Зертхананың жұмыс бөлмелерінде киім ауыстыруға болмайды



Дата24.05.2023
өлшемі404,84 Kb.
#96637
Байланысты:
Педиатрия 50 тест каз


Сіз бактериологиялық зертханада жұмысыңызды бітіріп, стол үстіндегі ілмекті отпен заласыздандырып, штативке қойдыңыз, спирт шамының қақпағын жауып, қалпақ, халатыңызды шешіп, жұмыс аяқ киіміңізді ауыстырып зертханадан шықтыңыз, сіздің жіберген жеке гигиеналық және санитарлы-эпидемиологиялық қателігіңіз.
Зертхананың жұмыс бөлмелерінде киім ауыстыруға болмайды
Ілмекті отпен залалсыздардыруға болмайды.
Залалсыздандырылған ілмекті штативке қоюға болмайды
Спирт шамының қақпағын жабуға болмайды
Барлығы дұрыс жасалды, қателіктер болған жоқ
Бактериолог зерттелетін материалдан жағынды дайындап, оны Грамм әдісімен бояп, микроскоптап, бактериялардың морфологиясын және концентрациясын бағалап, Петри табақшасындағы ЕПА-ға сеуіп, бактериологиялық құрғымен алып, шпательмен ретімен жаяды. Аэробты таза дақылды бөліп алудың кезеңдерін көрсетіңіз.
Таза дақылды бөліп алудың І кезеңі
Таза дақылды бөліп алудың ІІ кезеңі
Таза дақылды бөліп алудың ІІІ кезеңі
Таза дақылды бөліп алудың IV кезеңі
Таза дақылд бөліп алудың V кезеңі
20 жастағы әйел гинекологқа вульвада және қынапта қышу мен күйдірме ауырсынуға шағымданып қаралған. Ақ түсті бөлінділер байқалады. Декстроза қосылған Сабуро агарында өсіргенде сәйкес колониялар өскен. Науқас жақын арада мұрын қуыстарындағы инфекцияны емдеу үшін антибиотиктер курсын аяқтағанын айтады. Қоздырғыштың болу мүмкіндігін атаңыз.
Candida
Penicillium
Aspergillus
Mucor
Cryptococcus
Науқаста жоспарлы операциядан кейін операциядан кейінгі жараның бөліндісінен микроскопиялық әдіспен грамтеріс таяқша анықталды, ЕПА-да жылжымалы өсу байқалды, культурадан шірік иіс шығады. Қоздырғышты көрсетіңіз.
P. vulgaris
Cl. рerfringens
V. cholerae
S. аureus
Str. рyogenes
Емханаға стафилококкты пневмония диагнозымен науқас түсті. Тиімді антибиотикті таңдау үшін табысты этиологиялық емдеу үшін қоздырғыштың антибиограммасын анықтау ұсынылды. Антибиотиктерге сезімталдықты анықтау әдісін атаңыз.
Индикаторлық диск әдісі
Грация бойынша титрлеумен
Аппельман бойынша титрлеумен
Сериялық сұйылту әдісі
Градиенттік диффузия әдісі
Бактериологиялық зертханаға ішек дисбактериозы алдын ала диагнозы бар науқастың нәжісінен үлгі алынды. Ішектің микроэкологиялық бұзылыстарының дәрежесін анықтайтын интегралды көрсеткішті атаңыз.
Бифидумбактериялар саны
стрептококктардың саны
Бациллалар саны
Коринебактериялар саны
Пневмококктардың саны
Науқастың құсық массасынан, қаймақ пен сүзбеден коагулаз оң стафилококк анықталды. Қоздырғышты тұраралық идентификациялаудың әдісін көрсетіңіз.
фаготиптеу
гемолитикалық қасиеттерін тексеру
СТА егу
агглютинация реакциясын қою
сахаролит белсенділігін анықтау
Науқас дәрігерге бірнеше жыл бойы мезгіл-мезгіл мазалаған тамақ ауруы шағымдарымен жүгінді. Дәрігер науқастың тамағынан созылмалы қабыну процесінің белгілерін тапты. Мұндай процесті тудыруы мүмкін бактерияларды көрсетіңіз.
Стрептококтар, Стафилококтар
Бациллалар, пневмококтар
Клостридиялар, сарциналар
Эшерихиялар, салмонеллалар
Хеликобактериялар,шигеллалар
Зерттеуге арналған материал (мұрын-жұтқыншақтан шыққан шырыш) қан мен сарысу-тұзы (СТA) бар шыны табақшаларға ілмекпен егілді. Дақылдар 37 ° C температурасында 24 сағат бойы инкубацияланды. Келесі күні алтын түстес дөңес мөлдір колониялар пайда болды, қан агарында гемолиз аймағы белгіленді. Стафилакоктың түрлерін түпкілікті анықтау үшін 2-3 колониялар қиғаш қоректік агары бар сынақ түтіктеріне қайта егілді. Дақылдар анаэробты жағдайда глюкоза мен маннитті ферменттейді, плазмокоагулаза мен токсинді түзеді. Стафилококктың түрін анықтаңыз.
Staphylococcus aureus
Staphylococcus epidermidis
Staphylococcus saprophiticus
Staphylococcus simulans
Staphylococcus sciuri
Ауқымды жарақаты бар науқастан сараптама жасау үшін жарақат бөліндісі алынды. Зерттелетін материал элективті тығыз және сұйық орталарға егілді. Бір тәуліктен кейін тығыз қоректік ортада көлемі орташа сарғыш дөңес,жиектері тегіс ,беті жылтыр колониялар айқындалды. Сорпасы бар пробиркада біркелкі тұнба пайда болды. Граммен боялған жағындыларда колониялары көк-күлгін түске боялған шар тәрізді бактериялардың шағын (2-3 бактериядан) топтары табылды. ... зерттеу әдістері қолданылды.
Бактериоскопиялық және бактериологиялық
Вирусологиялық және иммунологиялық
Иммунологиялық және аллергиялық
Биологиялық және бактериоскопиялық
Иммунологиялық және бактериологиялық
Қанды стерильділікке зерттеу кезінде, қанды агарда дақылдағанда гемолиз аймағының пайда болуымен грамоң кокктардың өскендігі айқындалған . СТА -да өсім жоқ. Ықтимал қоздырғышты көрсетіңіз.
Streptococcus pyogenes
Staphylococcus aureus
Staphylococcus epidermidis
Escherichia coli
Bacteroides fragilis
Температурасы жоғары науқастың қанын стерильділікке зерттеу кезінде пенициллинге және метициллинге төзімді грамоң коккар, каталазотеріс дақылы бөлінген. Ықтимал қоздырғышты атаңыз.
Streptococcus pneumoniae
Streptococcus pyogenes
Haemophilus influenza
Staphylococcus aureus
Staphylococcus carnosus
Уретрадан іріңді бөліністерді бактериологиялық зерттеу Грамм бойынша теріс боялған бактериялардың болуын көрсетті, кофе дәндерін еске түсірді, глюкоза мен мальтозаны қышқылға дейін ыдыратты. Лейкоциттерде орналасқан. Ауру түрін көрсетіңіз..
соз
мерез
венериялық лимфогрануломатоз
жұмсақ шанкр
миелоидоз
Дәрігер-офтальмолог іріңді керато-конъюнктивит құбылыстары бар науқас баланы бленнореяға күдіктенді. Диагнозды растау үшін зертханалық диагностика әдістерін көрсетіңіз.
микроскопиялық және бактериологиялық
серологиялық және аллергиялық
биологиялық және фагодиагностика әдісімен
биологиялық және аллергиялық
микроскопиялық және серологиялық
Мерезбен ауыратын анадан сәби дүниеге келді. Оның жатырда жұқтырғанын анықтау әдісін көрсетіңіз.
баланың қанындағы спецификалық IgM анықтау
тері-аллергиялық сынама қою
баланың қанындағы спецификалық IgA анықтау
баланың қанындағы IgE деңгейін анықтау
патогендік токсинді анықтау
Энтеробактерияларды бактериологиялық зерттеуде науқастың нәжісін дифференциялды-диагностикалық орталарға (Эндо агары, Плоскиров және т.б.) себеді. Зерттеліп жатқан нәжісте ірінді не болмаса шырышты-қанды түйіршіктері болса, оларды ілмекпен бөліп алып, натрии хлориді изотоникалық ерітіндімен жуып, қоректік ортаның бетіне шпательмен жағады. Бактерияның идентификациясы үшін 2-ші күні лактоза теріс (мөлдір, түссіз) колонияларды егетін қоректік ортаны көрсетіңіз.
Рессель
Раппопорт
Вильсен-Блер
Борде-Жангу
Клауберг
Дәрігерге қаралған науқаста қолтық астындағы көптеген фурункулалар, жоғары температура және жалпы интоксикация белгілері. Зерттеуге алынатын материалды көрсетіңіз.
ірің
қан
ми жұлын сұйықтығы
емшек сүті
қақырық
Емшек сүтімен қоректенетін жаңа туған нәрестеде тұрақты диарея бар. Анамнезінен анасы маститпен, ал ағасы скарлатинамен ауырғаны белгілі. Микробиологиялық зерттеуге жататын материалды көрсетіңіз.
емшек сүті
ірің
қан
ми жұлын сұйықтығы
қақырық
Ата-анасы 3 жасар баланы реанимация бөлімшесіне алып келді. Ол қозу күйінде және соңғы 12 сағат ішінде дұрыс тамақтанбаған. Қазір оның температурасы 39,4°C, ал денесінде петехиалды бөртпелер бар. Дәрігер анализ үшін қан мен ми-жұлын сұйықтығын алды. Ми-жұлын сұйықтығының жағындысын Грам әдісімен бояғанда төмендегі суреттегіде бактериялар табылған. МЖС және қанды шоколад агарына сепкен, нәтижесінде ақ түсті шырышты колониялар өскен. Өскен жасуша колониялары грам теріс және оксидаза-оң. Аталған қасиеттердің негізінде қоздырғышты анықтаңыз.
Менингокок
Стрептокок
Стафилокок
Гонокок
Пневмокок
Инфекциялық ауруханаға 32 жастағы науқас жүрек айнуы, құсу және көз алдында тұманның пайда болуына шағымданды. Оның ауруы үйде дайындалған балықты жеуге байланысты. Бұл жағдайды тудырған болжамды қоздырғышты анықтаңыз.
Botulinum
Salmonella typhi
Escherichia coli
Shigella flexneri
Shigella dysenteriae
Елді мекенде дизентерияның ошағы тіркелді. Бактериологиялық зерттеу әдісінде клиникалық материалдардан алынған бактериялардың таза дақылымен және Shigella dysenteriae, Shigella flexneri, Shigella sonnei антиденелік диагностикумдарымен ТЕГАР жүргізілді.

ТЕГАР бойынша қорытынды жасаңыз.


Реакция Shigella sonnei қатарда оң
Реакция Shigella flexneri қатарда оң
Реакция Shigella dysenteriae қатар оң
Барлық қатарда реакция оң
Барлық қатарда реакция теріс
Бактериологиялық зертханаға жіті сальмонеллезді гастроэнтеритке күдікті науқастан алынған материал жеткізілді. Агглютинация реакциясында бактериялардың бөлінген таза дақылдарын идентификациялау үшін ... қолданылады.
сальмонелезді иммундық диагностикалық сарысуы
сальмонеллездің таза дақылы
сальмонеллезді диагностикумы
эритроциттік сальмонеллезді диагностикумы
науқастың қан сарысуы
Ауруханаға бас ауруы, құсу, сөйлеу бұзылыстары бар бала жеткізді. Жұлын пункциясы кезінде ликвордан грамтеріс дипломококтар анықталды. Бұл симптом кешені ... қоздырғышынан туындаған.
Neisseria meningitidis
Staphylococcus aureus
Neisseria gonorrhoeae
Moraxella lacunata
Acinetobacter calcoaceticus
Науқас инфекциялық бөлімшеге түскен сәттен бастап үшінші тәулік ішінде бактериологиялық зертханадан жауап келіп түсті: зерттеуге жіберілген қаннан іш сүзегі таяқшасы бөлінген. Осындай қорытынды үшін қолданылған диагностика әдісін көрсетіңіз:
бактериологиялық
бактериоскопиялық
серологиялық
биологиялық
гистологиялық
Ревматизмнің біріншілік ұстамасы бар науқас ағзаның стрептококк инфекциясының біріншілік ошағын анықтау мақсатында тексеруге жатқызылды. Микробиологиялық зерттеуге жататын материалды көрсетіңіз.
жұтқыншақ жағындысы
ірің
қан
ми жұлын сұйықтығы
қақырық
Көлік оқиғасының құрбаны топырақпен ластанған кең жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Жараға топырақпен енуі мүмкін бактерияларды көрсетіңіз.
C. perfringens және C. tetani.
C. botulinum және C. septicum.
S. Typhi және E. coli
S. Flexneri және S. dysenteriae
S. Typhi және S. Dysenteriae
Жұқпалы аурулар бөлімшесіне 40 жастағы сауыншы денеқызуының көтерілуі, өзін жайсыз сезінуі, сол жақ білегінде жараның пайда болуы, жара айналасының қышуы жəнеашуы шағымдарымен түсті. Анамнезі бойынша: кешкісінжараның орнында қызыл дақтар пайда болған, кейінірекқою-қызыл папулаға айналған, одан кейін күңіртсұйықтыққа толы көпіршіктер пайда болған. Объективті:дене қызуы 39 °С, сол қолының білегінде беті қарақабықпен жабылған 1 см көлемдегі жара. Жараныңайналасы гиперемиялы жəне ісінген. Жараны пальпациялаукезінде ауырсыну байқалмайды. Аталған қасиеттердің негізінде болжамды диагноз қойыңыз.
Газды гангрена
Ботулизм
Көкжөтел
Дифтерия
Сіреспе
Ұзақ қызба, тірек-қимыл жүйесінің, жүйке, жүрек-тамыр және несеп-жыныс жүйесінің зақымдалуы ... кезінде байқалады.
бруцеллез
оба
туляремия
сібір күйдіргісі
тырысқақ
Ауыр интоксикация және теріде карбункулдың болуымен ... ауруы сипатталады.
сібір күйдіргісі
оба
туляремия
бруцеллез
тырысқақ
Клиникалық энцефалит белгілері бар науқасқа (10 күн бойы ауырады) қан сарысуын серологиялық реакцияларды қолданып тексергеннен кейін дәрігер: «кене энцефалиті» деген диагноз қойды. Ауруды диагностикалау үшін серологиялық реакцияларды көрсетіңіз.
КБР, БР, ПР, кене энцефалиті диагностикумымен бірге АР
БР, КБР, қаздың эритроциттерімен бірге ГАТР
ТЕГАР, кене энцефалитінің вирустық диагностикумымен бірге АР, ПР
Реакцию молекулалық гибридизация реакциясы, ТГАР, КБР
ПР, КБР, РИА, ИФА
Жерар және Робикпен ұсынылған, EV аттенуирленген тірі вакцинасы ... алдын алу үшін қолданылады.
обаны
туляремияны
бруцеллезді
сібір күйдіргісін
тырысқақты
Науқас дәрігерге шаршау, ашушаңдыққа, бас ауруына, буындар мен бұлшық еттердің ауыруына, қызбаға шағымданды. Бір тәулік ішінде көп рет қалтырау, көп тершеңдік байқалды. Объективті: бауыр мен көкбауыр ұлғайған. Анамнезінен: науқас ет комбинатында жұмыс істейді. Алдын ала диагноз қойылды: «Бруцеллез». Науқастың қан сарысуынан клиникалық диагнозды растау үшін Райт агглютинациясының реакциясы қойылды, ол оң нәтиже берді. Бруцеллездің ауыр клиникасын ... жиі шақырады.
Brucella melitensis
Brucella abortus
Brucella suisуға
Brucella rangiferis
Brucella neotomae
Ойық жараны бактериологиялық зерттеу кезінде сорпада мақта тәрізді тұнба пайда болды. ЕПА-да R-пішінді кедір-бүдір, арыстанның жалы тәріздес колониялар (суретті қараңыз)түзілді. Қанды агарда гемолиз байқалмаған, микроскоптау кезінде грамоң капсула түзетін, желатинді ыдырататын төңкерілген шырша түріндегі көрініс беретін таяқшалар анықталды. Пенициллинді агарда өсіру кезінде жасушалардың морфологиясы өзгерді-інжу алқасы түрінде орналасқан шар тәрізді жасушалар пайда болды.

Қоздырғышты көрсетіңіз.
Bacillus anthracis
Bacillus cereus
Bacillus subtillis
Bacillus pumilus
Bacillus mycoides
Жұқпалы аурулар ауруханасына тоқтамай құсуға және «күріш қайнатпасы» түріндегі сұйық іш өтуге шағымданған науқас түсті. Анамнезіне сүйенсек науқас 2 апта бұрын Үндістаннан туристік сапардан оралған. Патологиялық материалды бактериологиялық зерттеу кезінде полярлық талшығы бар иілген бактерия бөлінген. Болжамды диагноз бұл - ... .
тырысқақ
ботулизм
көкжөтел
дифтерия
сіреспе
Инфекциялық ауруханаға дене температурасы 39 °С, қалтырау, бас ауруы, лимфа түйіндері ұлғайған науқас жеткізілді. Зерттелетін материалды микроскопия кезінде биполярлы боялған сопақша пішінді таяқшалардың болуын көрсетті (суретте көрсетілген). Бактериологиялық зерттеу кезінде, материал Мартеннің қоректік агары бар табақшаларға егілген. Егіндіні тәулік бойы 25-28 °С инкубацияланған. Агарда шеттері тоқылған орамал түріндегі колониялар белгіленген, ал сорпада — үлпек тәрізді өсу байқалған.

Қоздырғышты көрсетіңіз:
Yersinia pestis
Yersinia pseudotuberculosis
Yersinia entrocolitica
Brucella abortus
Listeria monocitogenes
3 жасар бала жедел жәрдем бөліміне қатты жөтелмен түскен, одан кейін айқайлаған, сосын құсу болған. Ата-анасы ұлдарына соңғы бірнеше күнде суық тигенін айтады, бірақ жаңадан пайда болған ауыр белгілер оларды медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр еткен. Отбасының үйлері жоқ, балаға жоспарлы екпелер жасалмаған. Дәрігер мұрын-жұтқыншақтан жағынды алады, казеинді-көмірлі агарда өсулер бар.
Аталған қасиеттердің негізінде болжамды диагноз қойыңыз.
Көкжөтел
Ботулизм
Қызылша
Дифтерия
Дизентерия
Көбінесе мектепке дейінгі балаларда байқалатын спазмалық жөтел ұстамасы ... байқалады.
көк жөтелде
дифтерияда
скарлатинада
туберкулезде
микоплазмозда
Ерте жастағы балаларда кездесетін, аңқада, мұрын және көмейде жиі патологиялық процеспен жүретін, крупты шақыратын бактериялар ... қоздырғышына жатады.
дифтерия
скарлатина
көкжөтел
бруцеллез
паракөкжөтел
Туберкулезбен ауыратын науқастың қақырығынан боялған жағындыда фибрин жіпшелеріне ұқсас қызыл иілген таяқшалар, ал басқа микроорганизмдер көк түске боялған жасушалар табылды. Бояу әдісін көрсетіңіз.
Циль-Нильсен
Нейссер
Бурри-Гинс
Романовский-Гимзе
Грамм
Циль-Нильсен бойынша бояу кезінде бактериялар жалғыз немесе шоғырланып V әріп түрінде орналасады.

Қоздырғышты көрсетіңіз.
туберкулез
леплер
псевдотуберкулез
туляримия
актиномицеттер
27 жастағы саяхатшы Оңтүстік-Батыс сапарынан Мэндегі үйіне оралады. Оралғаннан кейін 3 күннен кейін ол жедел жәрдем бөліміне дене қызуымен, қалтыраумен, терінің пурпурасымен және шап лимфа түйіндерінің ұлғаюымен түседі. Лимфа түйінінен бөлінгенибактериялар көрсетілген суреттегіге ұқсайды.
Аталған қасиеттердің негізінде болжамды диагноз қойыңыз.
Иерсиния қоздырғышы
Бруцеллез қоздырғышы
ботулизм қоздырғышы
Менингокок қоздырғышы
Кандидоз қоздырғышы
Балабақшада эпидемиолог жіті респираторлық инфекцияның таралуын тіркеді. "Тұмау" диагнозын растау үшін вирусолог зерттелетін материалда спецификалық вирустық антигендерді анықтауға негізделген экспресс-диагностика өткізді. Вирусолог қолданған реакцияны көрсетіңіз.
Иммунофлуоресценция реакциясы
Комплементті байланыстыру реакциясы
Агглютинация реакциясы
Преципитация реакциясы
Опсонизация реакциясы
Педиатр 7 жасар баланы жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы бойынша тексерді. Баланың дене қызуы көтерілген, жөтеледі, тамағы ауырады және мұрнымен дем алуы қиын. Сондай-ақ оның оң көзінде конъюнктивит бар. Педиатр бастауыш мектептің бір сыныбынан осыған ұқсас белгілері бар бірнеше баланы тексерді. Вирусолог КБР көмегімен науқастың қан сарысуының 1:20 титрінде аденовируске қарсы антиденелер анықтады. Сауығу кезеңінде (2 аптадан кейін) серологиялық зерттеуді қайталады.
Осы аурудың этиологиясын атаңыз.
Аденовирусты инфекция
Пиогенді стрептококк
Клостридиум перфрингенс
Пневмококк
Көк ірің таяқшасы
Науқас 29 жаста, учаскелік терапевтке жоғары температура, әлсіздік, бас ауруы, тәбетінің болмауы, лоқсу, үлкен дәретінің бұзылысы шағымдарымен қаралды. 3 апта бұрын базардан алынған жүзім жеген. Тексеру кезінде жағдайы орташа ауырлықты, іші жұмсақ, бауыры мен көкбауыры үлкейген. Дәрігер жұқпалы ауруханаға жолдама берді. Ауруханада науқастың жағдайы нашарлаған. Температура 40ºС. Сандырақтай бастаған, ұйқышылдық пайда болған, ақыл есі нашарлаған. Науқастың қаны Раппопорт ортасына себілген.
Аталған қасиеттердің негізінде болжамды диагноз қойыңыз.
Сальмонелла қоздырғышы
Кандидоз қоздырғышы
Гонокок қоздырғышы
Стафилокок қоздырғышы
Стрептококок қоздырғышы
Анасы 15 айлық баланы жедел жәрдем орталығына жеткізді. Дәрігер тексеру кезінде дене температурасы 38,8°С-ге дейін жоғарылағанын байқады, мұрнынан су ағып, конъюнктивит, жөтел басталған. Қазіргі уақытта балада макулалық бөртпелер бар, мұрын-жұтқыншақ сілемейі гиперемиялы, ұрттың сілемейінде суретте көрсетілгендей қызыл жиектері бар ақ дақтар айқын көрінеді. Анасы асқынудан қорқып, баласына вакцинация жасауға рұқсат бермегенін айтады.
Болжамды диагноз қойыңыз.
Кызылша
Қызамық
Аденовирус
Тұмау
Желшешек
Ауруханаға жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен науқас жеткізілді. Пациент шұғыл түрде қан құю керек. Дәрігер донорлық қанды В гепатиті вирусының антигендерінің бар-жоғына тексеретін реакцияны көрсетіңіз.
Иммуноферменттік талдау
Гемагглютинацияның тежеу реакциялары
Гемадсорбцияның тежелу реакциялары
Комплементті байланыстыру реакциялары
Иммобилизация реакциясы
Хирург, аңшының екі күн бұрын жараланған түлкі шабуыл жасаған кезінде алған бет пен мойынның жыртылған жарақаттарын алғашқы хирургиялық өңдеуден өткізді. Құтыруды зертханалық диагностикалау кезіндегі әдісін көрсетіңіз.
Вирусологиялық және серологиялық
Бактериологиялық және аллергологиялық
Иммунологиялық және микроскопиялық
Бактериологиялық және иммунологиялық
Вирусологиялық және микроскопиялық
Жаңа туған нәрестеде құрсақішілік инфекцияның болуына негіз бар. Құрсақішілік инфекцияны диагностикалау үшін қан сарысуындағы иммуноглобулиндерге зерттеу жүргізілді (кіндік қанын алу). Құрсақішілік инфекция кезінде иммуноглобулиндердің қайсысының деңгейі жоғарылайды:
IgM
IgG+IgM
IgA
IgG
IgE
2 жасар бала көкжөтелмен ауырды. Дифтерия мен сіреспенің алдын алу үшін оған қандай вакцина енгізеді:
АДС
АКДС
«Тетракок»
«Бубо-М»
«Бубо-Кок»
Науқаста шоколадты көп жегеннен кейін дене қызуы көтеріліп, бүкіл денесінде бөртпелер пайда болады. Болжамды диагнозды көрсетіңіз:
1 типті аллергиялық реакция
2 типті аллергиялық реакция
3 типті аллергиялық реакция
4 типті аллергиялық реакция
аралас типті аллергиялық реакция


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет