«Шұғаның Белгісі» повесіндегі Шұғаның ғашығын белгілеңіз



Дата30.03.2023
өлшемі19,41 Kb.
#77526

Тест

  1. Б.Майлиннің «Шұғаның Белгісі» повесіндегі Шұғаның ғашығын белгілеңіз.

А) Айнабай
Б) Айтбай
В) Әбдірахман
С)Қасым

  1. Шығарма алғаш қай жылдары жарияланған табыңыз

А) 1912-1914
Б) 1914-1915
В) 1914-1916
С)1915-1916

  1. «Шұғаның белгісі» алғаш қай басылымда жарияланғанын көрсетіңіз

А)Қазақ
Б) Айқап
В) Бостандық туы
С) Садақ



  1. Шұғаның әкесінің атын көрсетіңіз.

А) Қасымбек
Б)Есімбек
В)Әбдірахман
С) Айнабай


  1. Шұғаның эпиолгын табыңыз.

А)Шұғаның өлімі
Б) Әбдірахманның тұтқындалуы
В) Әбдірахманның түрмеден оралуы
С) Шұғаның дертке шалдығуы

  1. Шығармадағы Әбдірахманға жала жапқан кейіпкерді көрсетсеңіздер.

А) Есімбек
Б) Айнабай
В) Ауыл адамдары
С) Дұрыс жауап жоқ



  1. «Шұғаның Белгісі» повесінің тақырыбын белгілеңіз.

А) Әйел теңсіздігі
Б)Отаршылдық
В)Азамат соғысы
С)Ауыл өмірі



  1. Шұғаның образына тән қатарды көрсетсеңіздер.

А)Бір тоға,жуас, ақылды
Б)Сауатты,көзі ашық, сұлу
В)Сөзшең,ақылсыз
С)Керең, қара танымайтын қыз



  1. Жастардың қосылуына кедергі болған негізі себепті көрсетіңіз.

А) Әбдірахманның тұтқындалуы
Б) Ру тартысы
В) Әлеуметтік теңсіздік
С) Шұғаның атастырылғандығы



  1. Шығарманың идеясын белгілеңіз

А) Азаттық
Б) Ескілікке қарсылық
В) Сауатсыздықты жою
С) Оқу-білімге шақыру



  1. «Шұғаның белгісі» повесті неше тараудан тұрады?

А) 10
Б) 11
В) 17
С) 13



  1. Есімбектің неше баласы болды?

А) Төрт ұлы мен бір қызы
Б) Жалғыз қызы
В) Бір ұлы мен бір қызы
С) Екі үлы мен екі қызы



  1. Әбдірахманның әкесінің есімі кім?

А) Бердібек
Б) Есімбек
В) Қазақбай
С) Қасым



  1. Шұға мен Әбдірахманды қолдаған Есімбектің келіні, Шұғаның сүйікті жеңгесі?

А) Ұрқия
Б) Зәйкүл
В) Айнамкөз
С)Күлбадан



  1. «Күндіз қозы мен бұзау бағам, кешке келгенімде, учитель бір шын мұсылман жігіт еді, «байлардың балаларынан да маған сенің окығаның керек қой» деп түннің бір талайына дейін оқытушы еді. Ақырында сол учительдің тырысуының арқасында мектепті бітірдім... Менің учительге бітіре алмастық борышым бар» сөздерінің авторы?


А) Шұға Б) Әбдірахман
В) Есімбек
С) Қасым

  1. Шығарманың басында автормен келе жатып, оқиғаны баяндаушы жігіттің есімі?

А) Қасым
Б) Бейімбет
В) аты аталмаған
С) Айнабай



  1. Айнабайдың қызының есімі?

А) Зәйкүл
Б) Күлбадан
В) Күлзипа
С) Айша

  1. «Қырық бүктеліп келсе хатың тұмардай,

Жылы жүзбен көңілді жай кылардай.
«Болад» деген жалғыз ауыз сөз тапсам,
Көңіліме сақтар едім құрандай...» сөздерінің авторы?


А) Шұға
Б) Әбдірахман
В) Айнабай
С) Қасым



  1. Шұға мен Әбдірахманның арасындағы хат тасушы кім болды?

А) Жеңгесі
Б) Ағасы
В) Базарбай
С) Айнабай



  1. Ел арасына қаңқу сөз тастап, әкесі мен қызының арасына іріткі салған адам?

А) З»йкүл
Б) Кұлзипа
В) Есімбек
С) Айнабай



  1. Айнабайдың Әбдірахманға жапқан жаласы?

А) Түріктерге жасырын ақша жинап жүр
Б) Оқумен елден алыстап кетті
В) Орыстанды
С) Орыстардың саясатына көмектесіп, байларды арандатпақ ойы бар



  1. Шығарманың шиеленісуі

А) Шұғаның Әбдірахманды алғаш көруі
Б) Айнабайдың қызғанышы
В) Екі ғашықтың елдің сөзінің кесірінен бірімен бірі көріспеуі, сағынышы
С) Шұғаның өлімі



  1. «Жазылып керегі не? Бәрібір мен бақытты бола алмаймын. Әкем аяса, менің дертім жаныма батқан соң аяп отыр. Ертен сауықсам қайта күйсеуден тайынбайды. Өлем деп арман қылмаймын, жалғыз-ақ арманым бар. Түнеугі кергенде Әбдірахман бір ауыз сөз айта білмеді. Бір көріп сөйлесіп, жаным шығарда, «ІІІұғам!» деп бетіме бетін тигізсе, бар арманым бітіп, дүниеден армансыз етер ем... әй, жоқ қой!”сөздерінің авторы кім?

А) Шұға
Б) Қасым
В) Зәйкүл
С) Әбдірахман



  1. Шұғаның белгісі қай жерде орналасқан?

А) Барсакелмес
Б) Келер күн
В) Өгіз сойған С) Бармақшы



  1. «Шұғаның белгісі» шығармасы қай жанрға жатады?

А) роман
Б) әңгіме
В) мысал
С) повесть



  1. «Жол қысқарту» сөзінің беретін мағынасы

А) әңгімелесу
Б) жолда түнеу
В) қысқа жолмен бару
С) кері қарай қайту



  1. Шұғаның мінезіне тән қатарды көрсетіңіз

А) Қызбалыққа салынғыш
Б) Ұялшақ, үндемейтін, басқаның жетегінде жүретін жан
В) Әкесіне деген сыйластығынан өз бақытын артық көрген жан
С) Өз бақытынан елдің сөзі мен әкесіне деген сыйластықты жоғары қоя білді



  1. Шығармадағы бай адамдардың образы?

А) Есімбек, Айнабай
Б) Қазақбай
В) Есімбек, Қазақбай
С) Маржанбике



  1. Кәрім қандай кейіпкер?

А) Шұғанға ғашық, хат жазып жүрген жігіт
Б) Есімбектің ұлы
В) Әбдірахманның досы
С) Қасымның інісі



  1. Әбдірахманға сай келмейтін қатарды белгілеңіз?

А) мұғалім
Б) оқыған, салмақты жігіт
В) орыстанып кеткен
С) махаббатқа адал жан

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет