Сыни тұрғыдан ойлау бұл алынған ақпаратты жеткілікті түрде қабылдауға және «қорытуға» мүмкіндік беретін адамдардың маңызды ерекшелігі



бет1/6
Дата31.12.2021
өлшемі18,25 Kb.
#23633
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6

Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы». Бұл технология Кеңес өкіметі кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы» RWCT Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір – түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. 

Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болды.

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз - адам болып жатқан оқиғаларға адекватты баға беруге, сондай-ақ нәтижелерді белгілі бір жағдайға немесе проблемаға дұрыс қолдануға мүмкіндік беретін ақылға қонымды тұжырымдар жасай отырып, нәрселер мен оқиғаларға талдау жасау үшін пайдаланатын пайымдаулар жүйесі. Қарапайым тілмен айтқанда, сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз - бұл жағдайды немесе оқиғаны объективті бағалау, адамның келіп түскен ақпаратқа анализ жасай білуі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет