Семинар №2. Мәдениеттің негізгі типтерінің өлшемдері Архаикалық мәдениет өлшемдері. Отырықшы мәдениет өлшемдері



Дата12.04.2023
өлшемі19,72 Kb.
#81739
түріСеминар

Құрметті студенттер!!!
Сіздерге 10 аптаның тапсырмасын жіберіп отырмын.
Тапсырма 1. Семинар №2.
Семинар №2. Мәдениеттің негізгі типтерінің өлшемдері
1.Архаикалық мәдениет өлшемдері.
2. Отырықшы мәдениет өлшемдері.
3. Индустриалды мәдениет өлшемдері.
Сабақтың мақсаты: Мәдениеттің негізгі типтерінің негізгі өлшемдеріне тоқталу. Архаикалық, отырықшы, индустриалды мәдениет өлшемдерін анықтау.
Семинар сұрақтарына конспект жазып, семинар сабағында ауызша жауап беру.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Мәдениеттің негізгі типтерінің өлшемдерін атап беріңіз.
2. Архаикалық мәдениет өлшемдеріне сипаттама беріңіз.?
3. Отырықшы мәдениет өлшемдеріне сипаттама беріңіз.?
4. Жаңартылған (индустриалды) мәдениеттің ең маңызды ерекшелігі.
Семинар сұрақтарына конспект жазып, семинар сабағында ауызша жауап беру.


Тапсырма 2. Семинар №3.
Семинар №3. Мәдени код түсінігі
1. Мәдени код түсінігі. Жаһандық мәдени код типтері.
2. Мәдениет құрылымы: материалдық және рухани мәдениет.
3. Мәдениет формалары: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым.
4. Мәдениет және қарым-қатынас. Қарым-қатынас түрлері.
Сабақтың мақсаты: Мәдениеттің көшпелілік типтері: мәдени мәліметтерді кодтаудың формалары мен тәсілдерін анықтау. Мәдениеттану ғылымының категориялық аппараты туралы білімді қалыптастыру, осы ұғымдарды анықтау және тұжырымдау.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Мәдениеттанудың негізгі ұғымдарын атап беріңіз.
2. Мәдениет және өркениет дегеніміз не?
3. «Синкретизм», «миф», «архетип» ұғымдарын қалай түсінесіз?
4. Діннің алғашқы түрлерін атап беріңіз.
5. «Адамгершілік», «мораль», «этика» ұғымдарға қысқаша сипаттама беріңіз.
Семинар сұрақтарына конспект жазып, семинар сабағында ауызша жауап беру.


Тапсырма 3. Эссе.
«Мәдениеттің адам өмірі мен қызметіндегі орны мен рөлі» тақырыбына эссе дайындап тапсыру (500-600 сөз).
Қойылатын талаптар:
4 балл-100% эсседе тақырыптың мазмұны ашылып, көлемі мен құрылымы талапқа сай болғанда
(кемінде 600-800 сөз)
3 балл - тақырыптың мазмұнын ашып, бірақ бірізділікті сақтамай, құрылымы мен көлемін сақтамаған жағдайда.
2 балл - тақырыптың мазмұнын толық ашпаған, жоспарсыз жасалғанда
1 балл - тақырыптың мазмұнын толық ашпаған, құрылымы мен көлемін сақтамаған жағдайда.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет