Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе


 алКогольсіз сусындарды саТу жӨніндегі КӨТерМе дҮКенін ашу



Pdf көрінісі
бет466/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   636
69. алКогольсіз сусындарды саТу жӨніндегі КӨТерМе дҮКенін ашу
жоба сауалнамасы:
Инвестициялық жоба мақсаттары: алкогольсіз сусындарды сату жөніндегі көтерме дүкенін ашу.
Өнімі: алкогольсіз сусындарды көтерме сату.
Жоба құны: 10 000 000 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 3 жыл.
жоба тұжырымдамасы 
Жоба тұжырымдамасы алкогольсіз сусындарды сату жөніндегі көтерме дүкен ашуды көздейді.
Алкогольсіз сусындарды сату бизнесі – сүйсініп жасайтын жұмыс. Ашылып жатқан іс дәл осындай болуы тиіс. Ол 
жасалып жатқаннан еңбектен қуаныш әкелуі, рухани қанағаттық беруі тиіс. Бұл жағдайда атап өтетін жайт, алкогольсіз 
сусын сатылымы көптеген адамдардығ әсіресе жастардың денсаулығын сақтауға ықпалын тигізеді. Дәмінің алуан түр-
лілігіне және жақсы жарнама есебінен алкогольсіз сусындар жастардың алкогольден назарын аударады. Дәл осы басқалар 
туралы күтім – орындалған жұмыс үшін мақтаныш сезінуге мүмкіндік беретін бизнестің сол бір ерекшелігі.
Көтерме сауда әрдайым үлкен айналымдар мен айналым жылдамдығы есебінен бөлшек саудадан тиімдірек. Көтерме 
кәсіпорындағы қаражат айналымы бөлшек сауда кәсіпорнына қарағанда анағұрлым тезірек болады. Осы және көптеген 
басқа ерекшеліктерін, сусындарды көтерме сатылымының артықшылықтарын ескере отырып, кәсіпорындар осы салада 
қызметті сәтті жүргізеді. 
Осы бағытта бизнесті ұйымдастыру үшін осы саладағы іс табысына әсерін тигізетін көп факторларды ескеру қажет. 
белгілі бір уақыт ішінде тапсырысты жеткізу, қоймалар үшін өз үй-жайларының болуы, көлік паркінің болуы, сатылатын 
өнімнің кең ассортиментін сатып алу мүмкіндігі маңызды сәттер болып табылады. Осы сәттерді ескере отырып, олармен 
жұмыс жасай отырып, әрдайым болатын және қалғымайтын бәсекелестер арасында күрделі сәттерді артықшылыққа оңай 
аударуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет