Сәйкестікті растаудың негізгі түрлері



Дата05.04.2023
өлшемі54,53 Kb.
#79605

Сәйкестікті растаудың негізгі түрлері

Орындаған:Рамазан.е

Тексерген:есмаганбетова.а

Сәйкестік туралы декларация

  • - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат. Сәйкестікті декларациялау мынандай қажеттіліктен туындайды:
  • сәйкестікті міндетті растау тәртібіне икемділік беруден;
  • базарда сатылатын өнімнің қауіп-қатерлігін арттырмай оған жұмсалатын шығын мөлшерін азайтудан;
  • тауар айналымын арттырудан;

Сәйкестікті растаудың негізгі түрлері


Сертификаттау (куәландыру) - азаматтардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және айналадағы ортаға өнімнің қауіпсіз болуы талаптарына сай келуін тексеру. Мамандандырылған мемлекеттік ұйымдар жүргізеді. Сертификаттау деп сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсімді де атайды.
Сәйкестікті бағалау - өнімге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғанының дәлелдемесі. Сәйкестікті растау, тіркеу, аккредиттеу, тексеру және қадағалау сәйкестікті бағалау іс-әрекеттерінің айқын мысалы болып табылады. Сәйкестікті бағалауға үш жақ қатысады. Қатысушы жақтар дайындаушының (бірінші жақ), сатып алушылардың (екінші жақ) мүддесін қорғайды. Үшінші жақ - алғашқы екі жаққа да тәуелді емес тұлға немесе орган.[2]
Сәйкесті растау нәтижесі — объектінің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын сәйкестікті бағалау рәсімі.
Сәйкестікті растау нысаны - нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қаралатын іс-қимылдардың жиынтығы

Сәйкестікті растаудың екі түрі бар:

Сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.

Сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім.

Сәйкестікті растаудың мақсаттары

  • Адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау,
  • Өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
  • Саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтық бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
  • Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар нарықтық қызметі үшін,
  • Xалықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.[1]

Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет