Реферат Тақырыбы: «Ересек жаста өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту»
Орындаған: Ахметбек Айбөпе Тексерген: Ахметова А. И.
Алматы 2023 Қазіргі білім беру ісі жаңаша бағытта, адам санасын тазарту, оны жоғары деңгейге көтеру үшін жүмыс істеуі тиіс. ¥лы адамдар, данышпандар, ағартушылар, ғалымдар мен жазушылардың барлығы дерлік осы ыңғайда іс атқарған. Отбасы, мектеп, қоғамдағы игілікті тәрбие беру үшін жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес адамның тұлғалық дамуына, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет ететіндігіне баса назар аудару қажет. Жас ұрпақтың өзінің ішкі әлеміне терең бойлау арқылы рухани адамгершілік тұрғысынан кемелденуін, рухани тағылымды меңгеруін, өзін-өзі жан-жақты зерттеуін, түсінуін, бойындағы құндылықтарды бағалай білуін, өмірден өз орындарын табуға және өз күштеріне сенетін жан-жақты жан ретінде қалыптастыру көзделеді. Осы орайда, болашақ мамандар өзін жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін ең алдымен өзін-өзі тани білуі тиіс. Өзін-өзі тани білу өзіндік сананың қалыптасуынан туады. Өзіндік сана дегеніміз - ең алдымен тұлғаның өзінің рухани және дене күшін, әрекеттері мен ой-сезімдерін тануы. Ол тұлғаның өзін қоғам мүшесі ретінде, қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынасын тануы.
Өзін-өзі тану біздің күнделікті өміріміздегі көкейкесті мәселелерді шешуімізге, қарым-қатынас жасауымызға көп көмек көрсетеді. Мінез-құлқы, көңіл-күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әр түрлі адамдарды түсіне білгенде, олардың жақсы қасиеттерін аша білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжірибесінен алынады.
Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық. Осы байлыққа не адам қоғамда өз орнын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. өмірді сол қалпында қабылдап қадірлей біледі. Өзімен де, басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалай қалыптасуға болады ? Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін- өзі тану. Өзін-өзі тану курсы адамгершілік тақырыптарын қамтитын материалдар жинағынан тұрады. Өзін - өзі тану курсы бір күндік емес, ғұмыр ұзақтығындай жол. Сондықтан бүл пәнде берілген даналардан шыққан ұлы сөздер, би- шешендердің айтқандары біздің өмірімізге бағыт - бағдар береді.
Мысалы: Ертеде Фейербех танымның субектісі сана деп түсіндірді, сана адамға тән рухани құбылыс екен көрсеткен. Ал адам Фейербех түсінігінен кеңістік пен уақытта өмір сүретін адамға ешқашан жете алмайды «адам» деген абстракциядан өте алмайды, тек сезім санасындағы «шын, тәні бар, адамды мойындаумен шектеледі.