Сценарий
Түлектер кешіне арналған «Көгілдір алау»
Жүргiзушi кештi ашады (ақырын музыка, вальс, әдемi ауен).
Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар!
Міне тағы бір оқу жылы аяқталуға жақын
- Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
Жүргізуші:
- Қараңыздаршы, кешегi осы мектеп қабырғасын тарыдай ғана боп аттаған кiшкене бүлдiршiндер, мiне бүгiн бiр-бiр шоқ жұлдызшадай боп, өз алдарыңызда жарқырап тұр, ал егер бәрiн бiрге қоссақ - жарық жұлдызға айналады.
Олай болса, бұл кешiмiздi болашағымыздың осы жарық та жарқын жұлдыздарына арнап « Көгілдір алау» деп атайық.
Жүргізуші:
Бүгiнгi кеш- Сiздер үшiн қымбатты түлектер!
Бүгiнгi айтылар тiлек , орындалар ән мен күй , ыстық құрмет , дуылдата соғылған шапалақтар Сiздерге арналады.
Жүргізуші:
Жетекшi деген -ерекше тұлға , дара шың,
Ұмытылмастай көңiлде мәңгi қалатын.
Сарғайып кеткен альбомын алып қолына ,
Шәкiрттерiн оңаша еске алатын - деп ортаға сынып жетекшiлерiмен түлектерімізді шақырамыз
10 "А"
10 «Ә»
10 «Б»
11 «А»
11 « ә»
11 «б»
Жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.
Музыка әуенiмен барлық бiтiрушiлер сахнаға тiзiліп тұрады.
Жүргізуші:
- Кештiң ашылу салтанаты мектебіміздің директоры Моминов Жеңісбек ағайға сөз кезегі беріледі.
Ойы ұшқыр Айдана
Математиканы сүйеді
Қиын есеп болса да
Лезде шешіп береді.
Ер жүректі Асан бар,
Жүйрігіміз ол болар.
Компьютердің тілін біліп,
Бар жағынан танылған
Спортты жаны сүйеді
Салауатты өмір сүреді
Бар қоғамдық жұмыстың
Ортасында жүреді
Самат сыныптың жүрегі.
Шежірелі тарихтың
Сырларына үңіліп
Оқиды мүлде бас алмай
Ақылды қыз Толғанай.
Бойында үлкен намыс бар
Әрқашан алға ұмтылған
Сегіз қырлы,бір сырлы
Намысшыл жігіт Нұрсұлтан.
Біздің сынып басшысы
Алуа болар қараңыз
Өткір де ер мінезіне
Бағынамыз бәріміз.
Кез-келген жерді картадан
Мүдірмей тауып береді
Өлкенің жер-су аттарын
Ерлан жақсы біледі.
Мәнерлеп оқу шебері
Ақылына көркі сай
Төрт қыздың бастығы
Ол,әрине,Толғанай.
Өзі сондай ұқыпты
Сыныпта ең көрікті
Қошеметтеп шақырайық
Қобыландыдай жігітті.
Қандай да болсын игі іс
Онсыз сірә бітпейді
Гүл жайнаған Гүлнұрды
Жауқазын гүлге теңейміз.
2 қатардың баллары
Биология пәніне
Қызығушылықпен қараған
Тіршіліктің парағын
Ай мен күнге балаған
Нәзік жан ғой бұл Маржан
Биікке самғау мақсаты
Алғыр,зерек,талапты
Көркем шығарма оқудан
Алдына жан салмайтын
Қошеметтеп қанекей
Қарсы алайық Ұлпанды.
Тіл табысқан бәрімен
Ақжарқын жан өмірде
Жақсылықтың жаршысы
Ақкөңіл ғой Ақсәуле.
Айдай сұлу Назирамыз,
Ардақты біздің қызымыз.
Сыңғырлаған күлкісі бар,
Күлімдеген даусы бар .
Шахматтың шебері
Сыныптың ең үздігі
Ізденетін жалықпай
Ол Айдана дер едім.
Көпшіл,алғыр,әдепті
Ағылшынша еркін меңгерді
Қошемет көрсет халайық
Аэлита келеді.
Биязы мінезіменен
Түрлі рөлді сомдайды
Күлімдеген Гүлімді
Барлық досы қолдайды.
Сабырлы,жайсаң мінезі
Адалдықты сүйеді
Бәрі де бәрі сыйлайды
Сыныптас құрбы Әсемді.
Күллі жұртты тамсантқан
Мың бұрала билейді
Талабымен қуантқан
Біздің Әсем өнерлі.
Жібектейін мінезі
Мектептің жарық жұлдызы
Меңдеш сондай дарынды
Көркем сөз оқу шебері.
Заңгер болу арманы
Өзі сондай салмақты
Нұрландырған ортаны
Біздің Жұлдыз жан-жақты.
Ортамыздың ажары
Перизаттай ерке қыз
Әр қылығын көтеріп
Еркелете береміз.
(Сөз түлектерде)
Жүргізуші:
Талай - талай жылдар өте табысты,
Қабырғаңнан жас түлектер бүгін ұшты.
57-ші мектептің қырандары,
Көтеріңдер биікке намысты,- дей отырып сахна төріндегі бүгінгі кешіміздің түлектерінің музыкалық сәлемін қабыл алыңыздар!
(Музыкалық сәлем, түлектер сахнада тұрыды )
11 «а» Нуралы Молдірдің орындауында ән қабыл алыңыздар
Жүргізуші:
Мойытпасын қиындықтар сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді.
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.
11 «Ә» сыныбының орындауында вальс қабыл алыңыздар
ФОН
Жүргізуші: –Құрметті түлектер! Сiздердiң де бақытты жарқын өмiрге аяқ басқандарыңызға бiз де қуаныштымыз. Алда басталар өмiрдiң саналы жолы ешкiмдi адастырмасын. Сiздер жердегi жұлдыз болсаңыздар, аспандағы жұлдыздарыңыз өздерiңiзге серiк болып, алысқа жетелесiн!
-Көгершіндей самғаңдар түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.
11 «Б» сыныбының өнерін тамашалаңыздар
-Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
10 «Ә» вальс қабыл алыңыздар
Жүргізуші:
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін тасып, толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,
Бой жетіпті бантикті қыз кешегі.
10 «Б» вальс, қыздар биі, флешмоб қарсы алыңыздар
Жүргізуші: Бүгіннен бастап «Өмір» атты ғаламшардың ең жарық Жұлдыздары болуларыңа шын жүректен тілектеспіз.
-Ендеше түлектерімізге ақ жол тілеп , түлектерге арналған мерекелік от-шашуына мектеп ауласына шақырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |