Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых



жүктеу 0.69 Mb.
Pdf просмотр
Дата18.03.2017
өлшемі0.69 Mb.
түріСборник

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Студенттер мен жас ғалымдардың 

«Ғылым және білім - 2014» 

атты IX Халықаралық ғылыми конференциясының 

БАЯНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ 

 

 

 

 

СБОРНИК МАТЕРИАЛОВ 

 

IX Международной научной конференции  

студентов и молодых ученых 

«Наука и образование - 2014» 

 

 

 

 

PROCEEDINGS 

of the IX International Scientific Conference  

for students and young scholars 

«Science and education - 2014» 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014 жыл 11 сәуір 

 

Астана 

УДК 001(063) 

ББК 72 

Ғ 96 

 

 



 

 

Ғ 96 



«Ғылым  және  білім  –  2014»    атты  студенттер  мен  жас  ғалымдардың  ІХ 

Халықаралық ғылыми конференциясы = ІХ Международная научная конференция 

студентов и молодых ученых «Наука и образование - 2014» = The IX International 

Scientific Conference for students and young scholars «Science and education - 2014». 

–  Астана: 

http://www.enu.kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/

,  2014.  –  5830  стр. 

(қазақша, орысша, ағылшынша). 

 

ISBN  978-9965-31-610-4 



 

 

 



 

 

 



 

Жинаққа  студенттердің,  магистранттардың,  докторанттардың  және  жас 

ғалымдардың  жаратылыстану-техникалық  және  гуманитарлық  ғылымдардың 

өзекті мәселелері бойынша баяндамалары енгізілген. 

 

 

The proceedings are the papers of students, undergraduates, doctoral students and 



young researchers on topical issues of natural and technical sciences and humanities. 

 

В сборник вошли доклады студентов, магистрантов, докторантов и молодых 



ученых по актуальным вопросам естественно-технических и гуманитарных наук. 

УДК 001(063) 

ББК 72 

 

 



 

 

ISBN 978-9965-31-610-4 



©

Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 

университеті, 2014 


2412

 

 



6.4 Математиканы оқытудың әдістемесі 

 

 



УДК 51[001.89:378.096] 

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ХАЛЫҚ ОЙЫНДАРЫН  

ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ  

 

Авдилгажы Ардақ 

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті  

Қарағанды, Қазақстан 

Ғылыми жетекшісі – Р.Ж. Толеуханова 

Жас  ұрпақка  жан-жақты  білім  беру  әрбір  ұстаздың  басты  міндеті.  Қай  әдісті 

пайдалансақ  та,  алға  қойған  мақсат  біреу.  Ол  оқу  бағдарламасының  материалдық 

мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды. 

Сондықтан  математика  сабағында  әр  сыныптағы  оқушының  жас  ерекшеліктеріне  қарай 

және  білім  деңгейіне  сай  сабақтың  түрін  тауып,  сол  тақырыптарды  игеруді  мақсат  ету 

керек.  Бұған  оқушылардың  қызығушылығын  арттырудың  бір  көзі  -  математикалық  ойын 

элементтерін қолдану.  

Сабақта  ойын  элементтерін  пайдалану  оқушылардың  ой-өрісін,  танымдылық 

белсенділігін  арттырады  [1,  13-14  б.].  Теорияны  практикамен  ұштастыруға  жол  ашады. 

Алайда ойынды үнемі оқу процесіне пайдалануға, ұзақ уакытқа созуға болмайды. Мұғалім 

тарапынан  ойынға  педагогикалык  басшылық  жасау  —  окушылардың  ұйымшылдық, 

шығармашылық  дербес  қызметтерін  алмастырмастан,  балалардың  ұжыммен  қарым-

қатынасын  жетілдіре  түсуі  болып  табылады.  Ұжымдық  ойындағы  оқушының  алар  орны 

күнделікті  өмірден  айтарлықтай  өзгеше.  Ол  ойындағы  атқаратын  рөлінен  туындайтын 

мазмұнымен сипатталады. 

Математикалық  ойындар  -  сыныпта  жүргізілетін  жұмыстардың  ең  қызықтысы. 

Ойынның қандай түрі болса да балаларды өзіне тартады [2, 57 б.]. 

Мұғалім де әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның оқу және тәрбиелік маңызын 

түсіне білуі керек. Оқушыларға қойылған сұрақ қысқа, түсінікті болуы шарт. Математика 

сабақтарында халық ойындарын дидактикалық материал ретінде қолданып сабақ өткізу өте 

пайдалы. 

Ойынның мақсаты – білім, дағдылар жайында түсінік беріп оларды қалыптастыру, 

тиянақтау  және  бекіту,  қайталау  және  пысықтау,  тексеру  сипатында  болып  келеді. 

Ойынның  міндеті  баланың  қызығушылығын  туғызып  белсенділігін  арттырады,  оның 

сабаққа, білімге деген ынта жігерін құлшындыра түседі. Ойнатқанның жөні осы екен деп 

әр түрлі ойынды кез – келген сабақтың кезеңінде ойната беру де тиімсіз.  

Дидактикалық  ойын  оқушылардың  ақыл  –  ой  белсенділігін тәрбиелеудің  маңызды 

құралы  болып  табылады.  Төменгі  сынып  оқушыларына  арналған  математика  түрлі-түрлі 

қызықты  тапсырмалар  бойынша  алған  білімдерін  тереңдете  түсуді,  әрі  пысықтауды 

көздейді. Бұлар балалардың математикаға ықылас қоюына баулиды. Оқушылардың зейінін 

және ойлау үрдістерін дамытады.  

Адамзат  ойының  сан  жылғы  тәжірибесі  ойынның  білімдік  құндылығын  дәлелдеді. 

Оған балалық кезеңдегі ақыл – ойды дамыту ойындарынан бастап, мәдениетіне, бизнеске 

және  басқарудың  барлық  салаларына  мамандар  даярлауға  байланысты  бағдарлаларды 

игеру барысындағы ойындар жатады.  

Халық  аузындағы  есептерді  алып  қарастырсақ  [3,  44-45  б.],  онда    халықтық 

математика  –  біресе  жұмбақ,  біресе  өлең,  біресе  қара  сөз,  біресе  ертегі,  біресе  ілмек  пен 

тұзақ шешу, ұйқас табу, ұсақ заттармен ойын көрсету сиқырлы ой айту түрінде кездеседі. 

Бұл халық аузындағы есептердің әдеби сипаты мысалға:  

Бір емен, жеті терек, алты қайың, 

Бұтағы толып жатыр дайым, дайым 


2413

 

 



Ішінде шынар терек үш қарағай, 

Өзгесін айта беріп не қылайын. 

Жауабы: Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер, Шолпан, Үштараз.  

Немесе бәйге алу ойыны:  

Қатты қағазға жіп арқылы бекітілген екі атпен жарысады. Межеде еліміздің туы тұр. 

Екі  бағанаға жазылған екі  оқушы шығады. Ойын шарты түсіндіріледі. Кім бұрын шығарса, 

сол  оқушы  туды  алып  жеңген  болып  есептеледі.  Бұл  жағдайда  тіпті  ең  қарапайым 

ойындарды ойнаудың өзі оқудан, білімнен басталатынын көрсетеді.  

Мысалға:  



Кітапхана – он бөлме 

Әр бөлмеде он шкаф 

Әр шкафта – он сөре 

Әр сөреде – он кітап 

Санай алсаң егерде 

Айтып берші анықтап 

Барлық – барлық сөреде, 

Қанша дана бар кітап? 

Сабақта және сабақтан тыс уақытта дидактикалық ойындар мен қатар математикалық 

ребустарды,  сөз  жұмбақтарды  шешу,  қызықты  әзіл  есептерді  шығару  логикалық 

жаттығуларды орындау баланың ақыл – ой қиялын, ой ұшқырлығын дамытудың бірде – бір 

тәсілі.  Үйретудің  көрнекілік  қағидасы  ұлттық  мазмұны  бар  есептердің  барлығына  тән. 

Есептің ұғымын меңгеру үшін оның негізгі сипаттарын білу, қажетіне баланы баулиды, тілін 

дамытады.  Ол  үшін  қазақтар  жұмбақтар  шешуге,  жаңылтпаштар  айтуға  қалыптастырады, 

мақал - мәтелдің, шешендік сөздердің сырын білуге тәрбиелейді.  

Мысалға:  

Екі сегіз – он алты,  

Және сегіз және алты  

Жинап жүрген бір алшы,  

Барлығы қанша?  

Немесе:  



Сәл дем алып тыным ал,  

Тақпақ айтам, ұғып ал,  

Апта деген атайдың,  

Жеті бірдей ұлы бар.  

Біріншісі – дүйсенбі,  

Екіншісі – сейсенбі,  

Үшіншісі – сәрсенбі,  

Төртіншісі – бейсенбі.  

Жұма деген – бесінші ұл. 

Сегізінші ол – сенбі,  

Жетіншісі – жексенбі.  

Алшы аға демалыстан,  

Сабағынан қалмастан 

Алты тәулік оқиды.  

Зердесіне тоқиды.  

2414

 

 



Бұл  есептерде  философиялық  ой  жатыр.  Жаңаны  ашу  үшін  ескіні  білу,  ата  мұраны 

білу  керектігі  көрсетілген.  Қазақ  халқының  «Егер  ...  ,  онда  ...»  ойыны  негізінде  өткізілетін 

жаңылтпаш-жарыс  ойыны.  Ойын  әуелі  жай  басталып,  біртіндеп  жаңылтпаш 

жылдамдығындай тез айтуға көшеді. Мысалы, бірінші оқушы: «Егер жазықтыққа түсірілген 

көлбеудің табаны арқылы жүргізілген түзу көлбеуге перпендикуляр болса... » - деп бастайды, 

ал  екінші  оқушы:  «Онда  ол  көлбеудің  проекциясына  да  перпендикуляр  болады»,  -деп 

жалғастырады. 

Бірінші  оқушы:  «Егер  жазықтыққа  түсірілген  көлбеудің  табаны  арқылы  жүргізілген 

түзу  көлбеудің  проекциясына  перпендикуляр  болса...  »  -  деп  бастайды,  ал  екінші  оқушы: 

«Онда ол көлбеудің өзіне де перпендикуляр болады», - деп жалғастырады. 

Тапқырлыққа  берілген  тапсырмаларды  және  ой  ұшқырлығына  берілген  есептерді 

өзіндік жұмыс ретінде ұсынған жөн. Мұғалім міндеті ойын барысында балалар арасындағы 

адамгершілік  қарым  –  қатынастарды  талдап,  зерттеу,  оны  тиімді  әдістермен  басқару, 

балалардың достығын қолдау болып табылады.  

Көрнекті Нидерланды оқымыстысы Йохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» атты дүние 

жүзіне кең тараған еңбегінде: «Ойын адамзат әрекетінің жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат 

тіршілігінің әмбебап категориясы», «Ойын - өмір сүру тәсілі емес, бірақ адам дегеніміз -  ең 

әуелі ойнайтын адам» деген екен [4, 40-41 б.]. 

Қорыта  айтқанда  математикалық  ойындар,  сабақтың  негізгі  бір  бөлігі.  Балаларға 

ауызша  есептеуге,  ойлауға,  шапшаңдыққа  есептеудің  тиімді  жолдарын  үйренуге 

қалыптастырады.  Сонымен  қатар  ойын  –  тынысы  кең,  алысқа  меңзейтін,  ойдан  –  ойға, 

жетелейтін  оқушы  қинала  қанат  бітіретін  жеңіл  де  қызықты  есептер  қолданып  өткізген  әр 

сабақ тиімді болатына сенеміз.  

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

1.

 

Тоқшылықова Л. Оқушылардың ойлау қабілетін – ойын элементтері арқылы дамыту // 



«Математика және физика» журналы. – 2005. – № 2. 

2.

 



Тәжібаева  С.  Оқушылардың  ой  өрісін  дамытуға  ықпал  жасайтын  есептер  // 

«Математика және физика» журналы. – 2005. – № 2. 

3.

 

Альжанова  Д.  Математиканы  оқытуда  қызықты  тапсырмаларды  пайдалану  // 



«Математика және физика» журналы. – 2007. – № 2. 

4.

 



Әбілқасымова А. Е., Джанабердиева С. А. Қызықты математика. – Алматы: «Мектеп» 

баспасы, 2007. – 72 б. 

 

 

УДК 373.31:51 



РАЗВИТИЕ МАТЕМАТИЧЕСКИХ СПОСОБНОСТЕЙ У УЧАЩИХСЯ  

НАЧАЛЬНЫХ КЛАССОВ 

 

 



Ахмед Бекзат 

zhakena@yandex.ru

 

Студент Южно-Казахстанского государственного университета им. М.Ауэзова,  



Шымкент, Казахстан 

Научный руководитель – Н.И. Койшибаева 

 

О проблеме формирования и развития математического творческого потенциала детей 



начальных  классов  много  говорят  и  пишут.  Как  показывает  анализ  психолого-

педагогической  периодики  за  последние  годы,  этот  вопрос  находится  под  пристальным 

вниманием ученых, методистов, учителей и родительской общественности. 

Развитие  творческих  математических  способностей  учащихся  является  важным 

аспектом организации учебного процесса на всех этапах школьного обучения, но особая роль 

ему  отводится  при  формировании  творческой  активности  в  младшем  школьном  возрасте. 



Каталог: bitstream -> handle -> data
data -> С. торайғыровтың публицистикасы
data -> «Қазақ» газетіндегі ұлт-азаттық көтеріліс туралы мақалалардың маңызы
data -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетінің магистранты
data -> Ұстаз ғалымның абыройы
data -> Интеллигенциясы: тарихи
data -> ТҮрік тілін үйренудегі ортақ СӨздер және олардың фонетикалық ерекшеліктері кумашева Назым
data -> Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых
data -> Очерктің тілі мен стилі
data -> Бағдарламасы, ұлттық рухани байлықты жалпы адамзаттық мәдениетпен
data -> Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет