Сейфуллин оқулары–11



Pdf көрінісі
Дата27.11.2022
өлшемі31,81 Kb.
#52970
түріҚұрамы


«Сейфуллин оқулары–11: Жастар және ғылым» атты Республикалықалық ғылыми-теориялық
конференциясының
материалдары
=
Материалы
Республиканской
научно-теоретической
конференции «Сейфуллинские чтения–11: Молодежь и наука». – 2015. – Т.І, ч.1. – Б.269-270
САУЫМҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРА-АЛА ЖӘНЕ ГОЛШТИН ТҰҚЫМ СИЫРЛАРЫ
СҮТІНІҢ САПАСЫ МЕН ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ МАУСЫМДЫҚ
ӨЗГЕРІСІН ТАЛДАУ
Нурманова А.
Сүт өнеркәсібі - агроөнеркәсіп кешенінің ең негізгі бір бөлігі болып табылады.
Сүт өнеркәсібінің тиімді қалыптасуы халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына
және тұтынушылардың сүт өнімімен қамтамасыз етілуіне мүмкіндік береді. Сүт
өнеркәсібі өнімі - кәсіпорынның өндірістік қызметіндегі сүт өнімі түріндегі пайдалы
нәтижесі. Қазіргі уақытта мемлекетте сүт өндірісі тұрақтанып, сүт және сүт өнімдері
өнеркәсібі дамып келеді [1].
Қазіргі кезде елімізде өсірілетін сүтті бағыттағы ірі қара тұқымдарын негізінен
4 топқа топтастырады. Олар: ірі қараның қара-ала, қызыл, қоңыр, сары-ала
тұқымдары.
Солардың арасында қара-ала тұқымының ірі қара ішіндегі орны үлкен. 1925
жылы қара-ала тұқым Кеңес Одағында жоспарлы тұқым болып қабылданды. Қазіргі
кезде асылдандыру жұмысы мал сүттілігін жоғарлатуғасыртқы пішінін, тұқымдық
қасиетін жақсарта түсуге бағытталған.
Қазақстанда голштин қара-ала тұқымы сиырларын сүттілігіне және салмағына
қарай сұрыптау жүргізіледі. Соның қорытындысында сүті де, салмағы да, сырт
пішіні де, желіні де, сиымдылығы да өзгеше қара-ала тұқым малы өсірілді [2].
Cүт - күрделі құрамды биологиялық, организмге 95-98℅ сіңетін, крем реңді ақ
түсті және өзіне тән тәтті жағымды дәмді сұйық. Сүттің құрамы тұрақты емес және
ол лактация кезеңіне, малдардың күйіне, тегіне жасына және басқа факторларға
тәуелді [3].
Сүт құрамы мен сапасы әр маусымда өзгеретінін әр түрлі зерттеулер
көрсеткен. Солардың нәтижелерінде көлемі ең көп және құрамы жағынан ең бай сүт
көктемде сауылғаны байқалған. Май, ақуыз, лактоза және құрғақ заттардың көп
мөлшері жаз айларында жиналған. Көлемі жағынан ең көп сүт - жаз айларында, ал ең
аз сүт мөлшері қыс айларында алынған. Бірақ cүт өнімділігі ең көп жазда
алынғанымен, сол сүт құрамында май, ақуыз және құрғақ заттардың мөлшері өте аз
болды [4].
«Родина» агрофирмасы жағдайында
ғылыми-шаруашылық
тәжірибенің
кешендік зерттеулері жүргізілді, сол орайда әкелінген голштин тұқымы сиырлары
мен жергілікті қара-ала сиырларының сүт өнімділігі зерттелінді.
Барлық жұмыстар сүтті табынның кешенінде шаруашылықта қалыптасқан
жұмыстар тәртібі бойынша жүргізілді. Шаруашылықта сиырлардың сүт өнімділігін
тәуліктік және жылдық сауымдары бойынша, сүттегі май мен ақуыз мөлшері
бойынша бағаланды.
«Родина» агрофирмасы» ЖШС - бүгінгі күні еліміздегі бірден-бір алдыңғы
қатарлы сүтті бағыттағы мал шаруашылығы кешені. Бұл кешен алғашқылардың бірі
болып шетелден асыл тұқымды голштин қара ала тұқымының малдарын алып келді.
Қазіргі таңда «Родина» агрофирмасы» ЖШС сүтті бағытындағы
қара-ала
сиырларының саны 556 бас, голштин сиырларының саны 641 бас [5].


Зерттеудің негізгі объектісі болып шаруашылық жағдайында өсірілген қара-ала
және голштин тұқым сиырлары алынған. Екі тұқым сиырлары жастары, салмақтары,
өнімділік көрсеткіштері бойынша екі топқа 15 сиырдан іріктелінді. Бақылау тобы
ретінде қара-ала тұқым сиырлары алынды.
Жұмыс барысында екі топ сиырларының қыстық
сүт
өнімділіктері
салыстырылды.
Тәжірибелік тобындағы сиырлардың орташа сүтілігі 7486 кг, майлылығы 3,6%,
сүт құрамындағы ақуыз 3,3%, құрғақ зат мөлшері 14,49%, лактоза 4,86% және
құрғақ майсызданған сүт мөлшері 9,10% болды.
Ал бақылау тобындағы сиырлар өнімділігінің орташа көрстекіштері мынадай
болды: орташа сүтілігі 5386 кг, майлылығы 3,6%, сүт құрамындағы ақуыз 3,2%,
құрғақ зат мөлшері 12,19%, лактоза 4,39% және құрғақ майсызданған сүт мөлшері
8,65%, Бұл мәліметтерден тәжірибелік топ пен бақылау топтары арасындағы сүт
өнімділіктерінің айырмашылығы 2100 кг. Яғни бұл голштин сиырларының сүт
өнімділігінің жоғары екенін көрсетеді. Майлылықтары бойынша екі топтың еш
айырмашылығы жоқ, бірдей болды - 3,6%, ақуыз мөлшері бойынша тәжірибелік топ
бақылау топқа қарағанда 0,1% артық болды. Құрғақ зат, лактоза мөлшері бойынша
голштин сиырлары қара-ала тұқым сиырларына қарағанда артық болды.
Шаруашылықтағы қара-ала және голштин тұқым сиырлары сүтінің сапасы мен
химиялық құрамы FOSSMilkoscan FT+ (Дания) инфра-қызыл спектрофотомертді
қолдану арқылы анықталынды. FOSSMilkoscan FT+ инфра-қызыл спектрофотометрі
сүт сапасын 23 көрсеткіш бойынша анықтауға мүмкіндік береді. Бұл
спректрофотометр «Родина» агрофирмасы» ЖШС зертханасында орналасқан.
Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, екі топ сиырларының сүт
көрсеткіштері 
барлық
нормаларға 
сай 
болды. 
Бұл 
шаруашылықтағы
баланстырылған азықтандыру мен сиырлар денсаулығының жақсы болуымен
түсіндіріледі.
Ал енді екі топ сиырларының өзіндік сүт өнімділіктеріне тоқталатын болсақ,
тәжірибелік тобындағы сиырлар сүт өнімділігі және химиялық көрсеткіштері
жағынан бақылау тобына қарағанда сәл де болса жоғары болды. Яғни бұл Канада
мен Австриядан әкелінген сиырлардың шаруашылық дамуына әкелетін маңызы зор
екенін көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі
1 http://malimetter.kz/sut-turaly-manyzdy-akparat/
2 Ж.К.Каримов, Ш.Д.Даленов, Д.Қ.Найманов, Н.Жазылбеков Ірі қара
шаруаш-ылығы // Алматы. Триумф Т. 1987. - Б. 289
3 Қ. Күзембаев, Г.Күзембаева Тамақ өнімдерін тану // Астана. Фолиант. 2010.
- Б. 244
4 Impact of successive lactation, year, season of calving and test milking on cows’
milk performance of the Polish Holstein-Friesian Black-and-White breed // Journal of
Central European Agriculture, 2011, 12(2), p.283-293
5 ИАС, http://www.plem.kz/
Ғылыми жетекші: А.Ж.Бекқожин, а.ш.ғ. к., доцент


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет