Бірінші: жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейханның ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сү­йеніп толық игермейінше, жер жеке мен­шікке де, қоныстанушыларға да берілмейді»



Дата20.10.2023
өлшемі15,93 Kb.
#119821

1917 жылдың шілде-тамызында Жал­пы­қазақтық І құрылтай шақырылып, «Алаш» партиясы тарих сахнасына шықты. «Алаш» партиясының ұлттық ұстанымы бес түрлі тұжырымға негізделді.
Бірінші: жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейханның ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сү­йеніп толық игермейінше, жер жеке мен­шікке де, қоныстанушыларға да берілмейді».
Яғни бұл ұстаным: Жер – Отан, ал
Отанды сатуға да, жеке меншікке айнал­ды­руға да болмайды. Сол жер үшін әр қазақ­тың намысы жыртылып, ол жерге әр қазақтың тері мен қаны төгілген, – деген тұжырымға саяды.
Екінші: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлеке­тіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейханның ай­­туынша: «Оның әр бір түйір тасы әр қазақ­тың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын.
Яғни бұл – өз жерінің игілігін – әуелі өз елі игілігіне айналдырсын, одан асса ғана жатқа салауат деген емеуірінді танытады.
Үшінші: Ә.Бөкейханның жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі» керек, яғни толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді.
Төртінші: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек, яғни Х.Досмұхамедовтің пайымдауына жүгінсек, «ұлттық мәдениет үстемдігі сақталуы» тиіс болатын.
Бесінші, түпкі мақсат: тәуелсіз ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді.
­Алаш илеясы қанат жайған күннен бастап Қазақ автономиясын құру, оны құру арқылы қазақты еркіндікке, тәуелсіздіке апару сияқты үлкен мәселе өзекті бола түс­ті. Алашорданың түпкі мақсаты – тәуелсіз­дік, бергі мақсаты – автономия еді. Әлихан Бөкейханның, Мұхамеджан Тынышбаев­тың, Халел және Жаһанша Досмұхамедов­тер­дің сол кездегі автономия туралы ұсы­ныс­тары бір мақсатта тоғысты. Олар ұс­тан­ған жапондық даму жолының басты жетістігі – тәуелсіздік еді. Осы жол олардың мәңгілік мақсаты еді. 
18 ғасырда «ақыл патшасы» атанған француз Вольтер еді. Осы Вольтер, замандасы Толстойға неше жол көрсеткен француз Руссо, тағы осы екеуінің замандасы философ Дидро абақтыда жатқан. Осы Дидро қатын патша Екатерина екіншімен хат алысып, патша Дидродан көп ақыл алған. Біздің Россияда абақтыға жатпаған жақсы адам кем. Жазушы Достоевский, Потанин, Короленко, Мельчин, Чернышевский, Морозов абақтыда жатқан. Бәрін жазып болмайды. Салтыков, Герцен, Пушкин, Лермонтов, Тургеновтар айдалған.
Алаш оқымыстыларының ғылыми және ғылыми-танымдық еңбектері, әр салаларға арналған оқулықтары арқылы тіліміздің ғылыми және ғылыми-көпшілік стильдерін қалыптастырды. Айталық, Ә.Бөкейханның тарих, фольклортану, әлеуметтану саласындағы ғылыми шығармалары, А.Байтұрсынұлының 1912 жылдан бастап 1928-1929 жылдарға дейін жазылып жарияланған оқулықтары, оқу құралдары, ғылыми мақалалары, Х.Досмұхамедұлының медицина, биология, тілтану саласындағы ғылыми еңбектері, М.Тынышпаевтың тарихи зерттеулері, М.Дулатовтың тілтану, әдебиеттану, математика саласындағы ғылыми шығармашылығы, Ж.Аймауытовтың психология, әдебиеттану саласындағы ғылыми ізденістері, М.Жұмабаевтың педагогика, әдебиеттану саласындағы еңбектері, Т.Шонанұлының тілтану, әдістемеге арналған оқу құралдары мен зерттеулері, сондай-ақ Ә.Ермековтің, М.Тұрғанбаевтың, Е.Омарұлының, С.Асфендияровтың, М.Бұралқиевтың, Қ.Кемеңгерұлының, С.Сәдуақасовтың ғылыми еңбектері ғылым тілінің, қазақтың ғылыми терминологиясының қалыптасуында айрықша белес болды. Қазақ тілінің әліпбиін, емлесін жасаумен, ішкі заңдылықтарын ғылыми дәйектеумен бірге Алаш зиялылары тіліміздің тазалығы, мәдениеті үшін де күресті. Х.Досмұхамедұлының «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы», М.Дулатовтың «Қазақ тілінің мұңы», Н.Төреқұлұлының «Ауропа сөздері» т.б. еңбектерде тіліміздің орфоэпиялық, орфографиялық нормаларының сақталуы, басқа тілдердің әсері, тіл табиғатының бұзылмауы, сөзжасам т.с.с. мәселелер айтылып, қазақ тілінің табиғи болмысын сақтау, тіл тазалығы, сөз мәдениеті тақырыбында бүгінде өзектілігін жоймаған ойлар өрістетілді. Алаш оқымыстылары бастаған осы ғылыми дәстүр совет тұсында қанша масұқталғанымен, бәрібір қазақтың ғылыми алқабына себілген дән болып көктеп шықты, өз жемісін берді, бүгінгі бізге де қуатты құнар болуда. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет