Сергалиева Жұпар Сейтбековна Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Сыни ойлау туралы



Дата20.09.2023
өлшемі0,66 Mb.
#109178

Сергалиева Жұпар Сейтбековна


Сыни тұрғыдан
ойлауға үйрету

Сыни ойлау туралы


Сыни ойлау – неге сену керектігі мен нені жасау керектігін шешуге бағытталған саналы түрде рефлексивті ойлау. (Джуди А.Браус, Дэвид Вуд). Сыни ойлау – ойланған кезде қалай ойланатыныңыз туралы ойлану өнері, мақсатты және терең пайымдау өнері, жаңсақ нанаымдарды анықтау мен олардың алдын алу өнері. (Пауль, 1990).
Д.Халперн сыни ойлаудың төмендегі анықтамасын ұсынады: «Сыни ойлау – қажетті нәтижені алу ықтималдығын арттыратын танымдық дағдылар мен стратегияларды пайдалану. Ол қисындылығымен, мақсатты бағыттылығымен, елеп-екшелгендігімен ерекшеленеді».

Сыни ойлау деген не? Д.Клустер


Сыни
Ойлау
сипаты
5.Сыни ойлау – әлеуметтік ойлау
4.Сыни ойлау сенімді дәлелдерге ұмтылады
3.Сыни ойлау сұрақ қою, мәселе анықтаудан басталады
2.Ақпарат – сыни ойлаудың бастапқы нүктесі
1.Сыни ойлау – дербес жеке ойлау

Сыни ойлау деген не?


Сыни ойлау сипаты туралы негізгі тұжырымдар:
1.Сыни ойлау – бұл жағымды және өнімді іс-әрекет, өмірге белсенді араласудың негізі.
2.Сыни ойлау – бұл нәтиже ғана емес, үдерістің өзі де.
3.Сыни ойлаудың көріну сипаттары жағдайға байланысты өзгеріп отырады.
4.Сыни ойлау жағымды немесе жағымсыз оқиғалардың әсерінен пайда болады.
5.Сыни ойлау эмоциялық түрде де, тиімді ойлау түрінде де көрінеді.
СТО дегеніміз- не нәрсенің анығына барып, оның себеп салдарын анықтау, бағалау одан шығатын салдарына көз жеткізе білу, қорытынды жасау. Джон Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару
оқушының табиғи әуесқойлығын оятып, сын тұрғысынан ойлауға итермелейді.
Кез келген оқу материалындағы мазмұнды сынау емес сын тұрғысынан қарау арқылы ұтымды жауап іздеу, сол жауапты іздеуге жай ойлау емес шындалған ойлауға оқушылардың қолын жеткізеді.
Мақсаты:
СТО-ның міндеттері: -СТО идеялар тексеріліп бағаланғанда және дамып қолданылғанда іске асады -Есте сақтау, идеяларды түсіну - алғы
шарт -Шығармашылықпен көкейкесті ойлау -Өзіндік жеке ойлау, тәуелсіз ойлау,
шикізатты өңдеу -Сұрақтар шешімін табу- жаңа бір нәрсе
тудыру
- Үйрету – түсінуіне көмектесу

-Көңілге қонымды дәлелге ұмтылу -Мәселені шешудің жолын өзі іздеп
табу -Шешімді негізі бар саналы дәлелдеу -Дәлелдер негізгі болуы шарт -Әлеуметтік ойла, таласып оқу, талқылап қарсы шығу
-Еріксіз ойландыратын, қортынды жауаптар, шығармашылыққа итермелейді.

RWCT с а б а қ т а р ы
(RWCT - Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу)

Мұғалімнің әдістері

Оқушының іс-әрекеті

Топқа бөліп, ой қозғайды

Ұжыммен жұмыс жасайды

Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды

Мәтінмен өздері танысады

Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады

Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді

Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды

Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады

Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды

Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды

Өз ойларын жазуды ұсынады

Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді

Ойларын қорытуға бағыттайды

Өз тұжырымдамасын жасайды

Сын тұрғысынан ойлау әдістері - қызығушылығын ояту - ой шақыру - ой қозғау - мағынаны тану - ой толғаныс
«Қалай оқу керектігін үйрену» немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.
Метатану – индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту
Сыныпта «оқуды үйрететін» білім ортасын құру үшін мына негізгі факторлар негізге алынады:
Нені оқыту керек?
Оқыту реттілігін қалай құрылымдау керек?
Балалар қалай оқиды?
Табысты бола білгеніңізді қалай бағалау керек?
Метасана
Метасана- (Флейвелл-1979) «тұлғаның өзін-өзі тануы
және өз танымдық үдерістері мен стратегиясын қарастыру»

У.Джеймс-(1890) - интроспективті бақылау

Выготский(1962)- білімді дамытудың 2 факторы:

1.Автоматты түрде білім алу
2.Саналы түрде, ұғынып алу
Флейвелл(1995)- Метасана қабілеті жасқа байланысты өзгереді

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет