Семасиология. Сөз мағынасы. Полисемия Семасиология сөздің мағынасын, мағынаның өзгерісін зерттейтін ғылым. Бұл термин гректің "белгілеу" және "ғылым" деген сөздерінен алынған



Дата14.02.2023
өлшемі9,8 Kb.
#67932
Байланысты:
ОСӨЖ 1


Семасиология. Сөз мағынасы. Полисемия
Семасиология – сөздің мағынасын, мағынаның өзгерісін зерттейтін ғылым. Бұл термин гректің “белгілеу” және “ғылым” деген сөздерінен алынған. Мұны кейбір ғалымдарымыз семантика деп те атайды. Соңғы кезде көбінесе тіл білімінде семасиология деп аталып жүр. Өйткені марризм тұсында аталған семантика деген атауға асыра сілтеушілік байланысты болды. Екіншіден, семантика деген атау бұрынғы терминдік мәнін жоғалтып, мағына деген сөздің синонимі болып барады. Сондай-ақ аталған термин шет елдерде идеалистік ағымдағы логикалық позитивизмнің бір саласының аты болып жүр. Сондықтан басқа ұғымдармен араластырмас үшін семасиология деген терминді қолдандық. Бірақ семантика деген терминді (сөздің мағынасы, жалғаудың мағынасы дегенннің орнына сөздің семантикасы, жалғаудың семантикасы деп) қолданып отыруға әбден болады деп есептейміз.

Семасиология туралы түрлі көзқарастар болды. Олардың ішіндегі ең бастыларының бірі – батыс елдерінде туған структурализм (структуралистік лингвистика) – сөздің дыбыстық формасын тексерудің қажеті жоқ, өйткені ол тілден аулаққа алып кетіп, философияға, психолгияға апарып соқтырады дейді. Олардың айтуынша, тілдік өлшем – дыбыстар да емес, сөздің мағынасы да емес, олар тек қана тілдің системасын жасайтын элементердің өзін корреляциялық система деп атайды. Мұның нәтижесі сөздің мағынасын бүтіндей жоққа шығару болып табылады. Бұлай қарау иделистік философияның алдына қойған мақсатынан туғаны анық. Америка лингвистері Б.Блох, Г.Трэджер дегендер мұны ашық айтып жүр. Структурализмді жаңалап, кеңес тіл біліміне енгізуге болады деген пікірді қолдаушылар кейінгі кезде жалпы тіл білімі өкілдері арасында көрініп жүр.


ХХ ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген лингвистикалық мектептедің ең көрнекті және көп тарағандардың бірі – структурализм немесе структуралды лингвистика деп аталатын бағыт. Бұл мектеп тарихи-салыстырмалы тіл біліміне, жас грамматистерге қарсыбағытта туып қалыптасты.


Үстіміздегі ғасырдың бас кезінен бастап, философия, жаратылыс тану сияқты бірсыпыра ғылымдарда өз пәндерін өзара шарттас, бір-біріне тәуелді элементтерден тұратын күрделі бір тұтас құрылым деп санап, оны осы тұрғыдан зерттеу талабы күшейеді. Бұл тіл біліміне де әсер етеді. Сонымен бірге кибернетиканың, электрондық машиналардың шығуы, орны тіл біліміне қолдану талабының өсуі де структурализм бағытының тууына себепші болады.

Структурализмнің тууының ішкі, таза лингвистикалық себептері де жоқ емес еді. ХІХ ғасырда дүниеге келген тарихи-салыстырмалы тіл білімі басты назарды тіл туыстықтарын ашу, тілдің түп төркінін, шыққан тегін табу сияқты мәселелерге аударды да, нормативтік грамматикаға жеткілікті мән бермеді, оны тек мектеп оқулығы дәрежесінде ғана қалдырды.


ХІХ ғасырдың аяқ кезінде қалыптасқан және көп ұзамай-ақ тіл білімінде едәуір беделге ие болған жас грамматизм бағыты көптеген жемісті істері болғанымен, тіл ғылымының өрісін мейлінше тарылтты. Семасиологияны семантика деп атап, оны асыра бағалау “Жаңа тіл білімі” деп аталатын ағымда да болғаны мәлім. Семасиологияны асыра бағаламай, тиісті орнында қолданса, лексикологияның маңызды бөлімі болып табылатынына тіл ғылыми шек келтірмейді. Академик В.В.Виноградов тіл ғылымына сөздің мағына проблемасы, сөз бен сөз тіркестерінің мағыналық көрінісі ерекше қажет екенін ескертіп отырады (В.В.Виноградов. Основные типы лексических значений слова, “Вопросы языкозначеия”, 1953, №5, 3-29 беттер).

Семасиология сөз мағынасын зерттегенде, мағынаның тұрақты екенін, бірақ сөздің қатып қалған мағынасы жоқ.




Полисемия (гр.Poly - көп + sema - таңба) - сөздің екі немесе бірнеше мағынаға ие болуы. Полисемия екі түрлі: грамматикалық полисемия және лексикалық. Полисемия сөздің қандай мағынада айтылуы сол сөздің басқа әр түрлі сөздермен тіркесіп келуі арқылы, белгілі бір контексте, нақтылы жағдайда, әңгіменің жалпы тақырыбына байланысты жүзеге асады. Мысалы, орыс тілінде: поле - ржаное поле, футболисты на поле, поля шляпы. Сөздің негізгі (басты, тура) мағынасы мен оның туынды (қосалқы, ауыспалы) мағыналарын өзара ажырату барысында оның негізгі мағынасы контекстке тікелей бағынышты болмайды, өйткені ол ешқандай контекстке байланысты болмай-ақ, сол сөз айтылған кезде сөйлеушінің ойына бірден келетін мағына болып табылады. Сөз мағыналарының арасындағы семантикалық өзара байланыс олардың арасында ортақ мән беретін элементтердің, яғни семаның рөлі арқылы көрінеді.Көп мағыналылық – сөздің екі немесе одан да көп мағынаға ие болуы. Тілдің байлығы мен даму дәрежесі сөздік құрамдағы сөздердің саны көп болуымен ғана өлшеніп қоймайды, сонымен бірге ондағы сөздердің К. м. байлығымен де ерекшеленеді. Сөздердің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі – К. м. Бұл, негізінде, сөздік қордағы сөздерге тән қасиет. Сөздік қордағы сөздер ең алғашқы пайда болған кезде аз мағыналы болғандығы байқалады. Кейін олар бұрынғы мағынасының үстіне жаңадан тағы бір немесе бірнеше қосымша туынды мағыналарға ие болған. Мыс., “қанат” алғашында құстар мен шыбын-шіркейлердің ұшып-қонатын дене мүшесін білдірген. Онан кейін балықтың жүзу мүшесін, киіз үйдің керегелерін (алты қанат ақ орда), арба-шананың үстін кеңейту үшін салынған ағашты (қанаты жоқ шанаға шөп аз сияды), ұшақтың қанаты және белгілі бір нәрсенің орналасқан шебі, екі жағы (футбол алаңының оң жақ, сол жақ қанаттары, т.б.) мағыналарын білдіріп, көп мағыналы сөзге айналды. Адам санасындағы белгілі бір зат туралы түсінік басқа бір затпен де ұқсастырылып, байланысып тұрады. Соның нәтижесінде екі заттың екі сапасында, яки атқаратын қызметінде жалпы ұқсастық пайда болады. Сол ұқсастықтың негізінде адамдар ұқсас келген екі, не бірнеше затты бір атаумен айтатын болған. Мыс., “судың асты” мағынасындағы “түп” сөзінің қазіргі қазақ тілінде мынадай мағыналары бар: 1. Бір заттың төменгі, ішкі қабаты (ыдыстың түбі). 2. Өсімдіктің жер астындағы бөлігі (томардың түбін қопардық). 3. Өсіп тұрған немесе қазып алынған өсімдік (бес түп отырғыздық). 4. Түкпірдегі, шеткі (түп бөлмеде отыр). 5. Адамның шыққан тегі, арғы заты (“Мен сол керей ішіне сіңген аз атаның баласы едім, түбім қызай”. М.Әуезов). 6. Бір нәрсенің жаны, қасы (Мәскеу түбінде фашистер талқан болды). Сөздердің семантик. құрылысы неғұрлым күрделі әрі бай болса, соғұрлым олардың тілдегі атқаратын қызметі де күшейе бермек. Әсіресе, көп мағыналы сөздер сөздік құрамындағы синонимдердің көбеюіне үлкен ықпал етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет