«Сен үздіксің!» атты мектеп президенттерінің облыстық (аймақтық) форумның ережесі жалпы ережелер 1 «Сен үздіксің!»



Дата20.12.2023
өлшемі21,69 Kb.
#141781
Байланысты:
Ереже «Сен үздіксің!» атты облыстық (аймақтық) форум


«Сен үздіксің!» атты мектеп президенттерінің облыстық (аймақтық) форумның
ЕРЕЖЕСІ



  1. Жалпы ережелер



1.1 «Сен үздіксің!» атты мектеп президенттерінің облыстық (аймақтық) форумы (әрі қарай-форум) қалалық және аудандық жалпы білім беру ұйымының мектеп парламенттерінің президенттері арасында өткізіледі.
1.2 «Сен үздіксің!» атты мектеп президенттерінің облыстық (аймақтық) форумының облыстық кезеңіне, аудандық және қалалық іріктеу кезеңдеріңде жеңімпаз атанған мектеп президенттері қатысады.
1.3 Форумның облыстық кезеңіне қатысушылардың өтінімі аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінің қорытындысы және қазылар алқасы мүшелерінің шешімі бойынша ұсынылады.


2. Форумның мақсаты
- Білім беру ұйымдарында мектеп президенттерінің мәртебесін арттыру.
- Форумға қатысушы мектеп парламентті президенттінің ұстанымы мен тұлғалық әлеуетін көрсету.
- Мектеп президенттінің бастамаларын қолдау және ынталандыру.


3. Форумның міндеті
- Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша мектеп президенттерінің шығармашылық қызметін дамыту.
- Ұстаз бен оқушылар арасындағы байланысты жақсартуда, үздік идеяларын тәжірибеде іске асырушы мектеп президенттерін анықтау, оларды қолдау және мадақтау.
- Кәсіби қарым-қатынас диапазонын кеңейту.


4. Форумның қатысушылары
Облыстық «Сен үздіксің!» форуымының қалалық, аудандық кезеңдерінде жеңімпаз атанған жалпы білім беру ұйымының бір мектеп президентті қатысады.
5. Форумды ұйымдастыру және өткізу
5.1 Облыстық форумды ұйымдастыру және өткізу үшін, Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» директорының бұйрығымен бекітілген қазылар алқасы құрылады.
5.2 Әділқазы қызметіне:
- форум туралы ережені әзірлеу;
- форум тапсырмаларын әзірлеу;
- форум тапсырмаларын бағалау өлшемдерін әзірлеу;
- аудандық/қалалық білім бөлімдері басшыларының өтінімдерін қарастыру енеді.
5.3 Қазылар алқасының қызметіне:
- әр кезеңінде қатысушыларды бағалау;
- қатысушылардың рейтингтік тізімін жасау;
- форум қорытындысын шығару енеді.
5.4 Аудандық, қалалық білім бөлімдері облыстық ұйымдастыру алқасына келесі құжаттарды жолдайды:
- білім бөлімінің басшының қолы мен мөрі қойылған өтінім;
- қатысушының сұранысы (1 қосымша);
- қатысушының жеке куәлігінің көшірмесі.


6. Форумды өткізу кезеңдері

6.1 І-кезеңі қалалық және аудандық


6.2 ІІ-кезеңі облыстық


7. Форум 3 бөлімнен тұрады:


І-бөлім – Өзін-өзі таныстыру кезеңі
ІІ-бөлім – «Мектеп президентті қандай болуы керек» номинациясы тақырыбында видеопрезентациясы (3-5 мин).
ІІІ-бөлім – «Үздік бастама, үздік жобалар» номинациясының тақырыбына сай шығармашылық үздік бастама, жобалар көрсету.
Бағалау өлшемдері (5 ұпай):
1. Мазмұндаудың айқындылығы мен қисындылығы, ерекшелігі - 3 ұпай.
2. Жалпы және кәсіби эрудициясы - 3 ұпай.
3. Сауатты, дұрыс сөйлеуі - 2 ұпай.
4. Креативтілігі және даралылықты көрсетуі - 2 ұпай.


Аты-жөні

Аудан, қала атауы

Мектеп атауы

Телефон номері












Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет