Сыныбы: 9 «А», «Б» Мерзімі



Дата19.05.2023
өлшемі290,89 Kb.
#95265
Байланысты:
Озық ойлы оқушы


Сыныбы: 9 «А», «Б»
Мерзімі: 11.04.2023 ж.
Мақсаты:
Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: слайд, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер.
Түрі: Интеллектуальды ойын


Жоспары:

1. Таныстыру. Әр оқушының өзін таныстыруы, амандасу рәсімі


2. Математика басқа ғылымдармен... (ұяшықтар таңдау)
3. Логика әлемінде...
4. Тапқыр болсаң, тауып көр!
5. Жанды сұрақтар (видео сұрақ)

Барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Озық ойлы оқушы» атты интеллектуальды ойынымызды тамашалауға қош келдіңіздер!
Бүгінгі ойынымызды Ы.Алтынсаринның сөзімен бастайық: “Өнер, білім – бәрі де, оқуменен табылған.” Осы ойында көрсеткен білімдерің, күнделікті жақсы оқығандарың - өздеріңнің болашаққа алғашқы қадамдарың болып табылады.
Ойынымызды бастамас бұрын әр оқушының білімін деңгейін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған. Интеллектуальды ойынымызға түскелі отырған оқушыларымыздың білімдері мен тапқырлықтарын сынағалы жиналдық. Іске сәт! –деп сайысымызды бастайық.
Іріктеу сұрақтары:
1) Екі нүктемен шектелген фигура. (Кесінді)
2) Дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым (Аксиома)
3) 20 сантиметр метрдің қандай бөлігі? (1/5)
4) 900-тан кіші бұрыш (сүйір)
5) 125 қай санның кубы? (5)
6) Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады.(Түзу)
7) «Геометрия» сөзі қандай мағынаны білдіреді (жер өлшеу)
8) Дәлелдеуді қажет ететін сөйлем (теорема)

9) 500 –қа сыбайлас бұрыш (1300)


10) Геометрия неше бөлімнен тұрады? (екі)
11) Координаталық жазықтықта неше ширек бар? (4)
12) 900-тан үлкен бұрыш (доғал)
13) Нүкте қалай белгіленеді? (Латынның бас әріптерімен)
14) 5 санына кері сан (1/5)
15) 90 минутта неше сағат бар? (1,5 сағ)
16) 64 қандай санның кубы? (3)
17) 5 дм неше см?(50 см)
18) Координаталық жазықтықтағы у осі қалай аталады? (ордината)

19) Координаталық жазықтықтағы х осі қалай аталады? (абцисса)


20) нешеге тең? (81)

Іріктеуден өткен 12 оқушы іріктеліп сайысқа қатысады.



1. Таныстыру. (Әр оқушының өзін таныстыруы)
2. Математика басқа ғылымдармен... (ұяшықтар таңдау, 5 ұпай)
Қазақ тілі:
1: Қазақ тілінде қанша септік бар және сол санның кубын табыңыз? (7 септік, 7 санының кубы 343)
2: Қазақ тілінде қанша сөз табы бар және ол қандай санның квадраты? (9 сөз табы бар, 3 санының квадраты)
3: Биыл Ы. Алтынсаринның туғанына неше жыл және цифрларының қосындысының квадратын тап (182 жыл, 11)
Қазақстан тарихы:
1: Қазақ хандығында қанша хан биледі және ол қандай сан? (11, жай сан)
2: Қасым хан тұсында қазақ хандығының халқының саны жыне ол қай санның квадраты? (1 миллион, 1000)
3: Қазақстан Республикасының Ата Заңы қай жылы қабылданды және оны ғасырға айналдыр? ( 1995 жыл, XX ғасырдың аяғы)
Биология:

  1. Адамдағы күрек тістің саны нешеу және сол санның кубы қанша? (8, 512)

  2. «Витамин » деген термин қай жылы пайда болды және сол жылдың цифрларының қосындысын тап ? (1912, 13)

  3. Ұлық жапырақшаларының саны нешеу және бөлгіштерін ата? (3; 1,3)

География:

  1. Дүниежүзінде неше материк бар және сол сандардың бөлгіштерін ата?(6; 1,2,3,6)

  2. Қазақстанның ең биік нүктесі қаншаға тең және цифрларының қосындысын тап? (6995м, 29)

  3. Қазақстанның экономикалық ауданының саны және сол санның 50 % тап? (5; 2,5)



3. Логика әлемінде...

Жауабы: Жауабы: Жауабы:





Жауабы: Жауабы: Жауабы:



Жауабы: Жауабы: Жауабы:


4. Тапқыр болсаң, тауып көр! (5 ұпай)
1) Бір натурал сан екіншісінен 3-ке артық, ал көбейтіндісі 180-ге тең. Осы натурал сандарды табыңыз. (Жауабы: 15;12)
2) Екі санның қосындысы 120, ал айырмасы 5-ке тең. Осы сандарды табыңыз.
(Жауабы: 62,5; 57,5)
3) Екі натурал санның біреуі екіншісінен 4-ке кем, ал көбейтіндісі 192-ге тең. Осы сандарды табыңыз. (Жауабы: 16;12)
4) Тіктөртбұрыштың периметрі 26 см, ал ауданы 36 . Қабырғаларының ұзындығын табаңыз. (Жауабы: 4 см; 9 см)
5) Тіктөртбұрыштың ауданы , ал бір қабырғасы екіншісінен 5 см артық болса, онда қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз. (Жауабы: 2 см; 7 см)
6) Ауданы 84 тіктөртбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен 5 см ұзын. Қабырғаларын табыңыз. (Жауабы: 12 см; 7 см)
5. Жанды сұрақтар (видео сұрақ)


1. Сызықтық теңдеудің жалпы түрін атаңыз.
2. Квадраттық теңдеудің жалпы түрін атаңыз.
3. Шеңбердің теңдеуін атаңыз.
4. Пифагор теоремасын атаңыз
5. Векторлардың скаляр көбейтіндісін формуласын атаңыз.
6. Бұрыштың биссектрисасы дегеніміз не?

Қорытынды: Әділқазылар алқасы ойын жеңімпазын анықтап қорытындылайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет