Шығарма кейіпкерлері



Дата24.03.2023
өлшемі14,1 Kb.
#75885

Қараш-қараш оқиғасы
Бақтығұлдың інісі Тектіғұл Сәлмен деген байдың кесірінен қайтыс болады. Бақтығұл кек алмақ болып, Сәлменнің жылқысын ұрлайды. Сәлмен осы жағдайды біліп, Бақтығұлды сабайды. Кейін ол үміт етіп Жарасбайға көмек сұрап барады. Бірақ Жарасбай оны сатып кетеді. Оған шыдай алмай кегінің орнына Жарасбайды мерт қылады.
Шығарма кейіпкерлері
Бақтығұл -Еркіндікті аңсаған намысшыл қазақ. Інісі үшін кек алғысы келді. Бақтығұлдың үш баласы бар: үлкені Сейіт - он жаста, бес жасар Жұматай, ең кішісі - екі жасар, емшектен әлі шықпаған қара қыз - Бәтимә.
Тектіғұл - Бақтығұлдың інісі. Сәлменнің қолында жұмыс істегенде, оны сабап тастайды.
Қатша - Бақтығұлдың әйелі.
Сәлмен - Қозыбақ ауылында тұрған бай.
Қоқай - Бойы еңгезердей Сәлменнің қорқақ жылқышысы.
Жамантай - Басты жылқышы.
Жарасбай - Бақтығұл үміт етіп көмек сұраған адам. Соңында Бақтығұлды сатып кетеді

Оқыған азамат
«Оқыған азамат» әңгімесіне негіз болған оқиға қалада өтеді. Аурудан ажал құшқан Мақсұт досының әйелін алған Жұмағұл ашкөздікке салынып, марқұм досының мұрасына қол сұға бастайды. Хадиша да Жұмағұлдың өзіне сай дүниеқоңыздық дертіне шалдыққан жан. Тойымсыздық пен ар-ұяттан безген екеуі баласын жер қойнына тапсырған шешесінің дүниесі мен мүлкіне ауыз салады. Бұл кемпірдің өліміне әкеп соғады. Сөйтіп, семинарист Жұмағұл мал үшін кемпірді тонап, адам өлтіруге дейін барады. Суреткер білім алу мен гуманист болудың арасындағы алшақтықты Жұмағұл сияқты интеллигенцияның дүниеқоңыздығы арқылы әшкерелейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет