I . Жаратылыстану негіздері пәнінен орындавйтын тапсырмалар
№1 семинар тақырыбы. Өсімдік клеткасының құрылысы.
Сұрақнама:
Өсімдіктер клеткасының құрылысы және әр түрлілігі.
Өсімдіктер клеткасы бөлінуі тура, ядрода хромосома түзілмейді (амитоз), тура емес, ядроның кариокинезді (митоз) немесе редукциялық (мейоз) бөлінуі арқылы жүреді.Өсімдіктер клеткасы клетка қабықшасы, протопласт және вакуольден тұрады. Клеткалар формасы әртүрлі. Олар шар тәріздес, көпқырлы, жұлдызша тәріздес, тікбұрышты және т.б. болуы мүмкін. Кең тараған екі формасы: 1) паренхималық клеткалар, барлық бағытта ұзындығы мен ені шамамен бірдей- шартәріздес, кубтәріздес, көпқырлы. 2) прозенхималық клеткалар, ұзындығы енінен бірнеше есе артық.
Клетка қабықшасы
Клетка қабықшасының атқаратын қызметі клеткаға су, газ және еріген заттардың таңдамалы келіп түсуін және олардың өсімдік бойында жылжуын, қор ретінде жиналуын анықтайды және өсімдіктер мүшелеріне беріктік және мықтылық қасиет береді.Протопласт. Протопласт- клетка сұйықтығы, негізгі бөлігі тіршілік қабілеттілігін жүзеге асырады. Онда метазаттар тасымалдануы мен айналымы жүреді. Осы процестің күрделі құрылымы протопластының құрылымдық элементтерге-оргоноидтарға бөлінуіне байланысты.Протопластың негізгі құрылым түзуші материал болып белокты –липидті мембрана саналады. Мембрана беріктік, созылмалы және таңдамалы өткізгіштік қасиеттерімен ерекшеленеді.
2)Цитоплазма – клетканың күрделі құрылымды кешені
Цитоплазма (гр. kytos — жасуша және гр. плазма — қалыптасқан) — жасуша жарғақшасы мен ядро арасын толтырып тұратын қоймалжың сұйықтық. Клетка Цитоплазмасының сырты плазмолеммамен қапталған. Плазмолемма — Цитоплазманың ақуызды-билипидті қабықшасы, оның орт. қалыңд. 6 — 10 нм, құрамында ферменттер болады. Ол жасуша мен оны қоршаған орта арасындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Цитоплазманың негізгі құрамы гиалоплазмадан, органеллалардан және қосындылардан тұрады.Тірі ағзалардың құрамына кіретін жасушаларды екі топқа бөлуге болады: ядро қабаты болмайтыны прокариоттар оларға көк жасыл балдырлар және бактериялар жатады, ядро қабаты жақсы жетілгені эукариоттар, бұған өсімдіктер мен жануарлар жасушалары жатады.Эукариотты жасушалар үш бөлімнен тұрады: сыртын қоршап жатқан плазматикалық мембранадан, цитоплазмадан және ядродан.Прокариоттар мен өсімдік жасушаларының плазматикалық мембраналарының сыртында жасуша қабаты болады, ал жануарлар жасушаларында мұндай қабат болмайды. Клетканың ядросын қоршап жатқан қоймалжың затты цитоплазма деп атайды Эукариотты жасушалар цитоплазмасының әртектілігі оның құрамында гиалоплазманың болуынан. Гиалоплазма мембраналы және мембранасыз компоненттерден тұрады. Мембраналы компоненттерге митохондриялар, пластидтер, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, лизосомалар, ал мембранасыз компоненттерге центриольдар, рибосомдар, микротүтікшелер, микрофиламенттер жатады. Цитоплазманың құрамындағы жоғарыда аталған компоненттер бір-бірімен өте тығыз байланыста болады.
2)Цитоплазманың органеллалары және олардың қызметтері.
Цитоплазма. Сыртқы ортадан плазмалық мембрана арқылы бөлінген цитоплазма клетканың қоймалжың ішкі ортасы болып табылады. Эукариоттық клеткалардың цитоплазмасында ядро және әртүрлі органоидтар болады. Ядро цитоплазманың орталық бөлігіне орналасады. Оның ішінде әртүрлі қосындылар - клетка әрекетінен шыққан өнімдер, вакуольдер, сондай-ақ клетка қаңқасын құрайтын әте жіңішке түтікшелер мен жіпшелер жинақталады. Цитоплазма негізгі заттарының құрамында белоктаркөбірек болады. Зат алмасудың негізгі процестері цитоплазмада өтеді, ол ядро мен бүкіл органоидтарды біртұтас етіп біріктіріп, олардың өзара әрекетін, клетка қызметін біртұтас тірі жүйе ретінде қамтамасыз етеді. Хлоропластар. Бұл органоидтар өсімдіктер жапырақтары мен басқа да жасыл мүшелерінде, сондай-ақ әртүрлі балдырлар клеткаларында болады. Хлоропластардың мөлшері 4-6 мкм, оның пішіні көбінесе сопақ болып келеді. Жоғары сатылы өсімдіктердің бір клеткасында, әдетте, ондаған хлоропластар болады. Хлороплас түсінің жасыл болуы ондағы пигментке - хлорофилге байланысты. Хлоропласт - өсімдіктердің фотосинтез жүретін, яғни күннің жарық энергиясын пайдалану арқылы (көмірсулар) және бейорганикалық заттардан (ССБ мен НО) органикалық заттар түзілетін клеткалардың негізгі органоидтары. Грандар мембранасында хлорофилл молекулалары орналасады, сондықтан да мұнда фотосинтез жүреді. АТФ-та хлоропластарда синтезделеді. Хлоропластың ішкі мембраналарының аралығында ДНК, РНК және рибосомалар болады. Демек, митохондриялар тәрізді хлоропластарда да осы органоидтардың кызметіне кажетті белоктар синтезделеді. Хлоропластар бөліну арқылы көбейеді.
4. Ядроның құрылысы және қызметі.
Ядро – жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының ең маңызды құрам бөлігі. Ядро тұқым қуалаушылық (генетика) ақпараттың сақталуы және осыған байланысты жасуша цитоплазмасындағы белоктар мен ферменттердің түзілуін қамтамасыз етеді. Ядроны алғаш рет тауықтың жұмыртқа жасушасынан байқаған 1825 ж. чех ғалымы Я.Пуркине (1787 – 1869) болды. Ядроны өсімдіктер жасушасынан ағылшын ботанигі Р.Броун (1831 – 33), ал жануарлар жасушасынан Т.Шванн (1838 – 39) анықтады. Ядро кариолеммадан (ядро қабықшасы), хромосомалардан, ядрошықтан және кариоплазмадан (ядро сөлі, шырыны) құралады. Кариолемма ядроны жасуша цитоплазмасынан бөліп тұрады. Ол сыртқы және ішкі жарғақшалардан және олардың аралығындағы жарғақаралық (перинуклеарлы) кеңістіктен тұрады. Кариолеммада көптеген ұсақ тесіктер болады. Олардың саны жасушадағы түзіліс процестерінің белсенділігіне байланысты. Түзіліс процесі күшейген сайын, тесіктер саны да көбейеді. Ядро қабықшасы тесіктері арқылы жасуша цитоплазмасы мен ядро аралығында зат алмасу процесі (белоктар, көмірсулар, майлар, нуклеин қышқылдары, су, әр түрлі иондар) үздіксіз жүріп отырады. Кариолемма тесіктері арқылы ядро цитоплазмалық тормен, одан әрі жасушаны қоршаған ортамен байланысады. Ядроның біркелкі қоймалжың сұйық бөлігі кариоплазма деп аталады. Оның құрамына су, белок, көмірсулар, нуклеопротеидтер, витаминдер, ферменттер, минералды тұздар иондары кіреді. Кариоплазма митоз кезінде цитоплазмамен қосылып кетеді. Ол ядроның құрам бөліктерін байланыстырып тұрады. Ядро құрамындағы қара-көк түске боялған, дөңгелек келген денешікті ядрошық деп атайды. Оның мөлшері 1 – 5 мкм, оның негізін жуандығы 60 – 80 нм жіпше торы құрайды. Ядрошықтың саны 1 – 2, кейде одан да көп болуы мүмкін. Ядрошық нуклеопротеидтен (РНҚ және белок) құралған. Онда рибосомалық РНҚ (р-РНҚ) және рибосомалар түзіледі.
5. Клетканың қабықшасы.
Клетканың сыртын қаптап жататын негізгі бір бөлім — клетка қабықшасы. Төменгі сатыдағы кейбір саңыраукұлақтар /архимицеттер мен миксомицеттер мен балдырлардың зооспорасында қабықша болмайды. Басқа өсімдіктердің барлығында клетка қабықшасы болады. Клетка қабықшасы клетка ядросы бөлінгеннен кейін протоплазма сыртында түзіліп, жас клеткаларды бір-бірінен бөле бастайды. Клетка қабықшасы протоплазма сыртында ұзақ уақыт плазмолиздену кезінде де түзіледі. Клетка қабықшасының физикалық қасиеттеріне — оның серпімділік, жұмсақтық, қаттылық, морттық, майысқақтық, мықтылық және т.б. қасиеттері жатады. Клетканың таза клечаткадан тұратын қабықшасын қаншалықты бүктесе де, ол біраздан соң бұрынғы қалпына келеді, мұны серпімділік қасиеті дейді. Сонымен қатар клетка қабықшасының мықтылық қасиеті де бар. Ол болаттан кем түспейді. Бірақ, өсімдіктің өсуі барысында клетка қабықшалары қалындап қатайып, өзгерістерге ұшырап, ондай қасиеттерінен айырылады.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1. Өсімдік клеткасының құрылысына және қызметтеріне сипаттама. Өсімдіктер
клеткасы құрылысының жануарлар клеткасынан айырмашылығы.
Өсімдік клеткаларының құрылысы оның негізгі бөлімі — протопластқа және клеткада болатын басқа заттарға бөлініп қарастырылады.Протопласт. Протопласт дегеніміз — өсімдік клеткаларында тіршілік процестерінің (зат алмасу, қимыл, тітіркену, көбею, тұқым қуалауы т.б.) туғызатын негізгі бөлімі. Протопластқа жататындар: протоплазма, ядро, пластидтер, хондриосома — митохондрий, рибосом, лизосом, Гольджи аппараты т.б. Клетканың бұл бөліктері органелла немесе органоидтар делінеді.Протоплазма – клетканың белгілі химиялық құрамы бар, әр қилы консистенцияда (қоймалжың, қатыңқы) болатын, меншікті салмағы 1,025-1,050 келетін тірі заты.Протоплазманы зерттеу ісі көпке дейін қиындыққа соғып келді, себебі клетканың ішкі құрылысын зерттеуге керекті ғылми техникалық мүмкіндіктер болмады. Тек техниканың кейінгі жетістіктерінің арқасында ғана клетканың ішкі құрылысын жете зерттеуге мүмкіндік туды.Протоплазма қабаттары. Микроскопты қолданудың арқасында, көптеген ғалымдар клеткадағы протоплазманың физикалық қасиетін, жатқан жерін, өз ара құрылысын зерттей келіп, оның үш қабаттан (плазмолемма, тонопласт және мезопласт) тұратынын ашты.Клетка қабықшасының ішкі бетін астарлап, оған өңезденіп жұғып жатқан протоплазманың қоймалжың және мөлдір келген кабаты плазмолемма делінеді. Бұл қабат протоплазманың басқа қабаттарына қарағанда тығыз келеді; сонымен қатар оның серпінділік, жартылай өткізгіштік және басқа сұйық заттармен араласпайтын ерекше қасиеттері болады. Плазмолемма серпінділігінің арқасында, ортаның әсеріне байланысты кейде созылып, кейде жиырылып тұрады. Сондықтан плазмолемма қабатында болатын көптеген протоплазмалық жіпшелердің – плазмодесмалардың диаметрі де кейде кең, кейде тар болып өзгеріп тұрады. Осының нәтижесінде протоплазманың бұл қабатының сырт жағындағы ерітінді молекулалары ішкі жағына өтіп, сол арада бөртеді де кері өте алмайды. Сөйтіп, мұның жартылай өткізгіш қасиеті пайда болады. Плазмолеммада ешбір органелла болмайды.Клеткадағы вакуоляның айналасын қоршап жатқан протоплазманың қабаты т о н о п л a c т делінеді. Мұның қасиеттері де плазмолемманікі тәрізді болады.Плазмолемма мен тонопластың аралығындағы органелланың барлық түрі бірдей кездесетін протоплазманың негізгі қалың қабаты мезоплазма делінеді. Негізінен алғанда, мезоплазма күрделі зат; мұның құрамында жоғары молекулалы нематикалық және смектикалық структуралы қосындылар кездеседі. Мезоплазма нематикалық структурада болғанда протоплазма элементтері бір-бірінен әр қилы аралықтарда ретсіз орналасады да, ал смектикалық структура кезінде протоплазма элементтері бір-бірімен қатарласа (параллельді) белгілі бір ретпен топтанып жатады. Мезоплазманың мұндай структурасы протоплазманың серпінділік және шұбатылып созылу қабілеттілігін арттырады.Соңғы кездердегі зерттеулерге қарағанда, протоплазманың (цитоплазманың) екі түрлі бөліктерден құралатыны анықталды. Олардың бірі – гиалоплазма, бұл протоплазманың негізгі заты, ал екіншісі – эндоплазмалық тор, бұл гиалоплазма ішінде болатын екі қабат мембрана жүйесі; мұны кейде эндоплазманың ретикульмі деп те атайды. Мембраналардың арасында протоплазманың актив заттарын құрайтын компоненттері болады (2-сурет).Сөйтіп, соңғы 15-20 жыл ішінде электрондық микроскоптар арқылы протоплазма «қаңқасы» анықталып отыр. Бұған қарағанда, протоплазманың өзі жаппай жатқан біркелкі масса емес, көптеген мембраналар жиынтығы. Бұндай көптеген эндоплазмалық тор арқылы протоплазма мен ядро өне бойы үздіксіз байланыста болады да ядродағы зат – протоплазмаға, ал протоплазмадағылары ядроға қарай өтіп отырады.
Протоплазманың химиялық құрамы
Химиялық жағынан қарағанда, протоплазманың құрамында болатын негізгі заты – белок, липоид (май тәрізді зат) және фосфатидтер. Бұлардың ішіндегі ең негізгісі – тіршіліктің тірегі – белок. Белок – құрамында көптеген амин қышқылы бар өте күрделі зат. Белоктардың құрамында сілтілік қасиеті бар амин тобы және қышқылдық қасиеті бар карбоксил тобы болады. Протоплазма – қоймалжың немесе шұбалаңқы келген зат.Өсімдіктер протоплазмасының химиялық құрамын дәл анықтау өте қиын. Олай дейтініміз біріншіден клетка қабықшасынан – протоплазманы, одан вакуоля мен клетка шырынын және басқа органоидтарды жеке-жеке бөліп алуға және оларға химиялық анализдер жүргізуге қазіргі микроскоптың күші жетпейді. Екіншіден, протоплазмаға анализ жасау кезінде оның өзі әр қилы өзгерістерге ұшырауы мүмкін, яғни табиғи күйіндегі тірі протоплазманың құрамындағы кейбір заттар жойылып, ал оның орнына басқа қосындылар пайда болуы мүмкін. Сондықтан протоплазмаға толығырақ анализ жасау ісіне – қабықшасы жоқ өсімдік – миксомицеттерді – (клетка қабықшасы болмайтын жалаңаш саңырауқұлақты) аламыз.Миксомицет клеткасы протоплазмасының химиялық құрамына анализ жасағанда белок-20,65%, пластид (альбумин тәрізді белок) -8,42%, нуклеин қышқылы-3,68%, азотты экстракт зат-12,00%, май-17,85%, леңитин-4,67%, холестерин-0,58%, липопротеид майы-1,20%, гликоген-15,24%, микоглюкозан-1,78% және анықталмаған белгісіз заттар-5,87% болатыны анықталды
Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының құрылысы бірдей, тіршілік процестері ұқсас болғанына қарамастан, ерекшеліктері мен айырмашылықтары да болады (1-сурет). Олардың айырмашылықтары қандай? Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының бірінші ерекшелігі олардың жасуша қабықшасына қатысты. Өсімдік жасушаларының жасуша қабықшасы қалың, тығыз жасұнықтан (клетчатка) тұрады. Ал жануарлар жасушаларының жасуша қабықшасы жұқа болады.Келесі ерекшелігі — өсімдік жасушасының цитоплазмасында пластидтердің болуы. Пластидтердің құрамындағы пигменттеріне байланысты үш түрі болады: жасыл — хлоропластар, түрлі түсті боялған — хромопластар, түссіз — лейкопластар. Өсімдіктердің жасыл түсінің басым болуы құрамында хлорофилі бар хлоропластарға байланысты. Оның қатысуымен күн энергиясы химиялық заттар энергиясына айналады.гетеротрофты болып табылады — олар өсімдіктер түзген дайын органикалық заттарды қолданады. Үшіншіден, өсімдік жасушасында мөлдір көпіршіктер, іші жасуша шырынына толған ірі вакуольдер болады. Вакуоль су алмасуы мен тургор қысымын қамтамасыз етеді. Вакуольдерде қоректік заттардың ерітінділері болады.Жануарлар жасушасында вакуольдер жоқ. Тек қана біржасушалы организмдерде ғана бар. Мысалы, кәдімгі амебада (біржасушалы жануарлар) асқорыту вакуолі (қоректің ыдырауына жауапты) және жиырылғыш вакуолі (артық судың сыртқа шығарылуына жауапты) болады. Өсімдік жасушасында қорға жиналатын көмірсу крахмал болса, жануар жасушасында гликоген жиналады.
Тапсырма 2. Ядроның негізгі атқаратың қызметтеріне сипаттама
Ядроның құрлысы
Ядрошық - шар тәрізді тығыз денешік, оның мөлшері 1-2 мкм-ден 10 мкм-ге дейін өзгеріп отырады. Ядрошықтың құрамында 1,5% ДНҚ және 8,0% нәруіз болады. Жасуша бөлінген кезде ядрошық жойылып кетеді.Ядро шырыны – ядро қабықшасының ішіндегі қуыстарда толтырып тұратын қоймалжың зат. Оның құрамында нәруыздар, нуклеин қышқылдары мен көмірсулар болады. Хромосома – ДНҚ-ның жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік. Олар бірнеше бөліктерден тұрады: алғашқы бөлік және екінші реттік бөлік. Хромосоманың құрамында 40% ДНҚ, 40% гистон, 20% қышқыл нәруыз және өте аз мөлшерде РНҚ болады.Гистон дегеніміз – хромосомадағы құрылыс қызметін атқаратын нәруыз.
Хромосома типтері
Егер центромера хромосоманың дәл ортасында орналасса, онда ол тең екі ашаға бөлінеді. Хромосомалардың мұндай типін метацентрлі хромосомалар деп атайды.Егер центромера хромосоманың ортасынан сәл оңға немесе солға қарай орналасса, онда ол хромосома тең емес екі ашаға бөлінеді. Хромосомалардың мұндай типін субметацентрліхромосомалар деп атайды.Егер центромера хромосоманың бір ұшына жақын орналасса, онда хромосома тең емес екі ашаға бөлінеді. Бір ашасы ұзын, екіншісі қысқа болады. Хромосомалардың мұндай типін акроцентрліхромосомалар деп атайды.Егер центромера хромосоманың ұшында орналасса, ондай типті телоцентрліхромосомалар деп атайды.Кейбір хромосомаларда екінші буын өте ұзын болады да, хромосоманың аз бөлігін негізгі бөлігінен бөліп тұрады. Хромосомалардың мұндай типін спутниктіхромосомалар деп атайды.
Тапсырма 3. Клетка органеллаларының атқаратың кызметтеріне сипаттама.
Жасуша - тірі ағзалардың (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Клетка өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп клеткалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі клеткасыз формада өтеді. «Клетка» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Клетка тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі. Клетканың диаметрі 0,1 – 0,25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты организмдер Клеткасының диаметрі 10 – 100 мкм шамасында. Жаңа туған жас сәбилерде – 2×1012 Клетка, ал ересек адамның организмінде – 1014 Клетка болса, организмнің кейбір тіндерінде Клетка саны өмір бойына тұрақты болады. Клетканың тірі заты – протоплазма. Ол биол. мембраналармен (жарғақтармен) шектелген биополимерлердің тәртіптелген құрылымдық жүйелері – цитоплазма және ядродан тұрады. Клетка ядросының құрамындағы әмбебап органоидты хромосома, ал цитоплазма құрамындағыларды – рибосома, митохондрия, эндоплазмалық тор, Гольджи кешені, лизосома, клеткалық мембрана деп атайды. Рибосома Клеткадағы белоктың түзілуін қамтамасыз етеді, белок синтезі орт. деп қаралады. Оның диаметрі 20 – 25 нм. Рибосома цитоплазмада бос күйінде де, жалғасқан түрде де, сондай-ақ барлық тірі организмдердің Клеткасында кездеседі. Цитоплазма – ядроны қоршап жатқан Клетка бөлігі. Оның құрамындағы химиялық макро және микроэлементтерден күрделі органикалық қосылыстар (белоктар, көмірсулар, липидтер, нуклеин қышқылдары, гормондар, ферменттер, витаминдер, тағы басқа) және минералдық заттар түзіледі. Митохондрия – Клетканың тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид. Митохондрияның ұзындығы 10 мкм-дей, диаметрі 0,2 – 1 мкм, саны 1-ден 100 мыңға дейін болады. Клеткадағы негізгі энергия тасушы зат – аденозин үш фосфор қышқылы. Бактерия, көк-жасыл балдырлар, т.б. тыныс алу процесін Клетка мембранасы атқаратын организмдерде митохондрия болмайды. Ядро – организмдегі белоктық алмасуды реттеу арқылы тұқым қуалаушылық қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін клетканың негізгі бөлігі. Эндоплазмалық тор – цитоплазмадағы көпіршіктердің, жалпақ қапшықтардың және түтікше құрылымдардың торлы жүйесі. Бұл әр түрлі иондарды, қоректік заттарды тасымалдайды, липидтер мен көмірсулардың (полисахаридтер) алмасуына және улы заттарды залалсыздандыруға қатысады. Гольджи кешені – бір-бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты 5 – 10 «цистернадан» және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған органоид. Мұнда өндірілген өнімдер жинақталып, пісіп жетіліп, сыртқа шығарылады, Клетка лизосомаларының түзілуіне қатысады. Лизосома – қабырғасы мембранамен шектелген, қуысында ас қорыту ферменттері (протеиназа, нуклеаза, глюкозида, фосфатаза, липаза, тағы басқа) бар ұсақ көпіршіктер. Көпіршіктердің диаметрі 0,2 – 0,8 мкм. Лизосома ферменттерінің (20-дан астам) көмегімен Клетка ішіндегі ас қорытуға және Клетка құрамындағы жарамсыз құрылымдарды ыдыратуға қатысады. Клеткалық мембрана – Клетка цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе Клетка қабықшасынан (өсімдіктерде) бөліп тұратын Клетка органоиды. Оның қалыңдығы 7 – 10 нм. Негізінен Клетка мен оны қоршаған сыртқы орта арасындағы метаболизмге (зат алмасуға) қатысады, сондай-ақ, Клетканың қозғалуы мен бір-біріне жалғануында үлкен рөл атқарады. Клетканың жалпы құрылысы жануарларға да, өсімдіктерге де тән. Бірақ өсімдік Клеткасының құрылымы мен метаболизмінде жануарлар Клеткасына қарағанда біраз айырмашылық бар. Өсімдіктер Клеткасының біріншілік плазмолеммасы күрделі полисахарид негізінде (матрикс) орналасқан целлюлозды микрожіпшелерден құралған. Микрожіпшелер өсімдік Клеткасы қабырғасының тіректік қаңқасын түзеді. Көп өсімдіктер беріктік қасиет беретін – екіншілік Клетка қабықшасын (целлюлозадан) түзеді. Өсімдік Клетканың целлюлоза талшықтары күрделі полимерлі зат – лигнинді сіңіріп, қатаяды да Клетка қабықшасы беріктенеді. Өсімдік Клеткасының цитоплазмасында арнайы органоид-пластидтер – хлоропласт, хромопласт, лейкопласт бар.
№2 семинар тақырыбы. Тамыр. Өркен және сабақ.
Сұрақнама:
1,Тамырдың ұшының құрылысы.
Тамырдың ұзына бойында оның анатомиялық құрылысы бірдей болмағандықтан,оның әртүрлі бөлімдері бірыңғай қызмет атқармайды.Әдетте жас тамыр ұшынан тамырдың 4аймағын (бөліну,өсу немесе созылу,сору,өткізу) және тамыр оймақшасын ажыратады.Тұқымды өсімдіктердің ұрық тамыршасының меристемалық клеткалары өсу барысында әртүрлі ұлпаларға жіктеледі.Тамырдың бой конусы меристемалық құрылысын сақтап,тамырдың оң геотропизм бағытында тереңдеп өсуін қамтамасыз етеді.Өсу барысында тамыр топырақтың қатты бөлшектерімен жанасады.Тамырдың бой консусын механикалық зақымданудан сақтайтын ерекше паренхималық ұлпа клеткаларынан тұратын тамыр оймақшасы жауып тұрады.1-ші тамыр оймақшасы борпылдақ орналасқан тірі паренхималық клеткалардан тұрады.Ол клеткалардың сыртқы қабаттары тез ескіріп топырақтың қатты бөліктерімен жанасқан кезде түлеп түсіп отырады.Олардың орнын жаңадан жетілетін жас клеткалар басады.Тамыр оймақшасының әсіресе сыртқы клеткаларында көп мөлшерде крахмал дәндері жиналады.Құрлық өсімдіктерінің барлығының тамыр ұшында тамыр оймақшасы болады, ал суда өсетін өсімдіктерде тамыр оймақшасының орнына оймақшаға ұқсас тамыр қалташа жетіледі.Тұқымды өсімдіктердің көбінде,әсіресе даражарнақтылар тамырының ұшында калиптроген деп аталатын тамыр оймақшасының меристемасы болады.Соңғы деректерге қарағанда,калиптроген гормондарды синтездеп,тамырдың өсуіне әсер етеді.Тамыр оймақшасының ішкі жағында клеткалардың бөліну аймағы жатыр.4-ші тамырдың барлық ұлпалары меристемадан тұратын бөліну аймағынан пайда болады.Инициалді клеткалардың саны әртүрлі.Папаротник тәрізділерде апикальды меристема 1инициалды клеткадан тұрса, ал ашық тұқымдылар мен жабық тұқымдыларда олардың саны молайып,кейде тоттанып 3қабат түзіп жатады.Бөліну аймағында меристемалық ұлпаның 3 қабаты түзіледі.Сыртқы қабат – дерматоген ,ортаңғысы – периблема,ішкісі – плерома.Дермотогеннен тамырдың алғашқы жабындық ұлпасы эпиблема немесе ризодерма және тамыр оймақшасы,периблемадан алғашқы қабық, плеромадан орталық цилиндр қалыптасады.Бөліну аймағынан жоғары клеткалардың өсу аймағы орналасады.Бұл аймақтағы клеткалардың пішіні алғашқы кезде изодиаметрлі,созылып өсудің нәтижесінде цилиндр тәрізді пішінге ие болады.Клетка ішінде вакуольдер санының артуына орай олардың көлемі де ұлғаяды.Бұдан жоғары орналасқан сору аймағын,кейде клеткалардың маманану аймағы деп те аталады.Өйткені,мұнда клеткалар жіктеліп,өзгеріске ұшырап,олардан әр түрлі ұлпалар пайда болады.Сору аймағында жетілетін тамыр түктері арқылы өсімдіктер өзі өсіп тұрған ортасынан суда еріген минералдық заттарды қабылдайды.Тамыр ұшының эпиблемасының сабақ пен жапырақ эпидермасының айырмасы – мұнда клетка қабықшасы жұқалығынан,устьицилер мен кутикулалар болмайды және суды оңай өткізеді.Тамырдың сору аймағында эпиблеманың әрбір клеткасы бір клеткалы тамыр түгін жасауға қабілетті.Тамыр түктері шағын аймақта,әрбір шаршы милиметрге бірнеше жүзден,ұзындығы әр түрлі.Ұзындығы 1см-ге жететін ұзын түктер қант қызылшасы,асқабақ өскіндерінде кездеседі,астықта 0,75-тен 2 мм-ге дейін болады.Тамыр түктерінің клетка қабықшасы целлюлозалы,вакуолі ірі,цитоплазмасы қабықшасын астарлай орналасады.Түктер түзетін эпиблеманың беті өсімдіктердің жапырағы сияқты кутикуламен емес, топырақ түйіршіктерін түктерге жабыстыратын шараналы заттармен жабылады.Тамыр түктері су және батпақты жерде өсетін батпақ қалтагүлінде және т.б.болмайды.Тамыр түктерінің тіршілігі 10-20 күннен аспайды.Олардың орнын тамырдың жаңа бөліктерінен өсіп шыққан түктер басады.Осыған қарамастан, тамыр кейбір өсімдіктерде түктерінің қабырғасы қалыңдап,сүректеніп,тіршілігін екі жылға дейін жалғастырады.Келесі аймақ – өткізу аймағы.Мұнда тамырдың сору аймағы қабылдаған су және онда еріген минералдық тұздар мен басқа да қоректік заттар сабаққа қарап өтеді.Бұл аймақта жанама тамырлар қалыптасады.Сондықтан ол жанама тамырлар аймағы деп те аталады.
2,Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысы.
Дара жарнақтыларда тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысы тіршілігінің соңына дейін сақталады. Өйткені оларда соңғы түзуші ұлпа камбий пайда болмайды. Сондықтан дара жарнақтылардың тамыры жуандап өсе алмайды.Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысын тамырдың copy аймағынан қараймыз.Препаратты микроскоптың кіші объективімен қарағанда тамырдың қуатты қабық бөлігі мен орталық цилиндрі көрінеді.Енді препаратты жайлап сырт жағынан ішке қарай жылжыта отырып, тамырдың анатомиялық құрылысымен егжей- тегжейлі танысамыз. Сонда алғаш көретініміз - тамырдың сыртын жауып тұрған майда тірі клеткалардан тұратын тамыр түктері бар қабылдаушы (сорғыш) әрі алғашқы жабындық ұлпа ризодерма (эпиблема).Ризодермадан төмен тірі паренхималық клеткалары бар қабықтың қалың қабатын байқаймыз. Оның сыртқы қабаты - экзодерма тығыз орналасқан көп бұрышты клеткларадан тұрады. Экзодерма клетка қабықшалары тозданады және қорғаныштық қызмет атқарады.Қабық паренхимасының орталық қабаты (мезодерма) борпылдақ орналасқан ірі паренхималық клеткалардан тұрады.Қабық орталық цилиндрден бірқатар клеткалардан түратын ішкі қабаты эндодерма арқылы бөлінеді. Эндодерма клеткаларының бүйірлік (радикальды) және ішкі қабықшалары қалыңдайды, тозданады, кейде сүректеніп те кетеді.Препаратта сондай -ақ ксилема сәулелеріне қарсы орналасқан қабықшалары жұқа тірі клеткалар - өткізгіш клеткалар көрінеді.Орталық цилиндрдің сыртқы қабаты - бірқатар тірі паренхималар клеткалардан тұратын перицикл.Орталық цилиндрдің орталық бөлігін радиальды (сәулелі) өткізгіш шоқ алып жатыр. Шоқта ксилема радиус бойлап сәулеленіп орналасады да олардың қолтығында флоэма бөліктері жатады
2,Тамырдың анатомиялық соңғы құрылысы.
Қос жарнақтылардың көбінде тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысы ұзақ сақталмайды. Камбийдің пайда болып, қызметінің басталуына байланысты тамырдың алғашқы құрылысы соңғы қүрылысына ауысып, тамыр жуандап өсе бастайды.Егер жас тамырдың дайын препаратын микроскоптың кіші объективімен қарасақ, алғашқы ксилеманың төрт сәулесі бар орталық цилиндрі көрінеді. Эндодерма анық көріне қоймайды, өйткені жас тамырда оның радиальды қабықшасының қабырғалары ғана қалыңдап, Каспаридағы пайда болады. Үлкен объективімен қарағанда алғашқы ксилема мен алғашқы флоэманың арасындағы тірі паренхималық клеткалардың тангенциальды қалтарыстармен бөлінгенін байқаймыз. Осы клеткалардан бөлінген соңғы түзуші ұлпа - камбий қабаты. Камбий клеткаларының бөлінуінен ішке қарай соңғы ксилема, сыртқа қарай соңғы флоэма элементтері қалыптасады.Перициклдің алғашқы ксилема түтікшелерімен түйіскен жерлерінде клеткалар камбийге айналып, алғашқы ксилеманы қоршап жататын тұтас камбий сақинасы (шеңберлік камбий) түзіледі. Тамырдың толық қалыптасқан соңғы анатомиялық құрылысымен танысу үшін оның өткізу аймағынан бірнеше жұқа кесінділер дайындап, оны флороглюцин және түз қышқылымен өңдеп, препарат дайындаймыз.Дайын препаратты микроскоптың кіші объективімен қарағанда, тамыр ортасында ірілеу келген орталық түтікше мен оның айналасында майда түтікшелері мен ксилема элементтері орналасқан төрт сәулелі алғашқы ксилема көрінеді.Алғашқы ксилема сәулелерінен жұқа қабықшалы тірі паренхималық клеткалардан тұратын радиальды (өзек) сәулелер басталады. Бұлар соңғы ксилеманың түтікшелері ірі сүрек паренхимасы майда бөлімдермен алмасып отырады. Соңғы ксилеманың сыртқы жиегінде радиальды қатар түзіп орналасқан, жұқа қабықшалы клеткалардан түратын камбий қабаты жақсы көрінеді. Камбийдің сырт жағында, әрбір соңғы ксилеманың карсысында соңғы флоэма қалыптасқан. Асқабақ тамырында радиальды сәулелердің паренхимасын түзетін камбий нашар байқалады. Тамырды сырт жағынан жұқа тоз қабаты жауып тұрады. Камбийден сырт жаққа карай орналасқан (флоэма, негізгі паренхима, феллоген жэне феллодерма) ұлпалар соңғы қабық деп аталады. Сонымен, тамырдың соңғы анатомиялық қүрылысы: ксилемадан және оның радиальды сәулелерінен, камбийден, соңғы қабықтан жэне тоздан тұрады
4. Өркен және оның негізгі элементтері.
Өркен негізінен сабақтан және онда орналасқан жапырақтардан тұрады. Сабақ пен жапырақ төбе меристемасынан бір мезгілде пайда болады да тұтас бір мүше өркенді түзеді. Бүршік - жаңа өркеннің бастамасы, бүршіктен өркеннің бұтақтануы мен өсуі, яғни өркендер жүйесінің қалыптасуы жүзеге асады.Өркен тамыр сияқты жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі вегетативтік мүшесі. Оның атқаратын қызметі - фотосинтез (жапырақтар арқылы). Споралы өркендер, сол сияқты гүл де көбею қызметін атқарады.Өркеннің тамырдан басты айырмасы - жапырақтың болуы. Сабақтың жапырақ (бір немесе бірнеше) өсіп тұрған тұсын буын деп атайды. Кейбір өсімдіктер тобында (астық тұқымдастарда, қалампырларда, қырықбуындарда) сабақтың буын орналасқан жері білеуленіп айқын білініп тұрады, ал кейбір өсімдіктерде ол нашар байқалады. Егер жапырақ немесе жапырақтар шоғы сабақты толық орап алса, онда ол жабық буын деп, ал жапырақ буынды қоршамай орналасса, ашық буын деп аталады.Сабақтағы бір буыннан екінші буынға дейінгі қашықтық буын аралығы делінеді. Сабақтың жапырақ орналасқан буындағы жапырақ пен сабақ бөлігінің арасындағы бұрыш жапырақ қолтығы делінеді. Өсімдіктердің алуан түрлілігіне қарай буын араларының қашықтығы да түрліше. Егер буын аралықтары бір-біріне жақын болса, оны қысқарған өркен деп (капуста, қызылша, сәбіздің бас бөліміндегі бірінші жылғы жертаған жапырақтары, бақбақтың, көксағыздың және т.б. жертаған жапырақтары), егер буын аралықтары бір-бірінен қашық болса, оны ұзарган өркен деп атайды. Қысқарған өркенде гүл бүршіктері жетіледі де, олар гүлдеп, вегетациялық дәуірінің соңында жеміс береді. Сондықтан оны жемістік өркен деп атайды. Ұзарған өркен бойлап өсе береді, жеміс бермейді немесе өте аз береді ,Көктемде сүректі өсімдіктер бүршік жарғанда бүршік қабыршықтары өз қызметін аяқтап түсіп қалады. Әрбір қабыршақтың түскен орнында бүршік дағы қалады. Бүршік дақтары бір-біріне қосылып өркеннің өстік бөлімінде бүршік сақинасын түзеді. Өркенге тән ерекшеліктердің бірі - оның метамерлі құрылысы. Әдетте өркен өсін бойлап, оның негізінен ұшына дейін бірнеше, кейде көптеген буын аралықтар, қолтық бүршіктер орналасады. Осылай құрылымның заңды қайталану өркеннің метамерлігі деп аталады.Өсімдіктің алғашқы өркені, ұрық бөлігінде ұрық бүршігінен жетіледі. Ол тұқым жарнағының астыңғы қалтасынан, тұқым жарнақтарынан және негізгі өркеннің қалған метамерлері қалыптасатын бүршіктен тұрады. Орналасуы бойынша бұл - төбе бүршігі. Осы бүршіктен өркен бойлап өсіп, оның жаңа метамерлері пайда болады.Өркеннің ұшы (апексі) алғашқы түзуші ұлпалардан тұрады. Осы ұлпаның белсенді бөлінуінен өркеннің алғашқы (түпкілікті) ұлпалары мен барлық мүшелері қалыптасады. Жас жасушалардың үздіксіз түзілуі апикальді (төбе) меристемасының инициальды жасушаларының шексіз бөлініп, меристемалық қасиетін сақтауына байланысты.Өркеннің бой конусы тамырдағыдай тегіс емес. Оның бетінде жапырақ примордиялары (латынша primordialis - алғашқы) деп аталатын жапырақ бастамаларының төмпешіктері үздіксіз қалыптасады. Олардың пайда болуы акропетальды ретпен төменнен жоғары қарай жүреді.Өркеннің ұшында жас өркен метамерлері пайда болады. Кезекті метамер пайда болғаннан кейін апекстің дистальды (апекстің ең жоғарғы ұшы) бөлігінің көлемі едәуір кішірейеді. Келесі метамерге дейін апекстің көлемі белгілі бір мөлшерге дейін ұлғаюы қажет. Бұған кеткен уақыт аралығын пластохрон (грекше «пласто» - жасау, қалыптастыру, «хронос» - уақыт) деп атайды. Пластохронның ұзақтығы барлық өсімдіктерде бірдей емес, өсімдіктің өсуіне қарай өзгеріп отырады.
5.Бүршіктің құрылысы және түрлері
Бүршік (лат. gémma) — жоғары сатыдағы өсімдіктердегі өркеннің бастамасы.Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай Бүршіктіңвегетативтік жәнегенеративтік түрлері бар.
Вегетативтік (өсімді) Бүршік тек ұзарған өркенде орналасады, одан сабақ пен жапырақ өсіп шығады.Генеративтік (көбеймелік) Бүршік, (басқаша айтқанда гүл Бүршік), сәл ірілеу және тек қысқарған өркенде ғана орналасады, оны ұзынынан қақ жарып қарағанда бастама сабақтың жан-жағына бекіген гүлшанақтары (ашылмаған гүлдер) көрінеді. Олар гүлдеп, жеміс береді. Сондай-ақ бір ғана гүл өсіп шығатын гүл бүрі (бутон) болады.
Өсімдіктің бойында орналасуына қарай бүршіктер 2 топқа бөлінеді:
төбе Бүршігі - сабақ ұшындағылары (одан өсімдік бойлай өседі). Төбе бүршік ұрықта қалыптасады,одан болашақта өркеннің барлық мүшелері түзіледі.Төбе бүршіктен өсімдік ұзарып өседі.бүйір Бүршігі - сабақ бойына орналасқандар аталады. Қолтық бүршік(жанама бүршік депте атайды) жапырақ қолтығында орналасады. Өсімдіктің түріне қарай бір жапырақтың қолтығында бір немесе бірнеше бүршіктер болады.Қолтық бүршіктен жан-жаққа бұтақтар өсіп таралады.Қосалқы бүршіктін ерекшелігі олар өсімдіктің кез келген жерінен тамырдан,тамырсабақтан,сабақтан,жапырақтан дамиды.Көп жылдық өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктер мен қосалқы бүршіктер ашылмай тыныштық күйге өтеді.Ол бұйыққан бүршік делінеді.Бұйыққан бүршіктер тіршілік қабілетін ұзақ уақыт сақтап,өте баяу өседі.Бұйыққан бүршіктер гүлшетен,үшқат,сары қараған,ырғай,тобылғы бұталарынын басқа көп жылтық шөптесін өсімдіктерде де болады.
Бүршіктің құрылысы
Бүршіктің сыртындағы қат-қабат қалың, тығыз қабыршақтар өсімдік сабағының ұшар басындағы өсу нүктесін бүркеп тұрады. Ең сыртқы қабыршақтары қоңырқай түсті, одан шайыр тәріздес жабысқақ зат бөлінеді.Олар Бүршікті ыстық-суықтан, желден, зиянкестер мен зақымданудан қорғайды. Бүршіктер көктемде өсімдікте жиналған қоректік заттармен қоректеніп толысады да, сыртындағы қалың қабыршақтары түсіп, Бүршік ашылады (жарылады). Қабыршақтың үзіліп түскен жерінде сақина тәрізді із қалады, сол арқылы өркеннің бір жылда қаншалықты өскенін біледі.Көптеген тұқымымен көбейетін өсімдіктерде бүйір Бүршікі жапырақ қолтығына орналасады, оны жанама Бүршік (одан жан-жағына бұтақтар өсіп таралады) деп атайды. Қоңыржай аймақта өсетін ағаштар мен бұталарда күзге қарай, өсімдік өркендерінің өсуі тоқталып, Бүршіктер уақытша тыныштық күйге көшеді. Бұны қыстаушы Бүршіктер, ал әрі өркен, әрі гүл шығаратын Бүршіктерді аралас Бүршіктер деп те атайды.Бүршіктердің бәрі бірдей өсіп, өркенге немесе гүлге айнала бермейді. Олардың ұзақ уақыт бойы өспей, Б. күйінде қалатын бұйыққан (ұйқыдағы) Бүршік түрі де болады. Олар бірнеше жылға дейін өсу қабілетін жоймайды (мысалы, қарағайда – 5, доланада – 25, еменде – 100 жыл, т.б.). Өсімдік өркені сынып зақымданғанда, ағашты кескенде немесе үсікке шалдыққанда ғана бұйыққан Б-тер оянып, өсе бастайды. Өсімдіктердің вегетативті көбеюі кезінде Бүршіктің атқаратын рөлі зор.
6. Сабақтың морфологиялық құрылысы.
Сабақ ұшында төбе меристемасы болуына байланысты үнемі ұшынан өсіп отыратын өсімдіктің вегетативті мүшесі. Қызметі: сабақ арқылы жапырақта фотосинтез процесі нәтижесінде пайда болған органикалық зат тамырға, ал тамыр арқылы қабылданған минералды заттарды жапыраққа қарай жылжытады. Өсімдіктерді кеңістікте ұстап тұру, жапыраққа бағыттау қызметін атқарады. Сабақта фотосинтез жүреді және вегетативті көбею мүшесі болып табылады.Сабақтың көлденең кесіндісі көп жағдайда цилиндр тәрізді болып келеді, бірақ шөптесін өсімдіктерде сабақ үш қырлы (қияқта), төрт қырлы (ерін гүлділер,) қанатшалы (орман чинасы), жалпақ (шылаң-рдест) болып келеді.Сабақтың ұзындығы көп мөлшерде ауытқып отырады. 280 – 300 м (ротангалы пальманың өрмелеп өсетін сабақтары) – ден 1,5 мм дейн (су өсімдігі вольфия). Өсімдік сабақтары шөптекті, ағаштекті немесе сүректі болып бөлінеді. Сабақтың түрлері өсу бағытына байланысты тік, жатаған, шырмалғыш, өрмелегіш, жабысқақ, қысқарған сабақ деп бөлінедіТік сабақты өсімдіктерге жүгері, бидай, терек, емен, қайың және т.б. жатады.Жатаған сабақтар (желі сабақ) өте әлсіз, жұмсақ. Жер бауырлап жатады. Мұртшалары арқылы ұзарып өседі. Мұртша да желі сабақ тобына жатады. Мұртшаның желі сабаққа қарағанда буынаралықтары ұзын және топыраққа жанасқан жерінен қосалқы тамыр шығады (құлпынай). Желі сабақтың буынаралықтары қысқа. Топыраққа жанасқан жерінен тамыр шықпайды (асқабақ, қияр, қауын, қарбыз). Шырмалғыш сабақтар нәзік болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалып өседі (шырмауық, құлмақ), мұртшалары болмайды. Өрмелегіш және жабысқақ сабақтар. Өрмелегіш сабақтар – мұртшасы арқылы басқа өсімдікке жабысып, өрмелеп өседі (асбұршақ, жабайы бұршақ, жүзім және т. б.). Бұлардың сабақтары сүйенетін өсімдікке тығыз жанаспайды. Жабысқақ сабақты өсімдіктер ілмешегі, емізікше өсінділері, жабысқақ түктері арқылы сүйенетін өсімдігіне тығыз жанасады. Сүйенетін өсімдіктен ажырату қиын. Мысалы, плющ, жабысқақ қызылбояу (подмаренник цепкий) және т.б. жатады. Сабақтары жеңіл әрі жіңішке, ұзын болғандықтан шырмалғыш, өрмелегіш сабақты, өсімдіктерді лианалар дейді. Қысқарған сабақты өсімдіктердің сабағы өте қысқа. Мысалы, (бақбақ, жолжелкен, пияз, ақ қауданды қырыққабат және т. б.
7. Сабақтың анатомиялық құрылысы
Сабақтың анатомиялық құрлысын талдау үшін, оның негізі даму кезеңдеріментанысқан жөн. Өсу конусының астында, алғашқы жапырақтар түзілетін деңгейде, өркеннің осьтік бөлігінің орталағында және шетінде орналасқан клеткалар белсенді бөлінуін тоқтатып өз көлемін ұлғайтып, вакульденеді. Міне осы аймақтардан келешекте алғашқы қабық және өзек дамиды. Олардың аралығында бірнеше қатар көлденең кесіндісіне шеңбер тәрізді меристемалық клеткалар сақталады. Алғашқы жапырақтар түбіне шеңберлі меристемадан төмен алғашқы қабық және өзек дамиды. Олардың аралығында бірнеше қатар көлденең кесіндісіне шеңбер тәрізді меристемалық клеткалар сақталады. Алғашқы жапырақтар түбінен шеңберлі меристемадан төмен алғашқы түзуші ұлпа прокамбиі сулемі қалыптасады. Пайда болған прокаибиі сілемі қарама-қарсы бағытта (жоғары-төмен) дамиды. Прокамбий сулемі доға тәрізді Філіп, алғашқы қабықты кесіп өтіп, меристемалық шеңберге жақындайды.Меристемалық шеңбер клеткалары бөлініп, прокамбийдің жаңа элементтерін қалыптастырады. Қосжарнақтыларда меристемалық шеңбер бір-ақ айналым прокамбий сілемін қалыптастырады. Прокамбий сілемдерінің аралығында меристемалық шеңбер клеткалары өзектік сәуленің паренхималық шеңбер клеткалары өзектік сәуленің паренхималық элементтеріне жіктеледі.Сабақтың төменгі бөліктеріндегі прокамбий клеткалары алғашқы флоема және ксилема элементтеріне жіктеледі. Флоема мен ксилема екі қарама қарсы бағытта, бір-біріне ұмтыла қалыптасады. Пайда болу уақытында құрылымдық ерекшеліктеріне қарай алғашқы флоэмада прото-және метафлоэманы, ал алғашқы ксилемада прото-және метаксилеманы ажыратуға болады.Протоксилема – түтіктен немесе қабырғалары спиральды және шеңберлі қалыңдаған түтіктерден, мета ксилема өткізгіш элементтері сатылы және тесікті түтіктерден тұрады. Коллатеральды талышықты өткізгіш шоқты құраушы , алғашқы өткізгіш ұлралардың пайда болуымен , сабақтың анатомиялық алғашқы құрылысы аяқталады .
8. Өркен метаморфоздары
Өркен өзінің сырт пішіні мен бейнесі жағынан өсімдіктің ең түрі өзгергіш мүшесі. Өркеннің мамандануына сыртқы ортаның әсері зор. Оның ең бастылары – жарық, ауа және топырақ ылғалдылығы. Құрғақшылық аймақтарда ассимиляциялық өркен ерекше. Мысалы олардың жапырақтары немесе сабақтары шырынды, етжеңді болады. Өркеннің су асты және жерасты тіршілігіне байланысты оның морфологиялық және анатомиялық құрылысы күрт өзгерістерге ұшырайды. Бұл жағдайда өркеннің терең маманданғаны сонша олар түрлене өзгерді деп айтуға болады.Тамырсабақта жасыл жапырақтар болмайды, бірақ буын және буынаралықтары айқын байқалады. Мұндағы буындарды оның бойында сақталған жапырақ іздері, қураған жапырақ қалдықтары, қабыршақты жапырақшалар және ондағы қойнаулық бүршіктер арқылы анықтауға болады. Осы бүршіктерден жаңа жерүсті өркендері немесе тамырсабақтың жанама тармақтары қалыптасады. Тамырсабақ буындарынан қосалқы тамырлар дамиды. Тамырсабақтың тамырдан ерекашелігі мунда тамыр оймақшасы болмайды. Жерүсті өркендері сияқты тамырсабақтың бұтақтануы моноподийлі және симподийлі. Шығу тегіне қарай тамырсабақ эпигеогенді және гипогеогенді болып бөлінеді. Пиязшық түрі өзгерген жер асты кейде жер үсті өркен. Оның сабағы қысқарған, біршама жалпайған осьтен тұрады да оны түбіртек деп, атайды. Түбіртекте бойына су және қоректік зат жинайтын шырынды етжеңді жапырақтар орналасады
Тапсырмалар:
Тапсырма 1. Тамырдың негізгі атқаратың қызметтеріне сипаттама.
ұл өсімдіктің мүшесі, ол жер астында жиі орналасады, өйткені ол позитивті геотропизмді ұсынады. Оның негізгі қызметі - суды, бейорганикалық қоректік заттарды сіңіру және өсімдікті топыраққа бекіту. Тамырдың анатомиялық құрылымы өзгермелі болуы мүмкін, бірақ сабаққа қарағанда қарапайым, өйткені онда түйіндер мен жапырақтар жоқ.Тамыр - тұқымның өнуінен дамитын алғашқы эмбрионалды құрылым. Радикула - бұл бастапқыда кішкене дифференциалды құрылым, ол калиптратамен жабылған бастапқы тамырды тудырады, ол апикальды қорғағыш ретінде жұмыс істейді.Өсімдіктердің негізгі осін сабақ пен тамыр құрайды. Екі құрылымның бірігуі айқын дифференциацияны көрсетпейді, өйткені тамыр тіндері іргелі тінге енеді.Тамырдың морфологиясы жер астында тіршілік ету ортасына байланысты қарапайымТамырларда түйіндер, бүршіктер, стоматалар немесе хлорофилл өндірісі болмайды, тек ерекше жағдайларға бейімделген тамырлар қоспағанда.Бұл құрылым топырақта сақталған су мен қоректік заттардың сіңуіне және тасымалдануына жауап береді. Сіңіргіш түктер фотосинтез процесінде трансформацияланатын жапырақты аймаққа жеткізілетін бұл элементтерді - шикі шырындарды ұстайды.Сол сияқты тамырлар өсімдіктерді жерге ұстап, олардың сыртқы агенттер көмегімен бөлінуіне жол бермейді. Басқа жағдайларда, тамырлар қоректік элементтер, мысалы, тәтті картоп, қызылша, сәбіз немесе кассаваны сақтау немесе резервтік құрылым ретінде жұмыс істейді.
Тапсырма 2. Тамырлардың метаморфоздарының негізгі белгілерін анықтау
Өсімдік органдарының метаморфоздары.
Өсімдіктің негізгі органдарының айналадағы ортаға бейімделе келіп, құрылысы мен түрі өзгеруін және белгілі бір жаңа қызмет атқаруға бейімделуін метаморфоз деп атайды. Өсімдіктерде метаморфоз олардың тарихи даму кезеңдерінде пайда болады, кейін олардың тұқым қуалайтын түпкілікті белгісіне айналады. Өсімдіктің метаморфозданған органдарына, мысалы, сәбіз бен қызылшаның жем тамырлары, лианалардың мұртшалары, кейбір өсімдіктердің сояулары мен тікендері және т.б жатады. Тамырдың метаморфозы. Метаморфозданған тамырдың жемтамыры бір тамырларының клеткаларына қоректік заттар көбірек жиналып, олар етженді болып жуандап түрін өзгертіп кетеді.(2 жыл. өсім.) қызылша, сәбіз, шалқан,тунепс, шолғам, шомыр т.
Тапсырма 3. Сабақтардың метаморфоздарының негізгі белгілерін анықтау
Сабақтың метаморфозы. Негізгі вегетативтік органның бірі -өсімдік сабағы да метаморфозданып, түріөзгереді. Сабақ метаморфоздарының түрлері:1.Түйнектер-томпайып, түйнектеніп және ет-женді болып түрі өзгеріп кеткен сабақ. Систематикалық жағынан қарағанда жер үсті және жер асты түйнегі болып 2-ге бөлінеді. Жер үсті түйнегіне мысалы:кольраби капустасы. Жер асты түйнекке мысалы:картоп, жер алмұрты (топинамбур).Сабақ – өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек. Қызметі: 1) сабаққа – бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді; 2) қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады; 3) органикалық заттар қорға жиналады; 4) көбеюге қатысады.Өсімдік сабақтары шөптекті, ағаштекті немесе сүректі болып бөлінеді.Сабақтың түрлері өсу бағытына байланысты тік, жатаған, шырмалғыш, өрмелегіш, жабысқақ, қысқарған сабақ деп бөлінеді Тік сабақты өсімдіктерге жүгері, бидай, терек, емен, қайың және т.б. жатады.Жатаған сабақтар (желі сабақ) өте әлсіз, жұмсақ. Жер бауырлап жатады. Мұртшалары арқылы ұзарып өседі. Мұртша да желі сабақ тобына жатады. Мұртшаның желі сабаққа қарағанда буынаралықтары ұзын және топыраққа жанасқан жерінен қосалқы тамыр шығады (құлпынай). Желі сабақтың буынаралықтары қысқа. Топыраққа жанасқан жерінен тамыр шықпайды (асқабақ, қияр, қауын, қарбыз).Шырмалғыш сабақтар нәзік болғандықтан айналасындағы өсімдіктерге шырмалып өседі (шырмауық, құлмақ), мұртшалары болмайды.Өрмелегіш және жабысқақ сабақтар. Өрмелегіш сабақтар – мұртшасы арқылы басқа өсімдікке жабысып, өрмелеп өседі (асбұршақ, жабайы бұршақ, жүзім және т. б.). Бұлардың сабақтары сүйенетін өсімдікке тығыз жанаспайды. Жабысқақ сабақты өсімдіктер ілмешегі, емізікше өсінділері, жабысқақ түктері арқылы сүйенетін өсімдігіне тығыз жанасады. Сүйенетін өсімдіктен ажырату қиын. Мысалы, плющ, жабысқақ қызылбояу (подмаренник цепкий) және т.б. жатады. Сабақтары жеңіл әрі жіңішке, ұзын болғандықтан шырмалғыш, өрмелегіш сабақты, өсімдіктерді лианалар дейді.Қысқарған сабақты өсімдіктердің сабағы өте қысқа. Мысалы, (бақбақ, жолжелкен, пияз, ақ қауданды қырыққабат және т. б.).
№3 семинар тақырыбы. Жапырақ, гүл, жеміс.
Сұрақнама:
1,Жапырақтың құрылысы және атқаратың қызметтері.
Сабақта жапырақтар бүйір жағында орналасады. Жапырақтың құрылысы күрделі және ол жапырақ тақтасынан, сағағынан, негізінен және бөбешік жапырақтан тұрады. Жапырақ тақтасы -жапырақтың кеңейген бөлігі. Оның төменгі қысқа сабақ тәрізді бөлігі сағаққа жалғасады. Сағақ кеңістікте өзінің орнын өзгерте алады. Соған байланысты жапырақ тақтасы жарыққа қарай орнын өзгертеді.Сағақтың төменгі жағы жапырақ негізіне жалғасады. Ол жапырақты сабақта ұстап тұрады.Жапырақ негізінде көбінесе өскіндер — бөбешік жапырақтар түзіледі. Олар, әдетте, екеу болады. Сағақтары бар жапырақтарды сағақты жапырақтар деп атайды. Мұндай жапырақтар еменде, теректе, қайыңда, үйеңкіде және т.б. болады.Жапырақтарында сағақтары болмайтын өсімдіктер де бар. Бұл жағдайда жапырақ тақтасы бірден негізге жалғасады. Мұндай жапырақтар сағақсыз деп аталады. Олардың негізін жапырақ қынабы деп атайды. Сағақсыз жапырақтар қалампыр, зығыр және т.б. өсімдіктерде болады.Жапырақтар құрылысына қарай жай және күрделі болып екіге бөлінеді. Бір сағақта бір жапырақ тақтасы бар жапырақ жай жапырақ деп аталады. Мысалы: бөртегүл, емен, алма, алхоры жапырақтары. Бір сағақта бірнеше жапырақ тақтасы (3-тен жоғары) болса, күрделі жапырақ деп аталады. Мысалы: акация, шетен, итмұрын және т.б.Күрделі жапырақтар: — үшқұлақты күрделі жапырақ (сағақта бір жерде үш жапырақ тақтасы бекиді, мысалы: беде, бүлдірген т.б.); — саусақсалалы күрделі жапырақ (сағақта бір жерде бес немесе одан да көп жапырақ тақтасы бекінеді, мысалы, талшын т.б.); — таққауырсынды күрделі жапырақ (сағақтың ұзына бойы екі жағынан жапырақ тақталары бекінеді және ұшында тақ жапырақ тақтасы болады, мысалы: итмұрын, шаған т.б.); — жұпқауырсынды күрделі жапырақ (сағақтың ұзына бойына екі-екіден жапырақ тақталары бекінеді және ұшында жұп жапырақ тақтасы немесе мұртшалар болады, мысалы: бұршақ, акация т.б.).Жапырақ тақталары пішіні және жиегі бойынша әртүрлі болып келеді. Мысалы, қалақайда пішіні жұмыртқа тәрізді жапырақ (85-сурет), ал бидайда ұзын таспа тәрізді жапырақ болады. Жолжелкен жапырағы бүтін жиекті, қайың жапырағы тісті жиекті, қалақай жапырағы аратісті жиекті болады.Жапырақ тақтасында жүйкелердің белгілі бір ретпен орналасуы жүйкелену деп аталады. Қосжарнақты өсімдіктерге қауырсынды, саусақсалалы, ал даражарнақты өсімдіктерге доға тәрізді және параллелъ жүйкелену тән. Жапырақтың негізгі қызметі — фотосинтез, тыныс алу (газ алмасу), судың булануы (транспирация) процестеріне қатысу.
2,Устьиценің құрылысы
Устьице эпидерманың ішкі жағында орналасқан ұлпалардың сыртқы ортамен ауа алмасуын, транспирацияны реттеп отырады. Устьиценің пішіні бұршақ немесе жарты ай тәрізді, бір-біріне ойыс жағымен беттескен 2 клеткалардан тұсары. Бұлар жанаспалы клеткалардан деп аталады. Бұлардың көлемі өсімдіктер клеткаларынан кіші. Көптеген өсімдіктерде устьиценің жанаспалы клеткаларының 2 жағынан, 3 жағына, кеійде түгел қоршап орналасатын, пішіні эпидерма клеткаларынан бөлек, ерекше клеткалар болады. Оларды қосалқы клеткалар деп атайды. Қосалқы клеткалар мен жанаспалы клеткалар бірігіп устьице аппаратын немесе комплексін түзеді. Устьице аппаратының жанаспаалы клеткаларының мынадай ерекшеліктері бар: беттескен жағындағы клетка қабықшасының қабырғасы қалыңдайды, ал дөңес жағындағы қабырғасы қалыңдамай жұқа, серпімді қалпында қалады, клетка құрамына хлоропласттар, көп мүшелерде митохондриялар енеді. Жанаспалы клеткалардың ойыс жағының ортасында устице саңылауы – сайы болды, ол бірде ашылып, бірде жабылып тұрады. Ашылып-жабылу құбылысын жанаспалы және қосалқы клеткалар реттеп отырады. Эпидерманың көлденең кесіндісінен жанаспалы клеткаларының ішкі қабырғасының иілунен пайда болған устьицек саңылауы жақсы байқалады. Устьице саңылауының жоғарғы жағындағы жіңішке жолақ устьиценің алдыңғы күркесі, төменгі жағындағы жолақ артқы күркесі деп аталады. Алдыңғы жәгне артқ ы күркелер жіңішке устьице саңылауымен жалғасып, устьиценің орталық саңылауын түзеді. Жанаспалы клеткалардың төменгі жағында ауа қуысы жақсы көрінеді. Ауа қуысында су булары, оттегі жен көмір газы жиналады. Күндіз күн сәулесі жеткілкті болған жағдайда жанаспалы клеткаларда фотосинтез процесі жүреді (устьице ашық), түнде фотосинтез тоқталады (устьице жабық).Түс кезінде күн ыстық болған жағдайда өсімдіктің денесінен судың булануы қарқынды жүреді, су тапшылығын тудырмау үшін бұл кезде устьице негізінен жабық тұрады. Жанаспалы клеткаларда фотосинтездің нәтижесінде крахмал және қант түзіледі. Күн сәулесі қуатының жинақталуынан жанаспалы клеткалар көрші клеткалардағы калий иондарын өзіне сорып алады да, жанаспалы клеткалардың клетка шырынының концентрациясы эпидерманың басқа клеткаларының клетка шырынының концентрациясынан артық болады. Осмос заңы бойынша, көрші клеткалардағы су жанаспалы клеткаларға қарай өтіп, оның көлемі ұлғайып, тургоры көтеріледі. Сөйтіп жанаспалы клеткалардың алдымен қалың емес дөңес жағындағы қабырғалары созылады, ол өзіне қарай ойыс жақтағы қалыңдаған қабырғаларын тартады, сөйтіп устьице саңылауы ашылады.Түнде фотосинтездің тоқталуымен немесе түсте ыстық кезде клеткалардың сусыздануымен байланысты жанаспалы клеткалары мен эпидерманың басқа клеткаларының клетка шырынының көнцентрациясы теңеледі де, устьице жабылады. Устьице саңылауынын ашылып, жабылу механизміне ауа құрамындағы көмір қышқыл газы концентрациясының да әсері болуы мүмкін деген жормал бар. Мольдің (1856) теориясы бойынша устьице арқылы судың булануы жанаспалы клеткаларының тургорлық қалпымен реттеледі. Тургор жағдайында жанаспалы клеткалар керіліп тұрады, устьице саңылауы ашылады плазмолиз кезінде жанаспалы клеткалардың қабырғалары босаңсиды да устьице саңылауы жабылады. Устьице өсімдіктердің жер бетіндегі барлық мүшелерінде бар. әсіресе жапырақта көбірек кездеседі. Устьиценің орналасу жиілігі бір жапырақтың өзінің бөліктерінде, бір өсімдіктің әр түрлі жапырақтарында өзгеше болады. Құрлық өсімдіктерінде устьице негізінен жапырақтың астыңғы бетінде, су өсімдіктерінде үстіңгі бетінде орналасады. Устьице эпидерма клеткаларымен бір деңгейде, кейде одан төмен, кейде жоғары орналаса алады. Төмен орналасқан устьиценің ойысында ауа қуысы пайда болып, онда су буы жиналады. Устьиценің бұлай орналасуы өсімдік тамырынан судың атмосфераға тамыр жүйесі немесе жапырақтар арқылы өтуін (транспирацияны) азайтады, ол көбінесе құрғақшылық ортада өсетін өсімдіктердің эпидермасына тән. Устьиценің эпидермасында орналасу реті жүйкелік белгісінің бірі. Даражарнақтылырда устьице аппараты жүйкелену бағытымен, белгілі бір ретпен, бір-біріне параллель, ал қосжарнақтыларда бағытсыз, ретсіз орналасады. Жабықтұқымды өсімдіктерде устьице аппараты клеткалараның саны мен пішінін әртүрлі болуына қарай устьице бірнеше типке бөлінеді. Соның ішінде жиі қолданылатыны Меткаф және Чоктың типтері. Олар:1. Аномоцитті тип - мұнда устиценің білдіретін бірнеше клеткаларымен қоршалып орналасады. Устьиценің бұл типі жүзім, қызыл бұрыш т.б. өсімдіктерге тән.2. Анизоцитті тип- мұнда устьицені үш клеткалар қоршап тұрады, оның біреуінің көлемі қалған екеуінің көлемінен анағұрлым кіші болады. Устьиценің бұл типі жасаң шөптер тұқымдасының бозкілем туысына тән. 3. Парацитті тип- устьице айналасындағы клеткалар оның ұзына бойына параллель орналасады. Бұл бұршақ тұқымдасының сүмбіл бұршақ туысына тән. 4. Диацитті тип- устьице айналасындағы екі клетка устьиценің ұзына бойына перпендикуляр болып келеді. Бұл тип қалампыралр тұқымдасының қалампыр туысына тән. Устьице аппаратының жапырақ беткейінде орналасу мөлшері өсімідік түрінің биологиялық ерекшіліктеріне, тіршілік ортасына және оның экологиялық жағдайларына байланысты. Мысалы: қылтанақсыз арпабастың бір мм2 жапырақ бетінде 30 устьице , күнбағыстың ашық күн түсетін жерде өсетінінде -220-250, ал көлеңкесіндегіде шамамен 140 устьцие болады.
2,Гүлдің құрылысы: андроцей, гинецей. Ұрықтану.
АНДРОЦЕЙ (АТАЛЫҚ ЖИЫНТЫҒЫ)
Жалпы сипаттама. Гүлдегі аталықтар жиынтығын андроцей деп атайды. Гүлдегі аталықтардың саны әр түрлі, бірден жүзге дейін жетуі мүмкін. Дегенмен көптеген өсімдіктерде олардың саны онша көп болмайды. Мысалы, құртқашаштарда - 3, күрделігүлдерде - 5, лалагүлдерде - 6, бұршақ тұқымдастарында - 10. Аталығы (бөдене шөп, тал) екеу, тіпті біреу ғана болатын өсімдіктер белгілі. Әдетте өсімдіктердің белгілі бір туысында гүлдің аталық саны тұрақты. Аталықтың негізгі екі бөлігі бар: аталық жіпшесі және тозаңқап. Тозаңқап әрбір аталықта екі-екіден болып, өзара бір-бірімен дәнекер арқылы байланысып жатады. Тозаңқаптың әрбір бөлігі ұзынынан тағы да екіге бөлінеді, мұның әрқайсысы тозаң ұясы деп аталады. Тозаң ұясында микроспоралар (тозаң) жетіледі. Кейде аталық жіпшелері ұзын, гүл қоршауынан шығып тұрады, кейде өте қысқа болады (картоп). Сол сияқты олардың пішіндері де цилиндр, таспа тәрізді және т. б. ұқсас келеді. Жабық тұқымдылардың ашық тұқымдылардан айырмашылығы олардағы микроспорофиллдері — аталықтар, ал микроспорангийлері тозаң ұялары деп аталады.МИКРОСПОРОГЕНЕЗ ЖӘНЕ АТАЛЫҚ ГАМЕТОФИТТозаңның жетілуі. Микроспоралардың пайда болуы микроспорогенез делінеді. Бұл аталық тозаңқабының тозаң ұясында — микроспорангийлерде жүреді Дамуының бастапқы кезінде тозаңқап біркелкі жасушалардан тұрады, олардың сырты эпидермамен жабылады. Осы эпидерманың астыңғы жағынан алдағы уақытта төрт тозаң ұясы пайда болатын жерлерден жасушалардың субэпидермальды қабаты түзіледі. Субэпидермальды қабат жасушаларының тангентальды бағытта параллель бөлінуінен кенет қалыңдаған екі қабат пайда болады. Ішкі қабат жасушаларының бөлінуінен археспориальды, ал сыртқы қабаттан париетальды жасушалар түзіледі.Париетальды жасушалардан, эндотеций немесе фиброздық қабат, аралық қабат пен тапетум немесе төселмелі қабаттардан тозаңқаптың қабырғасы дамиды.Фиброздық қабат — бұл қабаттардың эпидермамен беттесіп жатқан ең сыртқысы. Бұл қалыңдаған серіппелі және торлы жасуша қабықшаларынан тығыз орналасқан ірі жасушалардың бір немесе бірнеше қатарынан тұрады. Тозаңқап қабырғасының жарылуына әсерін тигізетін серпімді серіппенің қызметін атқаратын осы фиброзды қабат. Бұл қабаттың іш жағында аралық қабат бар. Бұл қабаттың жасушалары жіңішке, тангентальды бағыттың ұзына бойында жатыр. Тапетум археспорий жасушаларына тікелей жанасып, оны қоршап жатады. Тапетумның әрбір жасушасында аралары қалтарыспен бөлінбеген үш-төрт ядро пайда болады. Жасушалары ірі, цитоплазмасы қою. Аралық, сол сияқты тапетум қабатының жасушалары тозаң жетіліп пайда болар кезге қарай ыдырайды, пішіндерін өзгертіп жаншылады, бірте-бірте езіліп кетеді. Сөйтіп бұлар микроспораларға қоректік зат ретінде жұмсалады.Археспориальды жасушалардың митоз жолымен бөлінуінен микроспоралардың бастамасын беретін аналық жасушалар — археспорийлер пайда болады. Археспорий жасушалары мейоз (редукциялық) жолымен бірінен кейін бірі екі рет бөлініп, оның әрқайсысынан микроспоралар тетрадасы түзіледі. Микроспора ашық тұқымдылардағы сияқты, гаплоидты және бір ядролы, цитоплазмасы қою, қор затына бай. Жас микроспоралар тозаңқап ұясында алғашқы кезде бір-бірінен ажыраспай, аналық жасуша қабықшасының ішінде төрттен орналасады.Біртіндеп микропоралар жасушасында вакуольдер пайда болып, көлемі ұлғаяды, бірақ көпкдейін бір ядролы қалпында қалады (7-суреті, А.). Одан кейін әрбір микроспора ядросы митоз жолымен екіге бөлініп әрқайсысының сырты цитоплазмамен қоршалады, сөйтіп ортақ қабықшасы бар, бірі үлкен, бірі кіші екі жасуша түзіледі (7-суреті, Б.). Көлемі үлкені вегетативті жасуша немесе вегетативті ядро, кішісі генеративті (репродуктивті) жасуша немесе генеративті ядро деп аталады. Осындай қалыптасқан екі ядролы жасуша тозаң гүлді өсімдіктердің аталық гаметофиті. Екі ядролы тозаңдағы генеративті жасушаның бөлінуінен жыныс жасушалары екі спермия пайда болады Бұл бөліну әрқалай тозаң ішінде немесе тозаң түтігі арқылы жылжып тозаң аналық аузына түскеннен кейін жүруі мүмкін. Вегетативті ядро ұрықтану процесіне қатыспайды, бұдан келешекте тозаң түтігі өсіп жетіледі Тозаңның сыртын екі қабықша қаптап тұрады. Оның ішкісі — интина өте жұқа үлпек, беті тегіс, серпімді, порасыз негізі целлюлоза заттары сыртқысы — экзина қабырғасы қалың спорополленин (кутинге ұқсас зат) сіңген. Бұл зат экзинада өсімдік түрлері тозаңының әрқайсысына тән мүсінді қалыңдаулар пайда етеді. Экзинада қалыңдамаған учаскелер қалады, ол жерлерде тозаң түтігі өсіп шығу үшін қажетті поралар қалыптасады.Тозаң ұясында тозаңдар пісіп жетілген кезде тозаңқап кебірсіп, эндотеций шытынап жарылады. Жарылған жерден тозаң сыртқа шашылады. Осыдан соң тозаң қос жынысты гүлдерде өз гүлі аналық аузына және жел, насекомдар т. б. арқылы басқа гүлдер аналығына түседі. Аналыққа келіп түскен тозаң одан бөлінетін тәтгі сұйықтықпен қоректеніп өсе бастайды. Өсу тозаң түтігінің пайда болуымен басталады. Экзина порасы арқылы сыртқа жылжып томпайып шыққан тозаң цитоплазмасы созылып өсе келе түтікшеге айналады. Тозаң түтігінің өсу барысында тозаң интинасы да созылады, осыдан вегетативті генеративті жасушалардың цитоплазмасы бір бағытқа ығысып жаңа жетіліп келе жатқан тозаң түтігіне қарай жылжиды. Тозаң түтігіне алдымен вегетативті ядро, одан кейін цитоплазмамен қосарласа ілесіп генеративті ядро немесе екі спермия өтеді. Спермиялар — аталық гаметалар.Вегетатив ядро және екі спермиялы тозаң түтікшесі — жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің аталық гаметофитінің гомологы. Жоғарыдағы құрылымдық сипаттамасына қарағанда жабық тұқымдылардың аталық гаметафитінің тым қарапайымдалғаңдығы анық көрінеді. Жоғары сатыдағы споралыларда аталық гаметофиттің вегетативті денесі көп жасушалы болса, ол жабық тұқымдыларда бір ғана тозаң дәнінен тұрады, ал көп жасушалы антеридий редукцияланған. Папоротник тәрізділердің антеридиінде пайда болатын көптеген сперматозоидтардың орнына жабық тұқымдыларда екі ғана спермий пайда болған. Жабық тұкымдылардың апталық гаметофитіңдегі осы құбылыстың өзі олардың сыртқы орта жағдайындағы шұғыл өзгерістерге, қолайсыз жағдайларға мейлінше бейімділігінің дәлелі іспетті.
ГИНЕЦЕЙ (АНАЛЫҚ ЖИЫНТЫҒЫ)Жалпы сипаттама. Гинецей деп гүлдегі бір немесе бірнеше аналықты түзетін жеміс жапырақшаларының жиынтығын атайды. Жеміс жапырақшалары құрылысы жағынан вегетативті жапырақтарға ұқсас. Жеміс жапырақшасының кәдімгі вегетативті жапырақ тәрізді сыртқы және ішкі беттерін эпидерма жауып тұрады. Сыртқы эпидермасында кейде устьице болады.Жеміс жалырақшасының құрылымдық ерекшелігінің бірі — оның жүйкеленуі. Сырттай қарағанда вегетативті жапырақ жүйкеленуіне ұқсас, бірақ оның өзіне тән зандылығы бар. Жеміс жапырақшасы өткізген шоқтарының негізгі қызметі — тұқым бүршіктерін қоректік заттармен қамтамасыз ету. Әрбір тұқым бүршігіне бір өткізгіш шоқтан келеді. Жеміс жапырақшасының мегаспорофилл гомологы — вегетативті жапырақпен ұқсастығы, оның шығу тегінің жапырақ екендігін дәлелдейді. Жеміс жапырақшалары және сол сияқты вегетативті жапырақтар жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің жіктелмеген жапыраққа ұксас вегетативтік мүшелерінен пайда болған. Жеміс жапырақшасы тұқымды әр түрлі қолайсыз жағдайлардан қорғауға (сақтауға) бейімделген редукцияланған мегаспорофилл болып табылады.Әдетте аналық үш бөлімнен тұрады. Олар: аналық ауызы, аналық мойыныжәне жатыны. Аналық ауызы — аналықтың ең жоғарғы бөлігі, пішіні бүтін не телімді болып келеді. Телім саны көбіне жатынды түзетін жеміс жапырақшаларының санына сәйкес, кейде жеміс жапырақшаларының санына қарамастан тұтас болады. Аналық ауызы тәтті сұйықтықты бөліп, тозаңды ұстау және қоректендіру қызметін атқарады. Аналық мойыны аналық жатыны мен ауызын байланыстырады. Аналық мойынының саны кейде жатынды түзетін жеміс жапырақшаларының санына сәйкес келеді. Мысалы, алмада және алмұртта жатын бес жеміс жапырақшасынан пайда болған, оның мойыны да бесеу. Ал кейбір өсімдіктерде мұндай сәйкестік бола бермейді. Мысалы, қалампырлар тұқымдасының көптеген өкілдерінде жеміс жапырақшаларының саны бесеу, ал аналық мойын үшеу ғана болады.Крестгүлділер және ерінгүлділерде жатын екі жеміс жапырақшасынан пайда болған, ал аналық мойыны біреу ғана.Аналық мойыны кейбір өсімдіктерде қуыс, қайсы бірінде өткізгіш деп аталатын өте борпылдақ паренхимаға толы. Аналық; мойынының үш кейпін ажыратады: I) ашық мойын — мұңда аналық мойыны ұзына бойына қуыс (кейбір дара жарнақтыларда); 2) жартылай ашық мойын — мұңда аналық мойынның қуысы секреторлық борпылдақ өткізгіш ұлпамен жабылған; 3) бітеу (жабық) мойын — мұнда аналық мойынның қуысы борпылдақ өткізгіш паренхимаға толы.Ашық және жартылай ашық мойында тозаң түтігі кедергісіз еркін өседі. Бітеу мойындарда аналық ауызында өсуін бастаған тозаң аналық мойыныңдағы өткізгіш паренхиманың жасуша аралықтары арқылы жатынға бағытталады.Аналық мойынының ұзындығы өсімдіктердің түріне қарай әр түрлі. Кейбір өсімдікте ол қысқа болса, қайсы бірінде мойын мүлде болмайды. Бұл жағдайда аналық ауызы қоңдырмалы болады да бірден жатынмен жалғасады. Аналық мойыны мен ауызы жиектері арқылы кіріккен жеміс жапырақшаларының жоғарғы бөлігінен пайда болады.Жатын - аналықтың аса маңызды бөлігі. Жатынның ішкі бетінде жеміс жапырақшаларының жиегінде тұқым бүршіктері жетіледі. Жатынның тұйық қуысы – тұқым бүршіктерін және онда жүретін процестерді сыртқы ортаның қолыйсыз жағдайларынан қорғайды. Тұқым бүршігі жиектері кірікпеген мегаспорофиллдердің қолтығында ашық жататын жалаңаш тұқымдылардан жабық тұқымдылардың басты айырмашылығы осыңдай. Жалаңаш тұқымдылардағы сияқты, мұнда да ұрықтанудан кейін тұқым бүршігінен тұкым пайда болады.Гүл бөліктерінің орналасуына қарай жатын: үстіңгі жатын, төменгі жатын және жартылай төменгі жатын деп бөлінеді Үстіңгі жатын гүл кіндігіндегі (табанындағы) гүл серігімен кірікпей бос, дара орналасады, оның қабырғалары жеміс жапырақшаларынан ғана пайда болады. Егер осындай аналық жатынның түбіне гүл серігі, аталық сияқты гүлдің қалған бөлімдері орналасса, ондай гүл аналық асты гүлі деп аталады.Төменгі жатын ойыс гүл табанымен, гүл серігі және аталықтардың негізімен толығынан кірігіп кетеді. Гүл бөліктері жатынның жоғарғы деңгейінде орналасады. Төменгі жатынды гүл аналық үсті гүлі деп аталады.Егер жатын ойыс құмыра тәрізді гүл табанымен (гипантий) кірікпей орналасса, онда оны ортаңғы жатын деп, ал гүл деңгейлес гүл деп аталады. Гипантий гүл серігі мен аталық жіпшелерінің кірігуінен пайда болады.Жартылай төменгі жатыңда оның жоғарғы бөлігі ғана бос болып, гүлдің қалған бөліктері жатынның орта деңгейінде онымен кірігіп орналасса, гүл жартылай аналық үсті гүлі деп аталады.Аналық бір (бұршақтар тұқымдасы), екі немесе бірнеше жеміс жапырақшаларынан (ерінгүлділер,қалампырлар тұқымдасы) пайда болуы мүмкін. Егер гинецей жеке орналасқан жеміс жапырақшаларынан құралып, оның әрқайсысынан жеке аналықтар пайда болса, онда оны кірікпеген немесе апокарпты гинецей деп (сарғалдақтар тұқымдасы), ал керісінше бірнеше жеміс жапырақшаларының кірігуінен бір ғана аналық пайда болса, кіріккен немесе ценокарпты гинецей деп атайды. Жеміс жапырақшаларының кірігуі ерекшеліктеріне және тұқым бүрінің орналасуына қарай ценокарпты гинецей тағы үшке бөлінеді. Олар: синкарпты, паракарпты және лизикарпты гинецейлер..Синкарпты гинецейде жеміс жапырақшаларының жиектері терең еніп кірігеді де, көп ұялы жатын түзеді. Тұқым бүрінің плацентациясы бұрышты (лалагүлділер, алқалар) келеді.Паракарпты гинецей жиектері онша терең кірікпеген бірнеше жеміс жапырақшаларынан тұрады. Сөйтіп бір ұялы жатын түзеді. Тұқым бүрінің плацентациясы қабырғалық (асқабақтар тұқымдасы, қарлыған).Лизикарпты гинецей паракарпты сияқты бір ұялы жатын түзетін бірнеше жеміс жапырақшаларынан тұрады. Айырмасы тұқым бүрінің плацентациясы бағаналы (қалампырлар тұқымдасының көптеген өкілдері).Жабық тұқымды өсімдіктердің тұқым бүршігі (тұқым бүрі) жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің мегаспорангиясымен және жалаңаш тұқымдылардың тұқым бүршігімен гомологиялы. Бірақ бір айырмашылығы мегаспоралар мен гаметофиттің қалыптасуы мұнда басқаша өтеді.Тұқым бүршігі жеміс жапырақшасында пайда болатын меристемалық төмпешіктен қалыптасады.Дамуының бастапқы кезінде тұқым бүршігінің негізінде сақиналы біліктер тәрізді болып интегументтердің бастамасы пайда болады. Толық қалыптасқан тұқым бүршігі екі, сирек жағдайда бір жабыны бар көп жасушалы дене. Тұқым бүршігінің негізгі құрамды бөліктері мыналар: (9-сурет) фуникулюс немесе тұқым тірсегі, нуцеллус, интегументтер, микропиле немесе тозаң саңылауы, халаза. Тұқым тірсегі қысқа, ол арқылы тұқым бүршігі плацентаға бекінеді. Нуцеллус — тұқым бүршігінің ядросы. Интегументтер нуцеллусты бір жағынан, көбінесе тұқым бүршігінің жоғарғы жағынан, кішкентай саңылау қалдырып қоршап тұрады. Ол микропиле немесе тозаң саңылауы деп аталады. Тұқым бүршігінің микропилеге қарама-қарсы орналасқан жағы халаза делінеді.Тұқым бүршігінің мынадай негізгі бес типін ажыратады: 1. ортотропты немесе түзу тұқым бүршігі). Мұнда микропиле мен фуниуклюс бір өстің бойында орналасады. Тұқым тірсегі әдетте өте қысқа (қарақұмық, бұрыщ, алабота); 2. анатропты немесе төңкерілген тұқым бүршігі Бұлар 180°-қа бұрылып, микропиле мен тұқым тірсегі қатар жатыр. Жабық тұқымдыларда кең таралған тұқым бүршіктерінің типі (шатыршагүлділер, валерианалар тұқымдасы); 3. гемитропты немесе жартылай төңкерілген тұқым бүршігі Мұнда нуцеллус пен интегументтері плацента мен фуникулюс тұрғысынан алғанда 90°-қа бұрылған. Алдыңғы екі типтің аралығын қамтиды (сабынкөктер тұқымдасының кейбір өкілдері); 4. кампилотропты немесе бір жағына майысқан тұқым нуцеллус және интегументтерінің бір жаққа қарай өсуімен ерекшеленеді (бұршақтар тұқымдасынының көптеген өкілдері); 5. амфитропты немесе екі жақты майысқан Нуцеллустың пішіні таға тәрізді.Кампилотропты тұқым бүршігі тән тұқымдастардың кейбірөкілдерінде кездеседі. Жатында тұқым бүршігі біреуден бірнешеге дейін жетеді.
4. Жемістер жүйесі.
еміс (лат. fructus) — жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды, бірақ көптеген өсімдіктерде басқа бөліктерінен де (гүл кіндігі, гүл серігі, т.б.) дамиды. Аналықтан дамыған жемісті нағыз жеміс, ал басқа бөліктерінен дамыған жемісті жалған жеміс деп атайды. Жеміс тұқымнан және жемісқаптан тұрады. Жемісқаптың ішінде бір немесе бірнеше тұқым болады, партеногенездік жолмен дамыған жеміс тұқымсыз болады. Өсімдік түріне байланысты жемістің пішіні, көлемі, түсі әртүрлі болады. Жеміс құрғақ жеміс және шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Құрғақ жемістің көп тұқымды қақырап ашылатын (бұршақ, бұршаққын, т.б.) және бір тұқымды, қақырап ашылмайтын (жаңғақ, жаңғақша, тұқымша, дәнек) түрі бар. Шырынды жемісті көп тұқымды (жидек, асқабақ, алма, т.б.) және бір тұқымды (сүйекті жеміс) деп бөледі. Жемісқаптың сыртқы қабаты (экзокарпий) жылтыр (шие, алма), балауызды (жүзім, алхоры, шомыр), түкті (шабдалы), жұмсақ (өрік), қыртысты (тұшала), қалың (лимон, апельсин), қатты (жаңғақ) болады. Шырынды жемістерде экзокарпий қабатынан кейін қант, май жиналатын жұмсақ мезокарпий (өрік, шие, т.б.) қабаты түзіледі. жемістің ең ішкі қабаты (эндокарпий) кейбір өсімдіктерде қатайып, сүйектеніп кетеді (алхоры, т.б.), кейбіреуінде жұмсақ шырынды (лимон, апельсин) немесе үлпекке (бұршақ тұқымдасы) айналады. Экзокарпий мен мезокарпий жасушаларында хлорофилл болғандықтан, пісіп-жетілу кезінде жемістің жасуша шырынында антоциан пигментінің көбеюіне және хлоропластың хромопласқа айналуына байланысты түсі өзгереді. Бір гүлдегі бірнеше аналықтан (таңқурай, қара бүлдірген, т.б.) пайда болған жемісті күрделі жеміс деп атайды. Бұл жағдайда күрделі жеміс түзетін әр жеміс аналықтан дамиды. Гүл шоғырындағы жеке гүлден дамыған жемістерді шоқ жемістер (мысалы, жүзім) дейді. Өсімдіктердің піскен жемістері мен тұқымы жел (анемохория), су (гидрохория), жануарлар (зоохория) және адам (антропохория) арқылы таралады. Құрамында ақуыз, май, көмірсу витаминдері көп болғандықтан жеміс тағамға, мал азығына, т.б. пайдаланылады. Көптеген жемістен дәрі, бояу алынады. Улы және арам шөптердің жемістері зиянды болады.
Тапсырмалар:
Тапсырма 1. Жай жапырақтардың пішініне, тақтасының жиегіне қарай алуан түрлі болып
келуін, жүйкеленуін қарастыру.
Жапырақ - жоғары сатыдағы өсімдіктер өркенінің өсуі біршама шектелген бүйірлік мүшесі. Ол қыстырмалы меристемалардың белсенділігі нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Ағаштар мен бұталарда бұл уақытша мүше. Тамыр мен сабақтан жапырақтың айырмасы ол өсуін ұшы арқылы емес, жапырақ тақтасының негізінде орналасқан қыстырма меристемасы арқылы жалғастырады.Алғашқы нағыз жасыл жапырақ өсімдіктердің сулы ортадан құрылыққа шығуына байланысты құрлық жағдайларына бейімделген. Қос жарнақтыларда негізгі өркеннің апексі және төбе бүршігі жетілгенге дейін, олардың тұқымынан өсіп шыққан жапырақ - тұқым жарнақтарының жапырағы деп аталады. Жапырақтар алғашқы негізгі өркеннің, одан кейін жанама өркендердің әрқайсысының бой конусында экзогенді меристемалық төмпешіктер ретінде қалыптасып жетіледі. Төмпешіктердің жоғарғы бөлігі - апексі, төменгі бөлігі базальды бөлігі деп аталады. Апекстен жапырақ тақтасы, сағағы, ал базальды бөлігінен жапырақ негізі, бөбешік жапырақтар, қынап пайда болады.Жапырақ өзінің даму барысында екі кезеңді басынан өткізеді, олар бүршік ішіндегі және бүршік сыртындағы кезеңдер. Бірінші кезеңде жапырақ бастамасы негізінен клеткалардың бөлінуі есебінен көлемін ұлғайтып, біртіндеп жапыраққа тән пішінге келе бастайды, бірақ қабатталған немесе бүктелген кішкентай қалпында қалады. Екінші кезеңде жапырақ жазылып, жасушалардың бөлінуі мен созылу есебінен көлемін тез ұлғайтады.ұқымды өсімдіктерде жапырақтың өсуінің шектелуі - ұшынан өсу қабілетінің тез жойылып, өзінің меристемалық апексін сақтамауынан. Сонымен қатар жапырақтың жиегі мен бетіндегі қыстырма меристемасы арқылы жүзеге асатын өсу ұзаққа созылмайды. Сондықтан жапырақ белгілі бір мөлшерге жеткен соң тіршілігінің соңына дейін өспей, өзгеріссіз қалады.Жапырақ тақтасының пішіні негізінен жазық, яғни бифациальды (латынша, bis - екі, fades - сыртқы пішіні, қос бетті) сабақ және тамырмен салыстырғанда құрылысы дорсовентральды (латынша dorsum - арқа, venter - бауыр).Жапырақ тақтасының үстіңгі бетін тағы да ішкі жағы, бауыр беті немесе адаксиалъды (латынша adaxiolis - өске қарай) деп, ал астыңғы беті сырты, арқасы немесе абаксиалъды (латынша abaxialis - өстен әрі) беті деп аталады. Жапырақтың үстіңгі беті (бауыр беті) бүршікке, өркеннің сабақ бөлігіне қарай, ал астыңғы беті немесе арқасы өстен сыртқа қарай орналасады. Сонымен қатар жапырақтың үстіңгі және астыңғы беттерінің анатомиялық құрылысы, жүйкеленуі, реңі жағынан айырмашылықтары бар.Жапырақтың дорсовентральды құрылысы кейбір ксерофиттерде, суккуленттерде, дара жарнақтылардың бірсыпыра өкілдерінде ауытқиды. Мысалы, улы бозкілемнің жапырағы радиальды симметриялы цилиндр тәрізді, сол сияқты пияздың жапырағы түтік тәрізді, көлденең кесіндісінің пішіні дөңгелек, осылай көптеп мысалдар келтіруге болады.Жапырақ - өсімдіктер денесіңде фотосинтез жүретін, яғни органикалық емес заттардан органикалық заттар түзілетін, ауа алмасатын (тыныс) - көмірқышқыл газы мен оттегін қабылдайтын және шығаратын, суды буландыратын (транскпирация) маңызды вегетативтік мүше. Осы негізгі қызметтерімен қатар көптеген өсімдіктерде жапырақ кор заттарын жинау, қорғаныштық, тіректік және вегетативтік көбею қызметін де атқарады.
Жапырақтың морфологиялық құрылысы.
Жапырақтың негізгі бөліктері жапырақ, жапырақ тақтасы (алақаны), сағақ, бөбешік жапырақтар, қынап, тілше және т.б. бөліктерден тұрады (1-сурет). Бұл аталған бөліктер барлық өсімдіктердің жапырағында бірдей кездесе бермейді.Жапырақтың негізгі бөлігі - оның тақтасы. Бұл бөліктің пішіні атына сәйкес тұқымды өсімдіктердің басым көпшілігінде тақта тәрізді болып келеді және жапыраққа тән қызметтер негізінен осында жүреді. Атқаратын қызметіне сәйкес жапырақ тақтасының пішіні, мөлшері алуан түрлі болады.Сағақ - жапырақ тақтасы мен оның негізін қосып тұратын бөлігі. Жапырақ негізі дегеніміз - жапырақ тақтасының сабаққа бекінетін төменгі бөлімі. Сағақ жапырақтың сабақта күннің түсу бағытына қарай орналасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сағақтың өткізгіш шоқтары арқылы су және онда еріген минералдық заттар сабақтан жапырақ тақтасына өтіп, онда фотосинтез жүреді. Нәтижесінде пайда болған органикалық қосылыстар сабаққа қарай жылжиды. Сағағы жоқ жапырақтар сағақсыз немесе қондырмалы жапырак деп аталады.Жапырақ қынабы - жапырақ тақтасының сабақты түтік тәрізді қоршап орналасқан төменгі бөлігі. Қынап жапырақты сабақпен байланыстырып қана қоймай, таяныш қызметін де атқарады және төбе бүршігін, буын аралығының қыстырма меристемасы орналасқан төменгі белігін ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Егер қынаптың реңі жасыл түсті болса, онда ол фотосинтезге қатынасады деген сөз. Реңі мөлдір, ұлпек немесе қоңыр тері тәрізді (қияқөлеңдерде) қынаптар да бар. Қынапты жапырақ негізінен астық тұқымдастарға тән. Жапырақ негізінің пішіні әр түрлі. Кейде ол айтарлықтай байқалмайды немесе шамалы ұлғайып, қалыңдап кетеді, мұны жапырақ жастықшасы деп атайды. Мысалы, саумалдықта осындай. Кейбір өсімдіктерде (шатыршагүлділерде) жапырағының негізі немесе сағағы ұзына бойы не көлденең өсіп ұлғаяды да қобыланып бітеді, мұндай жапырақты қобылы жапырақ деп атайды.Көптеген өсімдіктердің жапырақ негізінен ерекше өскіншелер өсіп шығады, олар бөбешік жапырақтар деп аталады. Олар кішкентай жапырақшалар, тікенектер пішіндес, үлпек қабыршақ тәрізді болады. Бөбешік жапырақтардың көлемі әдетте кішілеу (жоңышқа, беде) болып келеді. Ал кейбір өсімдіктерде, мысалы, асбұршақта ол кәдімгі жапырақтардан ірі. Чинаның кейбір түрлерінің (жапырақсыз чина) жапырақ тақталары мүлде өзгеріске ұшыраған.
Тапсырма 2. Күрделі жапырақтардың түрлерінің үлгісің құрастыру.
Жапырақтар — жапырақ тақтасының ұшының пішініне қарай: доғал, үшкір, сүйір, ойыс, ал жапырақ тақтасының негізіне қарай: сына тәрізді, дөңгелек (жұмыр), жүрек тәрізді, бүйрек тәрізді, жебе тәрізді және т.б. болып келеді.Тақтасының жиегіндегі тіліктердің аумағына қарай жапырақтарды телімді, тілімді, және бөлімді деп жүйелейді Телімді жапырақтарда — жапырақ тақтасының жиегіндегі тілімдерінің түп жағы, оның негізгі жүйкеге дейінгі 1/2 бөлігіне немесе тұтас тақта енінің 1/4 бөлігіне жетеді, тілімді жапырақтарда — жапырақ тақтасының жиегіндегі тіліктерінің түп жағы оның негізгі жүйкесіне дейінгі 1/2 бөлігінен асып кетеді, бөлімді жапырақтарда — жапырақ тақтасының жиегіндегі тілімдеу аумағы оның негізгі жүйкесіне дейін жетіп, тақта жеке бөліктерге бөлінеді. Жиегінің тілімделу бөліктерінің саны мен пішініне қарай жапырақтар: үш құлақ телімді, саусақ салалы телімді, қауырсын телімді, үш құлақ тілімді, саусақ салалы тілімді, қауырсын тілімді, үш құлақ бөлімді, саусақ салалы бөлімді, қауырсын бөлімді деп жүйеленеді. Қауырсын бөлімді жапырақта ірі жапырақтар майдаларымен кезектесіп орналасса, мұны үзілмелі қауырсын бөлімді жапырақ деп атайды (қартоп). Қауырсын бөлімді жапырақтың жоғарғы бөлігі (сегменті) бүйір жағындағылардан едәуір ірі болса, оны лира тәрізді жапырақ дейді (шомыр, қыша). Егер жапырақ тақтасы ұзынша, ал бөліктерінің пішіні үш бұрыштанып келсе, мұны сүргі тәрізді жапырақ деп атайды (мысалы, бақбақ).Күрделі жапырақтар рахисте жапырақшаларының орналасуына қарай үш құлақ, саусақ салалы, қауырсын күрделі жапырақтар болып жүйеленеді. Қауырсын күрделі жапырақтың өзі тақ қауырсын, жұп қауырсын күрделі деп, одан әрі күрделілену нәтижесінде екі рет жұп, тақ қауырсынды, үш рет жұп, тақ қауырсынды күрделі жапырақтар деп жіктеледі Үш құлақты күрделі жапырақта рахиске үш жапырағы ғана орналасады. Мұндай күрделі жапырақ беде, жоңышқа, қытай бұршақ және т.б. өсімдіктерге тән. Саусақ салалы күрделі жапырақтағы жапырақшалардың саны үштен артық. Олар шоғырлана орналасқан. Мысалы, атталшын, кенепшөп, қазтабан жапырақтары. Қауырсын күрделі жапырақта рахиске жапырақшалар құс қауырсынының пәріне ұқсап орналасады. Рахистің ұшы бір жапырақшамен аяқталса, тақ қауырсыңды (шетен, ақ ақация және т.б.), екі жапырақшамен аяқталса, жұп қауырсынды (асбұршақ, чина) күрделі жапырақ болады.
Тапсырма 3. Жемістердің жүйесінің үлгісің құрастыру
Орындаған: Шалкарбек Күнай
Достарыңызбен бөлісу: |