Секция: Педагогика Мамандық: 5B011900-Шетел тілі: Екі шет тілі Курс



бет1/4
Дата31.12.2021
өлшемі55,01 Kb.
#21454
  1   2   3   4



Студенттік жоба тақырыбы(СӨЖ-1): Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық орта білім беру тұжырымдамасын зерттеңіз. Қазақстандық 12-жылдық мектептің құрылымы

Секция:  Педагогика

Мамандық: 5B011900-Шетел тілі:Екі шет тілі

Курс:2

Қабылдаған: Баймахан.С

Орындаған:Асқар Алтынгүл Саламатқызы

Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мəселенің бірі əлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім берудің бұл үлгісі əлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. Бұл — соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам өмірінің əр түрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай. Сондықтан жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тəрбиелеу үшін оларға жаңа, мазмұны жоғары деңгейде білім беру қажет.

Ендеше, Қазақстан Республикасы да əлемдік тұтастықтың бірі ретінде, бұл мəселеден шет қала алмайды. Керісінше, біз Қазақстанның білім беру жүйесін əлемдік білім кеңістігіне үйлестіруге мейлінше ұмтылудамыз.
12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тəрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бəсекелік қабілеті мол тұлға тəрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр.

12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты — дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті жəне бəсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

12 жылдық білім беру ерекшелігі — білім беру парадигмасының өзгеруі, яғни білім, білік, дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысу.

Жалпы орта білімнің құрылымы балалардың психологиялық-физиологиялық тұлғалық ерекшеліктеріне сəйкес болуы қажет. ТМД жəне шетел ғалымдарының пікірінше де (физиологтар, психологтар, педагогтар), 12 жылдық білім берудің құрылымы оқыту жəне жас ерекшелігінің дамуына сəйкестігін ескеру қажет деп қолдап отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет