Саяси шиеленіс



Дата01.05.2023
өлшемі9,08 Kb.
#88648
Байланысты:
Политология


Саяси шиеленіс
Саяси шиеленіс- бұл адамдардың әлеуметтік-психологиялық жағдайы, олардың әлеуметтік жағдайына және жағдайға немесе оқиғалардың даму барысына қанағаттанбау дәрежесіне байланысты
Саяси шиеленістер туралы зерттеулердің бастауы
Біздің дәуірімізге дейінгі YІІ-YІ ғасырлардағы Қытай философтар
Ежелгі Грекиядағы Анаксимандр
Ежелгі Грекиядағы Гераклит
Саяси шиеленіс
Саяси ғылымдағы шиеленістердің әртүрлі жағдайларына қатысты проблемалардың жиынтығын зерттейтін ғылыми және оқу проблемалары сипатындағы жаңа жеке пән шиеленістану деп аталады.
Жалпы тұрғыдан алғанда шиеленіс қарама-қарсы топтардың бір-біріне қайшы мүдделерінің, пікірлерінің, көзқарастарының түйісуі
Саясаттану зерттеулерінің нысандары болып саяси билік, саяси мақсат мәселелерімен тікелей және жанама қатысты, саяси сипаттағы шиеленістер саналады
Саяси шиеленістің төрт негізгі себептері
1) адамдардың мүдделеріне, қажеттіліктері мен құндылықтарына нақты "қысым жасау" (оның ішінде саяси салада да)
2) қоғамда туындайтын проблемаларға (оның ішінде дүлей зілзалаларға, техногендік апаттарға және басқаларға) биліктің барабар емес реакциясы болып табылады);
3) қоғамда немесе жекелеген әлеуметтік қауымдастықтарда болып жатқан процестер мен өзгерістерді барабар қабылдамау;
4) нақты немесе қиялдағы фактілер, оқиғалар және т.б. туралы қате немесе бұрмаланған ақпарат, соның ішінде нашар байланыс.
Шиеленістерді шешудің екі жолы бар
Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жак бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады
Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады
Саяси шиеленістер жағымды қызмет атқарады.
Ақпараттық-танымдық қызметі. Яғни әлеуметтік шиеленістер қоғам өміріндегі шешілуі қажет түйінді мәселелер туралы, қалыптасқан қайшылықтар туралы ақпарт береді. Сонымен қатар шиеленісті жағдайда әр жақтың адамдары өздерінің және қарсы жақтың мүдделерін айқын сезінуге мүмкіндік алады. Өзара пікір-талас, қызу айтыс кезінде айқындыққа қол жеткізу мүмкіндігі туады.
Саяси шиеленістердің келесі бір жағымды қызметі интегративтік деп аталады. Бұл қызметтің мәні — шиеленістің пайда болуы, дамуы және оның дұрыс шешімін табуы барысында адамдардың белгілі бір әлеуметтік тобының тығыз топтала түсуімен түсіндіріледі. Соның нәтижесінде қоғамдық қатынастар үйлесімге келіп, қоғамда белгілі бір деңгейде тепе-теңдікгің орнауы қамтамасыз етіледі.
Шиеленістердің динамикалық (серпінділігі) деп аталатын жағымды қызметі бар. Яғни, шиеленісті, даулы мәселелерді шешу нәтижесінде әлеуметтік жүйенің, жалпы қоғамның сапалы, мәнді өзгерістерге қарай дамуына жол ашылады.
Саяси дағдарыс – саяси жүйенің бұл түрінде дағдарыстың қарқыны күшейіп, мәселе шешілместей күйге жетеді.
Конституциялық дағдарыс (мемлекеттің негізгі заңының қызметін тоқтатуын білдіреді)
Өкіметтік дағдарыс (өкімет беделінің жоғалуы)
Ішкіпартиялық дағдарыс (саяси партияның жікке бөлінуі)
Саяси дағдарыстың себептері
Біріншіден, дағдарыстың себебі- саяси дағдарыстардағы субъектілердің психологиялық ерекшеліктерінде жасырылады.
Екіншіден, дағдарыстар индивидтің немесе әлеуметтік топтың базалық қажеттіліктерінде қанағатсызданбау нәтижесінде пайда болады.
Үшіншіден, индивидтер мен әлеуметтік топтардың күрделі қарама-қайшылықтарда орын алатын құндылық бағдары мен мүдделік кереғарлық дағдарыстың себебі болуы мүмкін.
Саяси дағдарыстарды ішкі саяси және сыртқы саяси деп бөлуге болады
Сыртқы саяси дағдарыстар- халықаралық қайшылықтар мен қақтығыстардан туындайды және бірнеше мемлекеттерге әсер етеді
Ішкі саяси дағдарыстар
Мемлекеттік дағдарыс
Парламенттік дағдарыс
Конституциялық дағдарыс
Әлеуметтік -саяси дағдарыс

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет