшін күреске қатысу кезеңдерін ашады. Әрбір халықтың саяси тарихы мен мәдениетінде тек саяси түсініктер ғана емес, сонымен бірге саяси билікті жүзеге асыру дәстүрлері де қалыптасқан. Оларды зерттеу белгілі бір хронологиялық, кеңістіктік және портреттік өлшемдермен өлшенеді. Мұндай зерттеу әдісін қолдану олардың қай дәстүрге қатысты екенін анықтау үшін керек. Аталған еңбекте авторлар саяси ойлардың даму кезеңдері мен саяси ілімдегі дәстүрлердің эволюциясына талдау жасауға ұмтылады.
Саяси ілімдер де адамзаттың рухани және күнделікті саяси тұрмыс тіршілігінде маңызды рөлге ие болған. Ол өмірдің жан-жақты саяси шындығы мен қайшылықтарын өрнектеуде қалтықсыз қызмет атқарып келеді. Қазіргі заман бейнесін дұрыс танып білу үшін, сондай-ақ келешекте жақсы да парасатты мемлекет басшысын сайлауда және қоғамда жақсы жол таңдап алу үшін адамдар әр кезде өзіне дейінгі болған идеяларға арқа сүйеген. Саяси ілімдер қоғам мүшелерінің саяси мәдениетін айқындайды. Сондықтан да қоғамның саяси мәдениеті адамзаттың төрт мың жыл бойы қалыптасқан саяси ілімдер тарихынсыз дамуы мүмкін емес.Ендеше бұл ғылымды оқытудың міндеті адамзаттың саяси және құқықтық жолда болашақты дұрыс таңдай білуге көмектесу, оның бұрынғы тарихын оқытып, үйренуіне септігін тигізу.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет