Сыбайлас Жемқорлыққа жол жоқ!



Дата09.05.2022
өлшемі1,27 Mb.
#33712
Байланысты:
СыбайласЖемқорлық

Сыбайлас Жемқорлыққа жол жоқ!

Орындаған:Құмарова Альбина

Тексерген:Мухамедина Асель

Жоспары:

Жемқорлық

Мемлекеттік құрылымдардың  экономика аясында қылмыстық істесуі, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. 

Жемқорлыққа жол жоқ!

  • Қазіргі таңда қоғам алдындағы өзекті мәселелердің бірі - сыбайлас жемқорлық. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.Барлық құқықтар қорғалған.

Мемлекеттің дамуына Әділетсіздік танытқан- дарды өткен ата-бабаларымызда қатты сынаған.олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін Төле би,қазыбек би,әйтеке билердің және басқа да би - шешендердің өмірі дәлел болатындығын тарихтан білеміз.

Пара берудің түрлері:

  • Қызметтік міндеттерін жасағанға дейін сыйақы алу;
  • Қызметтік жағдайын пайдалана отырып,сөз байласпай,құқыққа сай әрекет үшін пара алуы;
  • Қызметтік міндетін бұза отырып пара алу;
  • Пара берушінің пайдасына заңсыз әрекеттерді жасағанға дейін-сыйақы алу;
  • ПАРА-белгілі бір мәселе тиімді шешілу үшін лауазымды адамға берілген ақшаМүліктік құқық.Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға және адам өзінің қызметтік міндеттерін орындағаны үшін басқа тұлғалардан немесе ұйымдардан заңсыз материалдық сыйақы алады.

Пара алу:

Объективті

  • Объективтік жағы қылмыстың сырт жағын сипаттайтын белгілерін құрайды. ''Қылмыстық объективті жағы дегеніміз сырт жағынан уақиға мен құбылыстардың даму дəйектілігі тұрғысынан қаралатын заңмен қорғалған мүддеге қоғамдық қауіпті жəне заңсыз қол сұғу процесі болып табылады жəне бұл субъектінің қылмыстық əрекетінен басталып, қылмыстық нəтижеге жетумен аяқталады''. Демек, қылмыстың объективтік жағы келесі белгілерді қамтиды: іс-əрекет, қылмыстық салдар жəне қылмыс пен салдар арасындағы себепті байланыс. Парақорлық құрамының объективті жағының міндетті белгісі оның қоғамдық қауіпті іс-əрекетiнiң болуы.

Субъективті

  • Субъективтік жақтың мазмұнын зерттеудің теориялық жəне практикалық маңызы зор. Қылмыстық жауапкершілік негізінің құрамдас бір бөлігі ретінде ол қылмыстық мінез-құлықты, қылмыстық емес мінез-құлықтан бөліп қарайды.
  • Қылмыстың субъективтік жағы қылмыстың қоғамдық қауіптілігі деңгейін анықтауға əсерін тигізеді жəне осының себебінен жазаның даралануына да əсер етеді. Сонымен қатар оның маңызы басқа белгілері бойынша ұқсас қылмыс құрамдарын бір-бірінен бөліп қарауға мүмкіндік беретіндігінде болып табылады.
  • Арнайы субъект белгісінің ерекшелігі төмендегі мəселелерден көрінеді: Олар қылмыс құрамының негізгі белгісі болып көрінеді, бұларсыз осы құрам болмайды. Қылмысты саралау немесе ауырлату жағдайында қылмыс құрамын құрайтын саралау белгісі болып көрінеді.

ҚР Қылмыстық Кодексi 367-бап. Пара беру

Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не оған теңестірілген адамға немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға не лауазымды адамға, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамына жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жиырма еселенгеннен отыз еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Қолданылған әдебиеттер

  • Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Оқулық. –Алматы: Жеті жарғы, 2004 540 б.
  • Егемен Қазақстан газеті, 25 қыркүйек, 2002ж.
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы. 1995ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет