Сын тұрғысынан ойлау жазылғанның немесе айтылғанның барлығына сене бермеу дегенді білдіреді



Дата31.12.2021
өлшемі13,66 Kb.
#22680

Сын тұрғысынан ойлау жазылғанның немесе айтылғанның барлығына сене бермеу дегенді білдіреді.

Келісемін. Әркімнің өз пікірі бар,ол сөзсіз. Бірақ, әркімнің дүниетанымы, қабылдауы әртүрлі.  Керісінше оқушы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеп, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя біліп, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттесе, оларға сеніммен қараса онда ол сыни тұрғыда ойлау дегенді білдіреді деп ойлаймын.





Сын тұрғысынан ойлау адамдардың өздері айтқан тұжырымдарын дәлелдеуін өтінуді қарастырады.

Келісемін. Сыни тұрғыдан ойлау адам өзіндік шешім табатын және оны негізделген мысалдармен бекітетін нақты аргументтерге ұмтылады.



Сын тұрғысынан ойлау жақсы сұрақтар қою дегенді білдіреді.

Жоқ,келіспеймін. Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақ қоя біледі. Бірақ оқушы өзінің сұрағы қате әлде қате емес екеніне күмәндануына жол бермеуіміз керек деп ойлаймын. Себебі оқушы өзін сынап тұр деп ойлап, мүлде сұрақ қоймай, тақырыпқа араласпай қалуы да мүмкін. Бұл өз кезегінде оның көп нәрсені түсінбей қалуына алып келеді. Сондықтан, қандай сұрақ мазаласа, соны қойып, бірге жауабын тауып, шыңдала түскен дұрысдеп ойлаймын.


Сын тұрғысынан ойлау бір нәрсе туралы дәлел құрастыруды білдіреді.

Жартылай келісемін, себебі дәлелді қажет етпейтін факттар да болады.



Сын тұрғысынан ойлау өзіңіздің әлем туралы біліміңізді қалай құратыныңызды білдіреді.

Келісемін, жан-жақты ақпарат бойынша, өзімнің оларды талдауым бойынша әлем туралы түсінгім қалыптасатына келісемін.


Сын тұрғысынан ойлау ғалым сияқты, тарихшы сияқты немесе математик сияқты ойлау дегенді білдіреді.

Келіспеймін. Сыни тұрғыдан ойлау бұл – өзіндік, жеке ойлау. Бұл тұрғыда мен музыкант болуым мүмкін. Яғни менің көзқарасым (белгілі бір нәрсеге, өмірге болсын) ғалым, тарихшы немесе математиктан басқаша болады.


Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- философия.

Келісемін, сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі «психологиялық үрдіс». Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі.


1-сурет бойынша жалпылама сұрақтар:

1) Адамдардың жиналуына не ықпал етті?

2) Алаңға жиналғандар кімдер?

2 сурет бойынша:

1) Суреттегі адамдар кімдер?

2) Не себептен күйсіз?

3) Қандай оқиға айтылған суреттен?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет