Шағын жинақты мектепте көптілділікті оқыту мәселелері



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата18.01.2017
өлшемі0,58 Mb.
#2137
  1   2   3   4   5

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Шағын жинақты мектепте көптілділікті оқыту мәселелері

Әдістемелік құрал

Астана

2013


2

Ы.  Алтынсарин  атындағы Ұлттық білім  академиясы Ғылыми  кеңесімен

баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы № 3 хаттама).

Шағын  жинақты  мектепте  көптілділікті  оқыту  мәселелері. Әдістемелік

құрал. – Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы Ұлттық білім  академиясы,  2013. –

67 б.


Әдістемелік

құралда


шағын  жинақты

мектепте


көптілділікті  оқыту

мәселелерін  оқытудың

теориялық

аспектілері  мен

әдістемелік  жүйесі

ұсынылған.

Бұл әдістемелік құрал  шағын  жинақты  мектеп пен ресурстық орталық

мұғалімдеріне, әдіскерлеріне арналған.

© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013



3

Алғысөз

Қазіргі жаһандану жағдайында басқа  елдермен  мәдениетаралық  қарым-

қатынаста болу,

әлемдік  білім  кеңістігіне  ену үшін өсіп келе  жатқан  жас

ұрпақты

тәрбиелеу



тетіктерін

қарастыруда

белсенді 

инновациялық

технологиялардың тиімді әдістерін тәжірибеге  енгізу  арқылы оқушыларды

дайындаудағы басты мақсат – көптілді білім беру.

Көптілді білім беру негізінде жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуы қазіргі

қоғамдағы

адамның

өзін-өзі


жетілдіруіне  ықпалын  тигізеді,  бәсекеге

қабілеттілігін арттырады және әлеуметтік дамуын  жылдамдатады.

Заманауи жағдайларының өзгеруіне байланысты адамның өмір сүру салты,

көптеген ұлттық

айырмашылықтары,  адамның  өз ұрпағымен  байланысы,

алдыңғы ұрпақ пен рухани тәржірибесінің құндылығын жоғалтатынын атап өту

қажет.  Сондықтан, ұстаз  алдына дүниежүзілік  халықтардың мәдениетін  және

жалпыадамзат құндылықтарын, дәстүрлерін, білімі мен тәжірибесін білім беру

ортасында қолдана білетін,

әлеуметтік-белсенді  тұлғаның қалыптасуына

ықпалын тигізе алатын үлкен міндет қойылады.

Бәсекеге қабілетті  маманды,  жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруда

көпұлтты  және  көпмәдениетті ортада белсенді өмір  сүре  алатын, басқа

ұлттардың мәдениетін сыйлайтын, бейбітшілікте және келісімде өмір сүру үшін

көптілді білім беру қажет.

Бүгінгі  күні әлемдік экономикалық кеңістікте  жаһандану  және  интергация

жағдайында Қазақстанда көптілді білім беруді жетілдіру өзекті болып отыр.

Қазақстан  Республикасының

Президенті

Елбасы  Н.Ә.



Назарбаев

«Қазақстан-2050»  Стратегиясы қалыптасқан  мемлекеттің жаңа  саяси  бағыты»

атты Қазақстан халқына Жoлдауында көптілділікті оқытудың өзектілігі «біздің

еліміздің ең маңызды  және  негізгі  басымдығы  көпұлттылық және  көптілділік

болып  табылады. 2020  жылы  барлық  қазақстандықтардың  95%-ы қазақ тілін

және 25%-ы орыс, ағылшын тілдерін меңгеру тиіс», - деп көрсетілген 1 .

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  қойған  міндеттеріне  сәйкес  білім

беруді 


 

дамытудың 

 

2011-2020 



жылдарға 

арналған 

мемлекеттік

бағдарламасындағы  [2], Қазақстан  Республикасында тілдерді  дамыту  мен

қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы [3]

және 


«Тілдердің  үштұғырлығы»

мемлекеттік  мәдени  жобасында

[4]

көптілділікті дамыту мәселелері айқындалған.



Бүгінгі  күні  ең маңызды  міндет білім  беру ұйымдарында,  соның ішінде

шағын жинақты мектептерде (бұдан әрі – ШЖМ) білім сапасын қамтамасыз ету

болып  табылады.    Соңғы  статистикалық мәліметтер  бойынша  жалпы  білім

беретін 7398 мектептің 4145-і ШЖМ  болып, 56

-ды құрайды.  ШЖМ-тің

көпшілігі дәстүрлі ауыл  мектептері. Республика  бойынша  5776  ауыл  мектебі

бар. Оның ішінде 4007-еуі шағын жинақты мектептер.

Шағын  жинақты  мектептер:бастауыш,  негізгі және  орта болып үш  түрге

бөлінеді. Бүгінгі күні республика бойынша шағын жинақты бастауыш мектеп –


4

854 мектеп (20,7 ), негізгі орта– 938 мектеп (22,6 ), жалпы орта мектеп саны –

2353 (56,8 ).

Шағын  жинақты  мектептерде  көптілділік  білім  беру бірнеше әлеуметтік-

экономикалық мәселелерге,  яғни мектептің материалдық жағдайына,  кадрлар

мен ғылыми-әдістемелік қордың жетіспеушілігіне байланысты болып  отыр.

Осы 

мәселелердің



шешімі 

ретінде 


инновациялық

педагогикалық

технологияларды    кеңінен қолдану,  ресурстық орталықтарды құру,  ШЖМ-дің

үйлесімдік қызметтерін қашықта ұйымдастыру қарастырылуда.  Мысалы,

Қарағанды  облысында  ресурстық орталық  қызметін ұйымдастырудың  үлгісі

еңгізіліп,  бүгінгі  күні  11  ауылдағы ресурстық орталықтарға 104    шағын

жинақты  мектеп  біріктіріліп,

оқушыларға  көптілді  білім  беру  жүзеге

асырылуда.

ШЖМ-ді ағылшын  тілін

меңгерген  кадрлармен қамтамасыз  ету өзекті

мәселе болып    табылады. Осыған  орай  көптілді  меңгерген  маман  дайындау,

педагогтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырудың ваучерлік қағидасы,

2011-2020  жылдарға  арналған  Мемлекеттік  бағдарламадағы әрбір мұғалімнің

кәсіби өсуін қамтамасыз етеді. Бұл бағыт  біліктілікті  арттырудың бірлескен

жүйесін


қалыптастыруға,

республикамыздағы 

мектептерде 

ең 


үздік

мұғалімдердің тағылымдамасын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Көптілділікті  оқытуды  табысты  жүзеге  асыру үшін  жоғары  деңгейдегі

құзыретті-нысаналық білім  берудің  қағидасын    жетік қолдана  білетін кәсіби

шебер мұғалімнің жаңа  типін қалыптастыру қажет. Ол үшін  еліміздің саяси-

экономикалық, әлеуметті-мәдениеттік өркендеуіне,

көптілді білім  беруді

дамытуға өз үлесін қосатын, бәсекеге қабілетті,  жоғары  білікті мамандардың

даярлықтары болуы тиіс.


5

1 Шағын  жинақты  мектепте көптілділікті  оқытуды ұйымдастырудың

мақсаты мен міндеттері

Қазақстан Республикасында білім беруді  дамытудың  2011-2020 жылдарға

арналған  мемлекеттік бағдарламасында 2015  жылға  дейін үш тілді  меңгерген,

көпмәдениетті  жеке  тұлғаның тәрбиелік  стратегиясы қарастырылған. Өз тілін,

мемлекеттік тілді, орыс тілі мен шет тілдерін білгені, оның ой-өрісін кеңейтеді,

жан-жақты  дамуына және  дүниежүзін  жан-жақты қабылдауына  ықпалын

тигізеді.

Қазақстан

дүниежүзіндегі 

шетелдермен 

байланысын 

жан-жақты

(дипломатиялық,

мәдениетті-білімдік,

әлеуметті-экономикалық

және  т.б.)

орнату  барысында,  біздің еліміздің мәдениетінің көптүрлілігі және әртүрлілігі

әлеуеттің ұлттық құндылығы ретінде қарастырылуы қажет.

Қазіргі заманғы өзгерістер жағдайында филологиялық білім  берудің

өзектілігі байқалады: ол,  адамның мәдениетін  тәрбиелеу,  жалпы  адамзаттық

құндылықтарға ұстанымы бар, өз елінің және басқа елдер халықтардың мәдени

мұрасының байлығын өз  бойына  сіңіре  алатын,  тұлғааралық және  мәдени

аралық  қатынасты  жүзеге  асыруға дайын, әлемдік мәдениетке  бейімделген

тұлғаны тәрбиелеу.

Шағын  жинақты  мектептерде

көптілділікті  оқытуды

ұйымдастыруда

стратегиялық мақсат - полилингвалық жеке  тұлғаны, үш тілде  еркін  сөйлеуге

бейімделуі, өз елі сияқты шетелдік халықтардың тілі мен мәдениетінің әдебиеті,

тарихы,  дүниетанымы,  адамгершілігі  мен  діни құндылықтары  арқылы (қазақ,

орыс,  ағылшын  және  т.б.)  тілдерді  келешектегі  кәсіби қызметінде қатынас

құралы ретінде пайдалана білуін қалыптастыру болып табылады.

Шағын  жинақты мектептерде  тілді  оқыту,

қарым-қатынасқа үйрету

білімділік және  тәрбиелік  мақсаттар қояды.  Білім  беру  мақсаттарына  жету

оқушылардың

дүниетанымын  кеңейтеді,  жалпы  ойлау  мәдениеті  мен

білімдерінің деңгейін, өзара

қарым-қатынасын

және сөйлесу мәдениетін

арттырады.

Көптілділікті  оқыту  мен

тәрбиелеу әлеуетін

жетілдіру - оқушылардың

дайындығынан байқалады, келешек маман ретінде мәдениаралық және ғылыми

қатынастарды

қалыптастыруда

халықаралық

конференциялар

мен


симпозиумдарда өз елін көрсете  біледі,  басқа  елдердің және  халықтардың

мәдени құндылықтарына құрметпен қарауға үйретеді.

Шағын  жинақты мектептерде көптілділікті  оқытудың мақсаттарын  жүзеге

асыруда келесідей міндеттер қарастырылады:

- көптілділікті  оқытуды  дамыту үшін ғылыми-зерттеу  және үйлестіру

орталықтарын құру және жұмыс жасауы;

- көптілділікті  оқыту

мәселелерін қарастыратын ғылыми-әдістемелік

семинарлар ұйымдастыру;

шағын  жинақты мектеп тәжірибесіне үш тілде  оқытуды  эксперимент

түрінде жүзеге асыруда ғылыми қолдау көрсету және материалдық-техникалық


6

жабдықтау,

эксперимент  нәтижелерінің

қорытындылары

мен

берілген


ұсынымдарды осы мектеп үлгісіне кең көлемде енгізуді қамтамасыз ету;

- шағын  жинақты мектептер үшін  көптілді  меңгерген педагог  кадрларды

даярлау;

- педагог кадрларды қайта даярлауда шет тілі пәнін кіріктіре оқыту үшін

тілдік бағдарламалар әзірлеу арқылы ағылшын тілінің курстарын ұйымдастыру;

- қазақ, орыс  және  шет  (ағылшын)  тілдерінің тиімді  меңгеруіне  ықпал

ететін және тілдік оқыту процесінің белсенділігін арттыратын оқытудың жаңа

технологияларын енгізу;

- оқытушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін

жаңашыл әдістерді қолдану;

- шағын  жинақты мектептерде оқытудың ерекшеліктерін  ескере  отырып

пәндерді ағылшын тілінде кіріктіре оқытудың оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу;

- шағын  жинақты мектептерде көптілді білім  берудің педагогикалық

мониторингін жүзеге асыру.



7

2  Шағын жинақты мектепте көптілділікті оқытудың әдістемесі

Шағын  жинақты  мектеп жағдайында үштілділікті  оқыту    саясатын  жүзеге

асыру

-

үштілділік



құндылықтарын

қабылдауды,

ғылыми

жобалардың



өзектілігін және тәжірибелік іс-шаралардың жүзеге асырылуын талап етеді.

Білім    мазмұны ерекше  іріктелген  жағдайда оқыту үдерісін ұйымдастыру,

арнайы оқыту технологияларының қағидаларын әзірлеу және  оқытудың

қорытындыларын  бақылау  арқылы

полилигвалық тұлғаны қалыптастыру

мүмкін.


ШЖМ жағдайында  көптілді  білім  беруде

когнитивті - коммуникативтік

технологияларды қолдану  тілдік  және  тілдік  емес  пәндерді  оқыту  жағдайында

билингвалық  (орысша-қазақша,  орысша-ағылшынша)  тұлғаның  қалыптасуына

тиімді әсер етеді.

ШЖМ жағдайында көптілді  тұлғаны қалыптастыру үдерісі оқу  жоспарына

күрт өзгерістерді  еңгізуді  талап  етеді.  Ол қазақ тілінде  оқытатын мектептер

орыс  және  шет  тілдерінің сағаттарын арттыру немесе қазақ тілінде  оқыту

топтарында қазақ және  ағылшын/неміс  тілдерін  орыс тілінде  оқытатын

мектептерде немесе  орыс  тілінде  оқыту  топтарында біріктіріліген  тілдік

курстарын құру,  оған  бірыңғай  тақырыптық минимумын  анықтау,  бірыңғай

лексикалық минимумын, бірыңғай сөйлеу талабы минимумын, үш тіл бойынша

лексико-фразеологиялық және  грамматикалық минимумдардың сематикалық

белгілері бойынша сәйкес құрастыру.

Педагогика

ғылымдарының

докторы,  профессор

К.Н.  Булатбаева

құрастырған тілдік  және  тілдік  емес  пәндерді  оқыту  жағдайында  билингвалық

тұлғаны  (ағылшынша-қазақша)

қалыптастыру

когнитивті-коммуникативтік

және 

функционалды-коммуникативтік 



оқыту 

технологияларды

тиімді

қолдануға ықпалын тигізеді [5].



Қазақ және  ағылшын  тілдерінде пәндік құзыреттілікті қалыптастыру және

жетілдіру төменде көрсетілген технология арқылы:

- зерттеу  тақырыптары  бойынша қазақ, орыс  және  ағылшын  тілдерінде

сөздік


қорды  байыту  лексикалық минимумның тақырыптық  ұсынымы

негізінде;

- белсенді 

типтік


құрылымы 

минимумының

негізінде 

сөйлеудің

грамматикалық  құрылысының арттыруы,  кіші  тақырыптар  бойынша  сөйлеу

интенциясының негізін құру үшін;

- зерттелген  тақырып  шеңберінде  диалогтік  және  монологтік  түрде

қатынасын дамыту жүзеге асады.

К.Н. Булатбаеваның

тұжырымдамасы

шағын  жинақты  мектептерде

көптілді үйретуге негізделген:

- барлық оқу  жылдарына оқу үдерісін  жоспарлауда мұғалімге көмек

көрсетеді  (белгілі  сыныпта  бір  оқу  жылына,  бір  тоқсанға,  сабақтардың

тақырыптық циклына, белгілі бір сыныпта белгілі бір сабаққа);

- жүйелеу  және  пәндік,  тілдік,  сөйлеу,  коммуникативтік,  этномәдениеттік

құзыреттілікті өзара

қарым-қатынасты қалыптастыруға мүмкіндік туғызады;



8

- оқушыларды қазіргі өмірде кездесетін  тақырыптарға  және  тілдік  емес

барлық пәндерге байланысты түрлі тақырыптар бойынша сөйлеуге үйретеді;

- қарым-қатынас жағдайына  сәйкес  тілдік құралдарды

ұғынып  таңдай

алуға және мақсатты түрде үйретуге бағытталады;

- оқытудың  қорытындыларын  бақылап  отыруға

(ағымдағы,  аралық,

қорытынды бақылау) үйретеді [5] .

Оқу үдерісінде оқушылардың дүниетанымы мен сөйлеу қабілеттеріне назар

аударылып,  функционалды-коммуникативтік  технологияларға  сәйкес белгілі

тақырыптар  щеңберінде тілдік қоры дамытылады,  грамматикалық  құралдары

жаңаланады,  синтаксистік  синоним  негізінде  сөйлеудің

грамматикалық

құрылымы кеңейеді, диалогтік қатынаста шебер сөйлеу дағдысы дамиды.

Әр тақырып  бойынша  курстың  құрылымын  іріктегенде  когнитивтік

құрылымды,  сөйлеу

мәнерінің

әлеуетті

үлгісі


мен

белгілі  тақырып

шеңберіндегі  жағдайлар,  олардың лексикалық және    грамматикалық  қызмет

ететін құралдарын ескеру қажет. Орташа жалпы білім беру деңгейінде кешенді

тілдік,  сөйлеу,  коммуникативтік,  елтану құзыреттілігі қарастырылады.      Осы

мақсатта


әрбір 

тақырып 


бойынша 

лексикалық

минимум, 

белсенді


грамматикалық  құрылымдар,  мәтіндердің түрлері, қатынас  типтік  жағдайлары

құрастырылады.

Экстралингвалық  құралдарды  азайту  тілдік  материалдарды  азайтуға

мүмкіндік  береді.  Бірақ, дәстүрлі  тілдік  жүйенің абстракциялық бейнелеуіне

қарағанда, тілдік жүйе ұсынымына функционалдық тәсілді қолдану қажет.

Экстралингвалық және  лингвистикалық материалдарды  азайту  теориялық

ереже негізінде  алынады. Құралдардың ішінде  барлық тілдерге  ерекше  негіз

болатын  экстралингвалық материал  (тақырып – сөйлесу  ынтасы – сөйлесу

жағдайлары тақырыптар шеңберінде – диалогтың типтік сызбасы – монологтың

типтік құрылымы).

Біріктірілген 

сабақтарда 

коммуникативтік

құзыреттіліктің 

қажетті

компоненті сияқты когнитивті құзыреттілікті қалыптастыру жүзеге асырлады.



Шағын 

жинақты 


мектептерде 

оқушылардың

коммуникативтік

құзыреттілігінің жеткілікті  деңгейіне    жету үшін көптілділікті үйретуде

когнитивті-коммуникативті

және функционалды-коммуникативтік  тәсілдеме,

мақсатқа бағытталған экстралингвистикалық материалдар,  шет  тілін қолдану

дағдыларын өздігінен  дамытуға

және  мәдениаралық коммуникацияларға

қатысуға ынталарын туғызады.

Үш тілдік  пәндердің  құрылымы  шеңберінде: Қазақ тілі – Орыс  тілі –

Ағылшын тіліне оқыту келесі құрылымдардан тұрады:

1. Әрбір сыныпқа бірыңғай тақырыптық минимумы.

2. Әрбір сыныпқа бірыңғай сөйлеу талаптық минимумы.

3. Әрбір сыныпқа бірыңғай сөйлеу жағдайы минимумы.

4. Әрбір


сыныпқа  бірыңғай  диалогтің

типтік


құрылымы  минимумы

(мысалы, амандасу → амандасуға жауап беру → денсаулығы, жағдайы туралы

айтым беру → өтініш → өтініштен бас тарту→бас тартудың себебін білу→ бас

тартуды негіздеу және т.б. );



9

5. Әрбір сыныпқа бірыңғай монологтің типтік құрылымы минимумы.

Экстралингвистикалық материалды

ғылыми  жүйелеу үшін

келесідей

принциптерді  басшылыққа алу керек:

адам өміріне маңызды және қажеттілікті ескеру принципі;

тақырып аясындағы мүмкін болатын сөздік ойды есепке алу принципі;

екі  адамның  қарым-қатынасы мен  көп  адамдардың сөз  сөйлеуінің

құрылымдық-мазмұндық типін есепке алу принципі;

тілі зерттелетін халықтың өмір сүру ерекшеліктерін есепке алу принципі;

тілдің қозғаушы күштерінің сөздік емес ұлттық мінез-құлық нормаларын

есепке алу принципі.

Мысал  ретінде  «Біз

қызмет  көрсету  саласында»  бөлімі  бойынша

экстралингвистикалық материалмен жұмысты келтіруге болады:



Сөздік тақырыптардың мазмұны:

1. Дүкендерден тауар туралы ақпарат алу;

2. Тауарға мінездеме;

3. Киімдерге тапсырыс;

4.  Киімді  шығару,  жөндеу  бойынша,  сағаттарды,  аяқ-киімді  жөндеу

бойынша тапсырыс;

5. Химиялық тазартуға;

6. Фотоательеге;

7. Шаштаразға тапсырыс.

Сөздік ой:

Күн тәртібі, жұмыс кестесі, заттар жайлы, жағдайлар жайлы ақпарат алу;

Алынған ақпарат, сауатты орындалған жұмыс үшін алғыс білдіру;

Өтініш білдіру, беру, көрсету, орау, сипаттау, тапсырысты орындау, беріп

жіберу, беру, тазарту, жөндеу және т.б.

Ұсынылған шарттар бойынша келісім (келіспеушілік) білдіру;

Қызмет

көрсету  саласының  қызметкерлеріне  сапасыз  орындалған



жұмысы бойынша шағымдану;

«Пікір жазу туралы кітапқа» пікір жазу (жағымды және жағымсыз);

Кәсіби мейраммен құттықтап, құттықтау сөздер арнау;

Сапасыз орындалған жұмыс үшін кешірім сұрау;

Жұмыстағы келеңсіз жағдайлардың алдын-алуға уәде беру;

Дүкенге әрдайым келіп тұруға өтініш білдіру және т.б.



Қарым-қатынас саласындағы жағдайлар:

1. Оқу (сөйлеу этикасы, тәртіп жайлы сабақта әңгіме жүргізу);

2. Отбасылық (отбасы мүшелерімен қызмет көрсету орындарына бару);

Екі  тілді  жаттығулар,  біздің ойымызша,  алға қойған  мақсатқа  жету үшін

мүмкіншілігі, маңызы өте зор: мәдениет аралық қарым-қатынасқа үйрену.

Мұғалімнің  өзінің мақсатын екі тілді  жаттығуды  бірнеше  топқа  бөлуге

болады.  Біз  келесі  топтарды  атап  көрсете  аламыз:  салыстыру-іздену,  аудару,

жалпылау.  Бұл  топтардан  тұратын  жаттығу өзіне  тілдік  жүйені қосуы  мүмкін:

сөйлеу ырғағы, фонетика, кесте, орфография, морфология және т.б.


10

Бірінші топтағы салыстыру-іздену жаттығулары тілдерді салыстыру арқылы

оқытылады.  Элективті  курс  сабақтарында қазақ тілі,  орыс  тілі  және  ағылшын

тілдерін  салыстырмау  мүмкін  емес. Қазақ тілі  мен  ағылшын  тілдерінің бір-

бірінен  айырмашылықтарынан  басқа, ұқсастықтары  да  көп.  Осы  салыстыру

жаттығулары  сол  айырмашылықтар  мен ұқсастықтарды  іздеуге  бағытталған.

Бұл жаттығудың түрлерінің бірі, сөйлемді дұрыс құруға үйрету.

Оқушылар  бұл  жаттығуды  орындау  барысында  мынаны  ескеруі керек:

ағылшын  және қазақ тілдерінде  сөйлемдер жүйелі құрылу  керек,  егер  ол

жүйесіз құрылса,  онда  сөйлемнің мағынасы өзгеріп  кетеді,  ал  орыс  тілінде

сөздерді  сөйлемде әр  нұсқада қолдануға  болады  және  ол өз  мағынасын

жоғалтпайды.

Салыстыру-іздеу 

жаттығуында 

оқушылар 

сонымен


қатар, 

тілдің


фонетикалық  құрылымына,  сөздің ырғағына  және  тілдердің грамматикалық

ерекшеліктеріне назар аудару керек.

Екінші  жаттығу  тобы – аудару.  Олар  оқушылардың басқа  тілді  түсіну

деңгейін  анықтауға  көмектеседі.  Аудару  жаттығуларының нұсқалары  көп

болуы  мүмкін  (Қосымша А).  Жалпылау  және  бақылау  жаттығуларына

грамматикалық материалдарды  жақсы  меңгеруге  көмектесетін  жаттығуларды

жатқызуға болады.

Жалпылау 

жаттығуларына 

тақырыпты 

жалпылама 

айтқан 


кезде

қолданылатын екітілді жаттығудың барлық түрлері кіреді. Мұндай жаттығулар

әдетте,  оқылған  мәтіннің негізінде құрылады.  Бұл  жаттығулар  тақырыпты

жақсы меңгеруге көмектеседі (Қосымша А).

Осылайша,  екітілді  жаттығуларды  шет  тілін үйрету  курсының басынан

бастап қолданып,  курс бойы жалғастыруға болады. Жаттығулар жеңіл түрінен

басталып,  одан әрі  күрделене  береді.  Олар  оқушыларды  дамытады,  ойлауға,

ізденуге,  есте  сақтау мен қарым-қатынас мәдениетіне үйретеді.  Оқыту

процесінде  екі  тіл қолданылғандықтан,  бұл қарым-қатынас мәдениетін әртүрлі

тілде танып білуге көмектеседі.

Л.М.  Лузинаның айтуы  бойынша  «Диалогтық ойлауды  білетін  адам ғана

басқа  мәдениетті  танып, қабылдай  алады».  Диалогтың мақсаты – ұстаным

әртүрлі болған  жағдайда өзара  түсінушілікке қол  жеткізу. Әртүрлі  тілді

мәдениеттің ерекшелігі  біртілді  сөздің көпқызметтілігі  басқа тілдегі  сөздердің

көпмағыналылығымен байланысады. Диалогты қарым-қатынасты үйретудің өзі

жүйелі  жұмыс.

Үйрету  диалогтарының  құрылымды-мазмұндық

типтері


бастапқы  жеке-сұрақ  әрекеттерінен  диалогқа  дейін  сұхбаттасушының  әрекетін

бағалаумен, өтініш-диалогтарымен,  шақырумен, ұсыныстармен  ерекшеленеді.

Оқушылар  жағдаят  бойынша  берілген  тапсырмаларды  аса қызығушылықпен

орындайды (Қосымша А).

«Қазақ

тілінде 


оқытатын

мектептердегі 

ағылшын 

тілі» 


пәнінің

лингвистикалық және  экстралингвистикалық  құрамдас  бөліктерінің өзара

байланысы төмендегідей жүзеге асырылуы тиіс (1-сурет):


11

1-сурет – Лингвистикалық және экстралингвистикалық материалдардың

өзара байланысы

Мұндай өзара байланысты іске асыру үшін функционалды-коммуникативтік

деп атауға болатын оқыту технологиясын ұсынауға болады, себебі ол оқытудың

екі  негізгі  функционалдық және  коммуникативтік  принциптеріне  негізделеді.

Қазақ

мектебіндегі  ағылшын  тілі  бойынша  оқу



үдерісін  жоспарлау

технологиясы  оқыту үдерісін ұйымдастырудың мақсаты,  міндеттері,  мазмұны,

түрі  және  оқыту  нәтижелерін

қадағалау  сияқты

әдістеменің

негізгі


категорияларынан тұрады.

Оқыту  мақсаты – «оқыту  тәсілдері, әдістері  мен құралдарын  жинау

көмегімен қол  жеткізілген  ерте  жоспарланған қызмет  нәтижесі»,  «оқыту

ортасының  әсерінен қалыптасатын  және  оқыту  мазмұны,  түрі, әдістері,

құралдарын таңдауға әсер ететін оқыту жүйесінің жетекші құрамдас бөлігі» [6].

«Шет тілдерін оқытудың жетекші мақсаты ретінде қоғамды оқуға және қарым-

қатынас құралы ретінде  тілді  меңгеруге  нұсқауға  бағытталған  тәжірибелік

мақсат қабылданады [6].

Оқыту  міндеттері – «оқытудың нақты  бір  шарттарына  және  кезеңіне

қолданылатын оқыту  мақсаттарының объективтік  көрінісі».  Олар  білім,  дағды

және қабілет түріндегі оқыту мақсаттарына қарай адекватты түрде қалыптасады

[6].


Оқыту  мазмұны – «оқыту үдерісінде  оқушының меңгерген қабілеттерінің

жиынтығы».  Шет  тілінде  оқыту  мазмұны

негізгі

оқыту  мазмұнынан



Тілдік, сөздік, коммуникативтік құзырет:

стилистика жағынан сараланған лексико-

фразеологиялық материал (тақырыптық

жалпылама түсінік); стилистика жағынан

сараланған грамматикалық материал

(функционалдық түсінік); диалогтың

құрылымды-мазмұндық түрі (әртүрлі стильдік

қолданыс бойынша); монологтың

функционалды-мағыналық түрі (әртүрлі

стильдік қолданыс бойынша)

Пәндік құзырет: сөйлеу

тақырыбы, сөйлеу ниеті,

қарым-қатынас саласы,

оқиға


Этномәдениеттанымдық құзырет:

Орыс тілінде сөйлеу әдебі;

Тұрақты үйлесімдер және сөйлемдер;

Ғұрыптар мен дәстүрлер;

Қазақстан мен Ресейдің өткені мен бүгініндегі атақты тұлғалар;

Қазақстан мен Ресейдегі өнер мен әдебиеттің белгілі шығармалары,

тарихи оқиғалар; Қазақстен мен Ресейдегі назар аударарлық орындар;

қазақ және орыс халқы тілдерінің (мінез-құлық, әрекет, әрекет, мінез

түрі) ерекшеліктерін көрсету және т.с.с


12

ерекшеленеді, ұғымдарды  меңгеру,  білім  алудан  тұрады және  де  шет  тілін

оқытуда  ең бастысы – тілді  тәжірибе  жүзінде қолдануға  мүмкіндік  беруді

қамтамасыз ететін  сөйлеу  дағдысы  мен қабілетіне  ие  болу»  [6].  Осы  орайда,

«оқыту мазмұны проблемаларын қарастыру кезінде коммуникативті тәсілді оқу

материалдарын  жүйелендіру  арқылы  оқыту  тәсіліне үйлестіруге  мүмкіндік

беретіндей  материалды әдістемелік ұйымдастыруды қамту  мәселесі өзектірек

болып қалады»[6].  Е.И. Пассовтың коммуникативтік әдістемесіне  сүйене

отырып[7],  оқу үдерісін ұйымдастырудың дәстүрлі  және  коммуникативті

тәсілдерін  біріктіретін  ОФКТ  (оқытудың функционалды-коммуникативтік

технологиясы) ұсынамыз (2-сурет).

Жоспарлау технологиясы сызба түрінде ұсынылып отыр.

Жоспарлаудың бұл  технологиясы  оқыту  нәтижелерін - қазақ мектебінің

оқушылары үшін  маңызды  саналатын  төмендегі  дағдылар  мен қабілеттерді

қадағалауды алға қояды:

- орфографиялық және пунктуациялық сауаттылық;

- сөйлеудің грамматикалық дұрыстығы;

- сөздік қорының қажетті көлемін меңгеру;

- стилистикалық дағдылар мен қабілеттер;

- диалогтық сөйлеу деңгейі;

- монологтық сөйлеу деңгейі.

Оқу


үдерісін  жоспарлау  технологиясының

негізінде  оқыту

әдістері

(дидактикалық түсінік),  тәсілдері, құралдары,  түрлері  сияқты әдістің негізі

саналатын  оқыту  технологиясы құрылуда. Егер  жоспарлау  технологиясы

материалды  (оқу  минимумдары,  оқу құралдары,  сөздіктер,  күнтізбелік-

тақырыптық жоспарлар) әзірлеудің  «оқуға  дейінгі»  деңгейін қамтамасыз  етсе,

оқыту технологиясы сабақ типіне сәйкес оқытудың белгілі тәсілдерін, әдістерін,

құралдарын, түрлерін пайдалануды қарастырады.

Сондықтан  жоғарыда  аталған құзырет  түрлерін  оқушылардың бойында

мақсатты және өзара  байланысты қалыптастыруға  арналған  ОФКТ  іске

асыруды  максималды қамтамасыз  ететін  сабақтардың  өзара  байланысқан

жүйесін анықтауды келесі қадам деп  санау қажет.


Оқу үдерісін

ұйымдастыру

2-сурет – Оқытудың функционалды-коммуникативтік тәсілі кезіндегі оқу үдерісін жоспарлау технологиясы

Орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың функционалды-коммуникативтік тәсілі кезіндегі оқу үдерісін жоспарлау технологиясы

Оқытудың стратегиялық мақсаты: оқылып жатқан тілде коммуникативтік қабілеттің жеткілікті немесе жоғары деңгейіне жету

Қалыптасуы және дамуы

предметной

компетенции

Пәндік

құзырет


Тілдік құзырет

Сөйлеу


құзыреті

коммуникативті

құзырет

Этномәдениеттанымдық



құзырет

Системная

подача

информации о



реальной

действительнос

ти

Қазақстан мен Ресей салт-



дәстүрлері, тарихы мен

мәдениеті туралы білім

Коммуникативті

қабілеттер мен

дағдылар, о.і. сөйлеу

әдебін меңгеру

Аудиолау

(тыңдау) қабілеті

мен дағдысы;

оқу, айту, хат

жазу

Тілдік жүйе туралы



білім; орфографиялық

және пуктуациялық

сауаттылық; мәтін құру

туралы білім;

стилистика бойынша

білім


Ақиқат

шындық


туралы

ақпаратты

жүйелі беру

«Түрден мазмұнға» бағытына

қарай «Мазмұннан түрге» негізгі

бағыты


Негізгі принциптер: функционалдық және

коммуникативтік жүйелілік

Оқу пәнінің мазмұны мен

құрылымы, олардың оқу

бағдарламалары мен оқулықтарда

көрініс табуы



14

ОТ ҚМ  ОФКТ  кезіндегі  сабақ түрлерінің  (бір  тоқсан  аясында) өзара

байланысын сызба түрінде береміз (3-сурет).

3-сурет – ОФКТ кезіндегі оқу үдерісін жоспарлау технологиясы

Қабілет пен дағды анықтамаларын тұжырымдау үшін (сөйлесу пәні туралы

білім,  лингвистикалық білім,  сөйлеу  және  коммуникативтік қабілеттер  мен

дағдылар,  этномәденитанымдық білім),  оқулықтардың, бағдарламалардың

мазмұндары мен құрылымын ұйымдастыруда  және  оқу үдерісін  жоспарлауда

жүйелілік қажет. Түрлі аспектілі құбылыстарды оқу пәні спецификасын есепке

алатын  дұрыс  анықталған  оқыту  технологиясы  кезінде қамтуға  болады.

Жоғарыда  аталған құзыреттіліктердің  қалыптасуы  бойынша  жұмыс  жүйесін

түсінікті  етіп ұсыну үшін,  сабақтарды  жалпыдидактикалық жіктеу  (білімді

жеткізу, білімді бекіту және қабілет пен дағдыны қалыптастыру) жеткіліксіз.

Е.И.Пассовтың коммуникативтік әдістемесіне  сүйене  отырып,

қазақ-

ағылшын қостілдігі  жағдайында  ағылшын  тілін  оқыту  ерекшеліктерін  есепке



алып, жүйелі және тұтас күнтізбелік-тақырыптық және сабақ жоспарын құруға

бағытталған қазақ мектебінде  орыс  тілін  оқытудың жаңа  типологиясын

ұсынамыз. Бұған қоса, әр сабақтың түрі бойынша білім нәтижесін бақылау үшін

қабілет пен білімді  және  түрлі  деңгейдегі  тапсырмаларды  тексеретін,  сөздік

және  коммуникативтік қабілеттерін  дамытатын  және  тілдік  материалдарға

қатысты жұмыс  түрлерінің ара-қатынасы,  негізгі  және  ілеспелі  мақсаттар

анықталды.

Біз келесі сабақ түрлерін атап өтеміз (4-сурет):

1)

Аспектілік  сабақ  (сол  немесе  басқа  тілде  білімін  жеткізу  және  сәйкес



тілдік қабілеттер мен дағдыларын дамыту сабағы).

2)

Лексикалық сөйлеу  дағдысын қалыптастыру  сабағы  (сөздік қорын



байыту).

3)

Лексикалық сөйлеу  дағдысын  жетілдіру  сабағы  (тақырыптық лексиканы



белсендіру).

4)

Грамматикалық сөйлеу дағдысын қалыпастыру сабағы.



5)

Грамматикалық сөйлеу дағдысын жетілдіру.

6)

Стилистикалық сөйлеу қабілеті мен дағдысын қалыптастыру сабағы.



7)

Стилистикалық сөйлеу қабілеті мен дағдысын жетілдіру сабағы.

8)

Диалогтық қарым-қатынас түрін оқыту сабағы.



9)

Топтық қарым-қатынас түріне оқыту сабағы.

10)

Қарым-қатынас үдерісіндегі монологтық сөйлеуге оқыту сабағы.



11)

Орфографиялық және пуктуациялық сауаттылықты қалыптастыру

және жетілдіру сабағы.

Лингвистикалық

материалдың

функционалдық

тұсаукесері

Лингвистикалық

материалдың

сипаттық тұсаукесері

Күнтізбелік-тақырыптық

жоспарлау

Қарым-қатынасты

табиғи және жасанды

құру оқиғалары (оқу

үдерісінде)

Күнтізбелік-

тақырыптық

жоспарлау


15

12) Жеке коммуникативтік қабілеттілікті жетілдіру сабағы.

4-сурет – ОФКТ кезіндегі сабақ түрлерінің өзара байланысы

Мұндай типология оқушының өміріне қажетті орыс тілінде қарым-қатынас

жасай білу қабілеттері мен дағдыларын дамытады.

Аспектілік  сабақ сөйлеу қызметінде, қарым-қатынас жасау  кезінде  сол

немесе  басқа  тілдік құралды қалыптастыру  ерекшеліктерін  ашуға  бағытталған.

Сабақтың мұндай  түрінде  мұғалім  сол  немесе  басқа  бөлімді  блогтық  әдіспен

ұсынып,  ағылшын  тілінің спецификалық  құралдарына  (мысалы,  етістіктің

аяқталған  және  аяқталмаған  түрлері,  оларды  сөйлеу  кезінде

қолдану)


толығырақ тоқтап,  сөйлеудегі қандай  да  бір  лексикалық, грамматикалық

қателерді түзете  алады  (сөздер  мен  фразеологизмдерді  дұрыс қолданбау,

жалғауларды  шатыстыру,  сөздерді  дұрыс байланыстырмау,  басқару  кезінде

грамматикалық формаларды қате  таңдау,  етістік  формалары  түрлерін  ажырата

алмау және т.с.с.).

Тілдік  материалды  беру  кезінде  функционалдық принциптерді  іске  асыру

міндетті болып табылады, яғни оқытылатын материалды әрекет арқылы (сөйлеу

кезінде) ұсыну, ереже-нұсқаулықтар орын алуы мүмкін. Тілдік даярлық, сөздік

жаттығулар 

ара-қатынасы

мынадай:

10%; 


50-60%; 

25-30%. 


Көріп

отырғанымыздай, сөйлемде сол немесе басқа грамматикалық түрлерді табудағы

дәстүрлі  тілдік  жаттығулар, әртүрлі  сөйлем  типтерін құру  минимумға дейін

жеткізілген.  «Келесі  сөздер  мен  сөз  тіркестерін қолдана  отырып  айтыңдар»,

«Аяқталған  етістік  түрін қолданып өтініш  жасаңдар»  сияқты  дайындайтын

сөйлем типтері көп болуы тиіс, себебі мұндай сабақтағы басты міндет оқылып

жатқан материалды сөйлеу кезінде қолдана білу болып табылады. Нақты тілдік

құралды пайдалануға бағытталмаған сөйлеу жаттығулары алдыңғы жаттығулар

негізіне  алынған  дағдыларды  автоматтыққа  дейін жеткізеді  (А атынан  Б-ға

өтініш білдіріңіз; нақты  оқиға  сипатталады).  Осындай  сабақ түріндегі

тексерілетін қабілет  пен  дағды  білім  стандарты  мазмұнымен  анықталады

(қабілеттер  мен  дағдылар:  фонетика  мен  орфоэпия  бойынша; лексика  мен

фразеология  бойынша;  сөз құрамы  мен  сөз  жасам  бойынша;  грамматика

Аспекттілік сабақ

(тіл жүйесінің бір

деңгейі бойынша)

№2 сөйлеу

тақырыбы


бойынша

сабақтар циклі

№4 сөйлеу

тақырыбы


бойынша

сабақтар циклі

№3 сөйлеу

тақырыбы


бойынша

сабақтар циклі

№1 сөйлеу

тақырыбы


бойынша

сабақтар


циклі

№5 сөйлеу

тақырыбы

бойынша


сабақтар циклі

Нәтижелік

бақылау сабағы


16

бойынша).

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауда аспектілік сабақтар көп орын алмауы

тиіс  (оқу  жылына  осындай  сегіз  сабақтан  келеді).  Талданып  отырған  типтегі

сабақта  тұтас  бөлімнің тілдік  материалын  бөліп  беруге  болады  (мысалы «Тіл

жүйе  ретінде»,  «Ағылшын  тілінің лексикасы», «Ағылшын  тілі  фонетикасы»,

«Ағылшын  тіліндегі  сөздер  неден  тұруы  мүмкін», «Ағылшын  тіліндегі  сөз

түбірлерін  сауатты  жазуға үйренейік»,  «Ағылшын  тіліндегі  сөз  жалғауларын

сауатты  жазайық»,  «Ағылшын  тіліндегі  сөздердің жұрнағын  сауатты  жазуға

үйренейік»,  «Ағылшын  тілінің морфологиясы»,  «Ағылшын  тілі  синтаксисі»,

және т.б.).

1-кесте – Аспектілік сабақтарда оқыту бірліктері

Әр

сыныпта  тілдің  әр  деңгейі  бойынша  концентрлер  анықталған.



Осылайша, 5-сыныпқа енгізілген материалды біртіндеп көбейту қарастырылған.

Концентризмнің көрсетілген  принципі  5-9-сыныптарда  оқыту  тұтастығы  мен

үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

Аспектілік  сабақ  қажетті  түр  саналады,  біріншіден,  оқушыларға орыс  тілін

тұтас  жүйе  ретінде ұсынуды қамтамасыз  етсе,  екіншіден, әрбір  тілдік  деңгей

ұғымдарын (бірліктер,  санаттар,  бірліктердің  өзгеру  ерекшеліктері)  жекелей

меңгеруге  мүмкіндік  береді. Соңғысы  сөйлеудегі  лексикалық, грамматикалық,

стилистикалық  қабілеттер  мен  дағдылардың  қалыптасуы  мен  жетілдірілуі

кезіндегі сабақтардың тақырыптық бөлінісі шегіндегі түсініктерді ашуға қажет

(бір семантикалық түсінік шеңберіндегі ссы тілдік бірліктердің функционалдық

аспектісін  түсіну  кезінде).

Тақырыптық

минимумда  5-9-сыныптардың

тақырыптық

концентрлері 

анықталған.

Яғни, 

5-сыныптағы 



«Адам»

тақырыбының бөлігіне  «Дене  және  адам  ағзасы»  мазмұны  кіреді. «Дене

саулығы,  көңіл-күй», 6-сыныпта – «Адам өмірі.  Дене  саулығы,  көңіл-күй.

Сыртқы түр, адамның сырт», 7-сыныпты «Адам өмірі. Адамның жағдайы, ішкі

әлемі және  сапасы. Адамның эмоционалды әлемі. Сөйлеу әсері», 8-сыныпта –

«Адам өмірі. Қабілеттіліктер,  бейімдіктер, қызығушылықтар.  Адам  тұрмысы».

Оқушылар  сыныптан  сыныпқа  көшкен  сайын  адам  туралы  білімдерін

тереңдетеді,  нақты  тақырыптар  бойынша  сөйлеудің

сөздік

қоры  мен



синтаксистік

қатарын 


байытады, 

грамматикалық

дұрыс 

сөйлеуді,



орфографиялық және  пунктуациялық сауаттылықты  жетілдіреді,  тақырып

Сабақ түрі



Оқыту бірліктері

1

Фонетика, 



лексика, 

фразеология

жөніндегі аспектілік сабақ

Дыбыс 


және

әріп;


Әріптер 

мен


дыбыстардың 

үйлесуі; 

лексема,

фразеологизм, морфема

2

Сөз


құрамы 

және 


сөз 

жасам


жөніндегі аспектілік сабақ

Сөз


құрылымы;

сөз  жасалым  түрі;



біртүбірлі сөздер ұясы

3

Морфология 



жөнінде 

аспектілік

сабақ

Сөз сөйлем бөлігі ретінде; сөзформа



4

Синтаксис жөнінде аспектілік сабақ

Синтаксема, сөйлем, ССЦ, мәтін


17

бойынша  диалогты  жүргізу,  берілген  стиль  бойынша әлеуметтік  бағдарланған

монологтық сөзді продуциялау дағдысына  ие болады.

Сабақтардың тақырыптық циклі  аясында  сабақтың  әр  типін  оқытудың

спецификалық бірліктері бар. Оларды келесі үлгіде ұсынамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет