Серік Мырзалы философия оқу құралы


Элея мектебі. Парменид пен Зенон



Pdf көрінісі
бет45/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   422
Элея мектебі. Парменид пен Зенон
Парменид (VI-V б.ғ.д.) Элеяда дүниеге келеді. Өсе келе, ол өзінің 
философия мектебін құрады. 
Парменидтің философия ғылымындағы жасаған жаңалығын асыра 
бағалау өте қиын, өйткені ол грек ой-өрісінің шеңберінде алғашқы 
рет Болмыс мәселесін қойып, оны өзінше шешеді. Сөйтіп, философия 
ғылымының негізгі тарауларының бірі – онтология (ontos – грек сөзі, 
болмыс, logoc – білім) дүниеге келеді. 
Парменидтің ойынша, дүние жөніндегі ақиқатқа бір ғана жол бар, 
ол: «Бар нәрсе – бар, ал жоқ нәрсе – жоқ, өмір сүрмейді. Олай болса, 
бізге жалғыз ғана жол қалады – ол Болмыс». 
Жоғарыдағы көрсетілген ой-пікірден келесі тұжырымдар шығады: 
1. Бар нәрсе – бар, болып жатыр.
2. Жоқ нәрсе – жоқ, өмір сүрмейді.
3. Олай болса, пайда болу (дүниеде болмағанның пайда болуы) 
және құру (бар нәрсенің жоқ болып кетуі) деген жоқ, өмір сүрмейді.
4. Кеңістік (қуыс) және уақыт (қазіргінің өткен шаққа ауысуы) жоқ, 
өмір сүрмейді.
5. Бар нәрсенің бары – толы.
6. Барлықтың құрамдас бөліктері жоқ (олай болса, кеңістікті мойын-
дауға тура келер еді), ол – біртұтас.
7. Барлық біреу болғаннан кейін, ол кемеліне келген.
8. Қозғалыс жоқ, өйткені кеңістік жоқ.


69
Болмыс туған жоқ және жоғалмайды да. Өйткені болмыс бейболмыс-
тан пайда бола алмайды, оның себебі, бейболмыс жоқ. Болмыстан еш 
нәрсе пайда болмайды, өйткені ол өмір сүріп жатыр. 
Болмыстың уақыты – мәңгілік қазір, өйткені өткен шақ – ол жоқ, 
ал болашақты алатын болсақ – ол да әлі жоқ. Болмыс тұрақты және 
қозғалыссыз, өйткені қозғалысты мойындау бейболмысты мойындауға 
тең, ал ол – жоқ. «Мұндай тұжырымдарға мен ақыл-ой арқылы
келдім», – дейді Парменид. 
Екінші жалған жол – ол сезімдік таным жолы. Ол жол бізге өлім 
мен өмірдің бар екенін, дүниедегі заттар мен құбылыстардың бәрінің 
өзгеріп отыратынын, бір нәрсенің дүниеге келіп, екіншінің дүниеден 
кетіп жатқанын көрсетеді. 
Бірақ осы күнделікті өмірден алған тәжірибеге қарамастан, Парменид 
дүниедегі сандық және сапалық өзгерістерді ешқандай мойындамай-ақ 
қойды. Оның мұндай көзқарасының қателігін көрсеткісі келетіндер 
ой шеңберінде оны жасай алмады, өйткені оның негізгі себебі – ой 
арқылы қозғалысты қамтудың, бейнелеудің орасан зор қиындығы. 
Керісінше, қайсыбір өзгеріс пен қозғалысты ой арқылы теріске 
шығару – анағұрлым жеңілірек. Міне, осы жолға түсіп, Парменидтің 
тұжырымдарын қолдаған ойшыл Зенон болды. 
Зенон Элея топырағында б.ғ.д. VI ғ. аяғында дүниеге келеді. 
Аңыздар бойынша ол өз заманының саяси өміріне атсалысқан ойшыл 
болса керек. Озбыр Неарх оны тұтқынға алып, оның билігіне қарсы 
шыққан адамдарды айт деп қинаған кезде, Зенон өз тілін тістеп кесіп, 
тиранның бетіне түкіріпті-міс деген аңыз тарихта қалған. 
Екінші аңыз, керісінше, тиранның ең жақын достарын соның жау-
лары ретінде көрсетіп, Зенон оларды бір-біріне айдап салу арқылы елді 
сол озбырдың билігінен құтқарғанын айтады. 
Ал енді Зенонның философиялық көзқарастарына келетін болсақ
ол дүниенің болмысын мойындаған, бірақ кеңістікті жоқ деп есеп-
теген. Дүниедегі болмыстың табиғаты жылы мен суық, дымқыл мен 
құрғақтың қосындыларынан тұрады. Адамның өзі жерден, ал оның 
жан дүниесі жоғарғы көрсетілген төрт элементтің тең қосындыларынан 
тұрады деп есептеген. 
Зенонның еңбектерінің негізгі жақтары – Парменидтің көзқа-
расын жақтау жолындағы көптік пен қозғалыстың жоқтығы жөніндегі 
дәлелдемелері. 
Белгілі бір нәрсе қозғалыста болып, шыққан жерінен басқа нүктеге 
жетуі керек. Бірақ ол мүмкін емес, олай болса, дұрыс емес. «Неге?». 
«Өйткені зат алдағы нүктеге жету үшін қашықтықтың жартысын өтуі 
керек, ол үшін – жартының жартысын т.с.с. шексіздікке кете береді. 
Олай болса, зат қозғалмайды, бір орнында қала береді», – дейді Зенон. 


70
Екінші дихотомия (грек сөзі, қақ бөлу деген мағына береді) – 
«Ахилл». Жүйрік Ахилл өте баяу қозғалатын тасбақаға жете алмайды. 
Оның дәлелдемесін жоғарыда көрсеткенбіз. 
Үшіншісі – «Оқ». Садақтан атылған оқ тұрақты, қозғалмайды. 
Өйткені әрбір уақыттың бір мезетінде атылған оқ белгілі кеңістікте 
тұрақты орын алады. Келесі сәтте келесі кеңістікте тұрақтайды. Ал 
тұрақтаулардың қосындысы тұрақтылықты береді. Олай болса, атылған 
оқ қозғалмайды. 
Зенонның көптікті теріске шығаруға арналған дәлелдемелері де 
қызықты. Көпшілік көп бірліктерден тұрады, бірақ ол мүмкін емес. 
«Егер дүние көп болса, онда қажетті түрде олардың саны өздеріне тең. 
Бірақ олар шексіздікке кетеді, өйткені екі дүниенің ортасына тағы бір 
дүниені, олардың екі ортасында тағы да екі дүниені орналастыруға 
болады, яғни бұл да шексіздікке кетеді. Олай болса, тек біреу ғана бар, 
ал көптік жоқ».
Зенон өзінің дәлелдемелерімен Логостың мәртебесін жоғары 
көтеріп, қозғалыс пен көптікті ары қарай оймен зерттеудің, бейнелеудің 
қажеттігін басқа ойшылдарға көрсетті. 
Элей философиясы өкілдерінің бардың біреу екені ғана және 
оның қозғалмайтындығы, туралы тұжырымдары басқа ойшылдарды 
қанағаттандырмады. 
Дүниедегі қозғалыстың бар екені барлық адамдарға аян. Олай болса, 
ол мүмкін. Ал қозғалыс болса, онда Парменидтің бірлігіне негізгі соққы 
тиеді. Бұл пайда болған жаңа ой-өрісті дамытқан Эмпедокл болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет