Семинар сабағының мазмұны: Қазіргі таңда шығып жатқан жергілікті басылымдардың мазмұнымен танысу, ақпарат жинақтау



Дата16.10.2023
өлшемі14,63 Kb.
#116155
түріСеминар

Семинар сабағы №6
Сағат көлемі: 1
Тақырып: Жергілікті басылымдарды сыныптау проблемасы.
Семинар сабағының мақсаты: Студенттердің, оқушылардың өлке туралы мәліметтер жинақтауда дерек көздері болып табылатын жергілікті басылымдарының мазмұны туралы ақпараттық білімдерін қалыптастыру.
Семинар сабағының мазмұны: Қазіргі таңда шығып жатқан жергілікті басылымдардың мазмұнымен танысу, ақпарат жинақтау.
Әдістемелік нұсқау: сыныптау.
1. Мерзімді басылымдардың сыртқы белгілеріне қарап, қағазы, мерзімділігі, таралымы, әлеуметтік құрамы, таралым жолдары және аймағы жөнінде мәліметтер жинау;
2. Мерзімді басылымдардың тарихи белгілеріне қарап, қашан шықты, атының өзгеруі, бұрын кімдердің иелігінде болғандығы, әр түрлі кезеңдегі қоғамдық өмірдегі алған орны, дәстүрі жөнінде мәліметтер жинау;
3. Мерзімді басылымдардың иелеріне, қызметкерлеріне және экономикалық базасына қарап, баспагер, редакция және оның ақпарат көздері, баспахана, қағаздың және басқа да шикізат көздерінің бағасы, қызметкерлердің жалақысы және мерзімді басылымның сатылу құны жөнінде мәліметтер жинау;
4. Мерзімді басылымдардың мазмұнына қарап, мерзімді басылымның таптық сипаты, қарастырып отырған кезеңдегі күнделікті өмірдегі негізгі мәселелері, қоғамдық-ойды көрсете білу дәрежесі жөніндегі мәліметтер жинау;
5. Қосымша мынадай мәліметтер жинақтаған дұрыс:
- мерзімділігіне қарай (күнделікті және апталық газеттер; апталық, айлық немесе тоқсандық журналдар);
- территориялық белгілеріне қарай (астаналық, орталық, жергілікті);
- тіліне қарай (қазақ, орыс, ағылшын, т.б.);
- баспасына қарай (ресми-үкіметтік, ведомстволық, жеке меншік, қоғамдық, ұйымдық, т.б.);
- цензураға қатынасына қарай (жария, жасырын);
- әлеуметтік бағытына қарай (жастар, әйелдер, балалар, студенттер, т.б.);
- мазмұнына қарай (әдеби, қоғамдық, ғылыми, сатиралық, т.б.).
6. Мерзімді басылымдардағы бір ғылыми мақалаға төмендегідей үлгі бойынша аннотация жасау:
І. а) Мақаланың көрсеткіштері (тақырыбы, жарияланған басылымы, жылы орны, нөмірі, беттері);
б) авторы туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы (егер көрсетілсе).
ІІ. Мақала авторының мақсаты (мақаланың басында ол көрсетілген бе, жоқ па, анықтап алыңыз). Көрсетілген мақсат пен басылған материалдың қайшылығы, айырмашылығы мүмкіндігіне назар аударыңыз.
ІІІ. Мақсатына жету үшін автор қандай әдістемелерді пайдаланады? (Мысалы, бұрынғы басылымдарды талдау, этнографиялық зерттеулер, әлеуметтік сұраулар, музей коллекцияларын жүйелеу, т.б.).
IV. Пайдаланылған дерек түрлері: археологиялық, этнографиялық, жазбаша, эпиграфика...
V. Автор пайдаланған зерттеу жұмысының әдістері (эвристикалық, тарихи-салыстырмалы (компаративтік талдау), далалық зерттеулер, индуктивтік, дедуктивтік, синтез, т.б.).
VI. Мақаладағы көрнекі суреттер (иллюстрация): графиктер, карталар, кестелер, фотосуреттер, сызбалар. Олардың қысқаша сипаттамасын беріңіз. Олардың автордың идеясын түсіндірудегі көмегі қандай?
VII. Мақаланың ерекшелігі (стиль, сюжет, дерек көздерінің, қорытындылардың, болжамдардың сипаты).
VIII. Егер сіз тақырып жөнінде қосымша мәлімет білсеңіз (басқа мақалалар, кітаптар бойынша), оларды автордың қорытындысымен қысқаша салыстырыңыз. Сәйкестік (сәйкессіздік) деңгейін көрсетіңіз.
IX. Зерттеудің тәжірибелік маңызын, тақырыптың жаңалығын, тұжырымның көкейкестілігін атап көрсетіңіз.
Өткізу формасы: жеке жұмыс.
Бағалау критерийлері:
90-100 балл алу үшін: студент мерзімді басылымдардың сыртқы белгілеріне қарап, тарихи белгілеріне қарап, басылымдардың иелеріне, қызметкерлеріне және экономикалық базасына қарап, басылымдардың мазмұнына қарап құнды мәліметтер жинақтай алған жағдайда; мерзімді басылымдардағы бір ғылыми мақалаға жан-жақты аннотация жасай алған жағдайда;
70-89 балл алу үшін: студент мерзімді басылымдардың сыртқы белгілеріне қарап, тарихи белгілеріне қарап, басылымдардың иелеріне, қызметкерлеріне және экономикалық базасына қарап, басылымдардың мазмұнына қарап құнды мәліметтер жинақтай алған жағдайда; мерзімді басылымдардағы бір ғылыми мақалаға ішінара аннотация жасай алған жағдайда;
50-69 балл алу үшін: студент мерзімді басылымдардың сыртқы белгілеріне қарап, тарихи белгілеріне қарап, басылымдардың иелеріне, қызметкерлеріне және экономикалық базасына қарап, басылымдардың мазмұнына қарап ішінара мәліметтер жинақтай алған жағдайда; мақалаға ішінара аннотация жасай алған жағдайда.
Әдебиеттер:
1 Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 302 б.
2 Атабаев Қ. Деректану: Оқу құралы. Толықтырылып ІІ басылуы. – Алматы: «Қазақстан тарихы» 2007. – 272 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет