Семестрлік жұмыс №1



Дата26.02.2023
өлшемі41,42 Kb.
#69989

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
КЕАҚ «АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
«Рухани және дене тәрбиесі» кафедрасы


Семестрлік жұмыс № 1

Пәні: Философия


Тақырыбы: Адам және қоғам өміріндегі философиялық мәселелердің өзектілігі
Мамандығы: 5В070200-«Автоматтандыру және басқару»
Орындаған: Мақсотов Ө. Тобы: АУк - 17 -1
Қабылдаған: аға оқытушы Мұхаммеджан Қ. Ш.

______________ ______________ «____» ___________2018 ж.


(бағасы) (қолы)

Алматы, 2019


Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................3
Философия және дүниеге көзқарас.......................................................................4 
Дүниетанымның тарихи типтерi: мифология, дiн және философия..................5
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар....................................7
Философияның пәнi мен тәсiлi, олардың арақатынасы және басты функциялары……………………………………………………………………..10
Философия және ғылым........................................................................................13
Қорытынды ...........................................................................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер ..................................................................................17

Кіріспе
Адам мәселесі философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұдан философияның өзі сонау көне замандағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой-толғауларынан туғаны дәлел бола алады. Атақты философтар Платон мен Аристотель философиялық ойлардың психологиялық негізі адамның өзі түсінбейтін, түсіндіре алмайтын құбылыстарға ең алғаш таңдану, таңырқау сезімдерінде жатыр деп болжам жасады.


Философияның мәселесі – бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға субъективтің (адамның) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы. Адамның сана-сезімі мен ақыл-ойының, тілі мен дүниетанымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатынасы қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі дүниесіне тигізетін әсері қандай-осының бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады. 
Философиядағы адам мәселесі (оның шығу тегі, мәні, табиғаты және қоғамдық өмірдегі ролі) фундаментальдық философиялық тақырыптардың бірі болып табылады.
Адамды философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер, идеялар, образдар мен ұғымдар негізінде және қалыптаса бастаған философия мен мифология арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Дәл осылайша адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды.Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің заманымызға дейін жеткен мифтер (аңыз, әпсаналар) мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет
береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды.
Аңыздар, мифтер, діннің пайда болуы қарап тұрғанымыздай философияның дамуына әкеп соқты. Адамдардың өздерінің сезімдерін, қоршаған ортаны, басқа адамдарды, өмірді түсінуге тырысуы философияның дамуына және әр заманның өзінің көрнекті ойшылының пайда болуына әкелді.
Мыңдаған жылдар бойы әр түрлі ойшылдардың, үлкен-кішілі философиялық ағымдардың өмірге және өмір сүру туралы ой-пікірлері мен мен көзқарастары қазірде қажетін жоймаған өсиет түрде қалған.
Алдымен оның бәрін қарастыру алдында философияның толық объективтік мағынасын түсініп алған жөн.

Философия және дүниеге көзқарас


Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары-дүниенi сезiну және дүниенiқабылдау – эмоционалды-сезiмдiк сфералармен,
түйсiктермен байланысты болады.Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды (мыс. оптимистiк және пессимистiк көзқарастар дүниенi сезiну мен байланысты,ал сол сезiмдер негiзiнде қалыптасқан образдар мен бейнелер мыс.белгiлi бiр өткен немесе келешекте болатын өмiр жағдайларын елестету, дүниенi қабылдау болып табылады). Дүниенi сезiну мен қабылдау адам өмiрiнде маңызды орын алады,бiрақ құбылыстар мен процестердiн терен мәнiң,олардын себептерi мен салдарын түсiнуге мүмкiндiк тудырмайды.
Ондай мүмкiндiк тек дүниетаным негiзiнде қалыптасады. Адам заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтай отырып, дүние неге былай құрылған,адамның тууы мен өлiмiнiң, бақыты мен қайғы –қасiретiнiң себебi неде деген мың-сан сұрақтар қойып,оларға жауап iздейдi. Бұл сұрақтарға адам өзiнiң мәдени денгейiне байланысты, арнаулы немесе жалпы бiлiм дәрежесiне орай,әр түрлi өзара әнгiмелесудiң әсерiмен және бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кiтаптардан алынған мағлұматтарына қарай жауап бере отырып,өзiнiң жеке өмiрлiк философиясын,өз дүниетанымын құрастырыды.
Дүниениетаным дегенiмiз адамның дүниенi түсiнү,оны бағалаудың принциптерi мен әрекеттерi, бiлiмi мен сенiмi, ой-пiкiрлерi мен құндылықтарының синтезi, жиынтығы. Кейiн, адамның бiлiмдерi мен сенiмдерi бiркелкi жинақтала келiп, дүниенiң өзгерiсi мен дамуы туралы кең көлемдi көзқарас, ой-пiкiрге айналады (дүниетаным дүниеге көзқарсқа айналады). Дүниедегi өзiнiң орны туралы, жеке және қоғамдық өмiрдiң мақсат-мүдделерi туралы, өзiнiң өмiрлiк ұстанымы мен iс-әрекетi туралы ойлана отырып адам белгiлi бiр көзқарастарға келедi. Дүниеге көзқарас дегенiмiз - айнала қоршаған орта, бүкiл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тiршiлiктiң мән-мағынасы туралы көзқарастардың пiкiрлер мен түсiнiктердiң жүйеленген жиынтығы.
Дүниеге көзқарас-сезiмнен,нанымнан,танымнан тұрады. Оның құрамына:

  • бiлiм;

  • сенiмдер мен нанымдар,

  • құндылықтар мен ережелер;

  • эмоционалды-ерiктiк компонентер кiредi.

Сонымен, дүниеге көзқарас - адамзат санасының,дүниетанымының қажеттi бөлiгi. Бiлiм мен сенiмнiң, ой мен сезiмнiң, көңiл-күйi мен мақсат-мүдденiң, үмiт пен ниетiң т.б. түрлi жақтарының бiрiгуi болып табылатын дүниеге көзқарас адамдардың дүние және өзi туралы бiртұтас ұғымдарының жиытығы деуге болады.
Дүниеге көзқарастың өзегi бiлiм болғандықтан, бiлiмнiң мазмұнының ақиқатығымен тереңдiгiне, дәлелдiлiгi мен жүйелiлiгiне қарай ол күнделiктi – практикалық және теориалық болып бөлiнедi. Күнделiктi – практикалық дүниегекөзқарас бiркелкi емес, өйткенi оның иесi болып табылатын адамдардын бiлiмi, ақыл ойы мен рухани мәдениетi,ұлттық дәстүрлерi мен дiни сенiмдерi жағынан алуан түрлi. Күнделiктi –практикалық дүниеге көзқарас құрамына сананың аса қарапайым формаларынан бастап, ғылымдардың, өнер иелерi мен саяси қайраткерлердiң т.б. озат ой-пiкiрлерi болады. Мұндай көзқараста қателесу, адасушылық пiкiрлер де бар. Өйткенi, тұрмыстық көзқарастың формалары стихиялық сипатта қылыптасқан мазмұны терен ойластырылмаған ,жан-жақты талданбаған және дәлелделмеген. Ал дүниегеқөзқарастың теориялық денгей арнайы сынақтан өткен,ғылыми негiзделiп дәлелденген болып табылады. Философия және ғылым көзқарастың осындай (теориялық) денгейiн жатады,өйткенi философиялық көзқарас жалпы теориялық бiлiмдердi ғана бейнелендiредi. Теориялық көзқарастың ерекшiлiктерi өзiне ғана тән өзгеше тiлi бар(категориялдық аппарат), жоғары және қатан денгейде абстракциялану. Бұл денгейде, адамды және әлемдi зерттеудiң арнайы әдiстерi пайда болады,объективтi және субъективтi нақтылықтың қалыпы,моделi құрылады да,адам өмiрiнде үлгi болатын көзқарастар қалыптасады. Мәселе шешу тұлғаның көзқарысына қоғамда қалыптасқан ой-пiкiрлер,принциптер,әдептiлiк нормалары, құндылықтар табиғаты және т.б. әсерiн тигiзетiнi көпшiлiкке белгiлi.
Дүниетанымның тарихи типтерi: мифология, дiн және философия
Көлемi кең шенбердiң iшiне (дүние көзқарас) кiшi шенберлi (философия) енiп тұрады-деп айтуға болады. Демек дк iшiнде философиядан басқа да дк әлеуметтiк тарихи типтерi бар, олар мифология мен дiн. Мифология:
1)адамзаттын рухани мәдениетiнiң ең көне формасы;
2)дүние, табиғат және адам жайында бiртұтас түсiнiк болып табылады, өйткенi онда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезiм , бiлiм мен көркем бейне, зат пен идея, объективтiк және субъективтiк дүниелер арасында айқын шекара болмады.
Мифтiң негiзгi қызметi- дүние қайдан пайда болғаның түсiндiру,этикалық және эстетикалық түсiнiктер арқылы белгiлi бiр мораль нормалары менқұндылықтар жүйесiн орнықтыру.(мыс. Сфинкс туралы миф табиғаттын құпиясын бiлдiредi; Кентаврлар-адамның хайуаннаң жаралғаның бiлдiредi, Прометей-оттың пайда болуы, Икар-аспанға ұшу ұмтылысын бiлдiредi, Сизиф-өмiрдiн мәнiң түсiну әрекетi.) Мифтердi тек ертегiлер,аңыздар деп түсiнген дұрыс емес, өйткенi миф бұл индивидтiң қоршаған әлемдi игеруi,адамдардың табюиғаттаң және әлеуметтiк ортадан болмыстан тәуелдiлiгi және мифтерде дiннiң, философияның, ғылымның бастамалары бар. Мифтердiң дiннең айырмашылығы сенiмге ғана емес, ақал – ойғада, парасаттылыққа да сүйену. Мифтер өздерiнiң мазмұнына қарайкосмогониялық - әлемнiң жаратылысы туралы,теогониялық-құдайлардын пайда болуы туралы,астрогониялық-планеталар мен жұлдыздар туралы, антропогендiк – адамның пайда болуы, этногендiк-рулар мен тайпалар туралы, эхатологиялық – ақрзаман, топан суы туралы, каһармандық т.б. болып тарайды. Сондықтан, мифология-адамдардың өздерiн қоршаған орта туралы түсiнiгiн тарихи, өздiгiнен долды деп сенетiн түрлi бейнелер, кейiпкерлер мен өқиғалар арқылы жеткiзуi деугеде болады.
Мифтер мен мифологияны дүние таным ретiнде тек алғашқы қауымның даму денгейiмен байланыстырады. Ал, мифология рухани-практикалық феномен ретiнде қоғам дамуының басқа кезендерiнде де, әсіресе қазырғы заманда өмiр сүредi деп айтуға бола ма? (мыс. 20ғ. Д.Джойстың,Ф.Кафканың, Ш.Айтматовтың т.б. әдеби шығармаларында дәстүрлi мифтер тек пайдалана ғана қоймай ерекше өзгертiлiп те қойған).
Дiн – дүниеге көзқарастың шындық дүниенi бұрмалап бейнелендiрушi формасы болып табылыды,өйткенi ол дүниенiекiге бөлiп қарастырады және «ғаламат күшке»сенiм-дiни сананың негiзi болып табылады. Дiн - рухани мәдениеттiң бөлiгi,ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы,адамның танымнаң тыс күштердi мойындау және соған илану деп анықтауға болады (дiн - алғашқы қауымда пайда болды-тотемизм, фетишизм, анимизм; ұлттық, мемлекеттiк дiндер – индуизм, иудаизм; әлемдiк дiндер - буддизм, христиан, ислам). Дiн құлшылық жолындағылар мен Құдiрет арасындағы бiр байланыстың барлығына деген сенiмге негiзделедi және ол сенiм белгiлi бiр дiни iлiм түрiнде тұжырымдалып, тұрмыста дiни салттар мен ғұрыптар түрiнде көрiнiс тауып, арнаулы дiни институттармен атқарылады (шiркеу, мешiт, әр түрлi секталар т.б.). Алғашқы дiни жүйесi политеистiк болды - пантеон құдайларының болуы, кейiн мемлекеттiк билiктiн бiр ортаға жиналуымен байланысты монотеизм - бiр құдайға сену келедi.
Философияның тарихында құдайдың бар екендiгiн дәлелдеуге сынақ жасағандар болды (А.Аврелий,Ф.Аквинский, И.Кант т.б.). Мұндай дәлелдiн төрт түрi белгiлi:

  • космологиялық дәлел - осы әлем пайда болғаннан соң,оны бiреу жарату керек. Өмiр қайдан пайда болды?

  • теологиялық-дүниеде барлығы мақсатқа,сәйкестiлiкке негiзделедi. Дүние қандай мақсатпен жаратылған?

  • онтологиялық-адамдар құдайға сенген сон, құдай болу керек. Ендеше адамдар неге сенедi?

  • этикалық - И.Кант құдайдың бар екенiң, не жоқ екенiң бiлуге болмайды деген.

Адамдардың құдайдан қорққаны тәртiп үшiн керек. Мәселе шешу философия мен дiннiң жақындығы да бар-ол екуi де дк қоғамдық-тарихи формалары ретiнде дүниенi түсiндiрудiң және адамдардың санасы мен мiнез-құлқына ықпал жасаудың ұқсас мiндеттерiн шешедi.
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар
Қазақтың ата-тегі болып табылатын сақтар, ғұндар, үйсіндердің түп төркіндеріндегі қарама-қайшылықтарға қарамастан көшпенділк әмбебапшылығы басымдылыққа ие болды. Солай бола тұра, жер өңдеушілердің де дүниетанымдық көзқарастары үнемі елеулі ықпалын жүргізіп отырды.
Ұлттық сананың өсуі, мәдениеттің қайта өрлеуі 25 ғасырлық тарихы бар халықтың рухани бастауларға көңіл аударуын туындатуы заңды еді. Қазақтың ата-тегінің арғы философиясынан бастап дінге сенімінде, тәңірге табынушылығында және сақтар, ғұндар, үйсіндер мифологиясында алдыңғы орынға философиялық дүниетанымдық мәселе отырықшы тайпалардың тіршілік бағыттарының, жолдарының ара қатысы шығады. Бұл көне түрік жазу мәдениетінің дүниеге келуімен белгілі.
Ашина (көк бөрі) ұрпақтары VІ ғасыр хандықтың басқару жүйесін құқықтық негізде құрды. Өкілетті билік пен заң шығару ісі ақсақалдар алқасының (кейінгі қазақ хандығында – билер алқасы мен хан кеңесі) құзырында болды. Ал хан жарлығы атқарушылық міндеті үлкенді-кішілі лауазымдар иесіне жүктелді. Бұл мансаптар мұрагерлік жолмен хандық билік, әскери демократия арқылы жүзеге асырылған. Халықтық құқықтық санасының әрі мемлекеттік басқару жүйесінің арқауы кең ауқымды жеті баптан тұратын, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деген атқа ие болған ел заңы.
VIII ғасыр басында жазылған атылмыш жәдігерліктер типі XIX-XV ғасыларға дейін жеткен.Мұндай жәдігерліктер қатарына «Қорқыт Ата» кітабы мен «Оғызнаманы» да жатқызуға болады. Олардың өзара желілері, баяндау үлгілері,дүниетанымдық арқаулары өте ұқсас.Бұл аталмыш жәдігерліктердің барлығының да мазмұнын тәңіршілдік көктей өтеді, ол олардың дүниетанымдық өзегі ретінде көрінеді. Мысалы: көне түрлердің космогониялық түсінігін мына сөздерден бағамдауға болады: «Жоғарыда Көк тәңірі, төменде Қара жер жаралған екі арасында кісі оғлы жаралған екен». Олардың үстінен қарайтын «Тәңіріден болған», яғни қоғамдық үстемдікке ие болғандар Бумын, Істемі, Білге қағандар еді. Аспанның, жердің, тау-ойпатының кереғар ұғымдар, диалектикалық қарама-қарсылықтардың бірлігі екндігін көне түріктер үстірт болса да пайымдай алды ма? Әрине, оның үстіне тәңіршілдік, анимизм мен тотемдік көзқарастар үстем болды. Сонысына қарамай Аспан (Көк тәңірі) мен Қара жер (Жер-ана) аралығындағы ғұмыр кешкен адамзаттың екі топқа бөлінуі де адамдардың қарама-қарсы екі жаратушының қайсысына «жақын» екендігі туралы әпсаналармен тығыз байланысты болғандығын көруге болады. Тәңіршілдік көзқарастың танымдық тірегі - тәңірінің жасампаздық құдіретіне деген халықтық сенім. Түркілердің танымдық қабілеті, жеңіске жетуі табғачқа (қарақытай) бағынғаны үшін жазалануы да тәңірінің мейіріміне немесе қаһарына ұшырағандықтың жемісі. Көрнекілік үшін мысал келтіретін болса, дана қарт Тоныкөк өзінің біліктілігін тәңірдің сыйы ретінде қабылдайды, ол білімді табғач елінде алған. Әрине, өзінің табиғи қабілетінің арқасында. Өзінің даналығын дәріптеу мақсатында қайталанып отыратын «қағаны алып екен, ақылшысы дана екен» деген сөз тіркесін жауларының аузына салып отыратындығы Тоныкөктің мақтаныш сезімінің айғағы болса керек.
Орхон-Енесей жазбалары «Қорқыт Ата» кітабы, Оғызнама жәдігерліктерінде тотемдік, аналистік көзқарастар сілемдері сақталғанымен, мифтік ойлаудың ықпалы азая бастағаны байқалады. Оны оқиғалар желісінің реалистік, тарихи шындыққа біршама жанасымды тұрғыда баяндалатынынан-ақ пайымдауға болады.
Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардың құрамдас бөлігі ретінде, осыдан 2,5 мың жыл шамасында бұрын өмір сүріп, грек философиясында скифтердің ой-үрдістерінен өшпес із қадырған скифтік Анахарсисті (Анарыс) айтуға болады. Ол туралы грек философы Платон былай дейді: «Анахарсис – аты ауызға айналған скиф. Грецияға саяхат жасағанда Солонмен кездесіп, оның ықпалында болып, данышпандылығынмен атағы шыққан».
Диоген Лаэртскийдің грек философиясының тарихына арналған кітабында Анарыс жайлы жеке бөлім бар. Онда ұлы бабамыздың Грецияға келіп, император Солонмен кедескені, өмір тарихы және философиялық нақылдары туралы мәліметтер келтірілген.
Біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырында өмір сүріп, ел басқарған атақты Майқа би бабамыз Анарыстың өсиеттері деп ел билеудің жолдарын айтып отырады екен. «Ең ақылды адам – ел билеуден аулақ адам» депті.
Майқы бидің айтуынша, латыншалап кеткен Анахарсис скфиский дегеніміз осы Анарыс бабамыз. Бұл туралы Ғ.Есімовтың дәлелдемелері көңілге қонарлық. «Біріншіден – дейді ол, Майқы бабамыздың айтуынша Анарыс ел билеу жолдарын айтқан ғұлама. Анахарсис Сақ патшасы Кадуйдің інісі. Ол Афиныдағы Солонмен достасып, онда бірнеше жыл өмір сүрген. Солон Афинский – ел басқару жүйесінде реформа жасаған әйгілі саясаткер. Сондықтан Анарыстың ел билеу туралы айтқандары болуы өте орынды. Екіншіден, Анарыстың өлі көп пе, тірі көп пе? – деген сұраққа кері жауп бергені философия тарихынан белгілі.
Д. Паэртскийдің аталған кітабында ол туралы былай делінеді: «На вопрос кого больше, живых или мертвых, он переспросил: «а кем считать плывущих»». Анарыс айтты деген сөзбен Анахарсистің айтқаны дәлме-дәл келіп отыр. Бұл екеуінің бір адам екенінің тағы бір дәлелі. Үшіншіден, Майқы Анарысты қайдан біледі? – деген ой келеді, Анахарсис біздің дәуірімізге дейінгі VІ ғасырда өмір сүрген. Майқы би біздің дәуірімізге дейінгі І ғасыр басында дүние кешкен. Араларында 600 жыл тарихи уақыт. Бұл мерзімде әлі Анахарсис есімі ел жадында сақталған, ұмытылмаған. Төртіншіден, Анарысты Майқының бабам дейтіні – үйсіндердің сақ тайпаларынан таралғанына тағы бір дәлел болса керек. Үйсіндер туралы Геродот тарихында айтылған. Анахарсисті де тарихқа түсірген көне авторлардың бірі Геродот, ал Майқы би оның тарихын білмеді деуге негіз жоқ.
Аты ауызға айналған дала данышпанының, Анарыстың нақты өмірбаян туралы деректер сақталмаған. Тек Диогеннің мәлметтері бойынша, ол шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 594 жылы «архонт Эвкраттың тұсындағы 47 Олимпиада өтіп жатқан сәтте Афиныға келген». Осы күннен бастап Солонды үйіне іздеп келіп, өмір бойы дос болып өтіпті. Геродоттың айтуы бойынша, «Анахарсис – скиф патшасы Спаргапиптің шөбересі, Пиктің немересі, Гнурдың баласы. Ол сондай-ақ Анахарсистің ата-тегін, есімін, Грекияға қалай келгенін де айтып өтеді. Геродот Анахарсисті Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы скиф тайпаларынан шыққан, жастайынан өмір-білімге құмар, Элладаның тілін үйреніп өсен, әскери өнерден де тағылым алған, скифтердің әдет-ғұрпын өте жетік білген, дүниенің сырын білмекке ұмтылған атақты адам» - деп жазды.
Философияның пәнi мен тәсiлi, олардың арақатынасы және басты функциялары
Философия (б.д.д. 6 – 5 ғғ) Үндiстанда, Қытайда, Мысырда, Грек елiнде пайда болды. Бұл терминды алғашқы қолданған антик философы, математигi Пифагор, ол оны «даналыққа құштарлық» деп түсiндi. Бұл сөздiн тiркесiндегi «құштарлық» белгiлi бiр нәрсеге тандануды, өзiңнен жоғары тұрған сезiмiңмен мойындауды және басқа осындай әсерлердi бiiлдiрумен қатар, «өзге» үшiн «өзiңдi ұмыту», өзiңнен бас тарту сезiмiн де аңғартады.Осылай зерделеудiң нәтижесiнен мынадай түйiн келiп шығады: философия - адамның өзiнiң шенберiнен шығуға мүмкiндiк беретiн рухани форма. Сонымен, философияны «даналық» түсiнiгiмен байланыстырар болсақ, онда бұл сонғы ұғым «бiлiмнiң жоғары синтезi», белгiлi бiр нәрсе туралы «толық жетiлген бiлiм» деген мағынаны бiлдiредi. Демек, философия осындай бiлiмге деген құштарлық,ал бұл даналықтың объектi-менiң өзiмнен тыс табиғат және адамзат әлемi, сонымен қатар, өзiм және феномен ретiндегi бiлiмнiң өзi (антика дәуiрiнде философия бiлiмге ұмтылуды, таза да тұнық. Ақиқатқа жетудi бiлдiрдi). Философияның бастапқы негiздерi мифология, дiн және алғашқы ғылымдарда (математика,физика,астрономия,медицина) жатыр.Оның ерекшiлiктерi:
1.Оның негiзгi зерттеу объектi-адам,оның әлемде алатын орыны және оған деген қатынасы.
2.Ол, дүние құрылымының бастапқы негiздерiн қарастырады. Дүние қандай, оның мәнi,мазмұны қандай
3.Философия өмiрдiн әсерiмен, жаңа фактiлердiң әсерiмен өзгередi, ал оның таным әдiстерi ақыл-ой мен интуиция(мифте-сезiм,қиял болса;дiнде-сенiм және сезiм).
4.Философиялық танымның эмпирикалық(тәжiрибе) негiзi,базасы-жеке ғылымдармен, қоғамдық-тарихи практика.
Жоғарыда айтқанның ескере отырып философияға келесi анықтамалар беруге болады Философия-бүкiл адамзаттың даналық ой-пiкiрлерi, талғамы, дүниетанымы, көзқарасы. Философия- жалпыадамзаттық iлiм, адамзаттын рухани табысы. Философия-жалпы теориялық iлiм, ол объективтi шындықтың жалпы зандылықтарын зерттеп, теориялық қорытынды жасайды. Философия-материя мен сана,таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой санасының дамуы барысында жинақталған,жүйеленген ғылыми ой-пiкiрiдiң теориялық жиынтығы. Философия-бүкiл әлемдi, оның басты салалары (табиғат,қоғам,адамсанасын) тұтас құбылыс ретiнде алып, оның жалпы зандылықтарын ашып, объективтiк шындық жөнiндегi белгiлi қағидалар жүйесiн қалыптастыратын ғылым. Бұл философиялық сұрақтардың iшiнде әң маңызды орынды «адам және әлем» мәселесi алады.Өйткенi, философия iлiмi бүкiл дүниенiң құрылымын, даму орынын, оның өзiнде адамдардын алатын орынын, оның iскерлiгiн қарастырады. Философияның негiзгi мәселесiнiң (ф.н.м.) мәнi шындықтың екi жағынан туып тұр-объективтiк,материалдық және субъективтiк,идеялық; ойлаудың болмысқа қатынасы немесе сананың материяға, рухтын табиғатқа қатынасы деуге болады.Бұл мәселенiң екi қыры барбiрiншi қыры нақтылықтың бастақы себебi неде,дүниенiң негiзi ретiнде ненi алуға болады; ал екiншi қыры дүниенi танып бiлуге болама деген сұрақ. Ф.н.м.бiрiншi жағынаң-дүниенiң мәнi,табиғаты туралы-онтологиялық мәселеден екi қарама-қарсы көзқарастар туып отыр,олар идеалистер мен материалистер. Бiрiншiлер дүниенiң бастамасы,негiзi абсолюттi рух, дүниежүзiлiк ақыл-ой, адам санасынаң тыс және тәуелсiз материалды емес тек рухани, идеалды субстанция, Құдай (объективтiк идеалистер Платон, Г.Гегель, Фихте, Шеллинг) немесе адамның өзiнiн санасы (субъективтiк идеалистер Д.Беркли, Э.Мах, Р.Авенариус, Д.Юм ). Ал екiншiлерi, дүниенiң бастамасы, негiзi тек материалды субсанция ғана,өйткенi ол мәнгi, жасанды емес, және жойылмайды су, ауа, жар, от,атом (тұрпайы материалистер Гераклид, Демокрит); механикалық санауда болатын зат (метафизикалық материалистер Ф.Бекон, Т.Гобс, Ж.Ламетри, Д.Дидро); сан алуан түрлi объективтiк нақтылық (диалектикалық материалистер Маркс, Энгельс, Ленин). Ф.н.м. екiншi жағы- дүниенiң танымалдығы туралы-гносеологиялық мәселеге келетiн болсақ,бұл сұраққа көптеген философтар мақұлдаған жауап бередi. Бiрақ,дүниенi танып бiлу адамның танымдық мүмкiндiктерiмен шектеледi (скептиктер), немесе «өзiндiк» заттарды объективтi танып бiлу мүмкiн емес дейп есептейтiн ойшылдар (агностиктер Д.Юм, И.Кант) да болды.
Қазiргi философияның құрылымы Онтология- болмыс туралы iлiм, гносеология- таным туралы iлiм, философия тарихы- философиялық өй-пiкiрлердiн дамуы туралы iлiм, әлуметтiк философия- қоғам өмiрiнiң болмысы туралы iлiм, этика- әдептiлiк мәселелерiн зертейтiн iлiм, эстетика- әсемдiк пен сұлулы туралы iлiм, антропология- адам мәселесiн зерттейтiн iлiм, аксиология- құндылықтар табиғатын зерттейтiн iлiм, логика-адамның ойлау процесiн зерттейтiн iлiм.
Философияның функциялары
1.Гуманистiк-адамның өз өмiрiнiң мәнiн түсiнуге, табиғат пен қоғамда өзiнiң орының табуға, құлықтылық жол табуға көмектеседi. Адамға адам болуға көмектеседi.
2.Гносеологиялық-адамдардың бiлiмдерiн топтастыра, жинақтай отырып, терендете түседi де, арнайы ұғымдар, категориял арарқылы дүниеге толық, тұтас, жұйелiлiк көзқарас қалыптастырады.
3.Аксиологиялық- адамды этикалық және моральдық, адамгершiлiк тұрғыдан дамытады, адам санасында белгiлi бiр құндылықтар бағдарларын қалыптастырып (жақсылық пен жамандық,еркiндiк және тендiк,әсемдiк пен гармония және т.б.) құндылық ережелерiмен идеалдарын табуға мүмкiндiк бередi (А.Энштейн атом бомбасын жасаудан не үшiн бас тартқан).
4.Әлеуметтiк-философия қоғам дамуын талдай отырып, қоғам дамуының жалпы және спецификалық зандылықтарың ашады.Социумнiң дамуын сараптай отырып, оның даму бағытын болжамдайды.
5.Тәрбиелеушi - мәдениеттi материалды рухани феномен ретiнде қарастырып , адамның өзiнiң жеке мәдениетiн қалыптастырады(ой әдептiлiгiн, сыни көзқараспен қарау, басқа адамдармен қатынас орнату).
6.Методологиялық- философия жалпы (өзiнiң категориялық аппараты мен, принциптер мен, заңдарымен, әдiс-тәсiлдерiмен) басқа ғылымдар үшiн жалпығылыми және жеке методологиялық фундамент болып табылады.
Адамға қоршаған ортада бағдар жасауына, оны өзгертуiне көмек беретiн-ғылым. Ғылымның барлық салалары жекелей және барлығы жиылып әлемдi белгiлi дәрежеде түсiнуге септiгiн тигiзгенiмен дүниетанымының орнын алмастыра алмайды. Дүниетаным ғылым жетiстiктерi негiзiнде қалыптасады, бiрақ ол сонымен қатар, қоғамның тарихи тәжiрибесiне, оның мәдениетiне сүйенедi, әлеуметтiк дамудың жеткен деңгейi мен өмiр сүру тәртiбiн бейнелейдi. Мұның бәрi бiлiмнiң ерекше жүйесi- философияны игерудi қажет етедi. Мәселе шешуӘр дәуiрдiн ойшылдары философиялық мәселенi қоюына, шешуiне әр-түрлi қараған. Мысалы Френсис Бэкон (1561-1629) табиғаттың дүлей күштерiн игеру ф.н.м. болып табылады десе,осы күнгi сциентизм өкiлi Бэртран Рассел (1872-1970) ф.н.м. мүлде жоқ деп есептеген, ал белгiлi француз философы Огюст Конт (1798-1857) философияның дәуiрi өттi деп санады. Қалыпты немесе, оның терминологиясы бойынша «позитивтi» ғылымдар-физика,математика,химия және т.б. философияны керек етпейдi. Олар барлық мәселелердi өздерi шеше алады, олр «өздерiнше» философия. Бұл көзқарас деген атауға ие болды. 20ғ.француз философы Альфред Камю (1913-1960) негiзгi мәселе- өмiр сүру қажет пе әлде жоқ па деген мәселе болдып табылады дейдi.

Философия және ғылым


Философияны түсiнуде және оның дүние мен адамды тануда атқаратын ролiн анықтауда жиi көптеген пiкiрлер айтылды. Мысалы, әйгiлi Аристотель (б.з.д.384-322, философ, энциклопедист-ғалым, формальды логиканың негiзiн қалаушы, Этика және политика,метафизика, физика, биология және психологиядан көптеген еңбектер жазған. Оның iшiнде ең танымалдылары «Категориялар», «Аналитика», «Топика», «Физика», «Метафизика», «Политика», «Никомахтын этикасы» т.б).философияны «ғылымдар иесi» деп атады, құлы иесiнiң алдында қандай болса, жеке ғылымдар да философияның алдында сондай әлсiз деп түсiндi.Жеке ғылымдардын әр қайсысы өзiне тиiстi құбылыстарын зерттеумен айналысушы, ал философия болмыстың ең жалпы бастамалары мен бiрiншi себептерi жайындағы iлiм деп анықтады. Сондықтан ол «бiрiншi философия».
Теориялық жағынан пiсiп жетiлмеген жеке ғылымдардың философиялық ой-пiкiрлерге тәуелдiлiгiн бiлдiретiн сол дәуiрдегi бұл түсiнiк көптеген ғасырлар ьойы философтардың санасында сақталып келдi. Сол түсiнiктi қабылдаған немiс философы Гегель де (1770-1831) философияны «ғылымдардың патшасы» немесе «ғылымдардың ғылымы» деп атады, өйткенi тек философия ғана нағыз шындық пен ақиқатқа әкеледi. Арнаулы бiлiмдер дамуының жоғары кезенiнде 19ғ. екiншi жартысы мен 20ғ. жеке ғылымдарды дәрiптеп, философияның маңызын жоққа шығаратын ой-пiкiрлер шықты. Философиялық бiлiмдер ақиқатқа жеткiзбейдi өйткенi олар априорлы (тәжiрибеден тыс) деп анықтады О. Конт. Бұл кезенде пайда болған позитивизм iлiмiнiң өкiлдiрi философияның танымдық мүмкiндiктерiне, оның ғылымдылығына күмән келтiрiп, ғылымдардың «патшасын» оның «қызметшiсiне» айналдырды. Алайда, қазiргi ғылымдардың негiзiн құрайтын көптеген идеяларды тұнғыш рет философия ұсынған(Левкип пен Демокриттiң- атомдары,Декарттың-рефлекс туралы ұғымы, П.Гассенди атомдардан тұратын күрделi бөлшектер молекулалар деген). Сонымен қатар ғылымның прогрессi өз тарапынан философияны байытты(жаратылыстануда әрбiр ұлы жаналық ашылған сайын материализм өз формасың өзгерттi). Қазiргi заманғы көрнектi зерттеушiлер философиялық көзқарастың ғылыми зерттеуге бағыт берушiлiк маңызың ерекше зор екендiгiн үнемi атап көрсетiп жүр.(Луи де Бройль неопозитивизм алған пiкiр философияға да, жаратылыстануға да зияның тигiзетiнiн атап көрсеттi; Альберт Энштейннiң пiкiрiнше, бiздiн кезiмiзде гi физиктер философиялық проблемалармен көбiрек айналысуда, өйткенi ғылымдарды бұған мәжбүр етiп отырған өз ғылымның қиыншылықтары).
Қазiргi заманғы жаратылыстану ғылымдары интеграциялану тенденциясын бастан кешiрiп отыр, сондықтан ол жалпылаудын жаңа теорияларын iздестiру үстiнде (элементарлық бөлшектрдiн, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi дамуының, күрделi жүйелердiн, басқарудың және т.б. жалпы даму теориясы). Мұндай жоғары денгейлi жалпылаулар жоғары философиялық мәдениет бар жерде ғана мүмкiн. Сондықтан философия мен жеке ғылымдардың арақатынасы символикалық түрде бiлiм ағашы болып көрiнедiфилософия мұнда-өзек-дiнгек болса, ал жеке ғылымдар-оның сыртқы қабыршығы деуге болады (Р.Декарттың (1596-1650)-барлық философия ағашқа ұқсайды, тамыры-метафизика, орта бұтағы-физика, ал осы бұтақтан таралған бұтақшалар басқа ғылымдар). Өйткенi жеке ғылымдар дүниенiң тек жеке үзiндiлерiн ғана зерттейдi, ал философия болсашы сол ғылымдардың негiзгi даму бағыттарын ұйғарып отырады да, олар жасаған қорытындыларды қоғамдық-мәдени денгейде жалпылап, түсiндiрiп отырады.
Әрине философия ұлы данышпандардың өй-толғауларының туындап отыр, бiрақ философияны субъективтiлiкке жатқызуға болмайды (Ницше- философия жеке дара ойшылдың шығармашылығы деп есептеген), өйткенi философия тек форма жағынаң субъективтi, ал оның мазмұны әрине объективтi болып келедi. Ұлы философтардың жүйелерi ғылымилық өлшеуiшке әбден келiп тұр, ол рационалдық, объективтiлiк, жүйелiлiк,интерсубъективтiлiк.
Егер тарихқа жүгiнетiн болсақ, онда философия мен арнайы ғылыми бiлiмнiң арақатынасында үш кезеңдi аңғартуға болады
1)ертедегiлердiң алғашқы бiртұтас бiлiмдерiнiң жиыны барлық пәндердi қамтитын «философия» немесе «табиғат философиясы» деп аталды; бұл алғашқы бiлiм ғылым бастамалары да, философия бастамаларын да қамтиды.
2) бiлiмдердiң мамандануы, яғни жекеше нақты ғылымдардың қалыптасып, бiртұтас жиыннан бөлiнiп шыға бастауы,әсересе 16-18 ғғ. жылдамдата жүрдi.
3)Бiрқатар ғылымдардың теориялық тарауларының қалыптасып ,
олардың бiртiндеп интеграциялануы .19ғасырдан басталған үшiншi кезең одан әрi жалғасуда.Соңғы кезеңде бұрынғы дерексiз философиялықформада ғана қарастырылып келген көптеген теориялық мiндеттердi ендi ғылым өз мiндетiне алды. Философия қайта ғылыми бiлiмдердi жалпылаудың негiзiнде шешушi тиiс екендiгi барған сайын дәлелдене түстi. Ал бұл философияның ғылымилық сипатың арттыра түстi.
Қорытынды
Арман – мақсат болған кемел қоғамға бет алдық. Жаңа қоғам жаңа азаматты-рухани деңгейі биік, парасат -пайымы терең, ғылым мен мәдениеттің озық үлгілерінен сусындаған адам мұратын талап етуде. Өйткені адамзаттың ой-тарихы оның болмыс тарихымен астасып жатады: кемел қоғамды кемел ұрпақ қана жасайды. Ал кемелдікке адамзат баласы жасаған рухани игіліктерді бойға дарытпай жету мүмкін емес. Сондықтан адамды «әлеуметтендіру», «тұлғаландыру» саласының мамандары алдында киелі де күрделі міндет – адамзат баласының рухани жәдігерлерін кейінгі ұрпаққа шашау шығармай жеткізу міндеті тұр.
Рухани өміріне үңілген сайын адам ақылы мен парасаты байи түсетіні белгілі. Сондықтан адамзаттың ой-тарихы мен танымдық ұмтылысының көрінісі болып табылатын философияны оқып-үйрену – үлкен мектеп, терең рухани процесс.
Біздің заманымызда философ болмаса да, философиялық өмір стилін ұстанатын адамдар бар. Олардың ерекшелігі өмірге көзқарасында білімі жан-жақты, түрлі құбылыстардың себеп-салдары мен түпкі мәнін түсінетін, табиғи, әлеуметтік процестердің даму заңдылықтарын көре білетін және оларды өз өміріндегі құбылыстармен байланыстыра алатын, білімге пайда үшін емес, ақиқат пен кемелдік үшін ұмтылатын, жеке басының қажеттілілтері шектеулі, ал өзі ұстамды, өмірлік жағдайлардан қанықпайтын, кемсіту мен мақтауды, жолыболғыштық пен сәтсіздікті, қуаныш пен қайғыны, тіпті өлімді салқын сабырмен қарсы алатын адамдар.
Алайда өзін сабыр ұстап, тән мен жан қажеттіліктерін шектейтін адам да философия түбіне жете алмайды, өйткені ол мүмкін емес. Философия жауап беруге қарағанда сұрақ қоятын ғылым. И. Канттың «Мен нені біле аламын?», «Мен не істеуім керек?» жене т.б. сұрақтары соған анық дәлел болатыны сөзсіз.
Адамның өзін-өзі, айналадағы қоғам мен құбылыстарды түсінуі, өмір сүретін шеңберінен шығуға тырысуы оның көзқарасы мен философиялық танымының дамуына әкеледі. Демек, философияның мақсаты – адамды өмір, дүние алдындағы жауапкершілікке, ізгілік пен парасатқа жетелеу арқылы адам әрекетін жоғары мақсатқа бағыттау және де ең бастысы адамның өмірге көзқарасын калыптастыру болып келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер


1. Нұрпейіс К. «Ұлттық рух»; Ақиқат, 2000, № 10, 3-9 б.
2. Қысқaша философия тарихы – А.: 1999 – 272 б.
3. Өмірәлиев Қ. VІІІ – XII ғ. Көне түрік әдеби ескерткіштері – А.: 1985.
4. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия тарихы – А.: 2001 – 378 б.
5. Основы философии. Аблеев С. Р. М., 2003.
6. Философиялық сөздік. А., 1996 .

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет