Серік Мырзалы философия оқу құралы


әділеттілікке, ізгілікке деген құштарлық



Pdf көрінісі
бет53/422
Дата11.11.2022
өлшемі3,76 Mb.
#49318
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   422
Байланысты:
2 (1)

әділеттілікке, ізгілікке деген құштарлық пайда болады.
Үшінші сатыда Сүйіспеншілік бізді идея әлеміндегі әсемдіктің 
өзімен ұштастырады.
Платон метафизикалық, гносеологиялық, этикалық мәселелерді 
әлеуметтік саяси мәселелермен байланыстыра білген. Ол оның «Саясат-
кер», «Мемлекет», «Заңдар» деген еңбектерінде көрсетілген.
Ойшыл қоғамның пайда болуын терең қараған. Егер жануарлар өзіне 
керектінің бәрін жабайы табиғатта дайын күйінде тауып алса, адам-
дар жеке-жеке өзіне керек қажеттіліктерді өтей алмайды, екіншіден, 
ол қажеттіліктердің көбі еңбек үдерісінде жасалады, даяр түрінде 
табиғатта жоқ. Сондықтан адамдар қоғам болып бірігіп, өмір сүреді. 
Біреуі жер жыртады, екіншісі бала оқытады, үшіншісі үй салады т.с.с.


82
Жалпы алғанда, Платон қоғамдағы адамдарды бірнеше әлеуметтік 
топтарға бөледі. Төменгі топ шаруалардан, қолөнершілерден, сауда-
герлерден т.с.с. тұрады. Олар қоғамның материалдық қажеттіліктерін 
қамтамасыз етеді.
Адамды ішкі және сыртқы жаулардан қорғау керек, ол үшін полиске 
жауынгерлер керек.
Мемлекетті басқару өнері өте қиын. Оны әділеттіліктің, ізгіліктің 
негізінде жүргізу керек. Ал оған даналық керек. Оны жүргізе алатын – 
философтар. Біз, философтар, осы уақытқа дейін Платонға өзіміздің 
алғысымызды айтамыз. Бірақ философтар елді басқара алмайды: ол 
үшін олар көп моральдық адамгершілік қасиеттерінен арылуы керек, 
өйткені саясатта ашық шындық талаптарының оқтын-оқтын моральдық 
нормалар беретін талаптар кеңістігінен шығып кетуіне әкеледі.
Бұл үш әлеуметтік топтың қажеттігін Платон психологиялық 
тұрғыдан да толықтырады. Адамның жан дүниесінде ақыл-ой, ерік, 
іңкәрлік қалай бір-бірімен үйлесімді болса, қоғамда да әлеуметтік топ-
тар соған байланысты өмір сүруі керек.
Үкіметті басқаратын адамның жан дүниесінде ақыл-ой, дана-
лық басымырақ болуы керек; жауынгерлердің жүрегінде қызбалық, 
құштарлық басым болуы қажет. Ал көпшілік халықтың жан дүниесін- 
де өмірге, байлыққа деген іңкәрлік басым болуы керек.
Жеке меншік өлшемді түрде, негізінен алғанда, халықтың қолында 
болуы қажет, ал жеке меншік бар жерде отбасы, бала-шаға, мұрагерлік 
деген бар.
Ал жоғарыдағы екі топта жеке меншік болмауы қажет. Мемле-
кет басқарып отырған адамдарда байлыққа деген ынта болса, онда 
олар заңдарды өздерінің мүдделеріне сай етіп бұрмалауы мүмкін, ол 
халықты ары қарай кедейлетіп, байларды одан сайын байытады. Ол 
үшін олардың отбасылары болмауы керек, сонда ғана ол байлыққа 
қызықпай, елді әділ жолмен басқарады.
Жауынгерлерге келер болсақ, жеке меншік олардың негізгі қызме-
тіне – елді қорғауға, тәртіпті қадағалауға үстірт қарауларына, қолын-
дағы қару-жарақты өз жеке мүддесіне пайдалануға келтіруі мүмкін. 
Мемлекет жоғарғы топтардағы еркектер мен әйелдердің қарым-
қатынасын арнаулы ұйымдар арқылы ретке келтіріп отырады; олардан 
туған балаларды арнаулы мекемелерге жіберіп, мемлекет тәрбиелейді: 
олар өздерінің әке-шешелерінің кім екенін, ал әке-шешелері балаларын 
танымаулары керек.
Оқырманның байқағанындай, Платон мемлекетінің кейбір 
жақтары екі мың жылдан артық уақыттан кейін ХХ ғасырда пайда 
болған тоталитарлық тәртіптерден көрінді. Бұрынғы кеңес қоға-


83
мындағы мемлекеттің рөлі Платонның мемлекетінен кем болған жоқ 
шығар. Мемлекет жеке меншікті жойып, барлық ұлттық байлықты өз 
қарамағына алған болатын, тек отбасыларды жойып, әйелдерді ортақ 
қылмағаны болмаса. Германиядағы фашистер соғыс кезінде соғыстың 
алдыңғы шегіндегі офицерлерді санаторийлерге кезекпен демалуға 
шақырып, оларды сұлу, денсаулығы жақсы неміс әйелдерімен уақытша 
қосып отырған. Ондағы мақсаттары – арий тұқымын жақсарту, 
болашақ қоғамның элитасын құратын ұрпақты жасау. Алайда ол 
әйелдер көбінесе мүгедек сәбилерді дүниеге әкелген, өйткені жаңа өмір 
махаббаттың туындысы емес пе? Сөйтіп, фашистер Платонның ойын 
іске асырып, одан дұрыс нәтиже ала алмады.
Шынында да, тарихта айтылған бірде-бір философиялық ой жай 
қалмайды, ол белгілі бір жағдайда шын өмірде іске асады. Ал оның өзі 
нәтижелі бола ма, оны ұлы мәртебелі тарих көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   422




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет