Секция: Педагогика Мамандық: 5B011900-Шетел тілі: Екі шет тілі Курс


Білім беру жүйесіндегі 12 жылдық мектепке ауысу бірқатар мəселелердің шешілуін талап етеді



бет4/4
Дата31.12.2021
өлшемі55,01 Kb.
#21454
1   2   3   4
Білім беру жүйесіндегі 12 жылдық мектепке ауысу бірқатар мəселелердің шешілуін талап етеді:

  1. Бұл өзгерістің экономикалық негізделуі.

  2. Бағдарламалық-əдістемелік қамтамасыз етілуі (мемлекеттік стандарт, жаңа кітаптар).

  3. Жаңа жүйеге лайық мұғалімдер даярлау, мұғалімдерді қайта даярлау.

  4. Жалпы жəне орта білім беру мектебінде нормативті-құқықтық базаның жетілуі.

  5. Санитарлық-гигиеналық норма жəне негізгі ережелеріне өзгерістер енгізу.

  6. Мектепке дейінгі бастауыш, орта жалпы жəне жоғары бейіндік білім беруде сабақтастықтың болуы.

  7. Білім саласын елдің тарихи дəстүріне, мəдениетіне бейімдеу [2].

Əлем елдері тəжірибесінде əр мемлекеттің өзіне тəн орта білім беру жүйесі, мектеп үлгісі жəне орта мектептерде қалыптасқан өзіндік ішкі құрылымы бар. Дүниежүзінің дамыған елдерінде АҚШ- та, Англияда, Швейцарияда, Канада мен Германияда жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, Голландияда 14 жыл, ал Кореяда, Жапонияда, Швецияда, Францияда, Италияда — 12 жыл.Тек экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде ғана орта мектеп 10–11 жылдық. 1983 ж. АҚШ Үкіметінің «Ұлтымыз қатерлі жағдайда, білім реформасы қажет» атты баяндамасы жарияланып, білім саласын қайта қарауға орасан зор қаржы бөлінді. АҚШ-та мектепке дейінгі, мектепалды балаларды дайындауға көп назар аударылады. Жалпы орта білімнің құрылымы 6 + 3 + 3, оқу мерзімі 6 жастан 18 жас аралығында. Мемлекеттік оқу орындарында тегін, жеке мектептерде ақылы болып келеді. АҚШ-та орта мектеп 2 буыннан тұрады: кіші жəне жоғары мектеп. Кіші орта мектеп 7–9 сыныптарда жалпыға бірдей бағдарлама, қалған сабақтары таңдау бойынша (элективті) жоғары орта мектеп 10–12 сыныптарда міндетті түрде 5 оқу пəндері жəне практикалық, академиялық бағыттағы бейіндік пəндер берілген. Оқушылар 9-сыныптан бастап міндетті 5 пəнге қоса келешектегі мамандығына жақын бейінді пəндерді таңдап оқиды. Сыныпты жақсы бағалармен бітіргендері грантқа ие болады. Мектептегі сабақ 9 айға созылып, қалған үш ай демалыс болып табылады. Күнтізбелік жоспар жазу міндетті болып табылады. Журнал айына 1 рет тексерілуге беріледі. Мектептегі оқушының білімін бағалаудағы басты əдіс — тест. Қазіргі таңда көбіне тестердің дұрыс жауаптары көрсетілмейтін əдісті көп қолданады.

Германия ХХ ғасырда білім беруге ерекше көңіл бөлген мемлекеттердің бірі болды. 80-жж. бұл ел жеке оқу орындарынан бас тартып, ақысыз оқу орындарын көбейткен. Жалпы орта білім алу 12 жылдық мектепке негізделген, барша оқушыға алғашқы 4 жылдық оқу міндетті, өйткені одан əрі балалар өз қалаулары жəне қабілеттеріне қарай оқуларын кəсіптік мектептерде жалғастыра алады. Герман Федеративтік мемлекетінің заңының 6-бабына сəйкес барлық мектептік білім беруді мемлекет қадағалайды. Мемлекеттегі міндетті тегін білім алу 9 жылдық оқыту болып табылады. Білім алу 3 баспалдақты құрылымды болып табылады: негізгі мектеп, нақты училище, гимназия. Оқу 6 жастан жалпыға бірдей мектепте (1–4 сыныптар) басталады, содан кейін басқа көрсетілген типтегі мектептерде жалғастырылады. Негізгі мектептің (5–10 сыныптарда) 50%-ға жуығын жасөспірім оқушылар құрайды, олар əрі қарай өз білімдерін толық емес жалпы білімді меңгергеннен кейін, кəсіби білім алуға жолдама алады. Ал нақты училищеде (5–10 немесе 7–10 сыныптар) кəсіби- практикалық бағыттағы жалпы толық емес білім беріледі, онда физика, химия, биология, шет тілдер мен басқа да академиялық пəндер оқытылады. Нақты училищені бітірген оқушы орта жəне содан кейін арнайы жоғары кəсіби-техникалық оқу орындарына түсе алады. Гимназия (5–13 немесе 7–13 сыныптар) толық орта білімді береді жəне университеттік үлгідегі жоо түсу құқына ие болады. Гимназиядағы міндетті пəндер: неміс тілі мен əдебиеті, тарих, география, математика, биология, дене тəрбиесі, музыка, дінтану болып табылады. Гимназияның бейіндік білім беруіне байланысты əр түрлі нұсқада оқу бағдарламалары жасалған. Германиядағы мектептерде бейіндік оқыту барысында пəндер блоктарға сəйкес біріктіріледі, мысалы: «тіл–əдебиет–өнер», «əлеуметтік білімдер», «əлеуметтік– экономикалық» жəне т.б. Неміс тілді оқушылардың жоғары сыныпта оқудағы мүмкіншілігі зор, олар міндетті пəндерден басқа да пəндерді қосымша оқи алады, соның негізінде олардың жеке-дара ерекшеліктері жақсы дамиды. Бейіндік бағыттағы пəндерден басқа тілдік, əдеби-көркем, қоғамдық- ғылыми, математикалық немесе жаратылыстану-ғылыми пəндерін меңгере алады. Негізгі мектепті аяқтау 4 пəн бойынша емтихан тапсыру арқылы аяқталады. 12 жəне 13 жылдық мектепті сəтті аяқтаған оқушылар үшінші деңгейді аяқтағандары туралы аттестатқа ие болады. Бұл аттестат кез келген бейінді оқуға жолдама болып табылады. Жоо-ға түсуде оқушының аттестаты, яғни орташа ұпайы, негізгі рөл атқарады. Сонымен, Германияда он, он бір, он екі жылдық мектептер арасында жүйеліліктің сақталғаны көрінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет