Әбдірахман жәми дүниетанымы бегалинова Калимаш Капсамаровна



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі29,21 Kb.
#19065
  1   2
Байланысты:
ӘБДІРАХМАН ЖӘМИ ДҮНИЕТАНЫМЫ


ӘБДІРАХМАН ЖӘМИ ДҮНИЕТАНЫМЫ

Бегалинова Калимаш Капсамаровна.

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия ғылымдарының докторы, профессор



Қазақстан, Алматы

Алтынбаева Раушан Алмасовна.

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2курс магистранты Қазақстан, Алматы

Мақалада XVғ поэзиясының жарық жұлдызы атанған, гуманист, ғалым, философ Әбдірахман Жәми дүниетанымындағы болмыс және этикалық мәселелер қарастырылмақ. Орта Азияның орта ғасырлық бай философиялық мұрасымен сусындаған Жәми өзінен бұрын өмір сүрген ойшылдар дәстүрін белгілі бір дәрежеде сақтап қалды. Шығыс перипатетизм өкілдерінің дүниетанымын жалғастырушы және Ибн Араби туындылары әсер еткен ойшылдың шығармашылығы қайшылыққа толы. Шығармашылығының өзекті тақырыбы адам, адамгершілік, ғылым, білім игеріп, өз халқына адал еңбек ету болып табылады.

Абд әр-Рахман Нұр әд-Дин ибн Ахмед Жәми 18 тамызда 1414 жылы Нишапур жанындағы Жәм деген жерде, тәжік отбасында дүниеге келген. Ол парсы – тәжік ақыны, философ, әдеби сыншы, ғалым. Бастапқы білімін Гераттағы Дилкаш, кейін Самарқандағы Ұлықбек медресесінде алған. Самарқан қаласында Жәми сопылықтың нақшбандийа ағымымен жақын танысып, 1456ж Гератта сол ағымның басшысы атанады. Жазған еңбектерінен ойшылдың логика, жаратылыстану ғылымдарын, музыка, грек және шығыс философиясын жақсы меңгергені байқалады.

Әбдірахман Жәми өмірі мен шығармашылығы: Шахрух, Әбу Саид және Сұлтан Хусейн Байқара сынды Темір ұрпақтарының әмірлік еткен кезеңдерімен сәйкес келеді. Ол месневи, қасида, ғазел, рубаи, кыт'а сияқты барлық дәстүрлі поэтикалық формаларды қолдана білеген ақын. Ойшылдың өмір сүрген уақыты үздіксіз Темір ұрпақтарының таққа күресі, түрлі діни ағымдардың қақтығысы мен қарапайым халықтың салық мөлшерінен зардап шеккен феодалдық кезеңдермен сәйкес келеді. Сондықтан да оның шығармашылығында әділеттілік, бейбітшілік, тату-тәтті өмір, адамгершілік қасиеттер негізгі тақырыбына айналған. Енді ойшылдың философия ілімінің негізі болған сауалдардың бірі – әлемді Құдай жаратты ма, әлде ежелден бар ма? – деген сұраққа жауап іздеу арқылы оның дүниетанымын түсінуге мүмкіндік аламыз. Философ шығыс перипатетизмнің жарқын өкілдері Әл Кинди, Әл Фараби секілді болмысты “міндетті” және “мүмкін” категорияларына бөліп қарастырады. Егер болмыс өзінің тіршілігінде ешқандай себепті қажет етпей, өз-өздігінен тіршілік етсе “міндетті” болмыс, ал егер басқа болмысқа мұқтаж болып және соған бағынышты болса бұл “мүмкін” категориясына жатады. Яғни мұнда Құдайды әлемдегі барлық заттар оған бағынышты және әлем “міндетті” болмыстың көрінісі деп тұжырымдайды. «Жеті тақ» атты көлемді шығармасында үйдің құрылысшысыз болуы мүмкін емес болғандай, әлемнің жаратылысы да Құдайсыз болу мүмкін емес дейді Жәми.

Әлемді Құдай жаратты дей келе оның қалай жаратылғанына да тоқтап кетеді. Мұны түсіндіруде Плотиннің эманация (өту, таралу) теориясына сүйеніп, эманация бойынша әлем Құдайдан таралу арқылы пайда болды деп тұжырым жасайды. Жәми мен Плотин ұсынған бұл теориялар арасында алшақтық байқалады. Плотин ұсынған теория бойынша әлем Құдайдан оның жарату қасиетінен (таралу, ағу) арқылы шығады, алдымен "ақыл" немесе “рух” пайда болады, ол субъектімен мен объектінің қарама-қайшылығын қамтиды, кейін идеялар әлемін құрайтын "әлемдік рух", кейін оларға сәйкес аспан мен жер денелерінің алуан түрлілігі пайда болады. Ең соңғы саты пассивті материя пайда болуымен аяқталады. Ал Жәми көзқарасындағы эманация теориясы былай сипатталады: бірінші саты – Құдайдың мәнін құрайтын саты. Екінші саты – бірінші сатыға қарсы тұратын түйсік және сезім әлемі. Бұл сатыны аспан мен жер кеңістігіндегі барлық тірі және өлілер құрайды. Үшінші саты бірінші сатының жалғасы, бірақ одан төмен тұр. Бұл рух сатысы. Төртінші саты сезім әлемінің жалғасы, бірақ одан жоғары тұрады. Бұл сезім әлемінен бөлек тұратын қиял немесе идея әлемі. Бесінші саты барлық сатылардың қосындысы болып, әлемнің шынайылығын және адамның барлық элементтерінің қысқартылған формасын құрайды. [3, б. 113]

Эманация теориясы бойынша, болмыс Жаратаушыдан пайда болады. Бірақ ол Құдайдың қалау сипаты мен жарату сипатын шектеп, әлемді Жаратушыдан бөлек қарастыруға тосқауыл қояды. Ал ислам догмаларына сәйкес әлемнің жаратылуы, бар болуы және өміршеңдігі тек қана Құдайдың қалауымен жүзеге асады және әлем Құдаймен бір деп қарастырылмайды. Яғни Жаратушы мен жаратылыс арасы анық көрсетіледі. Құранда:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет