Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы



Дата26.04.2023
өлшемі215,31 Kb.
#86938
Байланысты:
Шығыс Қазақстан

Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы


Шығыс Қазақстан - Қазақстанның шығысында, солтүстігінде Ресеймен, оңтүстік-шығысында Қытай елімен шекаралас аймақта орналасқан өңір. Батысында Сарыарқа, оңтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысымен шектесіп жатыр. Абай облысы және Шығыс Қазақстан облысы аумағын қамтиды.
Ірі қалалары: Семей, Өскемен.
Ауданы:283,3 мың км2
Мамандырылған салалар:
1)Түсті металлургия-Кенді Алтай,Ақтоғай мыс кен,Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты. 2)Су электр энергетикасы(республикадағы барлық қордың 50%-ы)-Өскемен СЭС, Үлбі СЭС, Бұқтырма СЭС.
КЕНДІ АЛТАЙ
Кенді Алтайда дүние жүзіндегі аса ірі полиметалл кендері, олардан өндірілетін кентастарды өңдейтін кен және металлургия кәсіпорындары шоғырланған. Кенді Алтайдың шығыс бөлігі қатты тілімделген және шыңдарын мәңгі қар мен мұздықтар жауып жатқан биік таулы болып келеді. Кенді Алтайдан көптеген пайдалы қазбалар табылған.
КЕНДІ АЛТАЙ
Кенді Алтайдың негізгі өндірістік кендері терригендік липорит-дацитті қабаттарда шоғырланған. Кен денелері қабат, шток, бұрыс пішінді. Олар бүтіндей және сеппелі кентастардан тұрады. Негізгі минералдары пирит, сфалерит, галенит, халькопирит, қосымша солғын кентас, саф алтын, күміс, теллуриттер, т.б. кездеседі. Негізгі желілі минералдары: кварц, серицит, хлорит, барит және карбонаттар.
Ақтоғай мыс кен орны
Ақтоғай мыс кен орны-темір жол станциясынан шығысқа қарай 22 км жерде.Кенді штокверктегі күкірттің мысқа орташа қатынасы 2:1, мыстың молибденге қатынасы 42:1. Штокверктің сыртқы контурында аз мөлшерде қорғасын мен мырыштың минералдануы байқалады. Кен орны бойынша мыстың мөлшері 0,2-1,6%, орташа-0,39%. Ақтоғай мыс кені орнының кентастары жеңіл байытылады, ашық әдіспен өндіруге қолайлы. Темір жол қатынасына жақын орналасқан.
Ертіс полиметалл кен орны
Ертіс полиметалл кен орны – Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласынан солтүстік-батысқа қарай 55 км жерде орналасқан. 1958 жылы ашылып, 1967 жылға дейін барланған.Кен денелері солтүстік-батысқа қарай бағытталған, жалпы ұзындығы 8 км, ені 150-200 м-дей линза пішіндес қабаттар. Кентас құрамына қарай күкірт-колчеданды, мыс-колчеданды, полиметалды болып бөлінеді. Негізгі кен минералдары: пирит, халькопирит, сфалерит, галенит. Кен орны көлемі жағынан орта кен орындарына жатады. Алынатын пайдалы компоненттер: қорғасын, мыс, мырыш.
Назарларыңызға рахмет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет