Саяси тұрғыдан Орталық Азия көптеген ғасырлар бойы әртүрлі сатыларды басынан кешірді. Ерте темір дәуіріндегі мемлекеттік дәстүрлер орта ғасырларда жалғасын тапты. Түркі саяси дәстүрлері кең таралып, ІХ-Х ғғ



Дата21.09.2023
өлшемі15,89 Kb.
#109509

Қосымша 1
Саяси тұрғыдан Орталық Азия көптеген ғасырлар бойы әртүрлі сатыларды басынан кешірді. Ерте темір дәуіріндегі мемлекеттік дәстүрлер орта ғасырларда жалғасын тапты. Түркі саяси дәстүрлері кең таралып, ІХ-Х ғғ. мұсылмандық саяси дәстүрлермен интеграциясы жүзеге асты. Ал XIII ғ. басынан Шыңғыс хан негізін қалап кеткен саяси дәстүрлер үстемдік құрып, мұсылмандық саяси дәстүрлермен ұйқасып жатты. Көшпелі саяси дәстүрлер мен институттар (ұлыс, орда, хан кеңесі, құрылтай) қалыптасты.
Шаруашылық (экономикалық) тұрғыдан бұл аймақта көшпелі және отырықшы шаруашылық түрлері жақсы дамыды. Белгілі бір дәрежеде, Орталық Азия аймағы – бұл қала мен даланың тоғысқан аймағы. Ұлы Жібек жолының сауда маршруттарында орналасқан Орталық Азия Шығыс пен Батысты жалғап тұрған мәдениет ошағы болды. Аймақ адамдардың, тауарлардың және идеялардың қозғалысының тоғысқан жеріне айналды.
Этникалық тұрғыдан бұл аймақта ерте темір дәуірінде шығыс иран тілдес сақ тайпалары, кейінгі кезеңдерде түркі тілдес тайпалар өмір сүрді. Сақ және ғұн этникалық компоненттерінің ассимиляциясы нәтижесінде аймақта үстемдік құрған моноэтникалық түркі тектес тайпалар қалыптасты. Орталық Азия арқылы көптеген көшпелі тайпалар шығыстан батысқа миграцияны жүзеге асырып отырды.
Әлеуметтік тұрғыда Орталық Азия қоғамы - дәстүрлі аграрлық қоғам. Бұл аймақта көшпелі қоғамға тән рулық қатынастар мен отырықшы қоғамға тән көршілік қауымдық қатынастар дамыды. Отырықшы қоғамда бірлесіп шаруашылық мәселелерді (маусымдық жұмыстарды жүзеге асыру, арықтар тартудың, дамбаларды, су қорғандарын, су қоймаларын жасау) шешудің қажеттілігі қауымдық қатынастардың консервациясына, қауымдық дәстүрлердің сақталуына, ал көшпелі қоғамда жайылымды жерлерді бірлесіп пайдаланудың қажеттілігі рулық қатынастардың консервациясына, жаңа шаруашылық қажеттіліктерге сәйкес икемделуіне алып келді.

Қосымша 2


«Орталық Азия — солтүстікте Арал теңізі мен қазақ далаларымен, оңтүстікте – Копетдаг пен Гиндикуш тау жүйелерімен, батыста – Каспий теңізімен, шығыста – Памирмен шектелген аймақ». (Хазанов А. М. Кочевники и внешний мир. Изд. 3-е, доп.—А: Дайк-Пресс, 2002. - 72 б.).

«Орталық Азия – батысында Каспий теңізінен бастап шығысында Батыс Қытайдың шекарасына дейінгі жерлерді қамтитын Азияның орталық аймағы. Ол солтүстікте Ресеймен және оңтүстікте Иран, Ауғанстан және Қытаймен шекараласады. Бұл аймақтың құрамына бұрынғы кеңес республикалары-Қазақстан,Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түрікменстан кіреді.» (Британ энцикл.)

Гумбольдттың еңбегінде Орталық Азия деп Алтайдан Гималай тауларының солтүстігіне дейінгі жерлерді атаған еді.

Орыс ғылымында Орта және Орталық Азия аймақтары көршілес деп қарастырылды. Орталық Азия деп Солтүстік Қытай мен Моңғолияның территориясын қамтыған физикалық-географиялық аймақты атады. Орыс тарихшылары мен географтары бұл аймақты Ішкі Азия деп те атаған.

ЮНЕСКО әзірлеген тарихи басылымда Орталық Азия аймағын анықтауда климаттың ерекшеліктері негізге алынды. Бұл аймаққа Моңғолия, Батыс Қытай, Пенджаб, Солтүстік Үндістан мен Пәкістан, солтүстік батыс Иран, Ауғанстан, тайгаға дейінгі Ресейдің азиялық аймақтары және бес посткеңестік Орта Азиялық республиканың жерлері кірді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет