Сборник международной конференции «модернизация сознания: характер передачи образа «Әлем»



Pdf көрінісі
бет63/123
Дата24.08.2023
өлшемі2,86 Mb.
#105558
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   123
1. Тарихи жылнамалар. 
Бүгінде әлем мұрағаттары қорында үш армян-қыпшақ жылнамасы 
сақталып отыр, олар 
«Каменец жылнамасы», «Венеция жылнамасы»
және 
«Поляк ұлысы 
жылнамасы».
«Каменец жылнамасын»
бастапқыда Каменец қаласы армян ақсүйектерінен шыққан дін 
өкілдері – Агоп пірәдір (1582-16/26 сәуір 1621) армян тілінде және армян әліпбиімен қыпшақ 
тілінде құрастырып, кейін туған інісі Аксент дер Крикор тарапынан 1650-1652 жылдары 
редакцияланып, толықтырылған. Жылнамада Украинаның оң жағалауы мен батысында, 
Молдавия мен Валахияда болған оқиғалар, ең бастысы 1430-1652 жылдар аралығында Каменец-
Подольскіде болған оқиғалар баяндалады. Қыпшақ бөлімінде Цецера түбі шайқасы мен Хотин 
соғысы кезіндегі поляк-түрік қарым-қатынастарының шиеленісуі сипатталады. Жылнаманың 


«САНАДАҒЫ ЖАҢҒЫРУ: «ӘЛЕМ» БЕЙНЕСІНІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРДА БЕРІЛУ СИПАТЫ»
АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
70 
бірінші қыпшақ жазбасы 1611 жылдың қаңтарындағы Каменецте армян қауымының войт 
сайлануына арналса, соңғысында 1622 жылы 12 мамырда Замостьеде кафалық вартабед 
Месробтың дүниеден өткені баяндалған. 
«Каменец жылнамасы» қысқаша және кеңейтілген нұсқаларда жазылған. Қазіргі кезеңде 
аталмыш еңбектің нұсқалары Париж ұлттық кітапханасында №194 қолжазба түрінде (қысқа 
нұсқасы) және Венециядағы әулие Лазарь аралы мхиттаристер кітапхана қорында №1700 
қолжазба түрінде (кеңейтілген нұсқасы, 169 бет) сақталып отыр. 
Жылнаманың Париж нұсқасының латын тіліндегі транскрипциясын Жан Дени жариялап, 
француз тіліне «Lʼarméno-coman et les «Ephémérides» de Kamieniec» деген атаумен аударып, 
басылымды сөздікпен толықтырған. «Жылнама» мәтінінде 1060 (1611) жылғы қаңтардан – 1062 
(1613) жылғы 3 (13) қарашаға дейінгі жазбалар кездеседі [5]. Ал жылнаманың Венецияда 
сақталған нұсқасын Г. Алишан армян графикасымен толық мәтінін 1896 жылы жариялайды [6]. 
Бұл қолжазбадағы қыпшақ мәтіндерін, атап айтқанда Цецор түбі шайқасы мен Хотин соғысы 
сипатталған бөлігін 1968 жылы Э. Шютц ағылшын тіліне аударып, аударма сөздікпен, көлемді 
алғы сөз, түсініктемелермен бірге ұсынған [7]. 
Э. Шютц пен Ж. Денидің еңбектерін ағылшын аудармасы және транслитерациясымен бере 
отырып, есімдер мен жағырапиялық атаулар көрсеткіштері және глоссарийлермен толықтырып, 
1969 жылы И. Вашари өз еңбегін «Armeno-Kipchak Parts from the Kamenets Chronicle» 
тақырыбында жариялаған [8]. 
«Венеция жылнамасы» 
және
 «Поляк ұлысы жылнамасы»
 
(Польша жылнамасы) Париждегі 
Ұлттық кітапхана қорында қолжазба түрінде сақталған, екеуі де Г. Алишан тарапынан 
жарияланған [9]. 
«Венеция жылнамасының» үзінділерін Ж. Дени 1957 жылы жариялаған еңбегінде келтірген 
болатын. Польша жылнамасын 1981 жылы Я. Дашкевич пен Э. Трыярский Г. Алишан жарияла-
нымдарын негізге ала отырып, тыңғылықты зерттеп, қайта басып шығарды [10]. 
Екі жылнама да армян әліпбиімен қыпшақ тілінде жазылған, көлемі қысқа және Иса пай-
ғамбардың туылған кезеңінен бастап 1537 жылға дейінгі және 1530 жылғы оқиғалар баяндала-
ды. Бұл екі қолжазба әлі күнге дейін арнайы зерттеу нысаны болған емес. «Каменец жылнама-
сының» Венецияда сақталған нұсқасының Э. Шютц пен И. Вашари жарияланымдары негізінде 
қыпшақ нұсқасын А. Гаркавец өз еңбегінде орыс тіліндегі аудармасымен жариялаған [11]. 
Дегенмен үзінділердің толық берілмеуі не оқиғалар желісінің бір-бірімен тығыз байланыста 
дамымауы қолжазба құндылығын жоғалтпайды. Бұл Каменец пен Львовтағы армян-қыпшақ 
колонияларының қызметі және Украинадағы армян-григорян шіркеуі туралы қызықты мәлімет-
тер екені анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет