Шағын жинақты мектеп: мәселелері мен даму перспективалары Шағын жинақты мектеп



бет1/2
Дата27.09.2023
өлшемі47,21 Kb.
#110711
  1   2
Байланысты:
Шағын жинақталған мектеп материалдар


Шағын жинақты мектеп: мәселелері мен даму перспективалары
Шағын жинақты мектеп бұл параллель сыныптары жоқ оқушылар саны аз мектеп. Шағын жинақты мектептерде сыныптардың толық еместігі сай келеді. Бөлек сыныптар мүлде қатыспауы мүмкін мектептер де бар. Осындай мектептердің пайда болуы, бұл біздің байтақ елімізде адамдардың әр түрлі орналасуына байланысты. Бұрын шағын жинақты мектептер тек шағын ғана ауылдарда, уақытша елді-мекендерде қалашықтар да ашылды.
Шағын жинақты мектеп - бұл әр түрлі жастағы кішігірім ұжым, онда үлкендер мен кішілерді тәрбиелеуге жақсы мүмкіндіктер жасалады. 20-30 оқушысы бар мектеп үлкен отбасын еске түсіреді. Бұндағы педагогтар мен оқушылардың қарым қатынасы басқа үлкен ұжымдарға қарағанда жақын немесе жақсы болып келеді. Бұнда басқа үлкен мектептердегідей құқық бұзушылық орын алмайды [1].
Қазақстан Республикасында шағын жинақты мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы шағын жинақты мектептерді дамыту саласындағы мемлекеттік саяс аттың жалпы стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін, білім беру процесінің мазмұны мен технологияларын, оларды іске асыруды дамыту мен шарттарының негізгі бағыттарын айқындайтын құжат болып табылады.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін стратегиялық даму жоспарымен, Қаз ақс тан Республикасында білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасымен айқындалған білім беру саласындағы ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік саясатының негізгі принциптерін дамытады.
Бүл түжырымдама қолданыстағы білім туралы нормативтік- қүқықтық қүжаттармен қатар әрбір білім алушының сапалы білім алудағы конституциялық қүқығын іске асыруына жағдай жасау бойынша шаралар кешенін әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Түжырымдама жалпыүлттық басымдық ретінде шағын жинақты мектептерді дамытуды айқындайды және Қазақстан Республикасын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына және қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қалыптастырады.
Қазақстан Рес публикасының білім беру саласында барлық деңгейде сапалы білім алуға кең қолжетімділікті қамтамасыз ететін үлттық модельді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.
Ең маңыздысы - мазмүнын, басқару және ресурстық аспектілерді жаңғырту негізінде ШЖМ-ны дамыту.
Шағын жинақты мектеп – бүл біріктірілген сынып-комплект пен оқу сабақтарын үйымдастырудың өзіндік нысаны бар шағын контингентті білім алушылардан түратын жалпы білім беретін мектеп.
Қазіргі таңда ШЖМ:

  • біріктірілген сынып-комплектілерімен;

  • сынып-комплектілермен және толық емес сыныппен жүмыс жасайды.

Статистикалық деректер бойынша, жалпы республика бойынша біріктірілген 1-4 сыныптар 4398 (33250 бала), 5-9 сыныптар - 2012 (15201), 10-11 сыныптар – 17 (110). Қазақстанның 7576 жалпы білім беретін үйымының 4288-і - ШЖМ. Бүл жалпы санның 56,5 %-ын қүрайды. Ауылдық жерлерде 6032 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның 4139-ы ШЖМ. Бүл барлық санның 68,6 %-ы. 1913 қала мектебінің 149-ы - ШЖМ. Бүлар оқушы санының аздығымен, сыныптарды біріктірумен, мүғалімдердің көп пәннен сабақ беруімен сипатталады [2].
Елдегі халық тығыздығының әркелкілігі аталған проблеманың өңірлік аспектісіне негізделген: ШЖМ-ның басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан (облыстағы барлық мектеп санының 88,1 %-ын қүрайды), Ақмола (81 %), Қостанай (77,5 %), Павлодар (76,5 %), Батыс Қазақстан (72,9 %), Ақтөбе (67,5 %), Шығыс Қазақстан (67,9) Қарағанды (58,9 %) облыстарында.
Соңғы 15 жылда ШКМ-ның саны күрт өсті. Әр төртінші мүғалім ШЖМ жағдайында жүмыс істейді және әр алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ жағдайында оқиды.
Қазақстанда ШЖМ-ның ғылыми негізделген және бекітілген балама модельдерінің болмауына байланысты материалдық-техникалық жабдықтаудың өңірлік жүйесі, педагогикалық процестерді үйымдастыруға әртүрлі тәсілдер қолдану жүзеге асырылуда.
Бір аймақта жақын орналасқан ШЖМ-ны бірыңғай білім беру кеңістігінде біріктіретін ресурстық орталықтар; мектеп -кешен і («мектеп-балабақша», «мектеп -мектепке дейінгі білім беретін шағын орталық», «мектеп-мектеп жанындағы интернат-мектепке дейінгі шағын орталық»); құрамына ауыл кітапханасы, медициналық пунт, пошта, клубтар кіретін мектеп-әлеуметтік мәдени орталық; ауылшаруашылық бейіні бойынша тереңдетілген теориялық және практикалық дайындық өткізілетін мектеп - агро-биолаборатория; әртүрлі жастағы оқушылармен ұжымдық оқыту сабағы негізінде педагогикалық процестерді ұйымдастыруды болжайтын оқытудың сыныптық-сабақтық түріне жатпайтын мектептер құру тәжірибесі бар.
Жекелеген мектептердің локальдық оң тәжірибесі мен қызметтерінің табысты нәтижелерінің болуына қарамастан, жалпы мемлекеттік аралық бақылау мен ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерінен, бітірушілердің алдағы өмірін талдауынан ШЖМ оқушыларының жалпы білім дайындығының төмендігі анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет