Сборник упражнений для школьников общеобразовательной школы с русским языком обучения «Bilimsema» баспасы Алматы, 2020



Pdf көрінісі
бет1/273
Дата06.04.2022
өлшемі1,87 Mb.
#30071
түріСборник упражнений
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   273


З.Ш. ЕРНАЗАРОВА, З.Қ. АХМЕТЖАНОВА
ГРАММАТИКА
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Сборник упражнений 
для школьников общеобразовательной школы  
с русским языком обучения
«Bilimsema» баспасы 
Алматы, 2020


Пікір жазғандар:  
филология ғылымдарының докторы,
 
 
 
 
профессор  Б.Қасым
 
 
 
 
филология ғылымдарының 
 
 
 
 
кандидаты  С.Құлманов
 
Ерназарова З.Ш., Ахметжанова З.Қ.
 
Грамматика.  Қазақ  тілі.  Сборник  упражнений  для  школьников  общеобразова-
тельной школы. 2-издание. – Алматы: «Bilimsema» баспасы, 2020. – 160 бет.
 
  ISВN 000-000-000-0
ББК  000
    Г   00
Е 00
ББК 000
ISВN 000-000-000-0
© Ерназарова З.Ш.,  Ахметжанова З.Қ,. 2020
© Алматы, 2020


3
КІРІСПЕ
Ұсынылып отырған «Жаттығулар жинағы» қазақ тілінің грамматикалық құрылысын 
анықтайтын негізгі тақырыптарды қамтиды. Олар – жалғау түрлері (жіктік, тәуелдік, 
септік) шақ түрлері, көмекші сөздер, тұйық етістік, есімше, көсемше, етіс, «де», «бол» 
көмекші етістіктері, модальділік түрлері, сұраулы сөйлем түрлері. Сөз таптары атауыш-
тық мағынамен байланысты анықталатындықтан, жеке тақырып ретінде қарастырыл-
мады. Есімдік, сан есім, үстеу сияқты сөз таптары жалғау түрлері, шақ түрлерімен бай-
ланыста  алынды. 
Қазақ тілі бойынша оқулық түрлері өте көп болғанымен, «Жаттығулар жинағында» 
қамтылған лексика белгілі бір оқулықтың негізінде іріктелген жоқ. Ұсынылып отырған 
оқу құралы оқу үдерісінде қолданылып жүрген оқулықтардың мазмұнын қайталауды 
мақсат  етпейді.  Өйткені  жаңартылған  бағдарлама  мазмұнында  тілдік  бағдар  компо-
нентінде берілетін лингвистикалық білім әр сынып сайын қайталанып, толығып оты-
рады. «Жаттығулар жинағы» оқушының қазақ тілінің грамматикалық құрылымы тура-
лы тілдік білімін жетілдіріп, лексика, грамматикалық дағдыларын дамытуды көздейді. 
Аталған мақсатқа сай оқу  құралы мазмұны 2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрлігі бекіткен лексика-грамматикалық минимумға негізделді. 
Оқу құралында әрбір грамматикалық формалардың қызметі мен ерекшеліктері кес-
теде аударма түрінде берілді. Қазақ және орыс тілдеріндегі баламалар оқушының екі 
тілдің грамматикалық құрылымын салыстыра отырып,меңгеруіне көмектеседі. «Жат-
тығулар  жинағында»  есімше,  тұйық  етістік,  көсемше,  етістің,  «де»,  «бол»  көмекші 
етістіктерінің  жаңа  қызметтері,  кейбір  қолданыс  ерекшеліктері  нақтыланып,  тапсыр-
малар жүйесінде берілді. Оқу  құралында модальділік түрлері арнайы тақырып ретінде 
ұсынылып отыр.
Жаттығулар жүйесі қарапайым тапсырмалардан басталып, тіл үйренушінің сөйлеу 
іскерлігін қалыптастыратын коммуникативті жаттығулармен аяқталады. Үлгі-кесте бо-
йынша жасалатын жаттығулар мен трансформациялық жаттығулар оқушының сөйлеу 
іскерлігін дамытуды көздейді. 
Қазақ  тілі  оқулықтарында  грамматика  бойынша  жаттығу  түрлері  берілгенімен, 
тілдік дағдыларды  қалыптастыруда жеткіліксіз болып жатады. «Жаттығулар жинағы» 
осы қажеттілікке жауап береді деп ойлаймыз.
Авторлар


4


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет