Құрамы жағынан кентас тұтас



бет1/3
Дата21.05.2022
өлшемі19,85 Kb.
#35198
  1   2   3
Байланысты:
хром титан


8 зертханалық жұмыс
Қазақстанның ірі-ірі пайдалы қазба кенорындарының республика ауқымында таралуының сұлбалық картасын құрастыру және оған түсініктеме беру
Жалпы, қазақстан өзінің жер қойнауынің ресурстарымен танымал. Ол жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм, яғни эндогендік процесстердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарның құрымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді. Қазақстанда маңызды шикізат түрлерінің барлығы дерлік бар. Ел аумағында менделеев кестесінің 105 элементі кездесіп, 70-ң мол қоры барланып, 60 тан астамы өндіріліеді
Қазақстанның геологиялық түрғыдан дамуының потенциалы өте жоғары. Қазақстан минералдық қорларының саны бойынша әлем бойынша алдыңғы қатарда. Көптеген пайдалы қазбалардың қоры бойынша ондыққа кіреді. Оған дәлел, қазақстан жерінде вольфрамның әлемдік үлестің 63 пайызы, хромның 48 пайызы, уранның 12 пайызы болуы
Маған берілген тапсырма бойынша, хромға келер болсақ,
Хром кентастары дегеніміз- құрамында өндірісте бөліп алу экономикалық жағынан тиімді болатындай мөлшерде хромы бар минералды шикізат.  Хром кентастарының басты минералдары — хромшпинелидтер. Құрамы жағынан кентас тұтасшомбалсеппе, текстурасы жөнінен жолақ және теңбіл келеді. Кентастағы Cr2O3 мөлшері. 13,9 — 61% шамасында. Кен денелерінің пішіні шток, линза, желі, бұрыс пішінді денелер түрінде болады. Өндірістік мәні бар хром кентастарының көпшілігі ультранегізді магма кристалдануының бастапқы кезінде қалыптасқан, дунит, перидотит, пироксенит тау жыныстарынан орын алады. Хром кентастары металлургияда (ферроқорытпа балқытуға, феррохром алуға, болаттың сапасын жақсартатын легирлеуші қоспа ретінде) отқа төзімді материалдар алуға, хром тұздарын (хромник, ашудастар) алуға қолданылады. Кентас ашық кеніш, шахта арқылы өндіріледі, магниттік сепарация тәсілімен байытылады. Хром кентастарының Қазақстандағы аса ірі кендері Ақтөбе (Кемпірсай), Қостанай (Аққара, Жетіқара, Құндыбай), Шығыс Қазақстан облыстарында (Шар) орналасқан. Ол Ақтөбе мен Павлодардың ферроқорытпа заттарын шикізатпен қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет