«Қош бол сүйікті, Балабақшам!» атты мерекелік кештің с ц е н а р и й і топ: «Балдырған» күні: 25.05.2023 уақыты: 10.00. Зал мерекеге сай безендірілген, ортаға тәрбиешілер шығады У.Х: Құрметті қонақтар армысыздар,
Бәріңізде есен-аман бармысыздар.
Таусылмайтын ағытып ой арманың,
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын.
Э.М.: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Жүздерінен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың
У.Х: Қымбатты қонақтар, ата аналар, балабақша қызметкерлері бүгін бізде үлкен мереке, яғни бұл мереке қуанышы мен қызығы мол балалардың сүйікті балабақшасымен қоштасу мерекесі.
Э.М: Ұшырып көкірегімнен жыр кептерін,
Мерекең құтты болсын түлектерім
Қол соғып ортамызға шақырайық,
Бүгінгі мерекенің шынайы кейіпкерін –
деп балабақшамен қоштасатын сүйікті бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
ЕКЕУІ БІРГЕ: БІЗ БАСТАЙМЫЗ!
Музыка ойнап ортаға кезек-кезек түлектер шыға бастайды. Экранда слайд қойылады. Барлығы шығып болған соң ортаға екі тәрбиеші келіп, көздеріне көзілдіріктерін тағып тұра қалады. Экранда видео ойнайды. Балалар орындарына жайғасады.
ӘН: «МЕРЕКЕ»
Э.М.: Құрметті қонақтар барлығымыз ортаға жиналдық, енді мерекелік кешімізге дайындаған бағдарламамызға кезек берейік
Ортаға бала шығады. Бала:_Умида_Худайбергенқызы,_Эльвира_Мерекеқызы_түсінбедім_бізде_қандай_мейрам_Мемлекеттік_мейрамдарды_тойлап_қойдық_емеспе_У.Х'>Бала: Умида Худайбергенқызы, Эльвира Мерекеқызы түсінбедім бізде қандай мейрам? Мемлекеттік мейрамдарды тойлап қойдық емеспе?
У.Х: Сұрағың өте орынды, балақай! Бүгін ұлы күн, керемет мереке себебі сендер жаңа өмірге қадам басасыңдар. Кіп-кішкентай болып аттаған балабақшаларыңнан қанат қағып ұшасыңдар.
Бала: Апай, мен кеткім келмейді балабақшадан. Мен достарымды сағынамын ғой.
Ортаға екінші бала шығады. 2-бала: Досым сен қызықсың ғой. Рахат емеспе? Таңертең ұйқың қанғанша ұйықтайсың, қалаған кезде тамақ ішесің, сабақ оқымайсың, ойындарды ойнайсың, теледидар қарайсың!
Бала: Оның да дұрыс досым, бірақ балабақшамыздың орны бөлек қой. Таңертең күлімдеп күтіп алатын тәрбиешілеріміз, қызықты ойындарымыз, әртүрлі сабақтарымыз, дәмді тағамдарымыз. Осылардың барлығын сағынамыз ғой.
Екеуі мұңайып қалады Э.М: Мұңаймаңдар балақайлар!
Бақшамыздан талпынып қанат қақты,
Төрт жылда оң солын таныған жас.
Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Тәрбиешілер баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн бақшаменен,
Сол құстардың бәрі де ұшқалы тұр.
У.Х: Балалар бізге қонақтар келе жатыр. Кім екенін білесіңдерме? Сендер мектепке аттанғанда тобымызға кішкентай ғана бүлдіршіндер келеді. Барлық ойыншықтарыңды, кітаптарыңды, оқу құралдарыңды табыстайсыңдар. Олай болса тобымыздың кілтін салтанатты түрде табыстау үшін ортаға «Алтын балық» тобының тәп-тәтті балаларын және тәрбиешісі Бақыт Какимовнаны шақырайық.
Э.М.: Балалар сендердің ізбасарларың жаңа «Балдырғандарымыз» құры келмей, сендерге арнап жыр-шумақтарын дайындап келіпті. Қане барлығымыз бірге тыңдайық.
Айару мен Сара: Алты жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке.
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл ойларың
Қуанышы бүгінгі
Құтты болсын тойларың!