Сынып сағаты: 31 Мамыр – Саяси құғын сүргін құрбандарын еске алу күні



бет1/3
Дата28.08.2023
өлшемі66,94 Kb.
#105629
  1   2   3

« Шоғы Мұңалұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ




Сынып сағаты:
«31 Мамыр – Саяси құғын сүргін құрбандарын еске алу күні»

Сынып жетекшісі: Байтұрсынова Ж.Н.


Мұнайлы
2023 жыл


31 Мамыр – Саяси құғын сүргін құрбандарын еске алу күні
31 мамыр күні - республикамызда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтіледі. Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу 1997 жылдан бастап өткізіліп келе жатыр.
Бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Тарих өрісіне орай, біздің республикамыз миллиондаған кеңестік азаматтардың жер аударылған мекеніне айналған.
«Халық жауларын» анықтау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген. Сол кездердегі қатігез саясат нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да жапа шекті.
Осы кезең аралығында Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған.
Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы болып қабылданған заңдардың бірі – 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы.

Бекітемін:
дтжо:______
тУЛЕНОВА м.к.


31 Мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні


Мақсаты: 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін білу. Оқушыларға халықының өткенін ұмытпауға, өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында халық қамын ойлаған ағалар ісін үлгі ету.
Көрнекілігі: «Қайғылы кезең еді» атты кітап көрмесі бойынша әдеби шолу, суреттер.

І. Кіріспе сөз.


ІІ. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне жалпы мәлімет.
ІІІ. «Білсін мұны ұрпақтар» фактілерден үзінді.
ІV. «Сорлы қазақ» , «Зар заман», «Елім-ай» өлеңдерінен үзінді оқу.

Қазақстан тарихының өткен кезеңдеріне зер сала қарасақ тағдырдың талай қысталаң шақтарында тапқанынан жоғалтқаны көп халқымыздың сан қилы қиындықтарды бастан өткергенің көреміз. Әйтсе де ел басына түскен небір зұлматтардың ішінде орны толмас өкініш, азалы да қаралы кезең, қасіретті апат ретінде 1931-1933 жылдардағы ашаршлық нәубеті бәрінен де асып түскені сөзсіз. Бұл жеке адамның немесе отбасының емес, бүкіл халық басына келген апат.


Әрине, ол жылдары ашаршлық тек бізде ғана болған жоқ. Ол Украинада, Солтүстік Кавказда, Еділ бойының кей жерлерінде халықты қырғынға ұшыратты. Бірақ солардың ішінде аз ғана қазақ халқының жартысына жуығының қырылып қалуы бұл қасіретті көлемі жағынан да, нәубеттен орны толмас зардап шеккен ұлт ретінде де ХХ ғасырдағы әлем тарихынан орын алған осындай апаттардың алдыңғы қатарына шығарады.
1931-1933 жылдардағы аштық туралы тоталитарлық жүйе тұсында шындықты айтуға тыйым салынды. Бостандық пен теңдікке ұмтылу саналы адамзат тарихының қай кезеңінде болмасын ерекше орын алып келгені белгілі. 1917 жылы Ресейдегі Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісі қарапайым халыққа, әсіресе, езгіге түсіп, отаршылар тепкісінде келген аз ұлттар мен халықтарға өздері ежелден аңсаған бостандық пен тәуелсіздік, әділеттік пен теңдік идеялары тез арада орындалатындай болашақтан көп үміт күттірген еді.
20- жылдары сезімтал қазақ зиялыларын қатты ойландырып, іштей наразылығын тудырған мәселенің бірі – орталықтың Қазақстанның жергілікті ерекшеліктерімен және ұлттық мүддесімен көп жағдайда санаса бермеу саясаты еді. Батылы жетіп, өз қара басының қамын ойламаған Т. Рысқұлов, С. Сәдуақасов, сияқты қайраткерлер бұған барынша қарсы тұруға тырысты. Бірақ, сол үшін кейіннен күйіп кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет